71
Түйткілді мәселелер:
-
ішкі еңбек мигранттары мен жоғары оқу орындарының түлектері
есебінен еңбек
ресурстарының тым артуы;
- қажетті еңбек нарығының есебінсіз жоғары оқу орындарында мамандар
дайындау;
- жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының үйлесімсіздігі, еңбек
нарығының заманауи талаптарына сай келетін білікті жұмыс күшінің
жетіспеушілігі;
- жастар арасындағы жұмыссыздықтың айтарлықтай жоғары деңгейі,
негізінен бірінші рет еңбек нарығына кіретін жас мамандарды жұмысқа
орналастыру мәселелері әсерінен, аталған мәселені шешу үшін кешенді
шараның болмауы;
- еңбекке жарамды мүгедектерді жұмыспен қамту үшін, мүгедектерге
жұмыс орнының болмауы;
- мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік және көлік инфрақұрылым
нысандарының қолжетімділік деңгейінің төмендігі;
- арнайы әлеуметтік қызметті қажет ететін психожүйкелік аурулары бар
мүгедектерге әлеуметтік медициналық мекемелерде орынның жеткіліксіздігі.
2.1.2.4. Мәдениет
Қала республикамыздың мәдени орталығы болып табылады. Мұнда 100-
ден астам мәдениет және демалыс мекемелері орналасқан, оның ішінде 24
музей, 31 кітапхана, 18 театр, 23 кинотеатр, 1 цирк, 1 зообақ, 10 концерттік
ұйым, сондай-ақ бірқатар жеке галереялар мен өзге этно-мәдени орталықтар
орналасқан. Бұдан басқа, қалада тарих пен мәдениеттің 136 ескерткіші бар.
Соңғы жылдары ұлттық-мәдени іс-шараларды қолдауға ерекше назар
аударылуда. Олардың арасында Халықаралық жыршы-термешілердің «Ұлы
дала елі» фестивалін, дәстүрлі музыканың «Әуенмен тербелген 1000 жыл»
фестивалін, суырып-салма ақындардың айтысын, Ықылас атындағы Ұлттық
музыкалық аспаптар музейі негізінде шығарылатын «Інжу маржан»
телевизиялық бағдарламасын атауға болады.
Қалада тұрақты негізде тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша
жұмыстар атқарылуда, оның ішінде мәдениет мекемелері мен ескерткіштердің
құрылысы, қайта жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстары. Мысалы, 2015 жылы 2
тарих пен мәдениет ескерткіштері ағымдағы жөндеуден өтті, нақты айтқанда Ә.
Жангелдиннің ескерткіші мен «Қазақ Мемлекеттік циркі» КМҚК ғимараты.
72
Жөндеу жұмыстарын жүргізумен қатар, соңғы 3 жылда, ҚР Үкіметінің
Қаулысына сәйкес жаңа ескерткіштер де бой көтерді. Олардың ішінде: Әди
Шәріповтың ескерткіші, Сүйінбай Аронұлының және Малбағар Мендіқұловтың
ескерткіші, Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюшы - жауынгерлерге
арналған ескерткіш, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына
арналған ескерткіш және Шапық Шөкиннің ескерткіші. 28 гвардияшы-
панфиловшылар саябағындағы Қаһарман гвардияшы-панфиловшылардың
мемориалды тумбаларындағы туу және қайтыс болу даталары түзетілді.
Қаланың 24 музейі арасында жекелеген музейлер заманауи техникалық
жабдықтармен және экспозициямен қамтамасыз етілді, мысалы, 2012 жылы
қайта жаңғыртылған Қазақ Ұлттық музыкалық аспаптар музейі және 2016
жылы жаңа ғимаратта ашылған Алматы қаласының музейі, сонымен қатар
Атлетикалық
ауылдың
ғимаратында
орналасқан
дәстүрлі
өнердің
мультимедиялық орталығы.
2.1.2.4.1. кесте. Мәдениет ұйымдарының негізгі көрсеткіштері
Атауы/жылы
Өлшем
бірлігі
2014
2015
2016
Театрлар саны
бір.
13
15
16
Көрермендер саны
мың адам
462,5
466,9
453,8
Музейлер саны
бір.
16
16
16
Келушілер саны
мың адам
308,3
323,0
319,8
Кинотеатрлар саны
бір.
17
15
17
Келушілер саны
мың адам
4 712,9
3 903,3
5 020,1
Кітапханалар саны
бір.
30
30
31
Кітапхана қоры
мың адам
37 545,2
37 677,1
37 960,8
Оқырмандар саны
мың адам
374,2
372,6
344,1
Концерттік ұйымдар саны
бір.
11
12
10
Келушілер саны
мың адам
492,4
543,6
383,3
Халықтың орташа жылдық саны
мың адам
1 548,3
1 703,5
1 756,3*
Ақпарат көзі: Алматы қаласы Статистика департаментінің мәліметтері
2.1.2.4.2. кесте. Мәдени іс-шараларды өткізу және мәдениет
ұйымдарына бару көрсеткіштері
Атауы/жылы
2014
2015
2016
Мәдениет саласында өткізілген әлеуметтік маңызды
және мәдени іс-шаралардың саны, бірлік
452
192
1000
адамға шаққанда мәдениет ұйымдарына
барушылардың орташа саны:
- кітапханалар
227,7
222,7
219,8
- театрлар
281
279
285,2
- концерттік ұйымдар
299,8
324
303,7
- музейлер
187,5
193
190,3
Ақпарат көзі: Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының ведомстволық
деректері.
73
2.1.2.4.3. кесте. SWOT-талдау
Күшті тұстары:
- Алматы қаласы республикамыздың
интеллектуалды,
рухани
әрі
мәдени
орталығы болуда;.
Осал тұстары:
- Бірқатар мәдениет нысандарының
жеткіліксіз
материалдық-техникалық
жабдықталуы;
- Біліктілігі
жоғары
мәдениет
кадрларының тұрақтамаушылығы
Мүмкіндіктері:
- заманауи жалпы ұлттық мәдени,
ақпараттық орта мәдениетті жаңғыртуға,
сақтауға және дамытуға, халықтың рухани-
мәдени деңгейін көтеруге мүмкіндіктер
ашады,
себебі
осының
бәрі
республикамыздың мәдени-экономикалық
орталығы ретінде қаламыздың имиджін
нығайтады.
Қауіптер:-
Мәселелер:
- қалаға жаңа қосылған және орталықтан шалғай аудандарында мәдениет
нысандарының жоқтығы;
- қаланың бірқатар мәдениет нысандарының жеткіліксіз материалды-
техникалық жабдықталуы;
- жаңа типті музейдің жоқтығы, мысалы,заманауи өнер мен ғылым музейі;
- арт-менеджмент саласында білікті мамандардың жоқтығы.
2.1.2.5. Дене шынықтыру және спорт
2016 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласының спорттық
құрылғыларының желісі 1439 нысанды құрады. Қалада 12 стадион, 14 спорт
кешені, 34 жүзу бассейні, 5 оқу-жаттығу орталығы, қаланың ЖОО және
мектептері жанында 403 спорт нысаны жұмыс жасайды.
Қалада 27 мемлекеттік кәсіпорын өз қызметін жүзеге асырады, онда 74
спорт түрі қарастырылған. Оның ішінде: 16 жасөспірімдер спорт мектебі,
7 спорт клубы, 2 жоғары спорт шеберлігінің мектебі, 1 олимпиадалық резервті
даярлау орталығы, 1 спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат.
2016 жылдың қорытындысы бойынша спортпен шұғылданатындардың жалпы
саны - 14 247
адамды, 2015 жылы - 13 716 адамды және 2014 жылы - 13 500
адамды құрады.
Білікті спортшылар санының артуы байқалады. Мәселен, 2014 жылы
«Халықаралық
дәрежедегі
спорт
шебері»
спорт
атағын
иеленген
спортшылардың саны 60 құрады, 2015 жылы – 21, 2016 жылы – 4;