154
қарсы іс-қимыл жасау
инфрақұрылымдарының
жабдықталу деңгейі
2
Авариялық-құтқару
құрылымдарының
техникамен
жабдықталуы
%
43,8
43,8
44,5
46,0
47,5
49,0
51,0
ТЖД
Қойылған мақсаттарға жету жолдары
Ұсыныстар енгізу, сондай-ақ білім және денсаулық сақтау нысандарын
сейсмикалық күшейту, ескі тұрғын үйлерді бұзу бағдарламаларын ілгерілетуге
қатысу;
Заманауи құтқару және өрт сөндіру автотехникаларын, сондай-ақ
авариялық-құтқару жабдықтарын сатып алу;
Өрт сөндіру деполарын кезең-кезеңімен салу;
Сел жүру және су басу, қар, лай көшу, опырмалардың туындау қаупі
жоғары ошақтарды аэровизуальды және жерде тексеру;
Мореньдік көлдердің тасуын алдын алу іс-шаралары;
ТЖ туындаған жағдайда оқытуға арналған буклеттер мен плакаттарды
әзірлеу және шығару, адамдар көп шоғырланатын жерлерде және БАҚ-та
ақпараттық бейнероликтерді дайындау және көрсету;
Қаланың тіршілігін қамтамасыз ету нысандарының өрт қауіпсіздігі
саласындағы бақылауды қамтамасыз ету;
Қаланың инженерлік-қорғаныстық құрылғыларына жөндеу-қалпына
келтіру жұмыстарын жүргізу (МТҚ, тоғандар, бөгеттер);
Сейсмикалық
тұрғыдан
шағынаудандарға
бөлу
картасына
қала
тұрғындарының рұқсат алуы;
Қауіпті аумақтар мен ТЖ туындауы мүмкін аймақтардың жағдайына тұрақты
мониторингті күшейту;
Табиғи және техногендік ТЖ зардаптарын жоюға ТЖАК ден қою күштерінің
дайындығын арттыру;
Барлық санаттағы құтқарушылардың кәсіби дайындығын жетілдіру, құтқару
операцияларын жүргізудің жаңа технологияларын белсенді енгізу;
Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғау мәселелері жөнінде мемлекеттік
органдармен және ұйымдармен ведомствоаралық іс-қимылдарды күшейту.
3.2.3. Ақылды қала (Smart City)
155
«Ақылды қала» (Smart City) тұжырымдамасын іске асыру жаңа
үрдістің бірі болып табылады. Қаланы басқаруға ақпараттық технологияларды
қолдану, Smart технологиясын енгізу Алматы қаласының басты сипаттамасы
болып табылады.
Жобаның
мақсаты
өмір
қауіпсіздігі
мен
сапасын
арттыру,
инфрақұрылымдар мен инвестициялық тартымдылықты арттыру, көлік және
экологиялық мәселелерді шешу, энергия мен суды қолдану тиімділігін,
коммуналдық қызметтер және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
қызмет көрсетуге пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады.
«Ақылды қалаларды» жүзеге асырудың тиімділігі мен заманауилығы әлемде
іске асып жатқан мысалдармен расталады. Лондонда қоғамдық көліктің кешігуі
40 %-ға қысқартылды, жол сыйымдылығы 15% артты, зиянды заттардың ауаға
таралуы 25% төмендеді. Жылуды пайдалану 25% азайды, көшені
жарықтандыру шығыны 40%, электр және жылу орташа есеппен 20%, ал ЖКО
саны 20% төмендеді.
«Ақылды қала» тұжырымдамасының халықаралық тәжірибесінің есепке
алынуы
қаланың
өндірістік
үдерістері
мен
қызметтерінің
едәуір
трансформациясын талап етеді. Трансформация үдерістерді оңтайландыру
бойынша ұйымдастыру кешенін қайта қарау, қаржыландыру жолдары мен
қызметтер стандарттарын, сондай-ақ ықпалдастырылған ақпараттық жүйелерді
енгізуді қамтыған 3 жылдан 7 жылға дейін созылады.
Қойылған мақсаттарға жету жолдары
Алматы қаласының инфрақұрылымын үшін Smart технологиясының
басымды бағытта жарамдылығы тұрғысында зерттеу (көлік, ТКШ, қауіпсіздік,
тағы басқалар);
Қаланың қазіргі АКТ жүйесін тексеруін орындау;
«Ақылды қала» (Smart City) жобасы бойынша тұжырымдаманы, шебер
жоспарын және инвестициялық ұсыныстарын дайындау;
«Smart City» ақпараттық жүйесін интеграциялау және өзара әрекеттестіру,
пайдалану Ережесін дайындау;
Smart технологиясын енгізу үшін жағдай жасау бойынша ұсыныс
дайындау және заңнамалық талдау;
Smart технологиясын енгізу қағидаларына және көзқарастарға мемлекеттік
қызметшілерді оқыту және кеңес беру;
«Smart City» компонентіне ТЭО әзірлеу;
«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ-ның базасында азаматтардың
өтініштерін қабылдау, талдау және оларға кеңес беру бойынша Алматы қаласы
әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау бөлмесін ашу;
Қалалық басқармалардың қызметіне функционалдық талдау жүргізу және
кейіннен халыққа қызмет көрсету кезінде басқарушылық шешімдерді қабылдау
үдерістерін оңтайландыру;
156
Жергілікті атқарушы органдарға тұрғын үй қатынастары саласында
тиісінше күтіп-ұстауды басқару мен ұйымдастыруда және тұрғын үй
қатынастары саласында қызметтерді көрсету сапасын бақылау құралын
ұсынуда тұрғындар және ПИК қатысуы үшін электрондық алаң құру;
Нақты уақыт режимінде нысандардың жай-күйін бақылау үшін Алматы
қаласының
өзендер
бассейндерінде
сел
қаупін
мониторингілеуді
автоматтандыру;
Қолданыстағы қалалық көлік жүйелерін жаңғырта және интеграциялай
отырып қаланың зияткерлік көлік жүйесін дамыту;
Алматы қаласының цифрлық бас жоспарын әзірлеу және қолдау;
Ақпаратты мониторингілеу және талдаудың бірыңғай орталығын құру
және BigData технологияларын кейіннен қолдану үшін қаланың жұмыс істеп
тұрған ақпараттық жүйелерін біріктіру;
* «Сандық Қазақстан» (Digital Kazakhstan) бағдарламасы аясында «Smart City» тұжырымдамасы мен ҚР
ИДМ бірлесіп арнаулы көрсеткіштер анықталады.
3.2.4. Тұрақты электрмен жабдықталған қала
Алматы қаласында тұтынушыларды үздіксіз электрмен жабдықтауды
қамтамасыз ету үшін жалпы трансформаторлық қуаты – 2 375 МВА болатын
жоғары кернеудегі (220 кВ) алты қуаттаушы қосалқы станция салынған.
Қосалқы
станциялар
қаланың
периметрі
бойынша
біркелкі
орналастырылып, қалада 220 кВ біртұтас энергетикалық шеңбер қалыптасқан.
Қосалқы станциялардан қаланың орталығына қарай жоғары вольтты тіректер
арқылы 110 кВ электр беру желілері тартылған.
Жер учаскелерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында және
әлемдік елдердің (Германия, Австрия, Ұлыбритания және т.б.) тәжірибесін
ескере отырып, жер асты кабель каналдарымен жоғары кернеу класындағы
электр желілерін (220/110/35 кВ) жүргізу қажет. Осылайша орындалған сыртқы
электрмен жабдықтаудың схемасы қала тұрғындары үшін қауіпсіздікпен және
пайдалану кезіндегі жоғары сапасымен сипатталады.
Сонымен бірге, бұл тұжырымдама «Академик Ш.Ш. Шөкин атындағы
ҚазҒЗ энергетика институты» АҚ әзірлеген Алматы қаласының бас жоспарын
түзетудің «Электрмен жабдықтау» бөлімінде ұсынылған.
Қойылған мақсаттарға жету жолдары
Қала аумағындағы электр берудің әуе желілерін кезең-кезеңімен кабельді
(жер асты) желілерге қайта жабдықтау;
Достарыңызбен бөлісу: |