ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Маслянский Г.Н., Шапиро Р.Н. Каталитический риформинг бензинов. – Л.: Химия, 1985. – 224 с.
Гензель В. Процессы ароматизации, гидроформинга и платформинга // Химия углеводородов нефти / Под ред. Б.Т. Брукса и др. – Л.: Гостоптехиздат, 1958. – С. 162-188.
Смидович Е.В. Технология переработки нефти и газа. – М.: Химия, 1968. – 376 с.
Сулимов А.Д. Каталитический риформинг бензинов. 2 изд. – М.: Химия, 1974. – 152 с.
Сулимов Л. Д. Каталитический риформинг бензинов. Изд. 2-е, перераб. и доп.- М.: Химия, 1973 г. - 152 с.
Зелинский Н. Д., ЖРХО, 43, 1220(1911).
Ипатьев В. И., Довгелевич И., ЖРХО, 43, 1431 (1911).
ӘОЖ 336.767
ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫНЫҢБАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
В.З.Еркебалаева, А.К.Бердиев-магистрант.
Қaзaқстaн инженерлi – педaгoгикaлық хaлықтaр Дoстығы университетi, Шымкент.
Резюме
В экономике развитых стран рынок ценных бумаг занимает важное место, он не только регулирует движение капитала и создаёт условия для его саморегуляции, но и способствует его развитию посредством притока инвестиций.
Summary
In the economy of the developed countries the market of equities occupies an important place, he not only regulates a capital flow and creates terms for his self-regulation but also assists his development by means of inflow of investments.
Кілттік сөздер:нарық, бағалы қағаздар, экономикалық қатынастар, қор биржасы, капитал, қаржыландыру, ақша, инвестиция, брокерлер, дилерлер, ақпараттық құралдар,инфрақұрылым.
Keywords: market, securities, economic relations, stock exchange, capital, financing, money, investments, brokers, dealers, information systems, infrastructure.
Бүгінгі таңда бағалы қағаздар нарығының көптеген сипаттамасы кездеседі. Мысалы, нарық сатып алушы мен сатушының кездесетін орны, сатып алушы мен сатушының өзара әрекетіне немесе қаржы активтерін алмастыруға қызмет ететін механизм, бағалы қағаздарды шығаруға және айналысқа түсіруге байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы және т.с.с. Келтірілген анықтамалардың барлыгы да капитал тартуды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастарды сипаттайды. Бағалы қағаздар нарығының басқа кез-келген нарықтан бір ғана айырмашылығы бар - ол ақша капиталын қалыптастыруға кызмет етеді. Болашақта ол капитал нақты тауар өндіру үшін немесе алғашқы капиталды өсіру үшін жұмсалуы мүмкін. Уақытша бос ақша қаражатын тарту мерзіміне байланысты нарық ақша нарығы және капитал нарығы немесе қаржы нарығы деп бөлінеді. Ақша нарығына, негізінен, халықтан қысқа мерзімге (1 жылға дейін) уақытша бос қаражат тартылса, ал қаржы нарығында бағалы қағаздар (ақша нарығымен салыстырғанда) үзақ уақыт бойы айналыста жүреді.
Тұтастай алғанда, Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы көрсеткіштерінің жақсаруын атап өткен жөн. Мәселен, 2017 жылғы 1 қаңтарда отандық қор нарығын капиталдандыру 22 532,2 млрд. теңге, өткен жылдың осындай күніне көрсеткіш 21 525,3 млрд. теңге болды, яғни соңғы жылы осы көрсеткіштің 4,7%-ға өсуі байқалып отыр.2015 жылдың қорытындысы бойынша қор биржасының ресми тізіміндегі эмитенттердің саны 137 болды, бұл ретте 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қор биржасының ресми тізіміндегі эмитенттердің саны 157 болды, яғни бұл көрсеткіштің 2016 жылы 14,6%-ға өскені байқалады.
Бұл жұмыста бағалы қағаздар нарығының экономикалық табиғаты және қалыптасуының теориялық аспектілері қарастырылған. Атап айтқанда, бағалы қағаздар нарығы дегеніміз — экономикалық өрлеуді көп жағдайда қаржыландыратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі. Әлемдік тәжірибеде нарықтың, оның ішінде бағалы қағаздар нарығының, бірсыпыра белгілеріне, айналысқа түсетін активтер түріне, сондай-ақ олардың сатылу тәсілдеріне қарай көптеген түрлері кездеседі. Төменде әрқайсысының мазмұны қарастырылады. Қазіргі кезде әлемде осы аталған нарықтардың қосындысы іспеттес төрт нарық концепциясы кеңінен мойындалуда. Осылай портфель құру үрдісінде берілген сипаттамамен жаңа инвестициялық сапаға жетуге болады. Бағалы қағаздар портфелі инвесторға минималды тәукелде қажетті табыс тұрақтылығын қамтамасыз ететін құрал болып табылады.
Сонымен, бағалы қағаздар нарығы (қор нарығы) - ол қаржы нарығының құрамдас бір бөлігі. Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауарымен өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар — бағалы қағаздар. Олар, біріншіден, меншік белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқығы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бұдан бұрын айтқанымыздай, бұл тауарды өз құны аз болса да, өте жоғары нарықтық бағамен сатуға болады. Бағалы қағаздардың көрсетілген құны (номиналы) өте төмен болғанымен, мысалы, ол өндіріске жұмсалған нақты капиталдың белгілі бір мөлшерін көрсетеді. Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетілген құннан (номиналынан) жоғары болады (керісінше де болуы мүмкін).
Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы қарастырылған.
Қорыта айтқанда, бағалы қағаздар нарығына қызмет етуші ұйымдардың жиынтығын қор нарығының инфрақұрылымы деп те атайды.
Бағалы қағаздар нарығына қатысушы - заңды тұлғалар мемлекеттік лицензия, ал жеке адамдар мамандығы туралы аттестат алулары шарт. Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығында қызмет етуге Қазақстанда 82 лицензия қызмет етуде. Отандық бағалы қағаздар нарығында Орталық депозитарий, 46 лицензияланған брокерлер және дилерлер, 10 кастодиан-банктер, 2 трансфер-агенттер, 22 инвестициялық қоржынды басқаруды қамтамасыз ететін ұйымдар қатысады. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының жиынтық активтері 2017 жылдың 1 қаңтарына 122,75 млрд теғге, оның ішінде инвестициялық портфельді басқарушылардың активтері –120,026 млрд теңге және брокерлер-дилерлер активтері – 1,79 млрд теңге. Қорыта айтқанда, қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары көбеюде. Тек олардың бір-бірімен байланысты қызметі ғана нарықтың тұрақты қызметін және бағалы қағаздардың өтімділігін қамтамасыз етеді. Атқаратын қызметтеріне қарай бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды келесідей топтастыруға да болады. Олар: эмитенттер; инвесторлар; бағалы қағаздар нарығына қызмет етуші ұйымдар; бақылау және реттеу органдары.
Қор биржалары әлемдегі қор нарығының аса маңызды орталықтарына айналды. Әлемдік экономиканың 60 мемлекетінде 200 биржа бар. Ең ірі қор биржаларының қызмет етуінің мысалы ретінде Нью-Йорк қор биржасы (NYSE), NASDAQ американдық электрондық биржасы, Лондон қор биржасы(LSE), Токио қор биржасы, Торонто қор биржасы(TSX). Шетел қор биржаларының ерекшеліктерін атап кету керек: қор биржаларының толық жетілгендігі, эмитенттер, инвесторлар мен мемлекет арасындағы жоғарғы дәрежелі сенімділік; нарық құралдарының сан түрлерінің молшылығы; заманға сай интернет-технологиялардың дамығандығы, шетел нарықтарының мыңдаған тұтынушыларын, сонымен қатар жеке тұлғалардың қызығушылықтарын арттыруда; заң салықтарының мүлтіксіз қызмет атқаруы, инвестициялық процесті ынталандырады; жоғарғы дәрежелі инфраструктуралық есептің қолайлы жағдайды жасауы жаһанданған қор биржаларына шетел инвесторладың кіруі; халықаралық қор биржаларын құру жолымен ең ірі қор биржаларының консолидациясы.
ҚР қор биржасын дамыту үшін шетел тәжірибесін қолдану өте тиімді және қолайлы болып табылады. Сонымен, қор биржаларында басқа да тиімді құралдарды пайдалану, маркет-мейкер қызметінің маңыздылығы мен тиімділігі қарастырылды, соның негізінде біздің елімізде маркет-мейкер қызметін жетілдіру, ең ірі қор биржаларының жоғарғы технологиямен қамтылуы табыстың өсуіне зор ықпал етуі байланысты интернет-технологиялардың заманға сай қолдану; ақпараттың жеткіліктілігін және толық ашық болуын қамтамасыз ету керек.
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылар және институционалды инвесторлардың ағымдағы жағдайы зерттелді.
2017 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға 83 лицензия қолданыста. Сонымен бірге, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ пен «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ қызметін лицензиясыз жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға 84 лицензия қолданыста. Ал, 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға 92 лицензия қолданыста болған.
Сонымен, бағалы қағаз нарығының жағдайын және оның даму қарқынын келесі көрсеткіштер тобы анықтайды:
1. Бағалы қағаздың шығарылым мен айналыс тәртібін, бағалы қағаз нарығының субъектілер қызметін, бағалы қағаз нарығындағы қатынастарды реттейтін құқықтық инфрақұрылымның болуы;
2. Бағалы қағаздар нарығының құрылған және қызмет ететін техникалық инфрақұрылымның болуы;
3. Өз мүшелерінің қызметін өзін-өзі реттеу ұйымы реттейтін, ал өзін-өзі реттеу ұйымының қызметін мемлекеттік органдар реттейтін кәсіби қатысушылардың қызметін реттеу жүйесінің болуы жатады.
Сонымен, өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеу жүйелерінің болуы нарықтың тиімді дамуына әсер етуші күш ретінде танылады. Өзін-өзі реттеу жүйесі Қазақстанда онша дамымаған. Іс-әрекет ететін өзін-өзі реттеу ұйымы ретінде Қазақстан қор биржасын жатқызуға болады. Алайда, қор биржаның бағыты негізінен ұйымдастырушылық сипат алады. Қазақстанда өзін-өзі реттеу ұйымы бар деп жарияланады. Оларға, Қазакстандық тізім ұстаушылар ассоциациясы және активті басқарушылар ассоциациясын жатқызады. Бірақ, нарыққа әсер ету жағынан қарастырсак, олар негізінен ақпараттық-кеңес берушілік органдар ретінде қызмет атқарады. Сондықтан да, Қазақстанда өзін-өзі реттеу жүйесі толық дамымаған деп тұжырымдауға болады.
Қазақстан инвесторларына брокерлік қызметке арналған лицензиялары жоқ барлық субъектілер үшін FOREX нарығына жіберу үшін реттелмейтін субъектілердің қызметтерін пайдалануға тыйым салу, сондай-ақ осы талаптардың орындалуына мониторинг пен қадағалауды күшейту;
- сауда-саттыққа қатысушыларға бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысулардың аяқталуына кепілдік беру және олардың қайтымсыздығы және мәмілелер бойынша есеп айырысулардың жүзеге асырылмауы үшін жауапкершілік белгілеу;
- бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін және бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығының баға белгілейтін ұйымын құру;
- инвестициялық банкинг құру және басқа мәселелер бойынша іс-шаралар іске асыру процесінде тұр.Сондай-ақ, қазіргі кезде ҚРҰБ-тың қор нарығын дамыту шеңберіндегі күш-жігері оның инфрақұрылымын оңтайландыруға, бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығының айқындылығын арттыруға, брокерлік ұйымдардың функционалын кеңейтуге, сондай-ақ инвестициялаудың ұжымдық нысандарын құру және жұмыс істеу процесін ырықтандыруға шоғырландырылған.
Капиталды жұмылдыруға ықпал ететін шаралар бөлігінде мемлекеттік органдар іс-қимылдарының үйлесімсіздігі тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылданбаған жағдайда ықтимал салдары: Салықтық және кедендік әкімшілік ету, сондай-ақ қаржы ұйымдарын пруденциялық реттеу бөлігінде келісілмеген шаралар қабылдау нәтижесінде елден капиталдың бақылаусыз әкетілу тәуекелін ұлғайту қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауы. 31 қаңтар 2017 жыл.
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461 Заңы (2017.27.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Көшенова Б.А. «Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі». Оқу құралы.- Алматы: 2009
ӘОЖ 574.635(574.5)
СУ КӨЗДЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУДА БИОТЕСТ – НЫСАННЫҢ МАҢЫЗЫ
Асамбаева Л.К.б.ғ.к., аға оқытушы, Сейдіқаппар Ұ., Амитова А., Ережеп З – магистранттар.
Қазақстан инженерлі- педагогикалық халықтар Достығы университеті, Шымкент қ.
Резюме
В статье расмотрены физиология и распрастранение водных растений и влияние на них химического состава воды
Макрофиттік өсімдіктердің су ортасында алатын орны ерекше. Су ортасының химиялық құрамын индикациялау мен тестілеу әдістері, олардың су ортасындағы экологиялық жағдайдың өзгеруінен өсімдіктердің морфологиясынан көрінетін ерекше реакциялық жауаптарына негізделеді.
Сезімтал индикаторлар су ортасына ластаушы заттардың концентрациясы тіпті аз мөлшерде түскен жағдайда негативті өзгерістерге ұшырайды. Көбінесе сезімтал индикаторларға мүктер, топырақтағы және судағы микроағзалар жатады. Су ортасындағы тіршілік иелерінің ішінде ауыр металдар үшін биоиндикатор қызметін атқаратын гидромакрофиттерді жылтыр шылаң (Potamogeton lucens L.), дәнді шылаң (Potamogeton аlpinus L.), орама жапырақты шылаң (Potamogeton perfoliatus L.), жүзгіш салвиния(Salvinia natans L.) құрайды[1].
Гидромакрофиттердің түрлік құрамы және олардың су көздеріндегі таралу аймағы, судың экологиялық жағдайына және генезисіне, соның ішінде судың морфологиялық тереңдігіне, мөлдірлігіне, су асты шөгіндісінің құрамына, су масссының химиялық құрамына, минералдық және қышқылдық қасиеттеріне тікелей байланысты. Гидромакрофиттердің тіршілігі үшін аса қажетті азот және фосфор сияқты заттар суға қажетті мөлшерде түсіп отырса, су ортасындағы өсімдік қауымдастығының көбейіп - дамуына қолайлы орта болады. Морфологиялық құрылысы толық қалыптасқан өсімдіктер сыртқы ортадан түсіп отырған техногенді жүктемелерге төтеп береді және тазартуға қабілетті болады.
Судағы өсімдіктер қауымдастығын және түрлік құрамын анықтап, сараптау барысында су көздерінің экологиялық жағдайына толық сиппатама беруге мүмкіндік бар. Қазіргі кезде гидробиологиялық зерттеулерде көптеген биоиндикациялық әдістемелер пайдаланылады. Олардың бірі Сладечека шкаласы. Аталған шкалаға сәйкес, гидрофлораның өсімдіктердің экологиялық факторлардың көрсеткіштеріне орай қалыптасқан бірнеше топтарын жіктеуге болады:
- төменгі дәрежеде минералданған су көздеріндегі гидрофлораның түрлік құрамы кедей, 10 түрден артық кездеспейді. Бұл түрлерге: фонтиналис жасыл су мүгі (Fontinalis antipyretica Linnt), кәдімгі қамыс (Phragmites australis Train), сары тұңғиық (N. lutea (L.) Smith) жатады. Гидрофиттердің биологиялық массасы аз мөлшерде кездеседі. Су көзінің мұндай типі мұздақтар еритін аймақтарда болады;
- су ортасының қоректік потенциалы жоғарылаған сайын су флорасында b-мезасапробты ағзалардың түрлік құрамы көбейеді. Бұл жағдайда доминантты өсімдік түрлерін: канада элодеясы (E. сanadensis Michx), шөгінді мүйізжапырақ (Ceratophillium demersum L.), хара балдырлар (Characea spp.) және шылаңның (Potamogeton spp.) түрлері құрайды. Мезотрофты табиғи су көздерін мекендейтін гидрофиттердің түрлік құрамы өте бай болып келеді, шамамен 60 түрі кездеседі;
- лимноэкожүйе азықтық заттармен байыған сайын, ондағы гидрофиттердің эволюциясы өзгереді, өсімдік қауымдастығының ішінде b-мезосапробты ағзалардың түрлік құрамы жойылып, орнына а -мезосопробты гидрофиттердің түрлері көбейеді. Көбінесе су бетінде жүзіп жүретін өсімдік түрлері кездеседі. Нәтижесінде гидрофиттердің түрлік құрамы 20-30-ға дейін азаяды. Қазіргі кездегі су көздерінің басым бөлігі осы типке тән деуге болады;
- су өсімдіктері қауымдастығының түрлік құрамының өзгерісі, су құрамындағы заттар тұнба ретінде қалыптасқан кезде тоқтайды. Бұл кезде судағы гидрофиттер толық жойылады [2].
Көптеген ғалымдардың жылдар бойы жасаған зерттеулерінің нәтижесі мынадай тұжырым жасауға негіз болады: су ортасын техногендік жүктемелерден басқа, гидромакрофиттік өсімдіктердің шамадан тыс көбеюі де лстайды. Су көздерінің сапалық көрсеткіші жақсы болу үшін, судың 1м2 аймағында өсімдіктің мөлшері- 1,3 - 1,5 кг болу керек. Осындай жағдайда суда зат алмасу үрдісі қалыпты жағдайда жүреді.
Суда өсімдіктер қауымдастығының кездесу мөлшері шектен тыс болған жағдайда, судың екінші кезектегі ластануына әкеп соғады. Бұл жағдай көбінесе жасанды, шағын балық шаруашылығы және өндіріске пайдаланатын су көздерінде болады. Су астындағы шіріген өсімдіктер үшін еріген оттегінің көбі жұмсалып, балықтардың жойылуына себепші болады.
Гидромакрофиттер биогенді әлементтерді, минералды және органикалық заттарды, ауыр металл иондарын бойына сіңіру арқылы минерализатор және детоксикант қызметін, сонымен қатар пестицидтер мен мұнайөнімдерін сүзу арқылы биосүзгіш қызметін атқарады. Гидромакрофиттердің бұл қасиеті әмбебап биосүзгіш қызметімен қатар, фитопланктонның шеттен тыс көбеюіне тосқауыл болады. Осы жағдайлардың барлығы да гидромакрофиттердің техногендік факторлерге төзімділік қасиеттеріне тікелей байланысты [3].
Гидромакрофиттердің сүзгіштік қызметін ұтымды пайдалану - су көздеріне түсетін техногенді ластағыш заттарды азайтудың бірден-бір тиімді жолы. Соңғы кезде көптеген ғылыми тұжырымдар, су көздерін тазартуда өсімдіктер қауымдастығын пайдалану тиімді екенін көрсетіп отыр. Кәдімгі қамыс (Ph. australis Train), қара өлеңшөп (Scircus Lacustris L.) сияқты су өсімдіктері, қазіргі кезде көптеген елдерде малшаруашылығынан шыққан суларды және биоинженерлік құрылысында арнайы мелиоративті жүйеде пайдаланады [4].
Гидроэкожүйеде макрофиттер өзара тығыз байланысты тіршілік ортасын түзуші және тіршілік ортасын қорғайтын қызметтер атқарады. Мұндай қызметтер ретінде биосүзгіш, тотықтырғыш, минералдау, детоксикациялау, биоцидтеу, аккумуляциялық және су көздеріндегі су сапасын қалыптастыру мен анықтаудағы қызметін атауға болады. Макрофиттік өсімдіктер су ортасының гидрофизикалық және гидрохимиялық өзгерістерге морфологиялық құрылысының өзгерісі арқылы жауап береді. Өсімдіктер судағы ластағыш заттарды вегетативті мүшелері арқылы сіңіреді. Гидрофиттердің химиялық элеметтердің әртүрлі концентрациясын, сіңіру қабілеті әртүрлі болады. Бұл ерекшеліктер жыл мезгілдеріне, өсімдіктердің даму фазаларына, вегетациялық кезеңінің жалғасуына байланысты. Су бетінде жүзіп жүретін балықот (Lemna spp.) түрлері, көптамырлар (Spirodela Schleid.) және сукөріктер (Hudrocharis L.) сияқты өсімдіктер өзіне қажетті минералды заттарды тек судан сіңіреді. Сондықтан, олардың сіңіру қабілеті элементтің концентрациялық мөлшері мен су ортасының рН көрсеткішіне байланысты. Су өсімдіктерінің элементтерді барлық вегетациялық кезеңінде өзіне көп сіңіру қасиеті, су көзінің антропогенді және химиялық жүктемеледің әсерінен ластануын анықтайтын нағыз тест-нысана бола алатынын көрсетеді.
Су жағалай топыраққа бекініп өсетін гидрофиттік өсімдіктер өзіне қажетті элементті су ортасынан және су шөгіндісінен алады. Тамыр жүйесінің жақсы дамуына байланысты және қажетті заттардың жапыраққа тасымалдануы белсенді болғандықтан, бұл өсімдіктер арқылы антропогенді химиялық жүктеменің әсерін тек сол мезгілде ғана емес, жапырақтарының және тамырсабағы мен тамырының химиялық құрамы бойынша. барлық жыл мезгілдерінде көруге болады. Су түбіне бекінетін және бекінбейтін, толығымен батып тұратын немесе жүзіп жүретін гидрофиттік өсімдіктердің химиялық заттарды вегетативті даму кезеңіне байланысты. ұлпаларына сіңіру қабілеті әртүрлі болады. Тамыр жүйесі жақсы дамыған өсімдіктер, қажетті заттарды тамыр жүйесі арқылы өзіне суға қарағанда су шөгіндісінен көп сіңіреді. Ал, су шөгіндісіне бекінбейтін, байланысы жоқ өсімдіктер өздеріне қажетті химиялық элементтерді жапырақ ұлпалары арқылы сіңіреді [5].
Макрофиттік өсімдіктерді қоршаған ортаның экологиялық жағдайын тестілеуде пайдалану кеңінен өріс алып келеді. Ресей ғалымдары, техногенді аймақтағы тіршілік ортасының өзгеру динамикасын ақ қайың өсімдігінің жапырақтарында орын алатын асимметриялық флуктуациялар арқылы анықтау әдісін ойлап тапқан. Қалыпты және техногенді жүктемесі жоғары жағдайда өсетін ақ қайыңдардың жапырақтарындағы морфологиялық құрылысында жүйкелену, жүйке аралығындағы кеңістіктің, жапырақ тақташаларының көлемінің өзгерістерге ұшырайтыны тесттік белгі болып танылған. Қоршаған ортада ластаушы заттардың мөлшері артқан сайын, аталған морфометрикалық көрсеткіштер қалыпты жағдайдан жоғары көрсеткіште ауытқитыны анықталған. Бұл, ақ қайың өсімдігінің қоршаған ортаның оптималды параметрлерінің тұрақтылығын тестілейтін фито-тест нысаны екенін көрсетеді [6].
Топырақтың мұнай өнімдерімен ластану дәрежесін тестілейтін өсімдік ретінде кәдімгі үрмебұршақ кеңінен пайдаланылады. А.А.Лукашевтың зерттеулерінде, топырақтағы мұнай концентрациясын үрмебұршақ өсімдігінің жемісінің ұзындығы арқылы анықтауға болатындығы көрсетілген:1% ластанған топырақта 7-8 см; 2% - 3,5 см; 4% - 2 см және өсімдіктердің 30% тіршілігін жояды.
Көптеген макрофиттік өсімдіктер су ортасының ластану дәрежесін анықтайтын фито-тест нысандар ретінде пайдаланылуда. Ресей және шет ел ғалымдарының зерттеулерінде су құрамындағы ауыр металл иондарының жоғары дәрежесін кіші балықоты (Lemna minor L.) арқылы тестілеуге болатыны анықталған. Топырақ ерітіндісінен алынған сұйықтықта кіші балықотты(L. minor L.) өсіру кезінде, токсиканттардың әсерінен өсімдіктердің жапырақшаларындағы жасушалардың құрылысының бұзылуы мен жапырақтардың бірте-бірте жойылуы тесттік белгі болып табылған. Осыған ұқсас нәтижелер, кіші балықотының (L. minor L.) барлық морфометрикалық көрсеткіштерінде байқалатын өзгерістер арқылы дәлелденген. Бұл кезде, су ортасын ластаушы заттардың кешенді әсерінен өсімдіктің тамырлары қысқараған және жапырақтарының түсі мен сандық мөлшері өзгерген [7].
Қоршаған ортаның зиянды әсеріне сезімтал тірі ағзалардың іс-әрекеттерін молекулалық, жасушалық, ағзалық және ценотикалық деңгейлерде зерттеу, белгілі аймақтағы экологиялық жағдайды бақылауға мүмкіншілік беретін әмбебап шкала түзуге негіз болып отыр. Ресейлік ғалымдардың көпжылдық және жан-жақты бағыттарда атқарған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, Ресейдің Солтүстік - Батыс аймағындағы су көздерінің экологиялық жағдайын анықтауда пайдалануға жарамды төзімділік шкаласы түзілген. Бұл шкала кез келген аймақтағы су ортасының экологиялық жағдайына, сол жерде кездесетін тірі ағзалардың түрлік құрамы мен морфометрикалық көрсеткіштері арқылы, баға бере алады. Шкалада пайдаланылатын ағзалар үшін, тікелей әсер ететін әртүрлі факторлардың минималді және максималды шектері және олар үшін оптималды ортаның көрсеткіштері анықталған. Бұл нәтижелердің практикалық мәселелерді шешумен қатар, табиғатты тиімді пайдаланудың ғылыми негізін құруға жарамды теориялық маңызы зор.
Аталаған ғылыми жетістіктер су ресурстарын тиімді пайдалану мен экологиялық жағдайын бағалауда аса қажет. Қазіргі кездегі су ортасының сапасы мен экологиялық жағдайын анықтайтын химиялық әдістер мен тәсілдер, ғылыми тұрғыдан ақпараттық маңызы аз және экологиялық жағдайдың өзгеру динамикасын толық сипаттай алмайтын іс-шаралар болып табылады. Экожүйенің өзгеруі мен бағытын, тек сол жүйені құрайтын тірі тест-нысандар айқын және деркезінде анықтай алады. Сонымен қатар, техногендік факторлардың әсеріне сезімтал немесе төзімді су өсімдіктері, арнайы биологиялық тоғандарда су ортасын ластаушы заттардан тиімді және арзан нарықта тазартатын бірден-бір құрал болып табылады
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Брагинский Л.П. Методологические аспекты токсикологического биотестирования на Daphnia magna Str. и других ветвистоусых ракообразных (критический обзор) // Гидробиол. журн. - 2000. - Т. 36, N 5. - С. 50-70
|
Семенченко В.П. Принципы и системы биоиндикации текучих вод. – Минск: "Орех", 2004. – 125с
|
Биоиндикация загрязнений наземных экосистем/ Под ред. Р. Шуберта.- М.: Мир, 1988.- 350 с.
|
Принципы выбора тест-объекта и тест-показателя при биоиндикации и биотестировании сточных и природных вод. Зарубин С. Л. и др. Биологические исследования в Ярославском Гос. Университете.- Ярославль, 1997.- С. 62-65.
|
Леонтьева О. А. и др. Земноводные как биоиндикаторы загрязнения окружающей среды. //Международная Конференция «ЭКВАТЭК-96».- М., 1996.- С. 64.
|
Дикиева Д.М.,Петрова И.А. Химический состав макрофитов и
факторы, определяющие концентрацию минеральных веществ в высших водных растениях.— Гидробиологические процессы в водоемах/Под ред. И.М. Распопова.— Л.: «Наука», 1983.
|
Sinha Sarita. Accumulation of Cu, Cd, Cr, Mn and Pb from artificially contaminated soil by Bacora monnieri.// Environ. Monit. And Assess.–1999. v. 57. № 3. p. 253-264
|
ИЗУЧЕНИЕ АКТИВНОСИ ПОЧВЕННЫХФЕРМЕНТОВ ПОД ВОЗДЕЙСТВИЕМ УДОБРЕНИЙ, МОДИФИЦИРОВАННЫХ АГРОРУДАМИ
Ж.У. Махмудов., Р.А. Ташкараев,Орманова А.Б., У.А. Абидуллаева– магистрант.
РЕЗЮМЕ
Изучить влаяния азотных и фосфорных удобрении модифицированный агрорудами на почвенное, а также биологическую активность на хлопчатник.
SUMMARY
Studying of influence nitric and phosphoric fertilizer modified by agricultural ores on activity of soil enzymes of a cycle of nitrogen and phosphorus, and also influence of these fertilizer on a cotton and soil fertility.
На долю минерального азота почвы приходится не более 1-3% от общегоколичества. Наряду с поступлением в почву окисленного или связанного виде аммиака азота с осадками, удобрениями и фиксированного микробами почве идет минерализация органических азотсодержащих соединений при пределенных условиях. Только с помощью микроорганизмов, в том числе родуцирующих уреазу, происходит переход азота из органических соединений минеральный азот. Оптимизация гумусного и азотного состояния почвы и обеспечение сельскохозяйственных культур азотом, по существу, неразывно связаны между собой и представляют обязательное условие интенсивного земледелия.
В проводимом нами эксперименте активность уреазы в исходной почве в описываемом эксперименте активность уреазы - гидролазы, участвующей в друговороте азота, в исходной почве была умеренно высокой - 2.64 мг N-NH4 5 г -1 почвы (рис.1). Применение удобрений к фазе 2-4 настоящих листьев спасобствовало значительному снижению активности уреазы (в 2.5 раза), а в варианте с АМАР даже в 3.3 раза.
Важно, что динамика уреазной активности под воздействием как стандартного удобрения, так и бентонитсодержащих удобрений была близка направленности (по синусоиде с минимумом в фазе 2-4 листьев) и величине.
Рисунок 1 - Влияние азотных и фосфорных удобрений, модифицированных бентонитом, на уреазную активность почвы.
Исключение - контрольный вариант с аммиачной селитрой и аммофосом, в котором уреазная активность резко усиливалась в фазе цветения (до 5 мг N-NH4 -5 г-1 почвы), что предполагает накопление аммонийных соединений азота. неиспользованных растением и микроорганизмами, и, соответственно, возможных потерях NH4 при снижении коэффициента использования удобрений.
Фосфатазы относятся к группе ферментов, катализирующих гидролиз ортофосфорных эфиров различных спиртов и фенолов, фосфорорганических, составляющих от 20% до 80% всех запасов фосфора почвы. Средством воздействия фосфатаз приисходит биохимическая мобилизация органического фосфора, он переводится в доступное для растений состояние. Обнаружена тесная зависимость между количеством микроорганизмов, образующих фосфатазу, и содержанием подвижного фосфора в почве. При недостатке в средедоступного фосфора микроорганизмы и растения резкоусиливают выделениеферментов. На такой взаимосвязи и основано применение величины фосфатазной активности почвы как диагностического показателя обеспеченности растений доступным фосфором.
В проводимых нами исследованиях влияния немодифицированных имодифицированных бентонитом аммиачной селитры и аммофоса, была установлена весьма низкая активность почвенной фосфатазы - 0,304 мг Р205 в 1г почвы, причем в течение всей вегетации варьировала в довольно узких пределах (0.272-0.314 мг- гпочвы за 24 часа)
Интересночто в начальные фазы развития растений активность этого фермента под воздействием АСАР+АМАР и АМАР в контрольном варианте было достоверно ниже (на 2.1-11.0%), чем в контрольном, тогда как после фазы цветения уровень фосфатазы увеличился, выравниваясь и приближаясь значениям контроля к периоду созревания. Ингибирующее действие аммофоса, внесенного на фоне бентоаммиачной селитры, проявлялось в течение всего периода вегетации, тогда как бентоаммофоса, внесенного на фоне AC- лишь в ранние фазы развития хлопчатника.
Динамика активности фосфатазы по тренду совпадала в вариантах с немодифицированными удобрениями (в контроле), а также с АСАР и АСАР+АМАР, тогда как в варианте с бентоаммофосом динамика активности фермента значительно изменялась как по тренду, так и амплитуде (в 1.5-11.0 росфатазы раз) на протяжении периода вегетации. По сумме показателей актививность была самой низкой именно этом варианте - с АМАР, внесеннымна фоне немодифицированной AC.
Рисунок 2 - Влияние азотных и фосфорных удобрений, модифицированных бентонитом, на фосфатазную активность почвы.
Достарыңызбен бөлісу: |