42
- экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы және инвестициялық
белсенділіктің жаһандық төмендеуі;
- Қазақстан Республикасының аумағында бизнесті жүргізу үшін
визаларды рәсімдеудің қиындығы;
- Алматы қаласындағы инвестициялардың перспективасы туралы
шетелдік іскер топтарының жеткіліксіз хабардар етілуі;
- технологиялық сипаттағы инновацияларға бизнесті қабылдау деңгейінің
төмендігі;
- техникалық, инженерелік мамандықтар және инновациялық менеджмент
бойынша ғылыми кадрлардың тапшылығы;
- инновациялық жобаларды іске асырудағы бақылау жүйесінің
жетілдірілмеуі.
2.1.2. Әлеуметтік сала
2.1.2.1. Білім беру
Мектепке дейінгі білім беру
Алматы қаласы аумағының ұлғаюы және халық санының табиғи өсімі
мен көші-қон есебінен артуы мектепке дейінгі білім беруге сұраныстың
айтарлықтай артуына алып келді. Алматы қаласының статистикалық
мәліметтерге сәйкес мектепке дейінгі мекемелердегі 0-ден 7-ге қоса алғандағы
балалардың саны 2014 жылы – 193,7 мың, 2015 жылы – 215,2 мың, 2016 жылы -
217,8 мыңды құрады.
Балаларды балабақшада мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен
қамту соңғы 3 жылда 49,7 мыңнан 56,6 мыңға дейін артқан, сондай-ақ 3-6 жас
аралығындағы балалар 64,7%-дан 74,7%-ға дейін артты.
2.1.2.1.1. сурет. Мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіштері
43
Мектепке дейінгі тәрбиемен оқумен қамтылған балалар (3-6 жас)
Дереккөз: Алматы қаласы Білім басқармасы
2016 жылдағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі аралықтағы балаларды мектепке
дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту 49,2%-ды құрады.
Бұл динамикаға мектепке дейінгі ұйымдар санын 2014 жылдағы 343
бірліктен 2016 жылы 505 бірлікке дейін көбейту есебінен қол жеткізілді.
2016 жылдың қорытындысы бойынша қалада мектепке дейінгі ұйымдарға
кезек мыналарды құрады:
-1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар - 60 812 адам.
- 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар - 24 915 адам.
Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде орындар жетіспеушілігі мәселесі
жаңа балабақшалар салу, қолданыстағы балабақшалардың аумағын кеңейту,
мектептердің аумағында балабақшалар салу, коммуналдық меншіктегі немесе
мақсаты бойынша пайдаланылмайтын бұрынғы балабақшалар ғимараттарын
қайтару есебінен шешімін табады. Бұл жағдайда жетіспеушілікті азайтуды
баяулату факторлары:
- бос жер учаскелерінің жетіспеушілігі;
- жерді жеке меншік иелерінен сатып алу қажеттілігі болып табылады.
2016 жылы мектепке дейінгі ұйымдар желісі 505 бірлікті құрады, 178
мемлекеттік мекеме, мемлекеттік емес 327 мекеме.
Қазіргі уақытта балабақша құрылымы жеке ұйымдарда кең таралған.
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі 35,3%, 64,7%-ы жеке меншік.
Сонымен қатар, мемлекеттік балабақшаларда балаларды қамту 72,6%-ды
құрайды.
Орта білім
2017-2018 оқу жылының басында қалада 250 күндізгі жалпы білім беретін
мектеп жұмыс жасаған, мұнда 243 452 бала білім алады. Мектеп
оқушыларының саны 2015 жылмен салыстырғанда 29,2 мың адамға артқан.
Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылардың саны 12,6 мың адамға
өскен. Санының күрт өсуінің негізгі себептері халықтың табиғи көшіп-қонуы
болып табылады.
44
Наурызбай, Алатау, Медеу және Әуезов аудандарындағы жалпы білім
беретін ұйымдарда орындардың жетіспеушілігі бар (мектептерде бала санының
артық болуы). 2016 жылы қала бойынша жалпы жетіспеушілік 49 мың адамды
құрайды.
Оқушылар орны тапшылығын азайту үшін:
- «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында № 26, 157 мектептердің
жапсаржайлары пайдалануға берілді, онда әрбірі 900 оқушыға арналған.
- жеке инвесторларды тарту арқылы Наурызбай ауданында /"Сәби" қоры/
1200 орындық жаңадан № 174 мектеп ашылды;
- Медеу ауданында 600 оқушыға арналған №168 мектептің жаңа
жапсаржайлары пайдалануға берілді;
- 650 орындық 4 жеке меншік мектеп ашылды
- Сонымен қатар Наурызбай ауданында жеке инвесторды тарта отырып,
1200 оқушы орнына арналған мектептің құрылысы жүргізілуде («Сәби» қоры).
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша оқу
бағдарламасын ойдағыдай меңгерген (үздік, үздік/жақсы, жақсы) оқушылардың
үлесі 2014 жылы 51,2%-дан 2016 жылы 57,5%-ға дейін артты.
Алматы қаласының оқушылары жалпы білім беру пәндері бойынша
әртүрлі деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларына белсене
қатысады (мектепішілік, аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық).
Алматы төрт жыл қатарынан және бесінші жыл ҰБТ және ОЖСБ
қорытындылары (2012-2016 жылдар) бойынша республикада бірінші орынды
иеленген. Мысалы, ҰБТ бойынша орташа балл 2012-2013 жылдары 84,7 балл,
2013-2014 жылдары – 87,3 балл, 2014-2015 жылдары – 93,4 балл, 2015-2016
жылдары – 92,1 балл, 2016-2017 жылдары - 97,5 балл болған.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті білім берумен қамту 2014
жылы 20%-дан 2016 жылы 32,5% дейін жоғарылады.
2012-2018 жылдары ҚР мүгедектердің өмірін жақсартып және
құқықтарын қамтамасыз ету іс-шаралар жоспарын орындау үшін жалпы білім
беретін мектептер балалардың жеке қажеттіліктеріне қарай қолжетімді болуы
керек.
Мүгедектер үшін ішінара "Қол жетімді орта" (frendlydlbuilding.kz)
порталында әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілері мәліметтері
бойынша бүгінгі күні 283 мемлекеттік білім беру мекемелерінде қамтамасыз
етілген, соның ішінде:
- 162 мектеп;
- 93 балабақша,
- 22 колледж,
- 2 интернат,
- 5 мектептен тыс білім беру ұйымдары.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы кедергісіз орталықты қалыптастыру және
мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жергілікті бюджеттен 305 млн. теңге
Достарыңызбен бөлісу: |