Вестникказахстанского инженерно-педагогического университета дружбы народов серии «инженерно-техническая» И«гуманитарно-педагогическая»



жүктеу 9,3 Mb.
бет2/11
Дата08.11.2018
өлшемі9,3 Mb.
#18651
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ӘДЕБИЕТТЕРТІЗІМІ:

  1. Бейсенова А.С., Шілдебаев Ж.Б. Экология. –А; Ғылым , 2001, 58-67 б.

  2. Ишмұхамедова Н.Б. Экология негіздері бойынша білімді қалыптастыру мендамытудыңәдістемесі.–А;Ғылым,2006,-87б.

  3. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу қуралы. –А; «Ғылым»,2007,169б.

  4. Мамбетказиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғатты қорғау. Оқу құралы. –А; «Кайнар»,2000,285б.

  5. Сағымбаев Г. Экология негіздері. –А; «Республикалық баспа кабинеті», 2005,136б.


Білім мен тәрбие беру арқылы оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру.
Буранбекова Г. – магистрант.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы


Резюме

В этой статье даны меры воспитание в патриотическом духе через чтение художественных произведении для учеников начальных классов.

Кілттік сөздер: Қоғам, тәрбие, Елбасы, Қазақстан, тұлға, құндылық.

Ата–бабамыздың ұрпағына мұра еткен бар асылының қаншама ғасырлар бойы көшпейтіндей етіп,артына із қалдыруы көрегенділіктің көрнісі. Адамзат баласының өз тіршілігінде көрген–білгенін, тоқып–түйгенін, қорытып келешек ұрпағына мирас етіп қалдырғаны-табиғи заңдылық. Адам бойында қалыптасқан имандылық қасиеттерді рухани құндылықтарға жатқызуымызға болады. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы-Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму жолын айқындайтын, стратегия, Президентіміз Тәуелсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір Қазақстандықтың, әр отбасының, жастардың және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды.

«Мәңгілік Ел-жалпы Қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы болатын. Ендігі ұрпақ-Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің ұлттық идеясы-Мәңгілік Ел!» деп елбасымыз нақты атап өтті. Әлеуметтік маңызы зор құндылықтың мән-мағынасын ұғындыру,баланың санасына, сезіміне, түйсігіне, мінез-құлқына әсер ететіндей дәрежеде жеткізу ұстаздық шеберлікті талап етеді.

Қазіргі қоғамда бізге жетіспей жатқаны өзіміздің қазақи өмір сүруімізбен шығыстық дүние танымдағы ұлтттық мектебімізді құру. Қазақылық дүние танымның өзегі-адамшылдық. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің ұлағатты сөздерінен, іс-қимылынан танылып, сезім арқылы жүректен-жүрекке беріліп отырған. Егеменді ел жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің маңызы зор.

Қазақстан Республикасының баянды тәуелсіз ел болуы үшін ұлттық құндылықтар, тәрбие арқылы халық педагогикасынан нәр алып адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген, таза елжанды азаматтар қажет. Қазақ елі үшін бар білімі мен қабілетін сарып ететін, елін, туып өскен жерін, тілін, халқының салт-дәстүрін,тарихын, дінін, мәдениетін құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу.Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу дегеніміз-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгілік қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру. Бүгінгі таңда жаhандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық құндылық, ұлттық рухымызды сақтап қалу - алдымызда тұрған үлкен міндет. Ұлттық тәрбие дегеніміз - сана сезім мен сенім қалыптастыру. Бүгінгі ұрпағымызды бірнеше ғасырлардан жинақталған ата-бабамыздың мол мұрасымен, ұлттық құндылықтарымен сусындату-біздің басты парызымыз.

Қазіргі қоғамда құндылықтардың алар орны ерекше. Қазақ педагогикасында құндылықтың түрі мен маңызына, сыры мен сипатына алғаш философиялық мән беріп, оныц жан-жақты талдай білген Абайдан асқан зор тұлғаны атау мүмкін емес. Абай - қазақ халқы үшін парасат биіктігінің ақыл-ой толықтығының, адамгершілік пен рухани байлықтың өлшемі. Абайдың қара сөздерінің жас ұрпақ үшін маңызы зор.

Қазіргі таңда ұлттық рухтың оянуы ұлттық тарих, мәдениет,салт-дәстүр жаңа көзқараспен қалыптастырды. Ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Өз ұрпағын адал еңбекке, өнер-білімге тәрбиелеп, өмірге бейімдеп, жанұяның, Отан намысын қорғауға тәрбиелеуі үлкен ұлағаттылықты байқатады. Әр халықтың тәлім-тәрбиесі ұлттық құндылықтың маңызды белгісі. Құндылық-тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар. Оқушының ұлттық қасиеттері: меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық,инабаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайлылық, мәдениеттілік, шығармашылық, рухани-байлық, махаббат т.б сияқты қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Құндылықтар-шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанмен ол адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, сол арқылы тұлға құндылығы қалыптасады. Тұлғаның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткеншек және жасөспірім шақта жедел жүреді.Тұлға дегеніміз-сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойына жинақталған көрнісі. Тұлға-бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Тұлғаның қалыптасуы өмірге келген сәтінен бастау алып, жасөспірім, және жеткіншек шақта жедел қалыптасады. Рухани тұлға көрсеткіштері: ойы озық, еркін, кісілігі, намысы биік, өрелі, білімді, рухани бай, кемелденген, саналы, іскерлік. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой,ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Әрбір тіршілік иесі – адам.Әр адам өзінің жеке қасиеттеріне қарай өзінше жеке тұлға. Адам жеке тұлға болып қалыптасып өсуі және дамуы үшін тек қана адамдар арасында өмір сүруі қажет. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы ұлттық дәстүрлерімізді меңгеруі мен құрметтеуінен туындайды. Жеке тұлғаның құндылық түсініктеріне әсер ете оқыту, оның ең алдымен, әдептілігіне баса назар аударуды қажет етеді. Өйткені ол-халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрнісі, барлық кісілік қасиеттерінің жиынтығы.[1]

Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында «әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздік білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу» деп атап көрсетілген.

Білім берудің негізгі басты мақсаты мен нәтижелілігі - білім алумен бірге, біліктілік дағдыларына қол жеткізе отырып, заман талабына сай ұлттық құндылықтарды бойына дарытқан, өз Отанының партиоты, жан-жақты дамыған білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға беретін, функционалдық сауаттылығы қалыптасқан жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

«Ұлттық құндылық қасиеттер рәміздеріміз, ұлттық сана-сезіміміз, ойымыз, дәстүрлік іс-әрекетіміз заман ағымына қарай қолданыста өзгеріс табады» деген пікірді әрбір ой толғаушы ғалымдардың еңбектерінен байқауға болады. Ұлттық руханилық ұлттық құндылықтың мәні деп түсінеміз. Әр ұлттың ұлттық қасиеттері ұлттық тәрбиеге байланысты дамып қалыптасқан. Әрбір тұлға саналы түрде өзін басқалармен салыстыра келіп өзіндік ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырады.

Мектептегі бастауыш сынып оқушыларына білім мен тәрбие жұмысын ұлттық ерекшеліктерге негіздеп, мазмұнына халықтық ұғымдар енгізу, уақыт күтірмейтін мәселе. Мұны өмір талабы, заман ағымы қажетсінуде. Ұлттық ерекшеліктер ұғымын жалаң тұрғыда емес, әр пәннің мазмұнына үйлесімділікпен енгізе білуіміз керек. Ұрпақ ата-бабадан жеткен асыл мұраларымызды саналы қабылдап, бойына дарыту үшін, ең алдымен, халықтық өзіндік болмыс ерекшеліктерінен, өмір тіршілігінен мол мағлұмат болуы қажет. Сонымен бірге жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің ең басты жолы-ұлттық қадір-қасиетті дәріптеп, ана тілімізді сақтап, мәдениетімізді дамыту болып табылады. Тәрбие – мәңгілік және адамзаттық. Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған, озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақ бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым – қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру. Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ұлттық қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.Тәрбие мазмұны, оны жүзеге асыратын әдіс – тәсілдердің негізі - адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық. Бұл ерекшеліктер ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мирасқа қалып отырады. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ – дені сау, білімді, өнерлі, ақылды, еңбекқор, иманжүзді, сұлу да сымбатты, ұлтжанды болып қалыптасады. Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу дегеніміз – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым – қатынасын, дүниетанымын, өнерге деген көзқарасын және мінез – құлқын қалыптастыру.

Ұлтжанды, адами құндылықтарды бойына жинаған, қиыншылықтардан жол табатын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, ары таза, иманжүзді, біреудің қолдауынсыз өз еңбегімен білім алған, елі мен жерін сүйетінін атқарған ісімен дәлелдеген жастарды көргіміз келеді. Ұлттық тәрбие - әрбір халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, ұлттық дәстүрімен тығыз байланыста туып, қалыптасқан тарихи қазынасы, мәдени мұрасы. Ол болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін өмір кітабы. Егеменді еліміздің болашағын қалыптастыру, ғасырдан – ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрді, асқақтаған айбынды Отанды сүюге, ата – анаға құрмет, үлкенге ілтипатты, кішіге парасатты, салауатты дені сау ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің талабы.Ұлттық тәрбиеге тікелей ықпал жасайтын білім ордасы, мектеп. Мектеп – білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Мектеп – тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Бүгінгі жас ұрпақ мектептен білім мен тәрбиені қатар алып шығуы керек. Сонау замандардан жинақталған ата-бабамыздың мол мұрасымен, яғни ұлттық құндылықтарымен сусындату – ұстаздардың басты парызы. Демек, ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тәрбиелеу арқылы мұғалімдер ұлттық құндылықтарды қалыптастырмақ. Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгінігі де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Жас ұрпақты тәрбиелеуде құндылықтардың бірнеше саласын қарастыруымызға болады. Олар: білім беру құндылықтары, адамзаттық құндылықтар, ұлттық құндылық, рухани құндылық, адамгершілік құндылық, мәдени құндылық болып жіктеледі. Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар екендігі айдан анық. Ұстаз алдындағы негізгі мақсат- ұлттық болмыс ұғымдары арқылы оқушы дүниетанымын кеңейту, өз беттерімен пайымдау жасауға, терең ойландыруға ұмтылдыру. Қазақи ұлттық құндылықтар жойылып кетпейді, ол биология заңдылықтары сияқты жаңарып отырады.Ұлттық құндылыққа: Адамгершілік, Мінез-құлық, Салауатты өмір салты жатады.

Адамгершілік-тұлғаның адамгершілік сана-сезімін, іс-әрекетін қалыптастыратын, құндылық бағдарын айқындайтын құрал.адамгершілік қасиеттің ең жоғарғы түрі – ұлт, ар-ожданды сақтау, отанды сүю.Адамгершіліктің ең жоғарғы түрі – бауырмалдылық, бүкіл адам баласын бауыр, дос тұту, көпшіл болу, ата-ананы қадірлеу, ұлтжандылық қасиеттерді қастерлеу.Тәннің кемелділігі-денсаулық.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазастан жолы-2050: бір мақсат, бір мүде, бір болашақ» 2014ж 17 қаңтар.

  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Алматы - 2008.

  3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырыдамасы.

  4. «Қазақстан мектебі» журналы. №11-2010ж; №10-2009ж.

  5. «Оқушы тәрбиесі» журналы. №12-2012ж

  6. «Мектептегі психология» №3-2011ж.

Қазақ этнопедагогикасы негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру
Буранбекова Г. - магистрант

Қазастан инженерлік педагогикалық Халықтар достығы университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы


Резюме

В статье рассматриваются пути повышения познавательной активности учащихся на основе казахских национальных традиций и обычаев.

Қай ұлт болса да оның ұлттық үрдісі, өзіндік әуені, білікті қасиеті, ұлттық болуы арқылы болашақ  ұрпағының  төл келбетін қалыптастырады. Қазіргі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиені, адамгершілік асыл қасиеттерді қалыптастыру маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Әр ұлт өз ұрпағына ұлттық тәлім – тәрбие беру арқылы ғана ұлттық болмысын, бейнесін сақтап, дамыта алатыны белгілі.

Дегенмен қазақстандық педагогикалық әдебиеттерде дәстүрлер жүйесіне ғылыми тұрғыда терең талдау, оларды тәрбиенің қуатты құралына айналдыру жеткіліксіз болып отыр. Сондай-ақ ғылыми - педагогикалық еңбектерді оқып-үйрену, мұғалімдердің іс–тәжірибесімен танысу және талдау бастауыш мектепте оқыту процесінде ұлттық тәрбие құралдарын пайдалану көкейкесті мәселе екендігін дәлелдеп, ұлттық тәрбие құралдарының тәрбиелік мүмкіндіктері мен олардың бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінде толығымен пайдаланылмауы арасындағы қайшылық бар екендігін көрсетіп отыр. Бұл қайшылықтың шешімін табу бізге дипломдық зерттеу жұмысының тақырыбын «Қазақ этнопедагогикасы негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру» деп таңдауға себепші болды.

Ұлттық тәрбие беру мәселесі әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің еңбектерінде көрініс табады. Ұлтымыздың ұлы тұлғалары түркі халықтарының тәрбиелік ерекшеліктеріне үлкен мән бере отырып, ұлттық тәрбие берудің әдіснамалық негізін жасады. Халқымыздың кемеңгер ағартушылары Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, Ш.Құдайбердиевтің, М.Жұмабаевтың, А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Дулатовтың, т.б. педагогикалық мұрасында тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы ұлттық тәрбиенің маңыздылығы мен мазмұны ашып көрсетілді.

Ұлттық тәрбиенің басты құралы халық ауыз әдебиеті және дала даналарының тәлімдік өнегелері - қазақ этнопедагогикасының теориялық алғышарттарының  негізі болып табылады. Бала тәрбиесін заттың атын атап, сан үйретуден бастаған қазақтың ұлттық тәліміндегі ерекшеліктер сол ұлттың тұрмыс-тіршілігіне, тарихи және табиғи жағдайларына байланысты. Балаға сан үйретуді, тіл ширатуды, мақал-мәтел үйретуді, тақпақ жаттауды игі әдетке, одан әдепке, әдептен дәстүрге айналдырған. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негізі - ұлттық әдебиет және тәлімдік өнегелер. Қазақ халқының тілі, ділі, болмысы оның этнопедагогикалық негіздері болып табылады.

Халық ауызекі шығармашылығы халық күші мен даналығын, оның адамгершілік мұраттарын, халық педагогикасының терең сипатын жеткізетін педагогикалық кұрал болып табылатыны туралы ертедегі белгілі педагогтардың тағылымдық мұралары, салиқалы көзқарастары, білім беру саласындағы іс-тәжірибелері дәлелдеп өткен.



Салт-дәстүр, әдет-ғұрып

Тәрбиеленушілерді халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын құрметтеуге, бағалауға тәрбиелеу



Шешендік сөздер

Шешендік сөздер, аңыз әңгімелер, ертегілердің қойылымдарын жасап, оларды сахналаудың жеке тұлғаның қалыптасуына әсері мен ықпалы, тәрбиелік мәні ерекше. Шешендік, көркем сөздер мен мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақтар баланы мәнерлі, көркем сөйлеуге, шешендікке үйретеді, адамгершілікке, сұлулыққа, тапқырлыққа, еңбек сүйіспеншілікке тәрбиелейді



Ата-баба дәстүрі – ұрпақтарға өнеге

Бастауыш сынып оқуышысы тұлғасын қалыптастыруда, оны жан-жақты дамытып тәрбиелеуде үлгі-өнеге болатын ұлы ғұламалар мен хандар, билер, батырлар, классик ақын-жазушылар, ағартушылар, өнер адамдары өмірімен олардың жасаған туындыларын таныстырып, ерлік істерін үлгі ету, мақтаныш сезімдерін ояту


Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер

Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық сәндік-қолданбалы өнер түрлері: зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер, киіз үй жабдықтары мен оның жасау-жиһаздары мен оларды өрнектеген ою-өрнек түрлерін таныстыру. Халықтың шеберлігін, ұлттық ою-өрнектерінің әсемдігін көре білуге тәрбиелеу.



Ұлттық тағам

Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тағам түрлері мен оның жасалу жолдарын таныстыру, ұлттық тағам түрлері, еттен, ұннан, сүттен жасалатыны туралы түсінік беру



Табиғат тынысы

Туған жердің байлығы орман, тоғай, қорықтар мен жануарлар, құстар, өсімдіктерін таныстыру, оларға қамқор бола білуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу



Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындарды үйрету барысында баланың тілін дамыту, бір-біріне деген достық, ынтымақ, ұйымшылдық, толеранттылық, ізеттілік сияқты, қасиеттерді дамыту және батылдыққа, ұқыптылыққа, зеректілікке, төзімділікке тәрбиелеу



Имандылық-иірімдері

Туыстық қарым-қатынастар, туыстық атаулар мен жеті ата туралы түсінік беру. Айналадағы қоршаған адамдардың іс-әрекетін бағалап, жылы шырай білдіру, сыпайы сөйлеу, әдептілік сақтау, достық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, бауырмалдыққа баулу, жағымсыз жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу

Жалпы білім беретін орта мектептерде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің жай-күйін талдау зерттеліп отырған мәселенің көкейкестілігін айқындап берді. Ұлттық тәрбиенің теориялық зерттелу деңгейіне жасалынған талдау да қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарымыздан ажырап қалмас үшін мектептің алғашқы сатысы - бастауыш сыныптан бастап қазақ халқының ұлттық дүниетанымын, сана-сезімін, мінез-құлқын оқушылардың бойына сіңіру .

Қазақ халқының ұлы ойшылдарының, көрнекті ағартушылары мен қоғам қайраткерлерінің құнды ой-пікірлерін зерделеу және тақырыпқа сәйкес ғылыми еңбектерді оқып-үйрену ұлттық тәрбиенің мәнін айқындап, оның негізі халықтық педагогика екендігін анықтауға мүмкіндік берді. Адамның әрбір даму кезеңінің өзіндік ерекшелігі болады, сол сияқты бастауыш мектеп жасындағы балалардың да өзіндік даму ерекшеліктері бар. Бастауыш мектеп оқушысының ұлттық тұлғасын қалыптастыру мен дамыту үшін ең алдымен оның жас және дербес ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық негіздерін есепке ала отырып, ұлттық тәрбие беруді ұлттық психологияның негізгі ұстанымдарына сәйкес жүзеге асыру қажеттілігі анықталды.  Бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бастауыш мектепте оқу-тәрбие процесін сабақтар мен тәрбие жұмыстарының мазмұнын жетілдіру қажеттігін дәлелдейді. 


Тәжірибелік-экспериментальдық жұмыс нәтижелері халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру жүйесінің тиімді екенін көрсетті.  Диагностикалық нәтижелер негізінде оқушылар мынадай тұрақты тұлғалық ұлттық сапаларды көрсетті: ұлттық білімге құштарлық, ұлтжандылық, ұлттық дүниетаным; ұлттық мәдениет; ұлттық сана-сезім; ұлттық дәстүрлерге сыйлы қатынас, ұлттық мінез-құлық мәдениеті. Мұның өзі бастауыш сынып оқушыларымен педагогикалық іс-әрекет барысында ұлттық тәрбие процесінің тиімді ұйымдастырылғанын нанымды түрде айғақтады.
ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ:

  1. Ұлттық  тәрбие  журналы  №1  2011ж

  2. Білімдегі   жаңалықтар  ақпаратты – әдістемелік  журналы №2

  3. Білімдегі   жаңалықтар  ақпаратты – әдістемелік  журналы №5

  4. ҚР – ның  білім  туралы  заңы, Астана 2008ж

  5. ҚР – ның  гуманитарлық  білім  беру  тұжырымдамасы – Алматы, Қазақстан, 1994ж



ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.
Буранбекова Г. - Магистрант

Қазастан инженерлік педагогикалық Халықтар достығы университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы


Резюме

В статье рассматриваются педагогические условия элементов народной педагогики в учебно-воспитательном процессе.

Кілттік сөздер: ұлттық құндылықтар, тәрбие, ұлт, Елбасы, дәстүр.

Қазіргі  жаһандану  дәуірі  өршіп   тұрған  қоғамда  өркениетті  қоғам  көшіне  ілесе  алатын  ұлтжанды  ұрпақты  тәрбиелеу–бүгінгі  күннің  басты  талабы.«Ұлттық  тәрбие–өркениетті  қоғам  құру  жағдайында  адам  ресурстарын  қалыптастыру кепілі». Біздің  ұлттық  тәрбие мәселесін  көтерудегі  мақсатымыз  еліміздегі  білім  беруді  дамытудың  2011–2020  жылдарға  арналған  Мемлекеттік  бағдарламасының  жобасында  тәлім– тәрбие  және  жастар  ісіне  ерекше  көңіл  бөлуіне  орай, ұлттық  тәрбие  мен  жалпыадамзаттық  гуманизм  мұраттарын  игеру  талаптарын  басты  назарғаалуБолашақ дамуымызды дұрыс бағдарлап,тура  жолға  салу  үшін  ең  алдымен  өткеннен  дұрыс  тағылым   алып, келешегімізді  қазіргі  заманға  орай  тәрбиенің  жолдарымен  сараптап  алуымыз  қажет. Сол  арқылы  ұлттық  зиялы  қауымды  қалыптастырып, тәуелсіздігімізді  баянды  ете  аламыз.

Ұлттық  тәрбие  халықтың  өмірін, рухын  және  тілдерінен  тұратын  ішкі  заңдарын, оның  ұлттық  мінезін, болмысын  көрсетпек.Сондықтан, ұлтты  оятудың  негізгі  тетіктерін  анықтап, біліп  алған  дұрыс. Ол  тетіктерге  біріншіден – мемлекеттік  нышандарды  дамыту, тілі, діні, ділі, тарихы, салт – дәстүрі  арқылы  отаншылдық  рухын  ояту  керек.

Ұлттың мәңгілік болуы халқын,жерін,елін сүйетін азаматтарды қалыптастырып, тәрбиелеуде болмақ.Сол  себепті  жаңа  ғасырды  жақсы  қарқынмен  бастап  келе  жатқан  егеменді  еліміздің  болашағы  үшін саналы да,ұлтжанды  ұрпақты  тәрбиелеудің  ұлттық  сипатын  жандандырып, дамытуға бар күш–жігерімізді  салуымыз  керек. Себебі,жастарға ұлттық құндылықтар негізінде жан–жақты тәрбие беру сол өркениетке жету жолындағы мұратымыздың кепілі. Терезесі теңескен, төрт  құбыласы  тең  мемлекет  ретінде  қалыптасу  үшін  білім–білік  пен  рухы  биік, жастарды отаншыл етіп тәрбиелер өнегелі,тәрбие қажет.Бұл  жайында  Елбасы  өзінің  халыққа  жолдауында  да  ашық  айтқан  болатын.

Біз  жастарды  тәрбиелегенде  шынайы  отаншылдарды  тәрбиелеуді  естен  шығармауымыз керек. Себебі, солар  ғана  еліне  игілікті  істер  тындыра  алады. Біздің  бастаған  ісімізді  аяқтаушы. Жалпы, келешек  ұрпақтың  қамын  бүгін  ойлау – аға  ұрпақ  борышы. Ұлттық  тәрбие  беру  ата – бабамыздың  біздің  алдымыздағы  парызы  болса, келер  ұрпаққа  соны  жеткізу  біздің  қарызымыз.

«Ұлттық   тәрбиенің  қазіргі  өркениетті  қоғам  даму  жағдайында  көтерілуі  өте орынды. Жаһандану  үдерісі  қарқынды  дамып  тұрған  аумалы – төкпелі  сындарлы  кезеңде  ең  алдымен, ұлттық  мүдде, ұлттық  рух, ұлттық  тәрбиені  сақтап  қалуға  тиіспіз».

Ұлттық  тәрбие  қазір  елімізде  орын  алып  отырған  көптеген  мәселелерді: ана  тілін, ата  тарихын, ұлттық  салт – дәстүрін  білмейтін  жастар, тастанды  жетім  балдар, «қиын» балалар, қарттар  үйлеріндегі  әжелер  мен  аталар, нашақорлыққа  салынған    жастар, тағы  басқаларды  бірте – бірте  жоюдың  және  олардың  алдын  алып, болдырмаудың  негізгі  жолы. Ұлттық   тәрбие  алған  ұрпақ  дені  сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл  болып  өседі. Сондықтан  ұлттық  тәрбие – ел  болашағы.

Қазақтың  айтулы  қоғам  қайраткері  Мұстафа  Шоқай  былай  дейді: «Ұлттық  мәдениеттен  жұрдай  рухта  тәрбиеленген  ұрпақтан  халқымыздың  қажеті  мен  мүддесін  жоқтайтын  пайдалы  азамат  шықпайды» - деген.

Қазіргі  таңда  жаһандану  үрдісі  қарқын  алған  сайын  әлем  халықтары  өздерінің  ұлттық  төлтумалығын  сақтап  қалуға,

отаншылдық  сезімдерін  шыңдай  түсуге  айрықша  көңіл  бөлуде.

«Бүгінгі  таңда  ғылым  мен  техникасы  өрбіген, әр  басқан  қадамыңды  бірде  қиындық, бірде сәттілік күтіп тұратын,ақпарат  ордасы  интернет  пен  жаңа  технологиялар  заманында болашақ ұрпақ тәрбиесінің дәрежесі қандай деңгейде?» деген  сұрақ  көңілге  бір  ой  салатыны  анық. Өркениеті  өрбіген  мемлекетіміздің  ертеңгі  болашағы  келер  ұрпақтың  қолында. Болашағымыздың  үміті, өміріміздің  гүлі, жас  ұрпақтарымызды  тәрбиелеуде  ата – бабамыздан  келе  жатқан  ұлттық  тәрбие  үлгісі  қазіргі  таңдағы  өмірімізге  лайық  па? Әлде, сол  ұлттық  тәрбиенің  орнын  осы  интернет  пен  теледидар  баса  ала  ма? ХХІ ғасырдағы өрттей жаулаған ақпараттар,қоғамдағы күрделі өзгерістер мен үздіксіз даму үстіндегі өмірдіңтолассыз  ағымында  өмір сүріп  жатқан  жас  ұрпақты  тәрбиелеу  оңай  шаруа  емес.

Қазіргі  мектеп жан – жақты үйлесімді  дамыған  жеке  тұлғаны  тәрбиелеуге  қабілетті, ізгілікті  қарым – қатынасты  басшылыққа  ұстап  дамып  келе  жатқан  ашық  құрылым.

Қазіргі  мұғалім – педагог – маман, терең  білімді, мәдениетті, ізгілікті  де  зиялы  адам, жас ұрпақты  дамыта  оқыту  мен  тәрбиелеуді  жаңашыл  бағытта  жүзеге  асырушы.

Қазіргі  оқу – тәрбие  жұмысын  басқарушы  мұғалім – бұл  шығармашыл  тұлға, мектептің  алдында  тұрған  міндеттерін  дәстүрлі  емес  жолдармен  шешуге  және  жаңа  бағытқа  көшуді жеңіп шығуға қабілетті,сондайақ  басқару  құрылымында  жаңа  технологияларды пайдалана білуші.



Өз  ұлтының  салт – дәстүрі  мен  әдет – ғұрпында  өмір  сүретін, өз  халқының  тілін, білімі  мен  ғылымын, мәдениеті  мен  өнерін  терең  меңгерген, қазақ  халқы  мен  мемелекет  алдындағы  азаматтық  борышын  адал  атқаруға  дайындығы 

мол, қажетінде  ұлттық  мінез  көрсете  алатын  ұлттық  тұлға  қалыптастыру.

Бүгінгі  ұрпақты  тәрбиелеудің  жолы  келесі  ұрпаққа  үлгі. Өз  басымыздың  азаматтық  жауапкешілігін, патриоттық  сезімін, ұлттық  руханиятын, қоғамдық  белсенділігі  мен  төзімділігін  тезге  салмайынша  зайырлы, мәдениетті, өркениетті  қоғам  орната  алмаймыз. Ар  мен  намыс, жан  мен  тән, тіл  мен  дін  тазалығы  үшін  күресу  қажет.

Ұлттық  қырағылықты  ұлықтау  тәуелсіздігіміздің  кепілі.

Қорытындылай  келетін  болсам, жас  ұрпақтарымызды  тәрбиелеуде  ата – бабамыздан  келе  жатқан  ұлттық  тәрбие  үлгісін  ұғындырып, мәдениетті, адами  қасиеті  мол, шығармашылық  тұлға  етіп  тәрбиелеу – бұл  қазіргі  таңда  өмір  талабы  және  қоғам  қажеттілігі. Яғни, ата – бабамыздан  қалған  ұлттық  тәрбиеміз  қазіргі  өмірімізге  лайық  деп  танимыз. Өйткені, ұлттық  тәрбие – кемел  келешектің  кепілі.


ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ:

  1. Ұлттық  тәрбие  журналы  №1  2011ж

  2. Білімдегі   жаңалықтар  ақпаратты – әдістемелік  журналы №2

  3. Білімдегі   жаңалықтар  ақпаратты – әдістемелік  журналы №5

  4. ҚР – ның  білім  туралы  заңы, Астана 2008ж

  5. ҚР – ның  гуманитарлық  білім  беру  тұжырымдамасы – Алматы, Қазақстан, 1994ж



ӘОЖ 155.4370.187

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ ОРЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Елтаев А.Ж., п.ғ.к., профессор, Жұмабекова А., магистр

Қазахстан инженерлік-педагогикалық халықтар Достығы университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы


Summaru

The features of implementation of creative independent work of students are examined in the article.

Резюме

В статье рассматриваются особенности выполнения самостоятельной творческой работы студентов.

Кілттік сөздер: жоғары білім, жоғары мектеп, жоғары білім беру ұйымдары, студент, білім алушы, шығармашылық, шығармашылық іс-әрекет,студенттің өзіндік жұмысы, өзіндік жұмыс, оқытудың кредиттік жүйесі,кредиттік оқыту технологиясы, педагогикалық технология.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан болашағы бүгінгі жастар екенін, оларға қалай білім берілсе, Қазақстан да сол сатыда болатыны туралы айтқан пікірі білім алушылардың өз бетімен шығармашылық ізденіс арқылы біліктілігін арттыруға болатынын білдіреді [1]. Бойында біліктілік қалыптасқан студент кез-келген күрделі мәселелерді шешуде жол таба алады. Бүгінгі жаңа педагогикалық технологияның алдындағы мақсаты - білім алушының дара және дербес ерекшеліктерін ескере отырып олардың өз бетімен ізденуін арттырып, шығармашылық біліктілігін қалыптастыру.Өз бетімен ізденуден туған тұжырымдар олардың түсініктерін кеңейтеді, өмірге, құбылысқа көзқарастарын қалыптастырады, шығармашылық-рухани танымдық қабілеттерін дамытады.

Студенттің өз бетімен іске асыру құралы тапсымалар десек, осы тапсырмалардың шығармашылық сипатын басты назарда ұстауымыз керек. Шығармашылық жұмыстарда білім алушының логикалақ ойлау біліктілігін, өз бетімен талпынысын, ерік – жігерін дамытуда оқу үдерісінде үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады. Әлемнің жетекші елдерінде білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларының нәтижесіне қарап бағалайды.

Жоғары оқу орындарында өз бетімен орындайтын жұмыстың шығармашылық әрекетін ұйымдастырудың оқу үдерісінде төмендегідей мүмкіндіктері бар:

білім алушының логикалық ойлау қабілетін дамыту;


  • жеке тұлға бойында дербестік, белсенділік, ерік жауапкершілік сияқты қасиеттерді тәрбиелеу;

  • пәндік, білік пен білік дағдыларды қалыптастыру;

  • үйренушінің өз бетімен нәтиже шығаруға жетелеу және біліктілігін дамыту.

Жеке тұлға бойында шығармашылық қабілетті дамыту білім беретін пәндерді үйренуде және оқу үдерісінде алған білімдер негізінде жүзеге асады. Бүгінгі күні жас ұрпаққа жаңа технология негізінде пәннің мазмұнын тиімді түсіндіру аса маңызды дүние. Жеке тұлғаның кез-келген қызметі (соның ішінде педагогикалық қызметте) белгілі бір заңдылықтарға сүйене отырып жүзеге асырылады. Бұл заңдылықтар педагогика ғылымында оқыту принциптері немесе қағидалары деген атпен танымал. Бұл принциптер білім алушыларды оқытуда басшылыққа алуға тиісті негізгі ұстаным болып табылады. Жеке пәндерді оқытудың өзінің принциптері бар. Кредиттік оқытутехнологиясы ерекшеліктеріне байланысты студенттер өздерінің жеке дара жұмыстарын жасау барысында тәжірибеде орныққан принциптерге сүйенеді:  кешенділік, ғылымилық, біркелкілік, есте сақтау мен жазу, оқу ережелерін меңгеру, түсініктілік,  жоспарлай алу, белсенділік, саналылық, тәжірибеге сүйену т.с.с. Сонымен қатар студенттер өзіндік жұмыстарды орындау кезінде өздерінің мүмкіндіктері мен қабілеттерін де ескере отырып жүйелілік, бірізділік, сатылылық принциптерді де ескереді. Студенттердің өзіндік жұмыстарын айқындайдын нәрсе – жекелілік ерекшелілігі. Себебі өзіндік жұмыс бұл студенттің білімділігінің, қабілеттілігінің көрсеткіші, өзіне міндеттелген жұмысты орындай білу мүмкіндігін көрсетудің басты құралы. Педагог-ғалым П.И.Пидкасистый білім берудегі дербестіктің маңызын төмендегіше тұжырымдайды: білім алушыларды үнемі олардың қасында тұрып оқытудың, үйретудің қажеті жоқ, оларды өз бетінше іздену, тапсырманы жеке дара орындау арқылы өзіне аса қажетті білімді меңгере білу мүмкіндігіне қол жеткізу керек [2].

Кейінгі кездегі педагогикалық әдебиеттерде «дербестік» түсінігі арнайы жасалынған дағдылар жүйесі деп қарастырылады. Шын мәнінде жұмысты өз бетінше жеке орындай алу мүмкіндігі білім алушының мәліметтерді іздеуде, саралауда, іріктеуде, өңдей біліп тиісті оң шешім қабылдай алуда үлкен мәнге ие. Бұл тұлғаның қабілеттілігін, шығармашылығын, белсенділік қасиетін байқатады. Адамның шығармашылық қабілеттілігі мен белсенділігі оның тапсырманы орындауғы ықыласының, зейінінің ерекшелігін аңғартады. Осы мәселе төңірегінде педагог Р.А.Низамов былайша ой түйеді: білім алушылардың шығармашылық қасиеті мен белсенділік қабілетін жетілдіру факторларының шешуші элементі ретінде шығармашылық тұрғыдан дайындалған тапсырмалар саналады [3]. Студенттер өздерінің іс-әрекет жасай алу қасиеттерін таныта алуы үшін олардың өздері жеке атқара алатын ізденіс жұмыстарының әр түрлі құралдары мен формаларын оқу процесінде бір-бірімен байланыстыра отырып пайдалану керек.

Студенттердің өзіндік жұмысы – жоғары білім беру ұйымдарының оқу үдерісінде білім алушылардың жеке іс-әрекетін ұйымдастыру, қадағалау және бақылаудың арнайы факторы ретінде саналады.Зерттеу жұмыстарында студенттердің өзіндік жұмысы оқытудың құралы, ғылыми ізденістің формасы, шығармашылық деңгейде ойлау тәсілі ретінде қарастырылады. Ғалым Ж.Е.Сәрсекеева өз зерттеуінде (педагогикалық пәндерді оқыту мысалында) студенттердің өзіндік жұмысын жетілдірудің факторларына: студенттердің өзіндік жұмысын проблемалату, студенттердің өзіндік жұмысын мазмұнын интеграциялау, студенттердің өзіндік жұмысын диалогизациялау, студенттердің өзіндік жұмысына ізденіс сипатын беру, студенттердің өзіндік жұмысын компьютерлендіру, студенттердің өзіндік жұмысының тұлғаға бағытталуы, студенттердің өзіндік жұмысының мазмұнын акмеологизациялау, студенттердің өзіндік жұмысының мотивациялық және әрекеттік жақтарының бірлігін жатқызады [4]. Шығармашылық жұмыстар білім алушының логикалық ойлау біліктілігін, өз бетімен білім алуға қызығушылығын туғызады. Шығармашылық - өз бетімен адам ойлауының жоғары формасы.

Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарының арасында ағымдағы дәріс материалдарын оқып - үйренуі мен ғылыми зерттеу жұмыстарын ерекше атап айтуға болады. Ағымдағы дәріс - білім алушыға кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады. Дәрісте оқу материялының толық жетіспеушілігінен емес, дәрісте студент оқытушымен бірлесе жұмыс атқарса, кітаппен білім алушы өз бетімен жұмыс жасайды. Конспект кітаппен жұмыс жасауды жеңілдетсе студент дәріс материалдарын өңдеуде коспектіні қолдана отырып, шығармашылық қабілетін дамытады. Студент дәрісте белсенділігін арттырады. Белсенді студенттер аудиториясы дәріс оқытушысының шығармашылық қабілетін арттырады және оқу үдерісіндегі дәрістің сапасын көтереді.

Студенттің дәрісханалық және оқытушының басшылығымен жүргізілетін өз бетімен жұмысы дәріс беретін профессор - оқытушыларды таңдауы бойынша жүргізіледі. Студент семинар сабағында ғылыми ойлау мәдениетін дамытады. Семинар сабақтарында студенттедің өз бетімен жұмыс жасау мүмкіндіктері қалыптасады. Семинар сабақтарда білімді қайталау бекіту, бағалау, бақылау педагогикалық тіл табысу сияқты мәселелер де шешіледі. Студент негізгі қайнар көзі әдебиеттермен танысып жұмыс істеуді үйренеді. Қажетті материалдарды іріктеп алып баяндау, жан-жақты өз пікірін ортаға салуға мүмкіндік туғызады. Семинарларды ұйымдастыруда өзара ынтымақтастық, бірлесіп шығармашылық қызмет ету жолдары жүзеге асады.

Мұндай жұмыс түріне ойлау білімді меңгеру үдерісі бір мәселені ұжым болып болып күш салғанда неғұрлым нәтижелі болады. Сол себепті семинарлады әрбір студенттің қатысуымен ұжымдық жұмыс ретінде жоспарлап ұйымдастырған дұрыс. Тақырып сұрақтарына топ болып жауап іздеуде студенттің мәселеге өз пікірін көзқарасын тұжырымдап көрсетуге мүмкіндік жасалады. Ұйымдастырылған семинар аудиторияның белгілі бір көлемін меңгеру деңгейін бақылауды қамтамасыз етеді. Семинар мақсатына мыналар кіреді:

- теориялық материалдарды терең меңгерту;

- ғылыми мәтіндерді дайындауда дағдыларды қалыптастыру, ойлаудың сыншылдығын дамыту;

- білімді меңгеруге шығармашылық қабілетін дамыту;

- өз пікірін айту және көзқарасын қорғай білу дағдыларын қалыптастыру.

Оқыту үдерісі екі жақты болғандықтан семинар сабағында оқытушы мен студенттердің таным әрекеті білесіп жасауы болып табылады. Н.Кузьминаның ұсынысы бойынша оқытушы мен студенттердің арасындағы өзара біріккен біртұтас құрылымдық әрекеттің моделін пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады [5]. Модель - бұл оқытушы мен студенттердің бірігіп жасайтын бес түрлі әрекетінен құралады 1) танымдық; 2) болжамдау, жобалау; 3) конструктивтік-жаңа міндеттерді шешу; 4) коммуникативтік қарым-қатынас жасау; 5) ұйымдастырушылық білік; Семинар сабақтың басты мақсаты студенттердің танымдық әрекеттерін арттыруға бағытталуы тиіс. Оқыту да әр түрлі формалары қолданылады. Мысалы, мәселелік семинар - студенттерге ойлау операцияларын меңгертуді таным белсенділігін ойлау қабілеттерін арттыруды шығармашылық ізденісін дамытуды көздейді. Мәселелік семинарды оқыту үдерісіндегі барлық жаңа білімді беру, пысықтау, қайталау, бекіту кезінде қолдануымызға болады. Семинар-конференцияда студент өз баяндамасын оқып, оқытушы басшылығымен қорытындыларды талдайды. Кәсіптік оқытуда семинар маманың теориялық алған білімдерін тәжірибемен байланыстыруға мүмкіншілік береді. Семинар - пікірталас ғылыми пікірталас формасында өтеді. Пікірталасқа қатысушы әрбір студент қаралып отырған мәселе бойынша өз ойын дәл, анық жеткізуімен қарсы позицияны теріске шығара білуі керек. Пікірталастың нәтижелі болуы студенттердің теориялық білім базасына байланысты. Пікірталас барысында өнерді үйретудің маңызы зор. Сол себептен өз ойын сыртқа шығаруда ең бастысы сөйлеу мәдениеті қалыптасуы қажет.

Практикалық сабақтар дәрісте берілген жалпы білімді кеңейтуге қызмет дағдыларының қалыптасып орнығуына ықпал етеді. Сабақтың бұл түрі студенттердің ғылыми ойлау қабілеттері мен тілдерін дамытады білім деңгейлерін тексеруге мүмкіндік туғызады. Практикалық сабақта студенттердің өз бетімен жұмыстары жоспарланады. Олар тірек конспектілерін, қосымша әдебиеттерді оқып практикалық сабаққа дайындалады. Практикалық сабақта қайталау жұмыстарының ролі зор. Практикалық сабақтың мақсаты - оқытылатын материалды студенттің меңгеруіне көмектесі; оқу қызметі интеллектуалдық іскерлігін қалыптастыру; студенттерге теория мен практиканы байланыстыруға көмектесу.

Білім алушылардың өздері жеке атқаратын жұмыстарының тағы да аса маңызды түрінің бірі олардың атқаратын ғылыми-ізденіс жұмыстары саналады. Кафедра профессор-оқытушыларының жетекшілігімен студенттерге ғылыми - ізденіс жұмыстарын орындайды. Бұндай жұмыстар білім алушылар үшін аса маңызды құбылыс.Бірақ, ғылыми конференцияларға қатысушылардың бұл жұмысты меңгере алатынын көруге болады. Білім алушылар ғылыми-ізденіс жұмыстарын орындау барысында өздерінің алған білімін тәжірибе жүзінде қолданып, әр түрлі эксперименттік жұмыстар жүргізу арқылы нақтылап дәлелдей алады. Бүгінгі уақытта жоғары білім беру мекемелері мүмкіндігінше білім алушылардың барлығын ғылыми-зерттеу жұмыстарына қамтуға тырысады. Ондағы мақсаты - жоғары білім беру мекемелерінде болашақ кәсіптік оқыту мамандарды даярлауда білім алушылардың өздері атқаратын жұмыстары барысында ғылыми шығармашылық жөніндегі ақпараттарға сүйене отырып ғылыми – зерттеу жұмыстарының бағыттарын анықтайды педагогикалық эксперимент жұмыстарын іске асырудың түрлі формалары және әдістерін айқындайды.

Жоғары білім беру ұйымдарының оқудан тыс үдерісінде білім алушылардың ғылыми және шығармашылық әрекеттерінің төмендегідей формалары жүргізіледі:



  • білім алушылардың арнайы ғылыми үйірмелердегі әрекеттері;

  • білім беру ұйымдары және басқа да мекемелермен шаруашылық келісім шарт негізінде атқарылатын жұмыстары;

  • студенттердің конструкторлық үйірмелерде мүше ретінде жұмыс жасауы;

  • ғылым мен мәдениет және техникалық прогресс туралы ғылыми білімдерді насихаттаудағы дәрістік оқулар.

Білім алушылардың ғылыми-шығармашылық әрекеттерінің қорытындыларын анықтауда атқарылатын іс-шаралардың мәні ерекше. Оларға: студенттердің ғылыми жұмыс конкурсы, студенттердің ғылыми конференциялары, студенттердің ғылыми–шығармашылық әрекеттерінің көрмесі, арнайы пәндер олимпиадалары [6]. Білім алушылардың өздерінің жеке-дара атқаратын жұмысы олардың шығармашылық ізденісінің ішкі дүниесін айқындайды: белсенділігін, әрекетінің нәтижесін, тапсырманы жеке орындай алу қабілетін көрсетеді.

Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарының материалдарына: пән бойынша әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы,  білім алушылардың білімді меңгеру деңгейлерін анықтауға арналған тесттік материалдар, дидактикалық бақылау материалдары, қорытынды тест материалдары, емтихан сұрақтары, әдістемелік нұсқаулық құралдар, кейстер, көрнекілік материалдар, пән бағдарламалары, пән бойынша оқу процесінің сызбасы жатады.

Оқу жоспары мен оқу бағдарламаларына сәйкес берілген түрлі тапсырмаларды студенттің өз бетінше орындауына сабақ барысында меңгерген теориялық білімі толық мүмкіндік бере бермейді.Сондықтан білім алушы дағды мен ептілікті, ойлау тәсілдерін терең білуі керек. Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстары  оқу міндеттерін өздері жеке-дара шешуге, шығармашылық ізденіске деген ұмтылысты орнықтыруға және таңдаған білім және ғылым саласы бойынша білім қорын молайтуға арналған білім алушылардың ұмтылысын, ойлау логикасын, шығармашылық ізденісін, зерттеу мүмкіндігіне жағдай туғыза келе,нақты тәжірибелік маңызды мәселелерді іс жүзінде орындауға тікелей байланысты. Қазақ халқының ұлы перзенті Ахмет Байтұрсынов жас өркеннің білімді тәжірибеге жүгіне отырып өз бетінше меңгеруге тиіс екенін, ұстаз оған тапсырманы оқушының шамасына орай беруге тиісті екенін атап көрсетті [7].

Оқытушының басшылығымен орындалатын білім алушының өзіндік жұмысы төрт іс-әрекет түрін қамтиды.



  • сабақ өту барысында оқытушыдан алынған мәліметтерді ұғынуда белсенділігін арттыру;

  • оқытушының нұсқауы кезінде өз бетімен оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтарды оқу, үй тапсырмасын бақылау;

  • студенттен жұмыс әдістерін білуді талап ету;

  • студенттердің қиналған жағдайларына талдау жасау;

Білім алушының өздігінен орындайтын жұмысына - оқытушының қатысуынсыз, орындайтын жұмысы жатады. Студенттің іс-әрекеті тиісті сұрақтарға түсінік алу, ақылдасу, кеңес алу үшін оқытушымен хабарласу болып табылады. Кредиттік оқу жағдайында студент өз бетімен білім алу жолдары мен әдістерін меңгереді жаңа білім көздерін таба алады және берілген ақпараттарды саналы түрде талдап отырады. Ал оқытушы оқу үдерісін үйлестіруші, бағыт беруші қызметін атқарып отыруы тиіс. Педагогикалық шеберлікті үнемі жетілдіріп отыру, оқу үдерістерін ұйымдастырушылардың біліктілігін арттыру, алдыңғы қатарлы тәжірибемен алмасу қажеттілігі оқытудың кредиттік жүйесінің ерекшелігі болып табылады. Осы жолдан адам өзіне сабақ ала білу, өзінің жетер жетістіктермен кемшілік тұстарын талдай алу студенттердің шығармашылықпен дамытудағы стратегиялық бағыты болып табылады. Студент оқып үйренетін әр пәннің мазмұндық жүйесіне шығармашылық жағдайда өз бетімен жұмыс атқаруға бағытталуы керек.Студенттердің шығармашылық жұмыстарын өз бетімен орындаудағы өзіндік ерекшеліктері - сауалнама, әңгімелесу, сұхбат арқылы анықталады. Шығармашылық бағыттағы өз бетімен орындайтын жұмыстардың мақсаты – оқу материалы негізінде шығармашылыққа ұмтылу, соның нәтижесінде жаңалық ашу, жаңаны игеру болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан – 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. – Алматы, 2002. – 96 б.

  2. Пидкасистый П.И. Навыки самообразования – важная цель обуучения // Вестник высшей школы. – 1984. – № 4. – С. 30-34.

  3. Низамов Р.А. Дидактические основы активизации учебной деятельности студентов. – Казань: Изд-во Казанского университета, 1975. -302 с.

  4. Сарсекеева Ж.Е. Педагогические условия организации самостоятельной работы студентов в процессе изучения педагогических дисциплин: Автореф. дисс. … канд. пед. наук. – Караганда, 2005.

  5. Кузьмина Н.А. Формирование педагогтческих диогностических умений в профессиональной подготовке будущего учетеля: Автореф, дис..канд. пед. наук. – Н. Новгород 1994-16с.

  6. Садуақасқызы К., Тапалова А.С.. Аудиториядан тыс өзіндік жұмыстар кезінде студенттердің шығармашылық тәжірибесін қалыптастыру // Ізденіс. – 2003. – № 3. – Б. 30-34.

  7. Байтұрсынов А. Шығармалары.- Алматы, 1989 - 350 б.



ӘОЖ 366.43.371

КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Елтаев А.Ж., п.ғ.к., профессор, Жұмабекова А., магистр

Қазахстан инженерлік-педагогикалық халықтар Достығы университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы


Summaru

In the article pedagogical possibilities of organization of independent work of students are examined on credit technology of educating.

Резюме

В статье рассматриваются педагогические возможности организации самостоятельной работы студентов по кредитной технологии обучения.

Кілттік сөздер: жоғары білім, жоғары мектеп, жоғары білім беру ұйымдары, студент, білім алушы, студенттің өзіндік жұмысы, өзіндік жұмыс, өзіндік жұмысты ұйымдастыру, оқытудың кредиттік жүйесі, кредиттік оқыту технологиясы, педагогикалық технология.

Жоғары білім беру ұйымдарының оқу процесінде білім алушылардың өз бетімен орындайын тапсырмаларын ұйымдастыру оқуәрекеттерінде өз қабілеттерін кеңінен көрсетуіне мүмкіндік береді. Кешегі күнге дейінгі болған жоғары білім жүйесі қазіргі қоғам алдына қойылып отырған талаптарға сәйкес жетілдіруді керек етуде. Осы орайда қазіргі кезеңнің көкейкесті мәселесі ретінде әлемдік білім беру кеңістігіне ену арқылы оқытудың сапалық деңгейін халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендіру. Бұл жұмыс өз кезегінде жалпы білім бері үдерісіне жаңаша көзқараспен қарауды, оқытудың заманауй әдіс-тәсілдерін, құралдары мен формаларын қолдануды талаптайды.

Сондықтан оқытушы өздік жұмысты ұйымдастыруда СӨЖ-дің мазмұндық сипатына көңіл аудару, оны арнайы тапсырма ретінде санау, берілген тапсырманың ғылыми негізін ұғыну, көлемі мен орындау мерзімін ескеру және басқа да ерекшеліктерін есепке алуы керек.Ол алынған мәләметтерді дұрыс қорытындылау үшін және оны білімге айналдыру студенттердің өз мүмкіндіктерін жұмылдыруға бағыттайды. Студенттер оқу үдерісінде шешім қабылдауға оған жауапкершілікпен қарауға, мақсатты түрде жұмыс істей алуға үйренеді. Шын мәнінде оқу процесінің заңдылықтарына сәйкес ұйымдастырылған студенттердің өзіндік жұмысыжүйелі түрде толыққанды, терең білім алуға, қабілеттілік пен іскерлікті орнықтыруға, жаңа ақпарат алуға деген құлшынысты оятуға,  ізденіс әрекетке ұмтылуға  септігін тигізеді. Студенттердің өзіндік жұмысын тиісті дәрежеде ұйымдастыруға төмендегідей факторлар әсер етеді:

- студенттердің шығармашылық тұрғыда жұмыс жасай алуы;

- өзіндік жұмысты талапқа сайорындауғамүмкіндік беретінтапсырмалар жиынтығы;

- студенттердің өзіндік жұмысының мазмұнын анықтайтын арнайыбағдарлама[1].  

Жоғары мектеп білім алушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Оқу әдістерін таңдап қолдану оны өтілген тақырыпқа байланысты лайықтап сұрыптай алу-әдістеменің ең қиын күрделі мәселелерінің бірі болып отыр.  Жоғары оқу орындарында студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптардың бірі техникалық оқу құралдарды пайдалану. Олар:

1) әрбір студенттің жеке жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

2) өзін-өзі бақылау дағдысы қалыптасады.;

3)студенттің өз бетімен орындаған жұмысын тексереді;

4) жұмыстың мақсаттары мен міндеттері туралы нақты мәліметтер беріледі;

5) өз бетімен жұмыс белгілі бір жүйеде ұйымдастырылады.

Соңғы кездері жоғары мектептің оқу процесінде оқытудың түрлі-түрлі педагогикалық технологиялары қолданылуда.Оларды жоғары білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие процесіне енгізілу арқылы білім беруді демократияландыруға және ізгілендіруге, оның сапалық деңгейін көтеруге, білім алушылардың дамуын қадағалауға болатыны құпия емес.

Осыған орайбілім алушылардың ізденіс әрекетін жеткілікті дәрежеде жеделдетіп іске асыру керек. Осы әрекеттің өзге компоненттерінің де (мазмұны, әдіс-тәсілдері, оқыту құралдары мен формалары) бір-бірімен байланысы қайта қарауды талаптайды. Жоғары мектеп білім алушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру кезіндегі басты әдіс - сөздікпен жұмыс істеу. Сөздікпен жұмыс істеуді әр сабақтың үстінде жүргізіп отыру керек. Бұл әдістің мақсаты студенттің сөздік қорын байыту, дамыту, тәжірибеде оларды белсенді қорға айналдыру.

Зерттеуші Омарова К.Ж. студенттің танымын, ойын, тілін дамытып, қатысымдық әрекетін жүйелі және нәтижелі жүргізу үшін алдымен сөз бен оның мағынасы игертілетінен тілге тиек етеді[3]. Қазіргі уақыт ұстаздан жаңа әдістерді қолдануды талап етіп отыр. Әр оқытушының негізгі міндеті білім алушыларға терең, тиянақты білім беру, студенттердің өз бктімен жұмыс жасау қабілеттерін жетілдіру болып табылады. Педагог ақпарат берушу ғана емес сонымен қатар ұйымдастырушы, әрі кеңесші қызметтерін де атқарады.

Жоғары оқу орны студенттеріөзіндік жұмыстарды орындау әдіс-тәсілдерін жетік білуі тиіс. Себебіөзіндік жұмыстарды орындау әдістеріқолданыстағы оқыту әдістерінен ерекшелігі бар.Бұл әдістер «студент - оқытушы» қатынасының бір-бірімен өзара байланыстылығын білдіреді. Бұл жерде алғашқы қатарда білім алушы болады және оның өзінше ізденуі арқылы жаңа білімді меңгеру ұмтылысына ерекше көңіл бөлінеді.

Соңғы кездері оқытудың дербес және топтық түрлеріне айырықша көңіл бөлінуде.Ондағы негізгі міндет – студенттің өзіндік іс-әрекетіне, оның ойлау қабілетіне, жалпы мүмкіндігіне арқа сүйей отырып абройын,адами қасиетін арттыру. Оқытудың жалпылама түрі болса, көп жағдайда бағдар беру, сараптау және түзетілер жасауда қолданылады.

Қазіргі педагогикалық технологиябілім беруді ізгілендіруді талап етеді.Ол өз кезегінде оқу-әдістемелік материалдар негізінде студенттер өздері жеке ізденіс жұмыстарын атқара алуы тиіс.Ал қолданыстағы оқулықтар мен басқада әдістемелік құралдар жоғарыда көрсетілген жұмыстарды атқаруға көмек бере алмайды. Осыған орай студенттердің өздігінен білімді игеруіне мүмкіндік беретін, соңғы талаптарға жауап беретін оқу-әдістемелік материалдар (оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік құралдар) керек.

Білім саласындағы түбегейлі өзгерістердің болуы – қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуының бірден бір кепілі. Бұл біріншіден қоғамдағы орныққан құндылықтардың сақталуына және дамуына әсер етсе, екіншіден өздерінің құндылықтарын жойған дүниелерден тазарып, әлеуметтік жаңғыруға бет бұрады. Бұдан барып оқу процесін заман талабына сай ұйымдастыру мүмкіндігі байқалады. Шын мәнінде тұлғаның инновациялық қызметі дәстүрлі қызмет түрінен ерекше көрінетін адам әрекетінің өзгеше түрі. Инновациялық қызмет қандай жағдайда да қарама-қайшылық орын алғанда жүзеге асырылады. Білім саласындағы инновациялық әрекеттерге алдын-ала жоспарланған, дайындалған жұмыстар немесе жоспарсыз – ақ тәжірибеде көрініс тапқан жаңалықтар жатады. Педагог-зерттеушілар жоғары білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие процесінде жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің негізіне профессор-оқытушының инновациялық жұмысын орнықтыру болып табылатындығын атап өтеді. Жаңа технологияны меңгерген әрбір оқытушы өз әрекетін оң нәтижеде көре алатынына ешкім шүбә келтірмес. Өйткені оқытушы біріншіден жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден меңгереді, үшіншіден жаңа педагогикалық технологияларды өз тәжірибесіне енгізеді, төртіншіден, педагогикалық технологияларды жетілдіріп нәтижесін көре алады.

Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасында «Болашақ маман тек өз пәнін жетік меңгеріп қана қоймай педагогикалық процеске қатысушының әрқайсының орнын көре біліп, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыра білуі, оның нәтижелеріне көз жеткізіп, ауытқушылықтарын реттей білуі тиіс. Мұндай нәтижеге жету үшін жоғары оқу орындарындағы мұғалім даярлау сатылы түрде жеке тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында жүргізілуі керек» екендігі нақтыланған. Жоғары мектеп студенттерді болашақ кәсіби білікті маман ретінде даярлаумен қатар, педагогикалық шығармашылық қызметке дайындауы да тиіс. Бұл болашақ маманның ғылыми дүниетанымын, әдіснамалық ұстанымын, арнайы пәндер кешенін меңгеруін қамтамасыз етеді.  Расында еліміздің рухани жаңаруына, экономикалық-техникалық тұрғыдан өркендеуіне нағыз білікті кәсіби мамандар ғана елеулі үлес қоса алады. Осыған орай жоғары білім бері мекемелерінде оқытудың кредиттік технологиясы жағдайында студенттер оқу жоспары мен оқу бағдарламасы талаптарына сәйкес білім,ептілік, іскерлік дағдыларын меңгеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің кәсіби әрекетімен үйлестіру мақсатында өздігінен күнделікті оқу үрдісі барысында нақты кеңес ала отырып, тәжірибеде іске асырғанда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізеді.

Студенттердің өзіндік жұмысы – олардың шығармашылық жұмысының, белсенді іс- әрекетінің көрсеткіші. Оның тиісті дәрежеде ұйымдастырылуы - студенттердің кәсіби дайындығының нәтижесін білдіреді. Студенттердің өзіндік жұмысы - танымдық құбылыс болумен қатар, студенттердің өз мақсатына жету тәсілі болып табылатын оқу - ғылыми танымның ерекше бір формасы ретінде  саналады. Өзіндік жұмыс білім алушылардың болашақ мамандықтарының ерекшеліктерін ескере отырып берілуі керек.Осындай жұмыс болашақ мамандық иелерінің танымдық қабілетін орнықтыруға, оларды өз бетінше жеке шешім қабылдауға баулуда, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық әл-аухатын дамытуға тәрбиелеуде, өз бетімен жеке жұмыс істей алу мүмкіндігін дамытуда ерекше мәнге ие.

Студенттердің өзіндік жұмысын атақты психолог-ғалым А.Н.Леонтьев білім алушылардың оқу-танымдық жұмысын ұйымдастырудың жолы, тәсілі деп есептейді[4]. Ғылыми зерттеулер болашақ мамандық иелерінің өзіндік жұмысының нәтижелі болуы олардың ой-өрісінің дамығандығымен тығыз байланысты екенін дәлелдейді. Сонымен, өзіндік жұмыс оқу процесінің бірден-бір элементі ретінде келесі белгілерімен ерекшеленеді: оқыту әдістерінің бірі; танымдық әрекетті ұйымдастыру формасының бір түрі; оқыту құралының бірі; оқу әрекетінің бір түрі; білім алудың дербес әрекеті. Бірқатар зерттеушілер студенттердің шығармашылық әрекетін, ғылыми-зерттеуге ұмтылысын, кәсіби қызығушылығын айқындайтын оқыту әдісі, таным процесі, білім алушының өзіндік іс-әрекеті, оқу үдерісінің негізі, білім алушыны өзінше білімді игеруге дайындау әдісі, оқу процесін ұйымдастырудың формасы, оқытудың бір түрі ретінде қарастырылды. Студенттердің өздігінен атқаратын жұмыстарын ұйымдастыру оларға ұсынылатын тапсырмалардың танымдық аспектілеріне көңіл аударуды керек етеді. Себебі ондай тапсырмалардың мазмұндық сипаты білім алушылардың іс-әрекет деңгейін білдіреді, оларды өздерінше орындауға жағдай туғызады. Өзіндік жұмысты дидактикалық мақсатына қарай мына топтарға бөлуімізге болады:

1) өз бетімен жаңа білім алып, оны меңгеру;

2) меңгерген білімін әртүрлі практикалық тапсырмаларды орындауға қолдану;

3) алған білімін еске сақтап, оны толықтыру;

4) курс және бітіру жұмыстарын жасай білу іскерліктерін қалыптастыру.

Зерттеуші Б.П. Есипов өзіндік жұмысты үшке бөледі:

1. Жаңа білімді қалыптастыруда жүргізілетін жұмыс;

2. Іскерлік пен дағдыны, білімді қалыптастыру бағытында жүргізілетін жұмыс;

3. Білім, іскерлік пен дағдыны тексеру бағытында жүргізілетін жұмыс [5].

Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарында берілетін тапсырмалар түрлері оқытудың жеңілден ауырға қарай репродуктивті түрлері (танысу, оқу, үлгі бойынша тапсырталарды орындау) келесі, яғни шығармашылық іздену бағытындағы тапсырмаларды орындауға (жоспар құру, пікір жазу, баяндама талдау, зерттеу және курстық, дипломдық жоба) көтерілуі тиіс. Песталоцци өз бетімен білім алуда дамыта оқыту идеясын жоғары дәрежеде бағалады. Адамгершілік, және ақыл-ой тәрбиесінде алғашқы қарапайым элементтермен бастап, бара-бара күрделіге қарай жылжуды ұсынды. Адамның ішкі қажеттіліктерін пайдалана отырып осы мақсатқа жетуге болатынын айтқан. Әдіскер ғалымдар студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарын мазмұндық, мотивтік, оперативтік тұрғыдан ұйымдастыру тиімді екенін көрсетеді. СӨОЖ-ды ұйымдастырудың мазмұндық аспектісі - анықтама, қорытынды, ереже, оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді таңдап саралау болып табылыды. Мотивтік аспектісі - студенттердің тұрақты және ғылыми-танымдық қызығушылығын және білім деңгейін ескеруді қажет етеді. Оқу үрдісінде дәстүрлі емес дәрістерді жиі оқу атап айтсақ, пікірсайыс, диспут, педагогтік ынтымақтастық, іскерлік ойындар сияқты тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану студенттің оқуға, білім алуға деген қызығушылығын туғызып, түсінігін ой-өрісін дамытып молайтады. Студенттің өз бетімен жұмыс тапсырмаларын орындауда қындықтар да кездеседі:

- оқу пәнінің мазмұнының көлемділігі;

- оқу пәннің күрделілігі;

- өз бетімен жұмысты ұйымдастыра алмауы және жоспалай алмауы;

- кітаппен жұмыс істеу дағдысының болмауы.

Зерттеушілердің ғылыми еңбектерінде білім алушының өз бетімен орындайтын жұмысты ұйымдастырудың мынандай ерекшеліктері көрсетілген.



  • оқытушының нақты тапсырмалар беруі;

  • жұмыстың орындалуы мен аяқталудың уақытын белгілеуі;

  • жұмысты орындауда білім алушыға дербестік беруі, олардың өз қалауымен істеуі.

Студенттің оқу үрдісіндегі әрекетіне байланысты студенттердің өзіндік жұмыстары төмендегідей топтарға бөлінеді:

  • белгілі бір тақырып немесе дәріс өткеннен кейін өтілмей кеткен сол сабақта қарастырылмаған оқу материалдары бойынша өз бетімен конспект жазу;

  • сабақ үдерісінде жасалған тапсырмаларға есептер шығару, эксперимент жасау, тапсырмалар орындау, ұқсас тапсырмалар жүйесін өз бетімен орындау;

  • графикалық сызбалар, диаграммалар және тағы басқа жұмыстарды орындау;

  • әр түрлі классификациялар және жүйелер бойынша жұмыс жасау;

  • меңгерген білім жүйесін құбылыстың даму жолдары жөнінде болжам айта білу.

Жоғары оқу орындарында студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру кезіде мынандай түпнұсқаларды пайдаланған жөн:

  • оқулық;

  • құжаттар, тарихи дерек көздері мен материалдар;

  • карта, суреттер, тірек сызбалар;

  • ережелер, анықтамалар;

  • бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық-саяси, ғылыми әдебиеттер;

  • электронды оқулықтар;

  • интернет желісі.

Жоғары оқу орындарындағы оқытудың кредиттік жүйесі бойынша білім беру үдерістерін басқаруда студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық мүмкіндіктері мынадай:

- оқу үдерісінде жеке тұлға басымдылығын арттыру арқылы білім алушылардың белсенді, дербес болуына және мақсаттылық бағытта әрекеттенуіне мүмкіндік жасау және сабақ үлгерімін төмендету мәселесін болдырмау;

- білім, білік, дағдылары негізінде білім алушылардың логикалық ойлауын дамытатын оқу-әрекетін жүйелі түрде ұйымдастыру;

- оқу материалдарының көлемін және пәндік дайындықтың, әдістері мен түрлерінің ең оңтайлы үйлесімділігін қамтамасыз ету.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Сарсекеева Ж.Е. Педагогические условия организации самостоятельной работы студентов в процессе изучения педагогических дисциплин: Автореф.дисс. … канд. пед. наук. – Караганда, 2005.

  2. Караев Ж.А. Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологии обучения: Автореф. дисс.... докт. пед. наук. – Алматы, 1994. – 56 с.

  3. Омарова К.Ж. Кредитная система обучения в зарубежном вузе глазами казахстанского студента: Книга педагога-технолога. - Караганда: ТОО «САНАТ-Полиграфия», 2004. – 77 с.

  4. Леонтьев А.Н. Потребности, мотивы, эмоция. –М., 2000. - 138с

  5. Есипов Б.П. Самостоятельная работа учащихся на уроках. – М.: Учпедгиз, 1961. – 239 с.


ӘОЖ 004.336.371

КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯ БОЙЫНША ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ӘРЕКЕТІН БАҒАЛАУ МЕН БАҚЫЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
Елтаев А.Ж., п.ғ.к., профессор,Жұмабекова А., магистр,

Қазахстан инженерлік-педагогикалық халықтар Достығы университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы


Summaru

In the article the questions of perfection of efficiency of estimation and control of student educational activity are examined in the conditions of credit technology of educating.

Резюме

В статье рассматриваются вопросы совершенствования эффективности оценки и контроля студенческой учебной деятельности в условиях кредитной технологии обучения

Кілттік сөздер: жоғары білім, жоғары мектеп, студент, білім алушы, студенттің өзіндік жұмысы, өзіндік жұмыс,студенттің оқу әрекеті, оқу әрекетін бағалау, оқу әрекетін бақылау, оқытудың кредиттік жүйесі, кредиттік оқыту технологиясы, педагогикалық технология.

Бүгінгі таңда елімізде берік орныққан экономикалық жағдай мен ақпараттар тасқынының орын алуы білім беру жүйесін қайта құра отырып, оның сапалық әлеуетіне бірқатар қатаң міндеттер қоюда. Солардың бірі білім беру үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын жетілдіре түсуді қамтамасыз ету керек. Сондықтаносындай оқыту технологияларының негізгі өзгешілігікөрсетілген міндеттерді қатаң түрде сақтаай отырып қайта құруға мүмкін екендігінде.

Арнайы ғылыми зерттеулерде бірқатарбілім беру технологияларына талдау жасалынған: кредиттік, жобалық, бағдарламалық, модульдік, проблемалық, қашықтық, ақпараттық және т.с.с. Солардың ішінде оқытудың кредиттік технологиясы бірқатар іс-әрекетті атқаруға бағытталған:


  • қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды барынша пайдалануға;

  • оқу процесі барысында арақашықтық ақпарат мүмкіндіктерін қолдануға (интернет желісі, спутниктік байланыс т.с.с.);

  • модульдік-рейтингтік жүйенің дамуына;

  • оқу процесі барысында даралап оқыту әдісін дамытуға;

  • жаңаша оқыту құралдарын пайдалануға (электрондық оқулықтар, интерактивті тақта т.с.с.);

  • білім алушылардың ой-өрісін, кәсіби іскерлік қасиетін қалыптастыруға және олардың танымдық қабілетін дамытуға арналған объективті түрде ұйымдастырылған білімді қадағалау мен бағалау тәсілдерін енгізуге [1].

Осы жүйенің тиімілігі білім алушылардың білімділік деңгейін анықтау, оқу процесі барысындағы ағымдық, аралық кезеңдерінің нәтижелілігін есепке алу, оқытудың әр деңгейінде білімді меңгерудің дәрежелерін нақтылау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сол себепті оқытудың кредиттік технологиясы жүйесінде білімді бақылау мен бағалаудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерін жаңа инновациялық тәсілдермен үйлестіруді педагогикалық қадағалау мен бағалау көрсеткіштерінің заңдылықтарын негізге ала отырып іске асырады.

Оқу процесі барысындағы білімді қадағалау педагогикалық мониторинг деген мағынаны білдіреді. Мониторинг – оқу барысы туралы мағұлматтар мен жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану нәтижесінде оқу процесі барысын үнемі қадағалап отыру жүйесі. Мониторинг оқу процесінің сапалық деңгейі туралы толыққанды ақпарат алуға және соның негізінде оны ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған. Мониторинг төмендегі мәселелермен байланысты: әр түрлі деңгейдегі тест материалдарының болуымен; білімді толық игеру жүйесімен; оқу процесінің тиісті ақпараттық материалдармен қамтамасыз етілуімен; оқыту процесінің теориясы мен әдістемесімен; тест өткізудің теориясы және әдістемесімен; білім беру жүйесінің әлеуеті және бағыттылығымен [2].

Оқытудың кредиттік технологиясы білім, білік және дағдыны тексеру қызметтері мен түрлерін төмендегідей топтарға біріктіруді талаптайды:

1) тексеру қызметі: бақылау, оқыту, дамыту, тәрбиелеу, қадағалау, ұйымдастыру, алдын алу, түзету енгізу;

2) тексеру түрлері: болжамдық, ағымдық, шептік, қорытынды.

Болжамдық тексеру – әрбір пәнді оқуды бастамас бұрын пәнді игеруге негіз болатын бұрынғы алған білімдерінің игерілу деңгейін қадағалау, ол студентке кеңес беру үшін диагостикалық сипатта болады.

Ағымдық бақылау – білім алушының ағымдық әрекетін белсендіруге бағытталған. Білім алушының ағымдық көрсеткіші: барлық сабақтан қалмай, үнемі тапсырмаларды орындағанына; тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды белгіленген мерзімде орындап, қорғағанына; үйге берілген тапсырмаларды тыңғылықты орындағанына; лекцияларға конспект жазғанына және басқа да атқарылған жұмыстарға байланысты алынған балл негізінде қойылады.

Аралық бақылау – әр пәннің жекелеген тарауларының мазмұнын меңгергенін білу мақсатында білім алушылардың оқу және өзіндік жұмыстарының нәтижесін бағалауға арналған. Аралық бақылауды лекция оқушы-лектор жүргізеді.

Шептік бақылау семестр сайын екі рет жүргізіледі және өткізілген тақырыптар бойынша меңгерілген білім деңгейін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл бақылау оқу материалының қалған тақырыптарын игеру алдында, білім алшылардың білім қорларын анықтауға мүмкіндік береді. Ол студенттердің белгілі бір уақыттағы жұмысын әдістемелік тұрғыдан сауатты ұйымдастыру жағдайында олардың осы мерзім ішіндегі материалдарды меңгеру деңгейін бағалауға ғана емес, сонымен қатар білімдерінің қорытынды деңгейін білуге де мүмкіндік жасайды. Шептік бақылауды өткізу формаларына жазбаша немесе ауызша (коллоквиум) бақылау, тәжірибелік және зертханалық тапсырмаларды орындау, конференциялар мен ғылыми-әдістемелік семинарларда баяндама жасау және т.с.с. жатады.

Қорытынды тексеру – пән бойынша студенттердің білімін бағалау түрі (емтихан). Ол көпфакторлы, білім берудің инновациялық әдістерінің жүйесіне және пәннің оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес келуі тиіс. Емтиханды өткізу формалары: компьютерлік немесе бланкалық тесттілеу, жазбаша және ауызша. Емтихан студенттердің білім алған тілінде өткізіледі.

Тексеру әдістері – білім бері барысында кері байланысты жүргізуге және профессор-оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасының нәтижелілігі мен оның тиімділігі туралы ақпараттар жинақтауға мүмкіндік жасайтын тәсілдер.

Бақылау әдістерінің негізгі көресеткіші – баға. Баға – білім алушының оқу әрекетінің көрсеткіші. Ол – білім алушыны үздік үлгерім көрсетуге ынталандырады, тиянақты да терең білім алуға ұмтылдыратын құрал. Бағалау бұл педагог пен студенттің білім беру процесі барысындағы әрбір пән бойынша іс-әрекетінің сапалық және сандық көрсеткіштерімен сипатталады. Бағалау жүйесі – білім берудің жаңа технологиялары мен құрылымының өзгеруіне орай өзгеріп отырады [3].

Кредиттік оқыту технологиясы жүйесін енгізудің тиімділігі мынада: кәсіби білікті мамандарды халықаралық білім беру стандарттары талаптарына сәйкес дайындауға мүмкіндіктің болуы; оқу процесі барысын мобильді және икемді жоспарлау; дәрісханалық және өзіндік жұмыстардың өзара байланысын айқындау; студенттердің өздігінше білім алуын және өзін-өзі жетілдіруін қамтамасыз ету; студенттерге жаңа білімді өздерінше шығармашылық қатынас жасау арқылы меңгеруге деген бейімділік пен мұқтаждықты дарыту; кредиттер мен дипломдарды өзара мойындау, жаңа жүйеде білім беру жағдайында баллдық-рейтингілік көрсеткішті пайдалану.

Балдық-рейтингілік жүйенің бұрынғы бағалау жүйесінен ерекшелігі мынада: барлық студенттерге бірдей мүмкіндіктердің берілуінде; студенттердің біліміне баға бергенде әділеттіліктің болуында; білім алушылардың оқу әрекетін ынталандырудың бірден-бір негізгі элеменеті ретінде саналуында; білім алушылардың өздерінің жеке орындайтын жұмыстарына артықшылық жасалуында; білім беру процесін ұйымдастыруда бекітілген ережелердің міндетті түрде сақталуында.

Сонымен қатар, кредиттік оқыту жүйесін енгізуде бірінші курс студенттерінің жаңа талаптар мен сабақтарды жүргізудің жаңа әдістемесіне бейімдеу қажеттігі, яғни бастапқы кезеңде (семестр басында) мектептен өз бетімен жұмыс істеуге және өздерінің оқу жетістіктеріне жауап беруге дағдыланбаған бірінші курс студенттерімен жұмыс істеуге және оларды оқумен жүйелі айналасуға (студенттердің оқытушының жетекшілігімен атқаратын өз бетімен жұмыстары мен студенттердің өзіндік жұмыстарын қоса есептегенде) бағыттауға тура келеді.

Кредиттік оқыту жүйесін әрі қарай жетілдіру келесі мәселелерді қамтиды:



  • кредит негізінде білім беру үдерісін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету, білім беру сапасын әрі қарай көтеру жолдарын зерттеуді жалғастыру;

  • зерттеу барысында қажетті нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындау мен байқаудан өткізу;

  • қолданыстағы жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартарын жетілдіру;

  • оқу үдерісін ұйымдастыруда оқытушылардың орнықты оқу жүктемесін айқындау әдістемесін дайындау.

Студеттердің өзіндік жұмыстарының сапалығы оны ұйымдастыруға, білімнің мазмұны мен сипатына ғана емес, оның жаңа технологияларды жылдам қабылдау икемдігіне, оны орындау нәтижесіне тікелей байланысты.   Осы орайда СӨЖ бір жағынан, оқу процесіндегі студенттің дербес әрекетін басқару және ұйымдастырудың педагогикалық құралы ретінде көрініс тапса, екінші жағынан, оқу және ғылыми танымның ерекше түрін білдіреді.   Осыған орай СӨЖ туралы жазған ғалымдардың еңбектерін зерделей келе, өзіндік жұмыстың мәні толық ашылмай, нәтижесінде субъектілік әрекет көрініс таппайтыны байқалды. Сондықтан бүгінгі күні студенттердің өзіндік жұмысы - ол тұлғаның бүкіл өмір бойына үздіксіз және өз бетімен білім алу барысындағы икемдік, дағды, белсенділік және құзыреттілік қабілеттерін жетілдіруге ықпал ететін, өмір ағынына сай өзгерістерге бейімділігін қалыптастыратын іс-әрекет. Осы ұғымымыздың мазмұны - ол студенттердің кредиттік технология жағдайындағы құзіреттілігін қалыптастыру, бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру. 

Жоғарыда айтылған теориялық материалды негізге алып, біз студенттердің өзіндік жұмыстарын жүйе ретінде қарастырып, оны кредиттік технологиялар жағдайында ұйымдастырудың жүйесін құрастыру мақсатында, біз, алдымен кредиттік технологиялар жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың моделін жасадық. Онда әр компонент студенттердің тек білімі мен икемдігін ғана емес, сонымен қатар дағдысы мен оның тұлғалық қасиеттерінің белгілі бір деңгейін айқындайды. Оларды жаңа ақпараттық технологиялармен байланыста қарастырамыз.  Құрастырылған моделді негізге ала отырып, педагогикалық процестердің біз көрсетіп кеткен заңдылықтарын ескеріп, СӨЖ ұйымдастырудың мынадай үш түрлі шарттары бар: педагогикалық-ұйымдастырушылық, дидактикалық-құзіреттілік жәнетехнологиялық-процессуалдық[4].

Көрсетілген шарттарды ашып қарастырайық,    бірінші – педагогикалық - ұйымдастырушылық шарты. Күнделікті практикада студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру шарттары педагогикалық тұрғыда көбіне дұрыс құрастырылмай, нәтижесі тиімді бола бермейтіндіктен, ұйымдастыруды педагогикалық шарттан бастау керек. Ол үшін ең алдымен, жаңа ақпараттық технологиялар негізінде өзіндік жұмыстарды педагогикалық тұрғыда дұрыс ұйымдастыруға кедергі келтіретін себептерді анықтған дұрыс. Оларға: өзіндік жұмыс тапсырмаларының нақты еместігі; семестр бойындағы оқу жүктемесі көлемінің біркелкі болмауы; бақылаудың уақтылы өткізілмейтіндігі; кеңес берудің жүйесіздігі; жеке берілген және үй тапсырмаларын уақытында орындамау; кейбір кафедра оқытушыларының бағалау әрекетіне сай ортақ қағидаларының жоқтығы, студенттерді материалдық-техникалық және әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етудің нашарлығы т.б. жатқызылады.

Екінші – дидактикалық-құзіреттілік шарты, ол студенттердің өзіндік жұмыстарын жаңа білімді меңгеруге бағыттап дайындау және бақыланатын жаттықтыру түрлерін қолдануды талап етеді.

Үшінші – технологиялық-процессуалдық шарт.Бұл жағдайда студентті жаңа ақпараттық технологияға негізделген қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттермен және кредиттік технологиялармен жабдықтау міндеті тұрады. Ол үшін ЖОО инновацияға сай материалдық-техникалық базасын (оқытушыларға және студенттерге арналған компьютерлік сыныптар, телебайланыс, электрондық пошта, Интернет торабы т.б.) қалыптастыру, оқу үрдісін оқу-әдістемелік кешенімен (электрондық оқулықтар, автоматты оқыту бағдарламалары, электрондық оқыту кешендері және т.б.) қамтамасыз ету қажет [5].

Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың бағдарламалық оқыту технологиясынан ерекшелігі оның ыңғайлылығында: теориялық оқу мен практикалық регламенттік байланыстардың жоқтығы; жеке білім алу траекториясын құру; өзіндік моделін жасау; құралдарды таңдап алу және топпен немесе жекелеген түрдегі танымдық әрекет сияқты басқа да мүмкіндіктер бар. Бұл шақ кәсіби маманның дербес әрекетіндегі маңызды кезең болып саналады, себебі ол студенттің тұлға ретіндегі белсенділік, құзіреттілік, әлеуметтік есеюіне себеп болады. Бұл жүйе жоғары оқу орындарындағы педагогикалық процесте студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында көрсетілген компоненттерді (мақсаты, міндеттері, әдіснаманың негіздері, педагогикалық ұстанымдары, мазмұны, педагогикалық шарттары, түрлері мен тәсілдері, жолдары) тұтастық бірлігінде қолдануды қажет етеді. Оның нәтижесінде арнайы компьютерлік бағдарламаларды және кешенді меңгерту тәсілдерін, әртүрлі пәндер жобасын, интерактивті білім мен оларды қолдана білу қабілеттерінің жетілдіру әрекеттері жүзеге асырылды. Өз кезегінде білім алушылардың өздері жеке-дара орындайтын тапсырмаларының жаңаша бағытта ұйымдастырылуы студент пен оқытушының өзара түсіністік қатынасын орнатуға және білім алушының дербестігін, құзіреттілігін, белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Правила кредитной системы обучения. – Астана: МОиН РК, 2003 – 20 с.

  2. Менлибекова,Г.Ж. Концептуальные подходы к разработке содержания высшего педагогического образования // Качество педагогического образования: проблемы и перспективы развития: материалы международной научно-практической конференции. – Алматы: КазНПУ им. Абая, 2004. – С. 93-99.

  3. Чистохвалов В.Н. Системы накопления и перевода кредитов, используемые в европейских и американских университетах // Материалы к совещанию «Проблемы введения кредитной системы высшего профессионального образования». 25-26 марта 2002 г. – М.: РУДН, 2002.

  4. Сарсекеева Ж.Е. Педагогические условия организации самостоятельной работы студентов в процессе изучения педагогических дисциплин: Автореф.дисс. … канд. пед. наук. – Караганда, 2005.

  5. Совершенствование учебного процесса вузов на основе его компьютеризации (опыт, исследования) / Акопов С.И., Алексеев В.Д., Андреев А.А. и др.; Под ред. Золотарева О.В. – М.: ВПА, 1991. – 260 с.


ӘОЖ 371. 155.4

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Елтаев А.Ж., п.ғ.к., профессор, Зияханова М., магистр

Қазахстан инженерлік-педагогикалық халықтар Достығы университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы


Summaru

The ways of development of the creative thinking of initial classes of students are examined in the article.

Резюме

В статье рассматриваются пути развития творческого мышления учащихся начальных классов.

Кілттік сөздер: бастауыш мектеп, бастауыш сынып, оқушылар, балалар, жеке тұлға, шығармашылық, шығармашылық іс-әрекет, шығармашылық ойлау, ойлау, ойлау қабілеті.

Қазіргі таңдағы еліміздің мәдени, әлеуметтік және экономикалық салаларындағы болып жатқан өзгерістер, бірінші кезекте жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігіне байланысты болып отыр. Осыған орай жас өркеннің шығармашылық ойлау әрекетіне ерекше көңіл бөлу қажеттілігі аса маңызды мәселе ретінде танылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру туралы стратегиялық құжатында еліміздің алдына қойған міндеттерінің бірі ретінде жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру мәселесі саналады [1]. Бұл мәселе күн өткен сайын өзінің өзектілігін дәлелдеп отыр. Ел басшысының 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа жолдауында да бұған ерекше назар аударылған [2].

Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеті мектеп табалдырығын аттағаннан бастап едәуір өзгерістерге ұшырайды. Себебі олардың таным процестерінің дамуына оқытудың тигізетін әсері өте үлкен. Балалардың ойлау қабілетінің қаншалықты дамығаны туралы әр түрлі пікірлер бар. Л.С.Выготскийдің пікірі бойынша оқымай жүрген ойын баласы оқуға кіргеннен соң ойымен интеллектісі үлкен өзгеріске ұшырайды: яғни натуральдық ойдан, мәдени, немесе ұғым арқылы ойлануға көшеді [3].

Ой операцияларының түрлері бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде әр түрлі тереңдікте кездеседі. Бірінші сыныптағылар нақты затқа, не солардың көшірмесіне (үлгісіне, суретіне т.б.) негізделе отырып, тапсырманы орындайды. Сол затқа не оның көшірмесін көз алдынан алып кетсе, тапсырманы орындау қиынға түседі. 2-3 сынып оқушылары бірте-бірте заттың жеке қасиеттеріне, әсіресе негізгі белгілерін есінде қалдырып, соларды мүмкіндікше топтастыруға үйренеді. Осының өзі сол заттың не оның көшірмесі жоқ кезінде өте қарапайым тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

Бастауыш сынып оқушының бірте-бірте ой өрісінің қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқыза алуына қалай өзінің ойын құрбылары арасында дәлелдеуге үйрене бастайды. Ол не болса, соған көнбейді, өзгелерден дәлел келтіруді талап етеді. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйелерге (логиканың негіздеріне) сүйенеді. Сонымен қатар өзінің пікіріне, не берген жауабына сыни көзбен қарауға үйренеді. Әркім өзінің пікіріне не ісіне талдау жасап сынмен қарауды рефлексияның қарапайым түрі деп аталады. Рефлексияға ие болу ойланудың шарты және оның жемісі бола тұрып, оқу үстінде 7-11 жастағыларда қалыптаса бастауы, бұл жастағылардың ақыл-ойының недәуір қалыптасып қалғанына дәлел бола алады.

Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы, барлық таным процестерді жедел дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен, осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет.

Бастауыш сыныптарда оқыту барысында балалардың таным процестерін дамытуға, олардың тіл байлығын және өз ойын сөйлеу арқылы басқаларға жеткізу тәсілдерін қолдаудың ойлау процесін дамытуға қосатын үлесі өте үлкен [4,5]. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев осы тәсілдер ретінде халық педагогикасы элементтерін қолдануды ұсынады [6]. Қазақ халқының бай тәжірибесінде көптеген оқу процесінде қолданылатын ойындар, өлеңдер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар т.б. ауыз әдебиет туындылары бар. Олардың терең мазмұны балалардың тіл байлығы мен ой-өрісін дамытып, сонымен қатар барлық қабілетін дамытуға үлкен үлесін қосады. Осы материалдарды іріктеп алып, оны тақырыпқа байланысты қолдану-оқыту барысында оқушылардың ойлау  процесін дамыту проблемасын шешудің тиімді жолы болады.

Халық педагогикасында қалыптасқан балаларға арналған ойындар олардың білімін қалыптастырып, оны пысықтауға, үй тапсырмасын орындау жолдарын түсіндіруге, білімдерді бір-бірімен ұштастырып, ұғымдық қорын қалыптастыруға жәрдем береді. Қазіргі мектеп бағдарламасы ұлттық ойындарды кеңінен қолдануға өте ыңғайлы. Көптеген ойындар баланың тапқырлығын, табиғат құбылыстарын, қоршаған табиғат ерекшеліктерін түсініп меңгеруге арналған. Осындай мән-мағынасы өте терең және жан-жақты дамуға, баланың байқағыштығын тәрбиелеуге үлкен үлесін қосып, ойлау қабілетін дамытатын ойындардың бірі «Аңдардың айтысы»деп аталады. Бұл ойында қатысушылар жүргізушінің талабына сай белгілі бір тақырыпқа сай келетін әндер орындап, онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын бейнелеп, олардың өзіне тән ерекшеліктерін сипаттап көрсетуді талап етеді. Мұның өзі хайуанаттар әлемі жөнінде нақты ұғымдарды қалыптастырып, сонымен қатар музыкалық және артистік қабілетін дамытады. Топтасып ән айту, бірін-бірі тыңдап әрекет жасау дағдысын жетілдіреді.

Әр ойынды жүргізу және қатысушылардың орындау ережелері бар. Ол ережелердің тәрбиелік мәні өте үлкен. Бұларға ойынның барысы белгіленді, балалардың тәртібі мен іс-әрекеттің реті, олардың өзара қарым-қатынасына қойылатын талаптар анықталады. Сондықтан ойнау барысында тәртіп сақтауына, ерік-жігерінің қалыптасуына мүмкіндік туады. Ойын шапшаңдықты, ептілікті, тиянақтылықты, тез бағдар табуды, ұжымдық, ұйымшылдық көрсетуді, бір-біріне көмектесуді, жауапкершілікті, батыл қимылды талап етеді.

Бұл ойындағы ерекшелік – билеп жүріп хормен өлең айтуды өзара үйлесімді әрекет ұйымдастыруда байқалады. Хормен ән айтып, би қимылын жасаған сайын кеудедегі қоңырау әшекейлер өзара үндесіп жатады. Яғни, әуен саздары мен қоңырау сылдыры ойнаушылардың қимылдарына сүйемелдеушілік жасап тұрғандай болады. Өйткені ойындағы қимылдар жай қимыл емес, олар әуеннің ырғағына байланысты жасалған қимылдар болып табылады.

Мұндай ойындар халық педагогикасында өте көп және мазмұндары да бағыттары да бірін-бірі қайталамайтындай сан-алуан, әрі қызықты. Олар «Алақан соқпақ», «Тақия тастамақ», «Тартыс», «Айгөлек» т.б. Қай ойынды алсақ та, бәрінде де би элементтері кездеседі, ән, күй, тақпақ, мәнерлі қимыл мен ыммен жасалатын көріністер бір-бірімен алмасып жатады. Бұлардың бірі нақтыланған жағдайға қарай актерлік үлгіде, сахналық үзінді түрінде орындалады. Ойын барысында қатысушылар өздерін күнделікті тіршілік жағдайында сезінбейді, керісінше, мүлде бөлек ортада сезім, поэзия, өнер әлемінде сезінеді. Олар ойнаған рольдерінен эстетикалық ләззат алуға талпынады.

Ойын барысында қатынасушылардың тәртібіне бірыңғай талаптар қойылды:

– қалай отыру, өзін дұрыс ұстау;

– қандай мөлшерде бір-бірімен сөйлесу қажет т.б.

Осы айтылғандардың бәрінен қазақ ойындары драма және сахналық өмірдің әрқилы элементтерімен аса толықтырылған деп қорытынды жасауға болады.   Сонымен бірге, осы ойындардың кең тұрғыда таралуы ондағы қатысушылар мен көріп тамашалаушылар санының артуы – мұның тәрбиелік мәнін тереңдетеді.

Осындай ойын ретінде көптеген санамақтарды келтіруге болады. Олар мәнерлеп сөйлеуге үйретеді. Санамақтарда балалардың тақпақты нәшіне келтіріп оқу дағдысы қалыптасады. Осы сияқты санамақтар, қызықты орындалатын әуендер, тіпті адамдардың өзара қарым-қатынасында кездесетін қызықты әңгімелері жылдам, берік есте сақталады. Оны балалар өздерінің күнделікті ойындарында қызығып сүйіспеншілікпен қайталайды.

Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты осындай санамақтар мен қаламақтар мазмұны оларға өте жақын, түсінікті. Олар балалардың ой өрісін, тілін тез дамытуға өте икемді. Сонымен қатар ойындарға қатысу арқылы балалардың мінез-құлқы сыйысымды болып, қарым-қатынас мәдениетін меңгереді, әдептілікке, басқалармен санасуға, тілалғыштыққа баулиды. Ойын кейіпкерлерінің мінез-құлығына қарап жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді.

Халық ойындарының көптеген түрлерін сабақтан тыс бос уақытта, үзіліс кездері ұйымдастыруға, қолдануға мүмкіншілік өте мол. Сондықтан бастауыш сынып оқушылар өмірінде осы ойын түрлері үлкен орын алуға тиіс.

Ойындар мен қатар халық шығармалары туындыларының бірі жұмбақтарды қолдану балаларды аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа, зеректілікке тәрбиелейді. Жұмбақтар – халықтық шығармаларының ішінде үлкен орын алады. Жұмбақтардың шешімін айту баланың ақыл-ойын, ой-өрісін дамытып, ойлаған іс-әрекеттің шешімін тауып, үдесіне жетуге үйретеді. Жұмбақтар бала үшін өте қызықты құпия. Оны шешу қажеттілігі білімге қызығушылық тудырады. Баланың ұшқыр ойын іске, әрекетке қарай баулиды. Ой – сананың қызмет етуіне себебін тигізеді. Жұмбақтар өмірде кездесетін шаруашылық кәсіпке байланысты, тіршілік тірекке тиянақ болатын, адам көңіл аударатын қажетті заттардың барлығын қамтиды. Бәрін де алғаш жұмбақ етіп, біртіндеп оның құпиясын ашып беруді қажет етеді. Жұмбақты қолдану баланың ойлау қабілетін дамытудың өте тиімді тәсілдерінің бірі. Өйткені жұмбақты шешу барысында бала көптеген табиғат құбылыстарын салыстырмалы түрде бейнелеуге үйренеді «Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды» деп бұлттан шыққан күннің көзін ақ жібекпен салыстырып, бұлтты ақ сандыққа теңестіру арқылы баланы қоршап отырған заттардың табиғат құбылыстарына ұқсас келтіреді. Бұл ойлаудың өте күрделі түрі ассоциациялық байланыстар құруды талап етеді.

Жұмбақтардың тағы бір пайдалы жағы, ол әр баланың өз бойындағы құпияны шештіру арқылы, оларға өмірді танытады. Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстарға зер салуға, соның себебін іздеп табуға үйретеді. Сондықтан балалар жұмбақтарға өте үлкен қызығушылық білдіреді. Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де болады. Бұл жұмбақтар балаларды табиғат маусымдарында кездесетін ерекшеліктермен таныстыра отырып, олардың әсем, әдемілігін, түр-түсін, т.б. ерекшеліктерін тани білуге, сезімталдықпен қабылдауға үйретеді.

Аталған тәсілдер сабақ үстінде дидактикалық ойын ретінде қолданылады. Ойын-ойлау процестін дамытуға қолданылатын тиімді тәсіл.

Ойлау процесі жақсы дамыған адам көптеген заттар мен құбылыстарды талдап, бір-бірімен салыстырып, ортақ қасиеттерін тауып, оларды жүйеге келтіруге шапшаң болады. Осы ойлаудың ерекшелігін қалыптастыруға арналған көптеген шығармашылық тапсырмаларды пәндердің ерекшеліктеріне байланысты жинақтап оны тиімді қолдануға болады. Олар геометриялық фигураларды қолданып заттардың формасын, түрі мен түсін, кеңістікте орналасуын дұрыс қабылдап, ұқсастығын табу арқылы баланың қоршаған ортадағы нәрселердің біртектестігін түсінуге, ұқсастығын және айырмашылығын табуға негізделген күнде, олардың ойлау қабілетін дамытады.

Шығармашылық тапсырмалардың басым көпшілігі дидактикалық ойын ретінде ұйымдастырылғандықтан дамыту сабақтарының мазмұны балаларға тартымды және қызық түрде келтіріледі. Бастауыш сынып мұғалімдері тәжірибесінде шығармашылыққа баулитын дидактикалық ойындар көп мөлшерде жинақталған. Олардың «Ақ сүйек», «Теңге ілу», «Гүл сыйлау», «Бейнені құрастыру», «Не жетіспейді» т.б. түрлерін кеңінен қолдануға мүмкіндік бар.

Шығармашылық тапсырмалардың, ішінде заттардың формасын, түрін, түсін, кеңістікте орналасуын дұрыс қабылдауға арналғандарының ролі өте үлкен. Олар бастауыш сынып оқушыларының барлық қабілетінің, нышандарының оянып, қалыптасуына септігін тигізеді. Сондықтан, оқу үрдісі барысында балалардың ойлау қабілетін дамытуға арналған арнайы тәсілдерді жиі қолдану олардың шығармашылық мүмкіндігінің артуына жол ашады.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. –Астана, 1 наурыз 2006.

  2. Назарбаев Н. Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік.// Егемен Қазақстан.- 2017.- 01 ақпан.

  3. Выготский Л.С. Детская психология ∕∕Собр.Соч.: В 6 т. Т.2.- М.: Наука, 2000.-432 с.

  4. Байжұманова Б.И. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қабілетін дамыту // Қазақстан мектебі.- №2.- 1999.

  5. Тұрғынбаева Б.А. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. // Бастауыш мектеп.- №7.- 1997.

  6. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.К. Қазақ тәлім-тәрбиесі: оқу құралы.- Алматы:Санат, 1995-352 6.



ӘОЖ 371. 155.4

БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҒА БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ ЫҚПАЛЫ
Елтаев А.Ж., профессор, Зияханова М., магистрант

Қазахстан инженерлік-педагогикалық халықтар Достығы университеті, Шымкент, Қазақстан


Summaru

In the article influence of teacher of initial classes is examined on development of the creative thinking of children.

Резюме

В статье рассматривается влияние учителя начальных классов на развитие творческого мышления детей.

Кілттік сөздер:мектеп, мұғалім, ұстаз, бастауыш сынып мұғалімі, бастауыш сынып оқушысы, ойлау, шығармашылық ойлау, шығармашылық ойлауды қалыптастыру.

Бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті кәсіби білікті мамандар даярлауға бағытталған мемлекеттік шаралар белгіленіп жетілдірілуде және іске асуда. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы [1], Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы [2], Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту бағдарламасы т.б. өскелен ұрпақтардың, ынталы топтардың толықтай мүмкіншілігін ашуға жол ашып отыр [3].Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа дәстүрлі жолдауында білім беруді жаңа  сапамен және мазмұнмен толықтыру бүгінгі күннің басты міндеті екеніне баса назар аударған болатын [4]. Соңғы уақытта білім мекемелерінің оқу-тәрбие үдерісінде біршама оң өзгерістерге қол жеткізгенімен, жас өскіндердің шығармашылық ойлау қабілетіне жеткілікті деңгейде назар аударылмауда. Шын мәнінде балалардың шығармашылық ойлауын жетілдіру, олардың дара ерекшелік қабілеттерін арттыруға септігін тигізеді. Себебі баланың психологиялық ахуалының жағдайы оның шығармашылық мүмкіндігіне тікелей байланысты. Мектепте алған білім баланың шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беріп оны өнімді, шығармашыл, өзіндік ойлауға үйретуі тиіс. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі сонау ежелгі дәуірдің өзінде де көкейкесті мәселенің бірі болған. Ежелгі гректің атақты ойшылы Сократ өз оқушыларының шығармашылық тұрғыдан жетілуіне әр уақытта қолдау білдіріп отырған.

Халқымыздың ұлы ойшыл ақыны Абай өз шығармаларында бала жаратылысымен келген жақсы қасиеттерді ылғи да жетілдіріп отыру қажет екенін, сонда ғана олар жақсы нәтиже беретінін қадап айтқан [5].  Ал М.Жұмабаев болса бала дамуының бірден-бір шарты ретінде оның танымын, ақылын, еркін қалыптастыру керектігіне ерекше көңіл бөлген [6]. 

Жас өскіннің  шығармашылық ойлауын дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.

Бала санасының қалыптасып дамуында мектеп мұғалімі ерекше рол атқарады. Мектеп балаға жалпы білім берумен қатар, оның жалпы дамытуна, шығармашылық тұрғыдан жетілуіне ықпал етеді: қоршаған ортада дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бағалап, талдау жасауға үйретну, ойлай білуге, өз пікіріп ашық білдіруге, салыстыра білуге, дәлелдеуге, қарым-қатынас мәдениетіне, сөйлеу шеберлігіе үйретеді.

Мектеп қабырғасында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетпен тұрақты, белсенді айналасуға мүмкіндігі мол. Осы арада оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мақсатында оларды психологиялық тұрғыдан қолдап отыру аса қажет[7].  Олардың іс-әрекетіне қолдау көрсетіп, сезім күйін бақылап, қамқорлық жасау керек. Оқушының сұрақтарына шынайы ықыласпен жауап беріп, күрмеуі қиын мәселені оң шешуге ықпал жасап отырған дұрыс. Сонда ғана баланың ынта-ықыласы артады, жаңа білімге деген ұмтылысы пайда болады, шығармашылық қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.

Сонымен қатар, сабақ беру үдерісінде балаларды шығармашылық іс-әрекетке тікелей араластырудың маңызы зор. Әсіресе сабақ барысында орындалатын жазба  жұмыстары олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін септігін тигізеді. Бұл жұмыстар оқушылардың жеке көзқарасын, эстетикалық және адамгершілік танымын, эмоциясын, пікірін, сараптама жасау, қорытындылау, салыстыра білу және одан нәтиже шығару сияқты қасиеттерін дамытады.

Баланың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту мәселелерін қарастыру ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді. Ғылыми әдебиеттерде «қабілет» түсінігін ашатын алуан түрлі анықтамалар бар. Белгілі психолог А.Н.Леонтьев «қабілеттер» деп аға қойған міндеттердің орындалуын қатаң талап ететін және жақсы нәтижеге қол жеткізетін адамның бойындағы жағымды қасиеттерінің жиынтығы екендігін атап көрсетеді [8]. Ал екінші бір психолог А.В.Петровский болса қабілетті белгілі бір салада білімді меңгеруге бағытталған тұлғаның психологиялық ерекшеліктері деп анықтайды [9]. Қазақ ғалымы, академик Т.Тәжібаев «қабілет» деп нақты іс-әрекетті орындау барысында оң нәтижеге қол жеткізетін тұлғаның ерекше қасиетін айтады [10].

Психолог-ғалымдардың басым көпшілігі (А.Н.Леонтьев, А.В.Петровский, В.А.Крутецкий, Б.М.Теплов, В.С.Шубинский, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев) қабілеттердің пайда болу табиғатын қарастыра келе олардың білім алусыз да жетілетінін, бірақ онда олар біршама көп уақытқа созылатынын тілге тиек етеді.

Қабілеттердің даму деңгейі балалардың дара ерекшеліктеріне байланысты. Бұл касиет әр адамда әр түрлі болады. Тіпті қарапайым іс-әрекетті орындау үшінде қабілет керек. Оның барлық адамдардың бойында болатынын психолог-ғалымдарда дәлелдеп отыр. Бірақ адамдардың біреулерінің бір нәрсені іске асырарда қабілетінің жоғары дәрежеде, ал енді екіншілерінің осы жұмысты орындауда қабілетінің төменгі деңгейде болатынын көрсетіп отыр. Және осы жағдайды керісінше де дәлелдеуге болады. Осы тұрғыдан алғанда бір баланы қабілетті, екіншісін қабілетсіз деп бөлу тіпті де дұрыс шешімге жатпайды. Мәселен, сурет салуға, ән айтуға, би билеуге бейімі жоқ балаларды қабілетсіздер қатарына қоюға болмайды. Осы жағдай балалардың қабілетінің басқа іс-әрекет салаларында көрініс табатынын білдіреді. Себебі қабілеттер көп жағдайда адамдардың тіршілік ету нәтижесінде қалыптасып, жетіледі.

Ж. Аймауытовтың пікірінше, адам бойында туа біткен табиғи қасиеттері, қабілеттері болады. Ал, оларды дамытатын оқыту мен тәрбие. Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді жасы үлкендер жеткілікті бағаламаса, ол «өзгелер сияқты» болып қалып қоюы мүмкін», – дейді [11]. 

Ғалымдар бала қабілетінің екі түрлі деңгейі болатынын алға тартады. Соның бірі шығармашылық қабілет. Ол жаңа нәрсені ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі [12].  Ол оқушыға бағыт-бағдар бере отырып, баланың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік жасауды талап етеді. Баланың өзінше жұмыс жасауы – шығармашылық қабілетті дамытудың бірден-бір жолы. Бұл оның тынымсыз ізденіс әрекетімен, ойлау қабілетінің жетілуімен тікелей байланысты. Ол үшін балаға берілетін білім жүйелілікті, бірізділікті талап етеді.

Оқыту үдерісіндегі басты талап - мұғалім мен оқушының өзара тығыз байланыста болуы. Ол үшін мұғалім өзінің барлық мүмкіндігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, қабілетін дамытуға бағыттауы, шығармашылық іс-әрекетіне толық мүмкіндік туғызуы қажет. Оқушы болса белсенділік, ұқыптылық, тапсырманы орындауда дербестілік танытуы, өзіне деген сенімділігі арқылы шығармашылық әрекетті қалыптастыруы тиіс. Сонымен қатар, оқушыға берілер тапсырмалардың барлыға шығармашылық сипатта болғаны жөн. Шығармашылық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне, олардың жеке қабілетіне сай келетіндей болуы тиіс.

Баланың шығармашылық ойлау қабілеті тәжірибелік жұмыстар барысында, тынымсыз ізденіс нәтижесінде дамиды. Оқушыларды шығармашылыққа баулудың бірден-бір жолы сабақ үдерісінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану. Осындай жағдайда мұғалім мен оқушы арасында түсіністік, ынтымақтастық ахуал қалыптасады. Бұл жерде мұғалім тек қана білім беруші емес, шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастырушы болады. Осындай іс-әрекеттің нәтижесінде баланың ақыл-ойы дамып, шығармашылығының жетілуіне мүмкіндік туады. 

Біздің пайымдауымызша, әрбір мұғалім сабақтан тыс уақытта  да оқушылардың шығармашылығының дамуына септігін тигізетін іс-шаралар  ұйымдастыруы тиіс. Іс-шара барысында, әрбір балаға өзіндік пікірін, көзқарасын білдіруге мүмкіндік берілуі керек. Бұндай іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастырып отыру оқушылардың шығармашылық ойлау мүмкіндігін дамытуға, оның бойындағы қабілетті жетілдіре түсіп, тіл байлығын байытуға, қиялын шыңдауға, өз бетінше іс-әрекет жасауға ықпалын тигізеді.

Сонымен, баланың шығармашылық ойлау мүмкіндігін үздіксіз дамуы, оның бойындағы талпыныс, жаңа білім алуға деген құлшыныстың күн өткен сайын жандана түсуі мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, оқытудың жаңа технологияларын шебер пайдалана білуіне тікелей байланысты. Осындай жағдайда ғана баланың жаңа білімге деген қызығушылығы артып, ғылыми дүниетанымының ауқымы толысып, блім қоры молая береді.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2010.

  2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан. -2003. -26 желтоқсан, - №332-333 (23632). 

  3. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы //Білім әлемі- 2011.- № 6.

  4. Назарбаев Н.Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік. // Егемен Қазақстан.- 2017.- 01 ақпан.

  5. Құнанбаев А. Шығармалардың толық жинағы. - Алматы, 1977.

  6. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі,1992.

  7. Тұрғынбаева Б.А. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.// Бастауыш мектеп.- №7.- 1997.

  8. Леонтьев А.Н. Потребности, мотивы,эмоция. –М., 2000.- 38с.

  9. Петровский В.А. Психология неадаптивной активности. – М.: ТОО «Горбунонк», 1992.

  10. Тәжібаев Т. Баланың психологиясының дамуы туралы ∕∕ Халық мұғалімі.-1998.–N3.-33-35 б.

  11. Аймауытов Ж. Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1989.

  12. Пиаже Ж. Психология интеллекта. –СПб.: Питер , 2003. -192 с.


ӘОЖ 371. 155.4

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Елтаев А.Ж., п.ғ.к., профессор,Зияханова М., магистр,

Қазахстан инженерлік-педагогикалық халықтар Достығы университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы


Summaru

In the article possibilities of the problem educating are examined in development of the creative thinking of students.

Резюме

В статье рассматриваются возможности проблемного обучения в развитии творческого мышления учащихся.

Кілттік сөздер: бастауыш мектеп, бастауыш сынып, оқушылар, балалар, жеке тұлға, шығармашылық, шығармашылық іс-әрекет, шығармашылық ойлау, ойлау, ойлау қабілеті, проблемалық оқыту.

Бүгінгі таңда тек кәсіби білікті азаматтар ғана елінің болашағын болжай алады, жарқын келешегін көре алады. Білімді азаматтары бар ел ғана өзінің даму жолында кез келген кедергілерден өте отырып, жаңа биіктерге жол таба біледі. Осы мәселе Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа дәстүрлі жолдауында тағыда нақтыланып отыр [1].  Қазіргі таңдағы технологияның даму деңгейі әрбір оқушының шығармашылық ойлау қабілетінің және іскерлігінің болуын талап етеді. Осы орайда оқушылардың шығармашылық тұрғыдан ойлауын дамыту, ғылыми дүниетанымы мен белсенділігін арттыру көкейтесті мәселенің бірі болып отыр.

Білім беру жүйесінің болашағы проблемалықоқытудың жетістіктерімен тығыз байланыста жатыр. Проблемалық оқытудың мақсаты да кең: ғылыми танымның нәтижесін меңгеру ғана емес сонымен қатар осы нәтижелерді алу процесінің жолдарында меңгеруді, және де оқушының танымдық өз беткейлігі мен оның шығармашылық қабілеттерінің дамуын қарастырады.

Сонымен, проблемалық оқыту – бұл алдыңғы педагогикалық тәжірибе мен дидактика дамуының жаңа деңгейі. Оның проблемалық аталу себебі, оқыту процесі проблемалық принцип негізінде ұйымдастырылады, ол оқыту мәселесін жүйелі түрде шешу – осы оқыту үрдісінің ерекше қасиеті.

Педагогикалық әдебиеттерге осы құбылыстың әр түрлі анықтамасы беріледі. В. Оконь проблемалық оқыту ұғымында «проблемалық жағдаяттарды ұйымдастыру, мәселелерді қалыптастыру, оқушыларға шешім қабылдауда қажетті көмек көрсету, осы шешімдерді тексеру және де алынған білімдерді жүйелендіру мен бекіту процесін ұйымдастыру әрекеттерінің жиынтығы» деп түсіндіреді [2].

И.Я. Лернер проблемалық оқытудың мәнін, «оқушылардың мұғалімнің жетекшілік ету барысында жүйелі түрде танымдық және тәжірибелік мәселелерді жаңа үлгіде шеше білуге үйрену негізінде» деп түсіндіреді [3].

Проблемалық жағдаяттар мен оқыту мәселесі проблемалық оқытудың негізгі ұғымдары болып табылады. Оқыту мәселені меңгерудің қисынды – психологиялық бейнелеуі ретінде түсіндіріледі, ақыл-ойлық ізденістің бағытын анықтайды, жаңа ұғымды немесе жаңа әрекет тәсілін меңгеруге жетелейді. Оқыту мәселесінің екі негізгі қызметі кездеседі:

1. ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтау, яғни мәселені шешуде оқушының іс-әрекетін анықтау;

2. оқушының жаңа білімдерді меңгеруде танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын, іс-әрекет мотивтерін қалыптастыру.

Мұғалім үшін бұл құбылыс оқушының танымдық іс-әрекетін басқару және оның ойлау қабілеттерін қалыптастыру құралы болып табылады. В.В.Фирсовтың пікірінше оқушының іс-әрекетінде бұл процесс ойлау құбылысын белсендіру түрткісі, ал оны шешу үрдісі – білімдерді тұжырымдарға алмастыру тәсілі болып табылады [4].

Проблемалық жағдаят - проблемалық оқытуды ұйымдастыру құралы болып табылады, бұл оқытудың танымдық қажеттілігін тудыратын және жаңа білімдер мен іс-әрекет тәсілдерін белсенді түрде меңгерудің ішкі шартын қалыптастырушы ойлаудың алғашқы баспалдағы.

Проблемалық оқытудың қазіргі теориясында проблемалық жағдаяттардың екі түрін жіктейді: психологиялық және педагогикалық. Оның біріншісі, оқушылардың іс-әрекетіне, ал екіншісі оқыту процесін ұйымдастыруға бағытталады.

Педагогикалық проблемалық жағдаяттар таным нысанының жаңалығын, маңыздылығын, қасиеттерін көрсететін мұғалім сұрақтары мен белсендіруші әрекеттер көмегімен жасалады.

Психологиялық мәселелік жағдаят құрастыру жеке түрде жүзеге асады. Аса қиын емес, аса жеңіл емес таным міндеті оқушылар үшін қиындықтар тудырмайды. Проблемалық жағдаят оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде: түсіндіру, бекіту, бақылау кезеңдерінде де жасала береді.

Мұғалім проблемалық жағдаят құрастырып, оқушыларды шешім қабылдауға бағыттайды. Осылайша, бала оқу бағытына қарай назар аударады және де нәтижесі ретінде онда жаңа білімдер қалыптасады, ол әрекеттің жаңа тәсілдерін меңгереді. Проблемалық оқытуды басқарудың бірден-бір қиындығы оның жекелік үлгіде жүзеге асатындығында. Сол себепті де мұғалім жекеше, дара түрде жол таба білуі қажет.

Проблемалық жағдаят арнайы әдістемелік тәсілдерді қолдану барысында жасалады:



  • мұғалім оқушыларды қарама-қарсылыққа қояды да, оны шешу тәсілдерін өздерінің табуына ұсыныс жасайды;

  • тәжірибелік іс-әрекеттің қарама-қарсылықтарын салыстырады;

  • бір мәселеге қатысты әр түрлі көзқарас үлгілерін жасайды;

  • сыныпқа құбылыстарды әртүрлі бағыттан қарастыруды ұсынады;

  • оқушылардың салыстыру, жалпылау, жағдаяттан қорытынды жасау, дәйектерді келтіру әрекеттерін орындай білуге ықпал етеді;

  • нақты сұрақтар қояды (жалпылау, негіздеу, нақтылау, қисынды талқылау мақсатында);

  • проблемалық теориялық және тәжірибелік тапсырмаларды анықтайды;

  • проблемалық міндеттер қояды (бастапқы мәліметтердің жеткіліксіздігі мен артықтығы; сұрақ қоюда белгісіздік; қарама-қарсы мәліметтер; жіберілген қателіктер; шешім қабылдау уақытының шектеулігі; психикалық инерцияны жеңу мақсатында).

Проблемалық технологияны жүзеге асыру үшін төмендегілер қажет:

  • ең өзекті де маңызды тапсырмаларды таңдау;

  • проблемалық оқытудың оқу әрекетінің әр түрлі үлгілеріндегі ерекшеліктерін анықтау;

  • проблемалық оқытудың тиімді жүйесін құру;

  • оқыту және әдістемелік қосымша құралдар мен жетекшілерді жасау;

  • оқушының белсенді танымдық әрекет етуіне ықпал ете алатын мұғалімнің жеке бағыты мен шеберлігі.

Проблемалық оқытудың негізгі функциялары жалпы және арнайы деп бөлінеді. Проблемалық оқытудың жалпы функцияларына:

  • оқушылардың ақыл-ойлық және тәжірибелік іс-әрекеттік білімдері мен тәсілдерінің жүйесін меңгерту;

  • оқушылардың танымдық өзбеткейлігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • оқушылардың дүниетанымдық негізгі ретінде диалектикалық-материалистік ойлауын қалыптастыру жатады.

Проблемалық оқытудың арнайы функциялары:

  • білімдерді шығармашылық түрде меңгеру дағдыларын тәрбиелеу (шығармашылық іс-әрекеттің қисынды тәсілдері мен жеке әдістерін қолдану);

  • білімдерді шығармашылық түрде қолдана білу дағдыларын тәрбиелеу (алынған білімдерді жаңа жағдаяттарда қолдану), оқыту мәселелерін шеше білу іскерлігін тәрбиелеу;

  • шығармашылық іс-әркеттің тәжірибесін қалыптастыру және жинақтау (ғылыми зерттеу әдістерін меңгеру, практикалық мәселелерді шешу) [5].

Проблемалық оқыту кез келген жағдайда бірдей деңгейде тиімді бола бермейді. Тәжірибенің көрсеткендей, проблемалық оқыту үрдісі оқушылардың әр түрлі деңгейде интеллектуалды қиындығы мен жаңа білімдерді меңгеруде танымдық белсенділігін де оятуы мүмкін. Шығармашылықтың түрлеріне сәйкес, проблемалық оқытудың үш түрін топтастыруға болады:

Бірінші түрі- теориялық шығармашылық - яғни бұл оқушының жаңа ереже, теорема, заңдылықтарды іздеп, аша білуі, оны теориялық түрде қолдана білуі. Оның негізінде теориялық оқыту мәселесін табу мен шешу әрекеті жатыр. Бұл көпшілігінде жекелік, топтық және фронтальды шешім қабылдауға бағытталған сабақтарда орындалады.

Екінші түрі – практикалық шығармашылық – бұл практикалық шешімді іздестіру құбылысы, яғни алынған білімді жаңа жағдаятта қолдану тәсілін іздестіру болып табылады. Ол зертханалық, практикалық сабақтар, пәндік қосымша сабақтарда орындалады.

Үшінші түрі – көркемдік шығармашылық – бұл шығармашылық қиял негізіндегі шындықты көркемдік бейнелеу болып табылады. Мұнда әдеби шығармалар, сурет салулар, музыкалық туындылар жазу, ойын құрастыру т.б. тапсырмалар орындалады. Бұл жұмыстар сабақта немесе сабақтан тыс уақыттарда орындалады.

Мұғалім мен оқушының өзара байланысының сиаптына қарай проблемалық оқытудың төрт деңгейін ажыратады:


  • әрекет ету белсенділігінің өзбеттіліксіздігінің деңгейі – оқушылардың мұғалім түсіндірулерін қабылдауы, мәселелік жағдаят шарттарында ақыл-ойлық әрекетінің бейнесін меңгеру; оқушының жеке тапсырмаларды орындауы;

  • жартылай өз беттілік белсенділігінің деңгейі оқушылардың бұрынғы білімдерін жаңа жағдаятта қолдана білумен және мұғалімнің қойған мәселелерін шешу тәсілдерін іздестіруге қатысумен сипатталады;

  • өз беттілік белсенділік деңгейі - репродуктивті- ізденіс түріндегі жұмыстарды орындау, оқушының кітап мәтіні бойынша өзі есептерді шеше алып, бұрынғы білімдерді жаңа жағдаяттарда қолдана білуі, орта дәрежедегі қиындықтардағы есептерді шеше алуы, өз бетінше гипотезаларды дәлелдей алуымен сипатталады;

  • шығармашылық белсенділіктің деңгейі- шығармашылық қиялды қажет ететін жеке жұмыстарды орындау, қисынды талдау мен дәйектер, оқыту мәселесін шешуде жаңа тәсілдер ашу; өз бетінше дәлелдей білу; өз бетінше қорытындылар шығару мен жалпылау, көркемдік шығармалар жазу, құрастыру.

Осы көрсеткіштер оқушылардың интелектуалды даму деңгейін сипаттайды және де оқушының оқыту үрдісінде алған даму көрсеткіштерінің көрнекті үлгісі ретінде қолдана алады.

Проблемалық оқытудың мәні мен ерешеліктерін қарастыру арқылы мұндай технологияны ұйымдастыру, шынымен де, оқушылардың ақыл-ойлық күшін, өз бетінше әрекет ете білуін, шығармашылық ойлауының дамытуға ықпал ете алатынын байқадық. Ол шығармашылық әрекетке даярлықтың қалыптасуына өз үлесін қосады, танымдық белсенділіктің, білімдердің саналылығының дамуына ықпал етеді, жайсыздықтың, формальдықтың пайда болуының алдын алады. Проблемалық оқыту:



  • білімдерді берік меңгеруді қамтамасыз етеді;

  • анализдік ойлауды дамытады;

  • оқушылар үшін оқу іс-әрекетін неғұрлым қызықты, әрі әрдайым қиындықтарға негізделген үлгіде болуына ықпал етеді;

  • ол білімдерді кешенді қолдануға бағыттайды [6].

Сонымен қатар, оқушыларды қарама-қарсылықтарды талдай білуге, шешім іздестіруге үйрететін проблемалық оқыту диалектикалық ойлауды қалыптастырушы тәсілдің бірі болып табылады.

Проблемалық оқытудың әлсіз жақтары ретінде төмендегілерді атауға болады:



  • оқу материалын меңгеруге үлкен уақытты жұмсау қажеттілігін;

  • тәжірибелік іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға арналған тапсырмаларды шешудегі тиімділігінің жеткіліксіздігін;

  • оқу материалын меңгеруде бұрынғы тәжірибеге сүйену принципін қолдану мүмкіндігі болмайтын жағдайдағы тиімсіздігін;

  • мұғалімнің түсіндіруін қажет ететін күрделі тақырыптарды қарастырудағы кемшіліктер.

Сонымен, проблемалық оқыту оқушылардың ақыл-ойлық күшін, өз бетінше әрекет ете білуін, шығармашылық ойлауының дамытуға мүмкіндік туғызады. Ол балалардың шығармашылық іс-әрекетінің қалыптасуына мүмкіндік береді, олардың танымдық белсенділігінің, саналылығының дамуына ықпал етеді. Проблемалық оқыту білімдерді берік меңгеруді қамтамасыз етеді, ойлауды дамытады, оқушылар үшін оқу іс-әрекетінің неғұрлым қызықты болуына септігін тигізеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Назарбаев Н. Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік. // Егемен Қазақстан.- 2017.- 01 ақпан.

  2. Оконь В. Гуманитарный аспект технологии обучения. // Современная высшая школа. – Варшава.-1977.-№1.

  3. Лернер И.Л. Теория современного  процесса обучения, ее значения для практики школ. -М.: Педагогика -1989.

  4. 3.Фирсов В.В. Дифференциация обучения на основе обязательных результатов обучения. - М., 1994.

  5. Эльконин Д.Б. Психология обучения младшего школьника. –М., 1978. -304 с.

  6. Нағымжанова Қ. Шығармашылық әлеуетті ынталандыру және қалыптастыру // Қазақстан мектебі – 2007- №4.



ӘОЖ 37013-05787

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
ҚИПХДУ-нің магистранты Жолдасова П.Ж.
Резюме

В статье рассматриваются роль семьи в формировании коммуникативных навыков.

Summary

Primary school in the educational process of the national-culturalvaluables

Республикамыздың тәуелсіздік алуына байланысты ұлттық дәстүр мен салттың, өнеге мен тәлімнің ерекше дамуына барлық мүмкіндіктер жасалып отыр. Халықтың ғасырлар бойы жасалған мәдениеті мен рухани әлемі қазір жандану үстінде. Елдің өткеніне, тарихына өзгеше көзқарас қалыптасуда, әсіресе бұл қажеттілік ұрпақ тәрбиесіне байланысты туындап отыр. Әр халық өзінің жас ұрпағы қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ержүрек, ізгі ниетті, ар-ожданы мол болып өссін деп армандайды, бұл мәселені өзінің тұрмыс-салтына байланысты шешіп отырады. Ол үшін ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталып, тұрмыс, өмір тәжірибесі сынынан өткен салт-дәстүрлерді педагогикалық әдіс-тәсіл ретінде қолданып келеді. Қай халықтың болсын ұлттық-мәдени құндылығына үңілсек, осыны көреміз.

Ұлттық-мәдени құндылықтарды оқу-тәрбие жұмысына енгізудегі басты мақсат: оқушыларды биік адамгершілікке, қайырымдылыққа, жоғары жауапкершілікке, өзінің ұлтын, халқын, Отанын қастерлеп, оған қалтқысыз қызмет етуге тәрбиелеу. Олардың білімге ынтасы мен қызығушылығын көтеру. Алған білімін табиғат, тұрмыс, өмір заңдылықтарымен байланыстырып, тәжірибеде қолдана білуге, ойлау қабілеттері мен тіл шеберліктерін дамытуға, тапқырлыққа, суырып салма шешендікке, әдемілік пен әсемдікке, алғырлық пен ептілікке, ерлікке, тұрмыс қажеттерін өздері өңдіретіндей кәсіптің түрін таңдай білуге, еңбекқорлық пен шынайы шеберлікке үйрету.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық мектептер ашылып, ондағы оқыту, тәрбиелеу бағдарламасына өзгерістер енгені бәрімізге белгілі. Сондықтан да халықтық педагогиканы сабақта, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында қолданып, оны оқушылардың бойына сіңіру - біздің басты міндетіміз. Ол үшін ұлттық білім беру жүйесінде негізгі мына екі бағытты ұстанғанымыз жөн.Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік, саяси және жаңа технологиялық өзгерістерден, ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім мен тәрбие жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап отырғаны мәлім. Осыған орай, бүгінгі таңда қоғамның ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуі жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып, оның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамыту көзделеді. Өйткені, еліміздің болашағы, оның материалдық және рухани дамуы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты.

Өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбек сүйгіш, абзал азамат болып өсуін армандаған қазақ халқы да бұғанасы қата бастағаннан-ақ қыз баланы үй сыпыру, төсек жинау, ыдыс-аяқ жуу, шай құю, ас пісіру, су әкелу, сиыр сауу, өрмек тоқу, іс тігу сияқты шаруашылықтың әр түріне, ал ұл балаларды қозы-лақ қайыруға, құлын ұстауға, мал бағуға, тай үйретуге, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне үйреткен.

Жастарға ән айтқызу, күй шерткізу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш, жұмбақ үйрету немесе теңге алу, аударыспақ, күрес тағы басқа ұлт ойындарын үйрету тәрбиенің өзекті мәселелері болған. Ал алтыбақан, шілдехана, қыз ұзату, келін түсіру сияқты ойын-тойларда немесе өлген адамға ас беру жиындарында өнер сайысы өткізіліп, жеңімпаздарға бәйге беріп, ел-жұрт болып мадақтаған. Қыз-жігіттер бас қосқан жерлерінде бір-біріне жұмбақ айтысып, ән салып, күй шертісіп, өнер сынасқан.

Кішіпейілділік, сыпайылық, ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау халықтық тәрбиеден ерекше орын алған. Жас ұрпақты өнер сұйгіштікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге баули отырып, елді қорғау, ар-намыс үшін қүресе білуге, өзінің дінін, ділін және тілін салтын сақтауға тәрбиелеу - біздің бірінші кезектегі міндетіміз.

Құндылықтар – тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар, ол шынайы болады, ол адамға тәуелді емес,дегенмен ол адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсініуге болады,соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді. Нақтырақ айтатын болсақ, ана тілі мен ұлттық дәстүрді құрметтейтін, дүниетанымы, ақыл ой парасаттылығы қалыптасқан, мақсат қоя алатын, сол мақсатқа жету жолында жауапкершілігі мол, мінез құлқы, айналадағы адамдарға қарым – қатынас мәдениеті жоғары, Отанын сүйетін, күрделі жағдайда нақты шешім қабылдай алатын, салауатты тұлға.

Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде бастауыш сыныпта атқаратын жұмысының орыны ерекше. Тәрбиені сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Ұлы Абай: «Бала мінез үш алуан адамнан жұғады: біріншісі - ата – анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан.» - деген екен. Қоғамға қызмет ететін болашақ жеткеншектерге сапалы білім мен өнегелі ұлттың тәрбие беру – ұстаздың басты парызы. Оқу мен тәрбие егіз. Оны бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Тәрбиенің өзі күнделікті сабақтың әр бір негізінде – ақ оқушы бойына сіңіре бастайды. Мақсатым – ұлттық құндылықтарын бойына сіңіру арқылы қалыптасқан тәні мен жаны сұлу, өзіне - өзі сенімді, халықтың салт – дәстүрін, ата заңын, тарихын құрметтейтін, елжанды, әлемдік бәсекеге қабілетті тұлғаның негізін қалау. Бастапқы білім, тәрбие негізін салу.

Міндеттері:

1. Оқушының ұлттық сана сезімін қалыптастыру.

2. Ана тілі, діні, оның тарихы, мәдениеті, өнері, салт – дәстүрі, рухани мәдени мұраларды қастерлеу.

3. Оқушы бойына жанаршылық сезім, намысшылдық тәрбиесі, ұлттық мінезді қалыптастыру.

4. Сабақты, сыныптан тыс шараларды тартымды, ұтымды ұйымдастыру.

5. Оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу.

Бұл мәселенің өзектілігі – халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтарымыз жойылып кету алдында тұр. Бүгінгі оқушының рухани байлығы төмен, ұлттық санасы өзгеріп барады. Сондықтан оқушының бастауыш сыныптан санасына құятын, тәлім – тәрбие негізі қаланатын ошақ – мектеп. Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:

- белсенді қарым – қатынас:оқушы мен мұғалімнің әр бір мәселеде өз көзқарастарын білшдіріп отырады;

- Индивиттік мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам

алдындағы жауапкершілігінің болуы;

- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;

- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу,бір – бірінің пікірлерімен ерекшелігін құреттеу.

Ғылыми теорияға, зерттеу еңбектерге сүйіне отырып, бастауыш сыныптағы оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру моделін екі бағытта құрдым.

1 моделі – Оқушының идеалы, сенімі өзін - өзі тану құндылық ұғымын түсінуі.

2 моделі – оқушыға ақпарат беру, қызығушылығының туғызу. Бағалау – салыстыру, мәнін ашу, ұлттық құндылық ұғымын меңгеруі болды. Мектеп табалдырығын бүлдіршін аттағаннан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап,тәрбие сағаттарында, оқыту үрдісінде қазақ зиялы қауымның еңбектерінің, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы олардың бойына адами құндылықтарды қалыптастыра аламыз. Сондай – ақ ұлттың салт сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырым – тыйымдар, жөн – жорағылар, діни ұғымдар, сенімдер, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтың міндеті арқылы ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып, ұлттық қасиеттерге айналады. Бала бойына ұлттық құндылықтарды дамытудағы негізгі құралдарға мыналарды жатқызуға болады:

1.Оқыту үрдісі;

2.Сыныптағы тәрбие сағаттары;

3.Тәрие шаралары (пікір талас,кездесулер);

4.Саяхат жасау;

5.Кітап оқу;

Бастауыш сыныпта ұлттық құндылықты қалыптастыру ана тілі, математика, бейнелеу өнері сабақтарында жүзеге асырылады. Сабақ – тәрбиеден бір еліде бөлінбейтін біртұтас үрдіс. Мұғалім оқушының өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиеттер – адамзаттың құндылықтары мен, біліммен қамтамасыз етеді. Мұғалім міндеті – оқушының жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару. Әр бір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту. Мұғалімнің сабақты ұйымдастырар алдындағы жауапты ісіне деген құштарлығын оятатын, бойындағы бар қабілет мүмкіндігін жарыққа алып шығатын күш – осы рухани – адамгершілік құндылықтар. Мұғалім баламен кездескен сәттен бастап, оның үйіне қайтатын уақыта дейінгі кезеңде (сабақты ұйымдастыру, оны өткізу, үзіліс кезінде, тәрбие сағаттары, жекелей әңгімелесу т.б) баламен тікелей қарым – қатынас екенін, орны мен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәтте естен шығармағаны абзал, сонда ғана жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едеуір табыстарға қол жеткізе алады.

Рухани – адамгершілік құндылықтардың маңызын айқындау көбінесе әдебиеттік оқу сабағында жүзеге асырылып жатады. Мысалы: С.Мәуленовтің «Мен елімді сүйемін» шығармасын талдап көрейік. Сабақтың барысында – оқушыларды әңгімеге тарта отырып, олардың ой жүйісін тақырып мазмұнына қарайикемдеймін.Сабақтыбастамаз бұрын туған жер туралы түсіндіремін. Мәтінді іштей оқытып, әңгімені әрі қарай өрбітемін. Өздерінің туған жерін сұрай отырып, туған жерге деген сағынышын қалай жеткізетінін тыңдау. Бұл жерде мұғалімнің асқан шеберлігі, жауапкершілігі қажет. Біріншіден, мұғалімнің өзі туған жерді сағынып тұрған күй кешпей, оқушыға туған жердің қадір қасиетін жеткізе алмайды. Сөйтіп, олардың туған жерлері туралы жан – жақты ойлануына мүмкіндік бере алмайды. Екіншіден, бастауыш сынып оқушыларының әлі туған жерден алысқа шығып көрмеген, оның сағынатындай күй кешпеген жағдайларыда бар екенін ескеру қажет. Ол үшін мұғалім сол жердің оқушы көңілін аудармай жүрген сұлу табиғаты, жері, суы, жан – жануарлар туралы тамсандыра әңгімелеп берсе тіптен жақсы. Оқушылармен шығарманы таңдағанда мынадай сұрақтар беріледі:

1.Туған жер адамды несімен тартады?

2.Туған жерге деген сағыныш қалай пайда болады?

3.Туған жерсіз адамның күні жоқ дегенді қалай түсінуге болады?

Бұл сұрақтар туған жерді сақтау проблемасын, оның қорғаудың ерекшелігін, туған жер ата – бабаның ежелгі қонысы екендігі туралы әңгіме ұласуы мүмкін. Соңынан ой толғау немесе шағын шығарма жаздыруға ұласса тіптен жақсы. Бір шығарма жақсы, екіншісі нашар деп бағалауға болмайды. Керсінше, мұғалім мадақтап жіберсе оның, шабыты тасып оданда мағыналы шығарма жазып келуі мүмкін. Міне, біздің оқушыдан күтетінімізде осы. Бұл жанқұмарлығын қанағаттандыруға жасалған әрекет болып табылады. Яғни, оқушының өзінің ой – пікірі жарыққа шықты, ол оқушы өз туған жерінің қадірін түсінді. Оны сүюге, құрметтеп қадір тұтуға үйренді. Бойына елжандылық қасиет пайда болды.

Бала тәрбиесі қай заманда, қай қоғам үрдісінде болсын үздіксіз ізденуде ізгі мұрат екені баршаға аян. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлаумен бала бойында үнемі үйретілетін ізеттілік, қайырымдылық, әдептілік, елін-жерін сүюшілік асыл қасиеттері салт-дәстүрден бастау алатыны белгілі. Әр халықтың көне заманнан бері келе жатқан өзіне тән әлеуметтік мәдени мұралары бар.

Қорыта айтар болсақ, ұлттық-мәдени құндылықтарымыз әрдайым үздіксіз тәрбие мәселесінде адамгершілік, бауырмалдық, туыстық, қайырымдылық қағидаларын басшылыққа ала отырып үлкен мен кіші, ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастық педагогикасын дәріптегендіктен, қазіргі ғылыми педагогика қағидалары да халықтық тәлім-тәрбиеден нәр алғанының айқын айғағы болмақ.



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Табылдиев Ә. Қазақтың халық педагогикасы және тәрбие. –Алматы: Қазақ университеті, 1991.

  2. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992.

  3. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. –Алматы; Санат, 1995.

  4. Берікұлы Ниетжан «Педагогика» Ақтөбе - 2004 ж.

ӘОЖ 364.025. 003 (574.5)

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ КӨКӨНІС ЖӘНЕ ЖЕМІС-ЖИДЕК ІШКI КЕШЕНIН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ТЕТІКТЕРІ
Ысқақ Н.П.

докторант, «Адам» университеті, Бішкек қ., Қырғызстан.



Култаев Е.

«Экономика» мамандығының 2-кур магистранты Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті, Шымкент қ. Казахстан.


Резюме

В данной статье рассморены основные механизмы формирования и развития овощного и фруктового внутреннего комлекса на южных регионах Казахстана.

Кілтті сөздер: көкөніс және жеміс-жидек ішкіә кешені, шаруашылық кәсіпорындары,улы химиялық заттар, қожалықтар, шарап өндірісі, машина-технологиялық бекеттер, консерві зауыты.

Көкөніс және жеміс-жидек ауа райы жағдайына, суға, топырақтың егу алдындағы өңделуiне, түрлi-түрлi тыңайтқышқа, жинау әдiсiне, тұқымның сапасына үлкен талап қояды. Оның әр гектардан алынатын түсiмi мен сапасы көбiнше егiстiң өндiру технологиясына сай күту және жинау жұмыстарының уақтылы жүргiзiлуiне байланысты.

Қазiргi кезде көкөніс және жемiс-жидек өндiретiн ауыл шаруашылық құрылымдарының өндiретiн өнiмнiң жоғары өнiмдiлiгiн қамтамасыз етуiне қажеттi мүмкiндiктерi төмен. Себебi ауыл шаруашылығы өндiрiсiн қайта қалыптастыру және жекешелендiрудiң нәтижесiнде көптеген көкөніс және жемiс-жидек өндiретiн, тұқым дайындайтын, маманданған кеңшарлар мен ұжымшарлар тарқап кеттi, олардың орнына шағын ауыл шаруашылық кәсiпорындары мен шаруа қожалықтары келдi. Кеңшарлар мен ұйымшарлардың арнайы жемiс-жидек, жүзiм және көкөнiс өндiретiн техника мен құрал-жабдықтары талан-таражға салынды. Жемiс-жидек, жүзiм және көкөнiс өндiруде оның өндiру технологиясына, тұқым сапасына, тыңайтқышқа және басқа жоғарыда айтылған жағдайлардың көбi назардан тыс қалды.

Өкiнiшке орай, маманданған кеңшарлардың орнына келген әртүрлi жаңа құрылымдардың, ауылшаруашылық техникасын, көлік құралдарын, минералды және органикалық тыңайтқыштарды, өсiмдiктердi қорғайтын улы химиялық заттарды, жанар-жағар май материалдарын қажеттi көлемде алатын қаржыларының жетiспеушiлiгiне байланысты болды.

Көкөніс және жемiс-жидек iшкi кешенiнiң материалдық–техникалық базасы түпкiлiктi үзiлдi, тұқым тазалау кәсiпорындары мен кейбiр көкөніс және жемiс-жидек өңдеу зауыттары өз жұмысын тоқтатты. Қазақстанда, соның салдарынан көкөніс және жемiс-жидек өндiретiн шаруашылықтарда жұмысшылардың көбi жұмыссыз, ал шарап және консервi өндiретiн өңдеу кешендерi шикiзатсыз қалды.

Алдынғы экономикалық байланыстар үзiлгеннен кейiн республика бойынша көкөніс және жемiс-жидектiң егiс көлемi екі есеге қысқарып, әр гектардан алынатын түсiм төмендедi, өндiрiлген шарап және көкөнiс консервiсiнiң көлемi 2,5 есеге азайды.

Қазақстан тұрғындарының көкөніс және жемiс-жидек консервiсiне деген қажеттiлiгi импорттық шетел шарап және консервiлерiмен толықтырылып, азық-түлiк қауiпiн туғызды.

Өндiрiлген көкөнiс және жемiс-жидек көлемi азайғанымен оны өңдейтiн кәсiпорындардың өндiрiстiк қуаты сол күйiнде қалды. Дегенмен көкөнiс және жемiс-жидек өндiрiсiнiң егiс көлемiнiң қысқарып, оның өнiмдiлiгi мен сапасының төмендеуi, өңдейтiн консерiвi мен шарап зауыттарының жұмысына өз ықпалын тигiзбей қоймайды. Өзбекстан мен Қырғызыстаннан шарап шығару үшiн импорттық шарап шикiзат-материалдарын көп көлемде сатып алып жатқандығына қарамастан ұлттық шарап және консервi өндiретiн кәсiпорындардың өндiрiстiк қуаты толық көлемде пайдаланылмауда. Оңтүстiк аймақтардағы iрi-iрi шарап және консервi зауыттардың, қазiргi таңда 40-65% өндiрiстiк қуаты пайдаланбауда, яғни көкөнiс және жемiс-жидек өндiру және өңдеу көлемдерiнiң арасында үйлеспеушiлiк пайда болды, ол жалпы, шарап және көкөнiс өнiмдiк iшкi кешенiнiң тиiмдi жұмыс жүргiзуiне үлкен әсерiн тигiздi.

Аймақтық және республика деңгейiнде тұрғындардың жемiс-жидек, жүзiм және көкөнiс, шарап және консервiге деген қажеттiлiгiн толық қанағаттандырып iшкi және сыртқы нарықты қамтамамыз етуiн және шарап пен көкөнiс консервiсiн өңдеу зауыттарының толық қызмет атқаруын қамтамасыз ету үшiн, жемiс-жидек, жүзiм және көкөнiс өндiру көлемiн алдынғы қалпына келтiру, жоғарыдағы айтылған мәселелердi шешу жолдарын қарастыру қажет [1,26].

1 суретте жүзiм-шарап және көкөнiс консервiсi өнiмдiк iшкi кешенiн қалыптастырудың жобалық құрылымы ұсынылып отыр. Бұнда шарап және көкөнiс-консервiсi iшкi кешенi, көп сатылы технологиялық үрдістi, яғни жемiс-жидек, жүзiм және көкөнiс өндiруге қызмет көрсету, жемiс-жидек, жүзiм және көкөнiс өндiру, оны өңдеу, дайын жемiс-жүзiм шарабын және көкөнiс консервiсiн сатуды және т. б. қамтиды.

Жемiс-жүзiм шарапы және көкөнiс-консервiсi өнiмдiк iшкi кешенiн агроөнеркәсiп өндiрiсi құрамынан бөлiп, оны жүйе түрiнде қарастырудың маңызы үлкен. Мұндай әдiс, назарды агроөнеркәсiптiң жекеленген салаларының дамуына емес, олардың қызметiн, тұрғындардың азық-түлiкке деген нақты қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн, белгiлi бiр деңгейде өзара байланыста болған кешен түрiнде қарастыруға қаратылады

Жемiс-жүзiм шарапы мен көкөнiс-консервiсi өндiрiстiк iшкi кешенiнiң, оның қалыптасуының негiзiн құрайтын шикiзат – жемiс-жидек, жүзiм және көкөнiстiң өзiндiк ерекшелiктерiмен анықталатын күрделi құрылым. Жемiс-жүзiм шарапы мен көкөнiс-консервiсi iшкi кешенiн қалыптастыру, оның даму бағытын анықтау, шаруашылық тетіктерiн жетiлдiру, тиiмдiлiгiн жоғарылатудың және т. б. сол сияқты мәселелердi шешу – қазiргi таңда үлкен өзектi мәселе болып саналады .




I САЛА

Қызмет көрсететiнұйымдар



жүктеу 9,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау