110
Ұзындығы және қамтылуы
Қаланың жол қоры толығымен муниципалитеттің меншігінде. 2014
жылдан бастап 2016 жыл аралығында жол қоры орташа есеппен жылына 0,3%-
ға өсті және 1%-ға артты (жаңадан қосылған аумақтарды есептемегенде
1
).
2.1.4.3.2 кесте Алматы қаласының жол қорының ұзындығы
Атауы/ жылдар
Өлшем
бірлігі
2014
2015
2016
Автожолдардың ұзындығы
км
2299
2 299
3 015
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы
автомобиль жолдарының үлесі
%
43
65
60
Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті
Автожолдардың ұзындығын арттыру бойынша ағымдағы шараларға
қарамастан, Алматы автожолдармен қамту деңгейі және қала аумағындағы
автожолдардың тығыздығы бойынша салыстырып отырған қалалардан артта
қалады.
2.1.4.3.7 сурет. Автожолдардың тығыздығы және жол жабындыларымен
қамту, 2015 ж.
Дерек көзі: баспасөзге шолу, жұмыс тобының талдауы
2014 жылы автожолдардың жалпы ұзындығы жаңадан қосылған аумақтарды қосудың нәтижесінде 583 км-ге
өсті.
Жол төсенішінің сапасы
2016 жылдың соңында Алматы қаласының көше-жол торабын түгендеу
бойынша жұмыстар аяқталды. Олардың деректері бойынша, автомобиль
жолдарының жалпы ұзындығы 3015 км құрайды.
Автожолдар қорының жағдайын жақсарту мақсатында жыл сайын жаңадан
жолдар салынады және бұрыннан бар жолдар жөндеуден өтеді. 2014-2016
жылдар аралығында жаңадан 6,03 км жол салынған, 8,7 км болатын
магистралды көше ұзартылған, 6,5 км жол күрделі жөндеуден өткен, 373,9 км
жолға ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бірақ, жөндеу
111
жұмыстарының бірыңғай тізілімі және қаланың аумағындағы жолдардың
картасы жоқ екені байқалады.
2.1.4.3.5 кесте Автожолдарды салу және жөндеу жұмыстарының көлемі
Атауы/ жылдар
Өлшем
бірлігі
2014
2015
2016
Құрылысы
км
1,6
-
4,4
Магистралды көшелерді ұзарту
км
-
7,1
1,9
Күрделі жөндеу
км
3,2
5,2
-
Орташа және ағымдағы жөндеу
км
137,8
95,1
141
Дерек көзі: Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Көлік жолайрықтары және жаяу жүргіншілер
2016 жылы өткізу қабілетін арттыру және қала магистралдарындағы көлік
жүктемесін төмендету мақсатында 1 көлік жолайрығы, 6,3 км автомобиль
жолдары және көшелерді ұзарту, жаяу жүргіншілердің 6 өтпе жолы салынды.
Жыл сайын жаяу жолдардың шамамен 84 мың шаршы метрі жөнделуде және
30 км-ден астам тротуарлар салынуда.
2014 жылы қалада дүние жүзіне танымал урбанист Ян Гейлдің жаяу
жүргіншілер аймағының құрылысын қоса алғанда Алматы аумағының орталық
бөлігін жайластыру жөніндегі жобасы таныстырылды. Қазіргі кезде Алматы
қаласының Бас жоспарына ұсыныстар біріктірілуде.
2.1.4.3.6 кесте. SWOT - талдау
Күшті жақтары:
- жол желілерін кеңейту, көпірлер
салу, көшелерді ұзарту және түрлі
деңгейдегі көлік жолайрықтарын салу
арқылы жылдамдығы жоғары қала
көшелері мен
қалалық маңызы бар
магистралдардың бірыңғай жүйесін
құруға негізделген көше-жол желісін
дамыту.
Әлсіз жақтары:
- автокөлік инфрақұрылымының
едәуір бөлігі нормативтік
мерзімнен
артық пайдаланылуда, басқалары да
сол мерзімге жақын, осыған байлан-
ысты көлік
жұмысының қауіпсіздігі
бойынша жағдай нашарлайды.
Мүмкіндіктер:
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік
тетіктерін дамыту;
- озық техникалық
және экологиялық
регламенттер, стандарттарды енгізу.
Қауіп-қатерлер:
- автокөлік санының артуы.
112
Түйткілді мәселелер:
Көше-жол торабын дамыту мен жол қозғалысын ұйымдастыру және
қауіпсіздігін
жақсартудағы
күрделі
мәселе
көлік
легін
моделдеу
бағдарламасының жоқтығы болып табылады. 2017 жылы көлік моделін енгізу
барысында қаланың көше-жол торабын жөндеу мен салуды одан әрі сапалы
жоспарлау мүмкіндігі пайда болады.
2.1.5 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық.
Электр энергетикасы
Алматы қаласы бойынша электр энергиясының нарығы - «АлЭС» АҚ
энергия көздерінен алынатын электр қуатынан және Жамбыл ГРЭС-і және
Павлодар-Екібастұз ГРЭС-і энергия торабынан (шамамен 45%) сатып алынатын
электр қуаты есебінен құралады.
Алматы өңірінен тысқары жерлерден электроэнергиясын жеткізудің
елеулі үлесін, экономиканың және халық санының өсуі есебінен тұтынушының
әрі қарай ұлғаюын ескере отырып, ЖӨӨ-нің энергиялық сыйымдылығының
қысқартылуына ерекше назар аудару қажет.
2016 жылы қаланы орталықтандырылған электрмен жабдықтау
қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ды құрады.
Қолданыстағы электрмен жабдықтау жүйесі
тозығы жеткен және
шығынды көп әкелетін деңгеймен сипатталады. Республикалық құрылымда
Алматы қаласы электр желілерінің тозуының көрсеткіші, Алматы және
Павлодар облыстарынан кейін, жоғары деңгейде болып есептеледі. Қалалық
электр желілерінің тозуының көрсеткіші жүйені ауқымды көлемде жаңғырту
қажет екенін көрсетіп отыр. Күрделі жөндеуден өткен желілердің үлесі
соңғы 3
жылда едәуір артты. Аталған кезеңде шамамен 934,8 километр электр желісі
қайта жаңғыртылды. Электрмен жабдықтаудың жаңғыртылған желілерінің
үлесі 5% -ды құрайды. Бұл
электр желілеріндегі шығын деңгейін
төмендетуге алып келді (2013 жылғы 15,78% - дан 2015 жылға 14,3%-ға, 2016
жылғы 13,4%-ға), инфрақұрылымның қатты тозуына қарамастан (2013-2015
жылдары 69%, 2016 жылы-64%).
Сурет 2.1.5.1. Электр желілерінің көрсеткіштері