126
Атмосфералық ауаның ластану деңгейі төрт стандартты көрсеткіш СИ, КҚ
және АЛИ бойынша сипатталады.
Егер АЛИ, СИ и КҚ түрлі градиацияларға түссе, ауаны ластау деңгейі АЛИ
бойынша бағаланады.
Алматы қаласының ауа бассейнінің экологиялық жағдайына мониторинг
жүргізуді «Қазгидромет» РМК сынамаларды қолмен алатын 5 стационарлық
поста (ЛБП) және 11 автоматты бақылау постарында іске асырады: №1 ЛБП -
Амангелді көшесі, метеостанция; № 12 ЛБП Райымбек даңғылы - Наурызбай
батыр көшесі қиылысы; № 16 ЛБП - Айнабұлақ-3 шағынауданы; № 25 ЛБП -
Қабдолов - Момышұлы көшелерінің қиылысында; №26 ЛБП - Төле би көшесі,
249 (Тастақ-1 шағынауд.).
Өлшеу № 1 ЛБП-да тәулігіне 4 рет, №12, 16, 25, 26 ЛБП-да 6 сағат сайын
тәулігіне 3 рет жүргізіледі. Өлшеулі заттар, күкірт
диоксиді, көміртегі оксиді,
азот диоксиді, фенол және формальдегид концентрациялары өлшенеді.
Қаладағы ауаның ластану деңгейі соңғы жылдары сәл тұрақтанды, бірақ
әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Атмосфера ластануының индексі (АЛИ
5
)
2014-2016 жылдар аралығында 10,0-ден 9,22-ге дейін төмендеді.
ШЖҚ «Қазгидромет» РМК филиалының мәліметтері бойынша 2016 жылы
Алматы қаласының атмосфералық ауасы жоғары деңгейде ластанумен
сипатталады. Ластану деңгейі 9,22-ге тең АЛИ мәнімен анықталды (жоғарғы
деңгей), азот диоксидінің концентрациясы бойынша КҚ - 36,4 %-ға тең (өте
жоғарғы деңгей) және СИ – 5,0-ге тең (өте жоғарғы деңгей).
Жалпы қала бойынша формальдегидтің орташа жылдық концентрациясы
2,1 ШЖК құраса, азот диоксидінің – 1,12 ШЖК, басқа ластаушы заттардың
құрамы 1,2 ШЖК-ден аспаған .
Азот диоксидінің ең жоғарғы бір жолғы концентрациясы 8,7 ШЖК, күкірт
диоксиді – 5,4 ШЖК, көміртегі оксидін -5,3 ШЖК, азот оксидін – 4,0 ШЖК,
басқа заттар - 2,4 ШЖК, фенол - 1,3 ШЖК, формальдегид - 1,1 ШЖК-ні құрады.
2016 жылы төтенше жоғары ластану жағдайлары байқалмады.
2.1.6.1.5 кесте. Алматы қаласының 2016 жылғы атмосфералық ауасының
ластану сипаттамасы
Қоспа
Орташа
концентрация (g
с.с.
)
Жоғарғы мөлшерлі
концентрация (g
м.р.
)
мг/м
3
Шектен
шығу
еселігіПД
К
с.с.
мг/м
3
Шектен шығу
еселігі ПДК
м.р.
Өлшеулі заттар
0,18
1,2
1,20
2,4
Өлшеулі бөлшектер (РМ-10)
0,06
1,0
1,00
3,3
Күкірт ди
оксиді
0,04
0,8
2,00
4,0
Көміртегі оксиді
1,29
0,4
26,25
5,3
Азот
диоксиді
0,10
2,6
1,74
8,7
Азот оксиді
0,03
0,5
2,15
5,4
127
Фенол
0,002
0,6
0,01
1,3
Формальдегид
0,015
1,5
0,04
0,8
Дереккөз: Алматы қаласындағы «Қазгидромет» РМК филиалының деректері
Атмосфералық ауаның ластануы соңғы жылдары бірқалыпты, дегенмен әлі
де жоғары болып табылады.
Жүргізілген бақылау деректері бойынша Алматы қаласында 2016 жылы
барлық ауыр металл концетрациясы атмосфералық ауада жол берілетін
қалыпты нормада болған.
2.1.6.1.6 кесте. 2016 жылы Алматы қаласының атмосфералық
ауасындағы ауыр металлдардың құрамы
Бекеттің орналасқан
жері
Қоспалар
Орташамөлшері
Q, мкг/м
3
Q, ШЖК
№ 1 – Амангелді көшесі,
Сәтбаев көш. қиылысы
Кадмий
0,001
0,003
Қорғасын
0,033
0,110
Мышьяк
0,000
0,000
Хром
0,001
0,001
Мыс
0,044
0,022
№12 – Райымбек
даңғылы,Наурызбай батыр
көш. қиылысы
Кадмий
0,002
0,006
Қорғасын
0,075
0,248
Мышьяк
0,001
0,000
Хром
0,002
0,001
Мыс
0,093
0,046
Дереккөз: Алматы қаласы бойынша «Казгидромет» РМК филиалының мәліметтері
Атмосфералық ауаның ластану деңгейінің жалпы төмендеуі қаланың
басым міндеттерінің бірі болып табылады.
Осы бағыт бойынша 2016 жылы төмендегідей жобалар жүзеге асырылды:
1-ЖЭО қайта жабдықталып, «Алматытеплокоммунэнерго» АҚ-ның
шамамен 90% қазандықтары маусымдық немесе жыл бойы табиғи газбен
жұмыс
істеуге ауыстырылды;
2-ЖЭО-да (шығарындылары жылына 31,5 мың тоннадан асады) қазандық
агрегаттарында азот тотықтарын басатын, заманауи жағу құрылғылары бар
тазарту деңгейі 99,5 % болатын кейіннен шығарылған эмульгатор орнатылған;
АГТС-дан Батыс жылу кешеніне газ құбырларын тарту бойынша
жобаның 2-ші кезегінің құрылысы аяқталды;
Жеке секторларды газбен қамтамасыз ету бағдарламасы жүзеге
асырылуда. Жеке тұрғын үй секторы 98 % табиғи газбен қамтамасыз етілген.
Әрі қарай қала маңындағы ауылдар мен бау-бақша қауымдастықтарын газбен
қамту мәселесі тұр.
6 көлік жолайрығының құрылысы аяқталды, жолдар ұзартылып, жаңа
жолдар салынды;
Таза экологиялық қоғамдық жолаушылар көліктерінің жалпы үлесі 50%
жетті;
128
Автокөліктерден шығатын улы газдар мен түтін нормасын тексеру үшін
13 экологиялық бекет ұйымдастырылды. 2016 жылы улы газдар мен түтін
нормасын асырғаны үшін 33556 жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке
тартылды;
Метрополитеннің 1-желісі пайдалануға берілді;
Қала шегіндегі жанармай құю стансаларында сатылатын жанармайдың
сапасына моиторинг үнемі жүргізіліп тұрады.
Қаланың жасыл қорын сақтау жұмыстары жалғастырылуда: қаланың
аумағында 2016 жылы шамамен 32 мың түп ағаш түрлері отырғызылды.
Сонымен қатар бұрынғы бағдарлама аясында жоспарланған, бірақ толық
немесе жартылай жүзеге асырылмаған жоспарлар да бар:
Метрополитеннің 2-желісін іске қосу;
Өнеркәсіп кәсіпорындарын қала сыртына шығару;
ҮАААЖ авто жолының аяқтау (бұл мәселе Алматы қаласы әкімдігінің
құзыретінде емес және ҚР Үкіметі деңгейінде қаралуы керек);
60% коммуналдық көлікті газға ауыстыру.
Осы талдаудың шеңберінде 5 негізгі ластаушы заттардың орташа мәндері
қайтадан жалпыға ортақ халықаралық өлшем бірліктеріне (мг / м3 және PPM)
түрлендіріледі. Талдау сараптамасының қорытындысы бойынша Алматы
қаласының АЛИ5 деңгейінің төмендеуі, Алматы қаласының атмосферасының
ластануы (2,6-дан 6,6 дейін) өскен, ШЖК деңгейінің (күкірт диоксиді)
ағымдағы кейбір көрсеткішінің сәйкес болуына қарамастан, жеке
компоненттері бойынша салыстарған қалалардың көрсеткіштерінен едәуір
жоғары болып тұр:
2.1.6.1.2. сурет. Атмосфера ластануының салыстырмалы талдауы
Дереккөз:
қалалық статистикалық есептер,
жұмыс тобының талдауы