80
2.1.2.7. Үштілділікті дамыту
Соңғы жылдары мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі
арта түсуде. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 72%, ал 2015 жылы 75% құраса, 2016
жылы 3% артып, 78% көрсетті. Сондай-ақ қазақ тілінде оқытатын мектептердің
үлесі артып келеді, 2013 жылы олардың саны 59 болса, 2016 жылы бұл
көрсеткіш 65 мектепті құрады. Дәл осы фактор жалпы тілдік ахуалға
индикативті түрде әсер етуде.
Көптеген орта және ірі компаниялар мен мекемелердіңқызметкерлері
мемлекеттік тілді үйренуде.
Мемлекеттік
тілді
меңгерген
тұрғындардың
үлесін
арттыру
бағытындағыжұмыстар белсенді түрдежүргізіліп келеді. Жалпы алғанда 20
мультимедиялы кабинет іске қосылған, қала және аудан әкімдіктерінің мәжіліс
залдары ілеспе аударма жасауға арналған құрал-жабдықтармен жабдықталған,
сонымен қатар тіл үйретуге арналған бағдарламалар әзірленген. Ісқағаздарын
жүргізуге арналған жинақтардың үлгісі шығарылды. Аталған басылымдардың
іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді өз бетімен меңгеруге арналған
қосымша әдістемелік құрал ретінде ұсынылатын электронды нұсқаларының
үлгілері де бар.
2014-2015 жылдары тілдерді жаңа технологиямен оқытуға бағытталған
«Инновациялық оқытудың бағдарламалық-ақпараттық кешені» шығарылды.
Мұндай кешенмен Алматы қаласы әкімдігі ғимаратының, аудан әкімдері
аппараттарының және өзге де мемлекеттік мекемелердің 20 оқыту кабинеттері
жабдықталған.
Мемлекеттік орган қызметкерлеріне, сондай-ақ Алматы қаласы
тұрғындарына арналған қазақ және ағылшын тілдерін оқытатын курстар
ұйымдастырылған. 2014 жылы қазақ тілі курстарында – 836, 2015 жылы – 797,
ал 2016 жылы – 551 тыңдаушы оқытылды. Ағылшын тілі курстарында 2014
жылы – 216, 2015 жылы – 230 және 2016 жылы – 194 мемлекеттік қызметші
оқытылды.
Жексенбілік мектептерде этно-мәдени орталықтардың өкілдеріне қазақ
тілімен қатар өз ана тілдері де оқытылады.
ҚР Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесе отырып, мемлекеттік
қызметшілердің қазақ тілін білу деңгейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша анықтау
мақсатында диагностикалық тестілеу жүргізілді. Тестілеуге 2014 жылы 730
адам, 2015 жылы – 565, 2016 жылы 5345 мемлекеттік қызметші қатысты.
Алматы қаласында жергілікті атқарушы органдардың іс қағаздарын
жүргізуге арналған мониторинг тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
Мемлекеттік тілде құжат айналымы 2014 жылы – 65%, 2015 жылы – 66% және
сәйкесінше 2016 жылы – 62% құраған болатын.
Мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау мақсатында қаладағы аудан
әкімдіктерімен, басқармалармен және этно-мәдени орталықтармен бірлесе
81
отырып,Абай, А.Пушкин шығармашылықтарына арналған әдеби оқулар,
«Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары», «Тіл – татулық тірегі»,
«Көркем сөз оқу шеберлері» сияқты байқаулар жыл сайын өткізіліп келеді.
«Үштұғырлы
тіл»
мәдени
бағдарламасыаясында
мемлекеттік
қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім», үш тілді меңгерген
жастар арасында «Тіл–парасат»сияқты іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.
Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын
кеңінен насихаттау, жастар арасында отансүйгіштік қасиеттердің қалыптасуына
ықпал ету болып табылады.
«Тіл
саясаты
саласында
жіберілген
заңнама
нормаларын
бұзушылықтардыңсаны» көрсеткішінің базалық тізімдерінің мәліметтері
бойынша 2015 жылы жоспарда 500көрсеткіш болса, факт жүзінде ол 520
құрады. Индикаторға қолжеткізбеудің негізгі себебі ретінде тіл саясаты
саласында заңнама нормаларының орындалмауы аталады.
2015 жылы әртүрлі жарнама мекемелерінен «Тіл туралы»Заң талаптарын
сақтауға қатысты тексеруге 5024 эскиз келіп түсті. Олардың 520-на өзгерістер
енгізілді, 217 қате табылды, 4283-і өзгеріссіз келісілді.
«Тіл туралы» Заң талаптарын бұзған лауазымды тұлғаларға «Әкімшілік
құқықбұзушылықтар туралы» кодекстің 75 бабына сәйкес шаралар
қолданылады.
Бірақ әзірше көрсеткіштер айтарлықтай жоғары емес және бұл бағыттағы
жұмыстар әрі қарай да жалғастыруды қажет етеді.
Тұрғындардың
ағылшын тілін меңгеру деңгейі Алматыны әлемдік
қоғамға біріккен заманға сай қала ретінде дамытудың негізгі элементтерінің
бірі болып табылады. Қазіргі уақытта бұл көрсеткішке
көп көңіл бөлінбеуде,
сол себепті де ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі тұрақты
түрде анықталмайды. Қаланың алдағы уақытта дамуында бұл салаға ерекше
көңіл бөлу қажет.
2.1.2.7.1-кесте. Тілдерді дамыту бойынша негізгі көрсеткіштер
Атауы/жылдар
Өлш.
бірл.
2014
2015
2016
Мемлекеттік тілді меңгерген ересек
тұрғындардың үлесі
%
72,0
75,0
78,0
Алматы қаласы ЖАО жалпы құжат
айналымында қазақ тілінде іс-қағаздарын
жүргізудің үлесі
%
65
66
62
Ағылшын тілін меңгерген ересек
тұрғындардың үлесі
%
14
15
16
Үш тілді меңгерген ересек тұрғындардың
үлесі (мемлекеттік, орыс және ағылшын)
%
8
10
12
Қазақ тілінде оқытатын мектептердің саны,
жалпы мектептердің санына шаққандағы
бірлік және %
%
62
(30,8)
63
(31,3)
65
(32,3)