Vi сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXII кезектен тыс сессиясының 2017 жылғы № шешіміне қосымша



жүктеу 2,96 Mb.
Pdf просмотр
бет32/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,96 Mb.
#25603
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66

92 
 
- көктемгі  жаңбыр  жауу  кезінде    қала  аумағында    су  басудың  пайда 
болуы; 
- қолданыстағы    Алматы  қаласын  селден  қорғау  жүйесі  қауіп  деңгейіне 
сәйкес келмейді  жаңғыртуды және жетілдіруді қажет етеді;   
- өрт сөндіру деполарының қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы; 
- өрттерге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жедел ден қою 
үшін өрт техникасымен жабдықтау деңгейінің төмендігі; 
- өрт сөндіру деполарының жетіспеушілігі. 
2.1.4. Инфрақұрылым 
2.1.4.1. Байланыс және коммуникациялар 
 
2014-2016  жылдар  аралығындағы  байланыс  және  коммуникация  нарығының 
пайда  көлемі  азайып  2016  жылы  413  000  млн.  теңгені  құраған.  2016  жылғы 
байланыс қызметтерінің нақты көлемінің  индексі  103,6% құраған. 
2.1.4.1.1. кесте. Байланыс қызметтері нарығы көлемінің даму серпіні  
Атауы/жылдар 
Өлшем. 
бірл. 
2014 
2015 
2016 
Пошталық және курьерлік 
қызметтердің көлемі 
млн. теңге 
16 632,1 
14 220,1 
16 117,8 
Байланыс қызметінің кірістері  
млн. теңге 
394 614,7 
400 368 
413 000 
Оның ішінде: 
 
 
 
 
Қалааралық, халықаралық телефон 
байланысынан 
млн. теңге
 
23 193,4 
17 940,8 
18 503,1 
Жергілікті телефон байланысы 
қызметінен 
млн. теңге
 
8 502,4 
7 997,1 
7 476,7 
Телерадиобағдарламаларды  беруден 
млн. теңге
 
9 595,3 
9 299,2 
12 206,4 
Интернет желісіне қосылудан 
млн. теңге
 
92 286,5 
108 343,3 
116 037,4 
Кабельдік инфрақұрылым бағдарлама-
ларын тарату жөніндегі қызметтер, 
Сымсыз желілер бойынша  және 
спутник арқылы 
млн. теңге 
7 644,7 
9 538,1 
 9 307,4 
Ұялы байланыстан 
млн. теңге
 
183 548,2  161 620,5 
161 628,4 
Байланыстың өзге де қызметтерінен 
млн. теңге
 
69 844,0 
85 628,8 
81 841,4 
Байланыс қызметтерінің нақты көлем 
индексі, алдыңғы жылға %-бен 

111,9 
101,7 
103,6 
Дереккөз: Алматы қаласының байланыс кәсіпорындарының негізгі көрсеткіштері, 12-серия  
 
 
2016 жылғы жағдай бойынша байланыс және коммуникация  нарығының 
негізгі құрамдас бөліктері: 
  Ұялы байланыс – 40,6% 
  Ғаламтор-қызметтер – 28,1% 
  Телефон байланысы –4,5% 
  Басқа да қызметтер (пошта байланыстарын қоса алғанда) – 23,7% 


93 
 
Төменде  әрбір  негізгі  бағыт  бойынша  ағымдағы  жағдайдың  сипаттамасы 
ұсынылған: 
Ұялы байланыс 
2014  –  2016  жылдар  аралығындағы  кезеңде  ұялы  байланыс  нарығын 
пайдаланушылардың  саны  мен  кірісінің    183  548,2  млн.теңгеден  161 628,4 
млн.теңгеге дейін едәуір төмендеуі байқалды. Бұл ірі (32%) ұялы оператордың 
(«Билайн») Астанаға  көшірілуімен  байланысты болды.  
Сонымен  қатар,  Алматы  қаласындағы  ұялы  байланыстың  таралу  деңгейі 
Қазақстан бойынша орташа статистикалық көрсеткіштерден жоғары екенін атап 
өткен жоқ. 
Алматы  қаласының  байланыс  нарығындағы  негізгі  қызметтерді 
жеткізушілер: «Алтел 4G» (59%
1
), «Кселл» (21%
2
), «Билайн» (13%) және «Теле 
2»  (5%)  компаниялары  болып  табылады.  Бұл  желілердің  республикалық 
үлестердің  таралуынан  біршама  өзгеше  болып  келеді,  мұнда  2015  жылы 
абоненттердің ең жоғары үлесі «Кселл» желісіне тиесілі болды.  
Қалыптасқан  құрылым  және  даму  қарқынында  нарық  аздаған  
ойыншылармен  бақыланады  және  аумақтық  қамту,  ұялы  байланыс  сапасын 
арттыру  және  тарифтік  саясат  мәселелерін  шешу  үшін  әкімдіктің  қатысуын 
қажет етпейді.  
Интернет  
2014-2016  жылдар  аралығындағы  кезеңде  ғаламтор-провайдерлерінің 
кірісі  92 286,5  млн.  теңгеден  116 037,4  млн.  теңгеге  дейін  артты.  Кірістердің 
артуының негізгі себептері ғаламтор-пайдаланушылар санының 2 есеге көбеюі 
болып табылады.  
Кіріс пен пайдаланушылар санының орташа жылдық өсу ырғағы (CAGR) 
сәйкесінше  16%  және  27%  құрады.  Нәтижесінде  қала  тұрғындары  арасында 
ғаламтордың  таралу  деңгейі  22  пайыздық  тармаққа  шамамен  2  есеге 
жоғарылады және 46,7%  құрады. 
Алматы  қаласындағы  ғаламтор-байланыстың  орташа  жылдамдығы  2014 
жылы  19  Мбит/сек  құраған,  бұл  Қазақстан  қалаларының  ішінде  14-ші 
көрсеткіш  болып  табылады  және  республикадағы  орташа  көрсеткіштен  сәл 
жоғары  (18,8  Мбит/сек).  Тұтас  алғанда  Қазақстан  дүниежүзінде  ғаламтор-
байланыс жылдамдығы
3
 бойынша 56 орынды иеленеді. Ғаламтор жылдамдығы 
КЖЖ
4
  арналарының  таралуы  есебінен  қамтамасыз  етіледі,  олардың  үлесіне 
барлық ғаламтор-қызметтерінің 99% сәйкес келеді. 
                                           
1
«Қазақтелеком» АҚ 2014 жылғы жылдық есебі 
2
Үлес 2013 жылғы Informa WCIS мәліметтері бойынша тіркелген пайдаланушылар негізінде есептелген 
3
 Netindex (Ookla) мәліметтеріне сәйкес 
4
 Кең жолақты немесе жоғары жылдамдықты Интернетке кіру 
 
 


94 
 
Ғаламтор-қызметтер нарығында 20 ғаламтор-провайдерлері бар. Бұл ретте 
ұлттық «Қазақтелеком» компаниясы нарық көшбасшысы болып табылады және 
нарықты 70% 
 иеленеді. 
Таралудың  салыстырмалы  төмен  деңгейі  мен  төмен  жылдамдыққа 
қарамастан  пайдаланушылар  санының  артуының  ағымдағы  жағдайы  және 
қызметтер нарығында ірі ойыншының болуы нарықтың аталған сегментінің өз 
бетімен дамитындығын және әкімдік тарапынан араласуды қажет етпейтіндігін 
көрсетеді. 
 
2.1.4.1.2. кесте. Интернет қызметтерінің ену деңгейі 
Атауы/жылдар 
Өлш. бірл. 
2014 
2015 
2016 
Тіркелген интернет  абоненттерінің 
саны 
мың теңге 
745,9 
726,6 
861,7 
100 тұрғынға шаққанда тіркелген  
Интернет  абоненттерінің саны  
бірлік 
48 
43 
49 
Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаментінің деректері 
 
Тіркелген  телефон байланысы 
Қалааралық және халықаралық ұялы байланыс қызметінен түскен кірістер 
2016  жылы  17 503,8  млн.теңгені  құрады.  2014  жылмен  салыстырғанда  4690,3 
млн.теңгеге  дейін  азаюы  байқалады  (2014  жылы  –  23 193,4  млн.теңге). 
Жергілікті телефон байланысы қызметінің кірісі 2016 жылы 7 476,7 млн.теңгені 
құрады.  2014  жылмен  салыстырғанда  1 025,7  млн.теңгеге  азайғаны  байқалды 
(2014  жылы  –  8 502,4  млн.  теңге).  Телефон  байланысының  сегментіндегі 
«Қазақтелеком» АҚ  нарығының үлесі 92%-ды құрайды. 
Кірістер  өсімінің  орта  жылдық  қарқыны  (CAGR)    мен  пайдаланушылар 
саны 
тиісінше 
12% 
және 
4% 
құрады. 
Телефон 
байланысын 
пайдаланушылардың  жалпы  санының  өсуі  қала  халқының  өсу  қарқынымен 
тепе-тең  жүрді,  бірақ  қалаға  жаңа  аумақтардың  қосылуы  нәтижесінде  халық 
арасындағы телефондандыру деңгейі төмендеді.  
2.1.4.1.3.  кесте. Телефон байланысы қызметтерін пайдаланушылардың 
саны 
Атауы/жылдар 
Өлш. бірл. 
2014 
2015 
2016 
Тіркелген телефон желілерінің  
саны 
мың бірлік 
734,6 
706,5 
699,5 
олардың ішінде халық арасында 
мың адам 
463,9 
437,6 
423,0 
Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті, 2016 жыл. 
*
 
2016 жылға арналған алдын-ала деректер. 
 
Жалпы  алғанда  байланыс  және  телекоммуникация  нарығы  ірі 
коммерциялық  компаниялардың  (нарықтың  негізгі  үлесін  иеленуші)  үлкен 
ықпалында және оның әрі қарай дамуы көп жағдайда Алматы қаласы бойынша 
олардың даму стратегиясына байланысты болады. 


жүктеу 2,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау