Мазмұны кіріспе



жүктеу 146,24 Kb.
Дата14.01.2018
өлшемі146,24 Kb.
#7545

МАЗМҰНЫ
Кіріспе

1 Тақырып. Уытты заттармен ластанған аймақтағы жауын-шашындардың

уыттылығы мен қышқылдылығын анықтау. Жауын-шашынның

уыттылығын, рН мәнін анықтау.

2 Тақырып. Ауыр металдар тұздарының өсімдіктер мен жануарлар

ақуыздарының коагуляциясына әсерін зерттеу.



3 Тақырып. Адам ағзасына экотоксиканттардың әсерін зерттеу.

Қоршаған ораның негізгі уытты заттары. Қоршаған ортаның

экологиялық жағдайын жақсарту тәсілдері.

4 Тақырып. Уытты металдардың ағзаға әсер етуін зерттеу.

Уытты металдар олардың қоршаған ортаға, тірі ағзаларға түсу

көздері, және олардан сақтану жолдары.

5 Тақырып. Жапырақтардың көмегімен топырақ, су, пестицидтердің

уыттылығын анықтау. Күкірт газының ортаға әсерін тексеру.



6 Тақырып. Ауаның ластануынан тәулік аралығында халықтың алатын

жиынтық жүктемесін (нагрузка) анықтау.



Әдебиеттер тізімі

Кіріспе
«Биогеохимия және экотоксикология» пәнінен зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқауларда қоршаған ортаның экологиялық жағдайына кешенді баға беру тәсілдері қамтылған. Зертханалық жұмыстар 4 семестірде студенттермен орындалатын оқу түрі ретінде қарастырылған.

Әдістемелік нұсқаулардың мақсаты- студенттерді табиғи орта жағдайының және азық-өіндерінің сапасын бағалау және бақылаудың әртүрлі әдістеріне үйрету, қоршаған ортадағы уытты заттарды анықтау тәсілдерімен таныстыру.

Әдістемелік нұсқаулардың негізін кешендік тәсілдер құрайды, яғни барлық зертханалық жұмыстар шынайы табиғи нысандарды зерттеуге арналған, сирек кездесетін немесе күрделі құралдарды қолдануды талап етпейтін стандартты әдістемелер алынды. Әдістемелік нұсқауларда қоршаған ортаның сапа стандарты, уытты заттармен ластанудың негізгі көрсеткіштері, қоршаған орта сапасының уыттылық критерилері берілген.

Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар экология және негізінен биологиялық мамандықтарында іштей және сырттай оқу түрінде оқитын студенттер үшін арналған.

Әдістемелік нұсқаулар пәннің жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылды.

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Уытты ауыр металдардың ағзаға әсерін зерттеу

Мақсаты: уытты металдардың қоршаған ортаға және адам ағзасына уыттылық әсерін зерттеу, сонымен қатар Уытты металдар олардың қоршаған ортаға, тірі ағзаларға түсу көздері, және олардан сақтану жолдарын қарастыру.

Биогенді элементтер дегеніміз – бұл өмірге аса қажетті элементтер. Кейбір заттар аз мөлшерде пайдалы да, көп мөлшерде зиянды болып келеді. Бұларға мыс жатады. Көптеген элементтер организмге қажетсіз, қандай мөлшерде болса да, улы болып келеді. Бұл топқа: қорғасын, кадмий, алюминий және сынап жатады. Бұл металдар адамның денсаулығын бұзады (төменде келтірілген кестені қараңыз). Сондықтан организмге улы металдардың түсуінен сақ болу керек.


Уытты металдар


Қорғасын: көздері, эффектілері, қорғану әдістері

КӨЗДЕРІ


авиациялық двигательдердің қалдықтары

инсектицидтер

қорғасын негізіндегі майлы бояулар

қорғасыннан жасалған немесе жамылғысы қорғасын құбырлар

-сүйек ұнтақтарынан жасалған тыңайтқыштар

-шаң және қорғасын негізіндегі бояулар



құрамында қорғасыны бар автомобиль отыны

автомобиль аккумуляторлары

кеннен қорғасын алу процесі

-фарфордағы керамикалық жамылғылар

автомагистральға жақын жерде өсірілген көкөністер

-темекі түтіні

припон

ПОТЕЦИАЛДЫ ЭФФЕКТІЛЕР

іш айналасындағы спазмалық аурулар

Нәресте дамуымен жетілуінің бұзылуы

анемия

D дәруменінің синтезге әсері

артрит

бүйрек ауруы

қозғыштықтың жоғарлауы

бауыр ауыруы

шамадан тыс шаршау

психикалық аурулар

синтезге гемоглобиннің әсері

тәбеттің жоғалуы

әйел адамдарда бала туу функциясының бұзылуы

жалпы әлсіздік, неврологиялық зақымдалу

параличтер

иммунитет әлсіреуі

ҚОРҒАНУ ӘДІСТЕРІ

-В тобының дәрумендері

-кальций


-пектиндік қосылыстар

-С дәрумені

-магний


-натрий альгинаты

-D дәрумені

-цинк


-орамжапырақтың түрлері

Сынап:көздері, эффектілері, қорғану әдістері


КӨЗДЕРІ

химиялық тыңайтқыштар

мазьдар

ірі балықтардың ластанған түрлері, амальгаманың пломбылары

кейбір косметикалық құралдар (әсіресе теріні жұмсартатын кремдер)

пестицидтер

дәрі-дәрмек

жарылғыш заттар

фунгицидтер

Фотопленкалар

пластмассалар

өндірістік қалдықтар

су эмульсионды бояулар

ПОТЕНЦИАЛДЫ ЭФФЕКТІЛЕР

әртүрлі аллергиялық реакциялар

бүйрек ауруы, депрессиялық күй

-артрит

-салмақты жоғалту



-туа біткен дефектілер

Эпилепсияға, инсультке және склероздың кеңейтілген түріне әкеліп соғатын, неврологиялық зақымдалулар

-мидың іс-әрекетінің бұзылуы

иммундық жүйенің әлсіреуі

шынтақ және дізе бөліктерінің дәнекер ұлпасының зақымдануы

ұрық дамуына кері әсерін тигізу

көрудің нашарлануы, катаракта, соқырлық

лейкоциттердің санының азаюы

ҚОРҒАНУ ӘДІСТЕРІ

-тағам талшықтары

-жақсы тамақтану

-орамжапырақтың түрлері

-селен


Кадмий: көздері, эффектілері, қорғану әдістері


КӨЗДЕРІ

темекі түтіні

ауаның өнеркәсіптік ластануы

тыңайтқыштар

металлургия

топырақтың құнарлы қабаты

пештен шығатын түтіндер




астық тұқымдастардың дәні

ПОТЕНЦИАЛДЫҚ ЭФФЕКТІЛЕР

антиденелерді басу

кальций метоболизмінің бұзылуы

терінің кебуі

бүйрек аурулары

жүрек аурулары

шаштың түсуі

гипертония

организмде цинктің жоғалуы

ҚОРҒАНУ ӘДІСТЕРІ

С дәрумені және басқа антиоксиданттар

орамжапырақтың түрлері

тағам талшықтары

селен

кальций

мырыш


Алюминий: көздері, эффектілері, қорғану әдістері


КӨЗДЕРІ

алюминий қалбыры

асханалық ыдыс-аяқтар

дезодоранттар

алюминий фольгасы

антитотықтандыру

ішетін су

үнтақтар

табалар

ас тұзы

сырдың кейбір түрлері

ПОТЕНЦИАЛДЫҚ ЭФФЕКТІЛЕР

анемия, кальцийдің төмен деңгейі

қалқанша безінің функциясының бұзылуы

Алцгеймер ауруы, колит

Нерв жүйесімен ми клеткаларының өзгерісі

Жас өспірімнің агресивтілігі, неврологиялық өзгерістер

Балаларда қозғыштықтың жоғарлауы

Қос қалқанша безінің қабырқануы

бас ауруы


Қорытындылар мен нәтижелерді өңдеу


Тапсырмалар:

1) Өте кең таралған улы заттар туралы берілген мәліметтерді қолданып, адам мен табиғи ортаның улы зат көздерінің өзара байланысының жобасын сызыңыз:

Ауа. Өсімдік. Топырақ. Жануарлар. Адам. Су. Улы зат көздері.
2) Табиғи орталар арасындағы металдарды тасымалдау жобасын сызып алыңыз:

Топырақ. Ауа. Өзендер.Мұхит.


3) Адам ағзасына және тірі ағза құрамына улы металдардың түсу жолдарын анықтап, қауіпсіздік шараларын құрастыра отырып, қорытынды жасаңыз.
Әдебиеттер:

1. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология.- М.:1998.

2. Арский Ю.М., Данилов-Данилъян В.И., Залиханов М.Ч., Кондратьев К.Я.,Котляков В.М., Лосев К.С. Экологические проблемы:Что происходит, кто виноват и что делать?- М:1997

3. Ильин В.Б. Тяжелые металлы в системе почва – растение.- Новосибирск: 1985

4. Кадмий: экологические аспекты/ ВОЗ.- М.: Медицина,1994

5. Федоров Л.А. Диоксины как экологическая опасность: ретроспектива и перспективы.- М.:1993


3 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Адам ағзасына экотоксиканттардың әсерін зерттеу

Мақсаты: Қоршаған ортадағы экологиялық токсиканттарды және олардың адам ағзасына әсерін анықтау. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсарту жолдарын қарастыру.

Адам өміріне, антропоэкожүйедегі әлеуметтік –экономикалық жағдайын бағалау кезіндегі, ең маңызды критерийлердің бірі- тұрғындардың тамақтану жағдайы. Тамақ сапасына әсер ететін, маңызды факторлар: астық өнімдерін өсіру технологиясы, оларды сақтау әдістері, қайта өңдеу, тұтынушыларға жеткізу, сонымен қатар, асты дайындау, оның құндылығы және т.б. болып табылады.

Өсімдік және жануарлар өнімдеріндегі радионуклидтер, пестицидтер, ауыр металдар, нитриттер, нитраттардың кездесуі, азық- түлік өнімдерінің сапасы қаншалықты ауыл шаруашылық өнімдерін өсіру жағдайына, ауылшаруашылық жануарларының тамақ рационына байланысты және бұл жағдайларды антропоэкологиялық зерттеулерде есепке алуға байланысты көптеген мысалдар келтірілген.

1 және 2 кестені мазмұнын қарастырыңыз. 2 кестенің ақырғы қатарын қауіпті заттардан қорғау бойынша толықтырыңыз.

1 кесте

Қоршаған ортаның негізгі экотоксиканттары




Атауы

Көздер


Организмге әсері

Қауіпті заттардан қорғану

1. Ұшқыш органика

-лық қосылыс-тар



Еріткіштер, бояулар, желімдер, пестицидтер, консерванттар, дезинфекциялаушы құралдар

Құрамында хлоры бар еріткіштер – ісік, рак;құрамында галоген бар көмірсулар –жүйке жүйесі және жүрекке, бүйрек пен бауырлардың зақымдалуы,организмде, иммунитет төмендеуіне әсер ететін мутация пайда болуына әсер ететін диоксиндердің пайда болуы.

Қауіпті заттар көздерін пайдаланудан бас тарту; жақсы желдетілетін бөлмелерде жұмыс істеу.

2.Формальдегид

Желімдер, жинақталған плиткалар.

Рак, тыныс алу мүшелерінің ауруы, бас айналу.

Формальдегидті жақсы сіңіретін бөлме өсімдіктерін өсіру, панельдерге табиғи шайырлармен жабу.

3.ДДТ және басқа пестицид-тер.

Пестицидтің барлық түрлері

Организмде, белгіңіз қосылыстар шығаратын, көптеген заттармен реакцияға түсуі. Олардың көбі канцорогендер болып табылады.

Су тазалау үшін фильтрлер қолдану, жерді өңдеуде пестицидтерді қолданудан бас тарту.

4. Жану өнімдері: СО,СО2 ,NO2,SО2 жӘне т.б.

Темекі және папирос түтіні, газ түтіні, газ плиталар, автомобильдер газы.

Тыныс алу жүйесінің ауруларының пайда болуы, рак, бас аурулары.

Шылым шегуден бас тарту, бөлмелердің жақсы желдетілуі, автокөлік жұмыстарын қадағалау.

5.Шаң –тозан.

ЖЭО, дизельді көлік, қоқыс жандыру, тазалау құралдары жоқ мекемелер.

Аллергиялар, тыныс алу мүшелерінің ауруы.

Желдеткіштерде шымылдықтар құру, бөомеде таөалық жүргізу.

6.Асбест.

Құрылыс материалдары, жылу изоляторлары

Аллергиялар, тыныс алу жүйесінің аурулары

Құрамында асбест бар құралдарды арнайы пленкалармен жабу.

7. Ауру тудырғыш бактекериялар.

Ластанған және шаң басып кеткен бөлмелер.

Ішек қарын аурулары

Ыстық су мен сабынмен жуыну, азық –түліктерді жабық ыдыстарда сақтау.

2 кесте

Экологиялық жағдайларды жақсарту





Орта факторлары

Факторлардың қолайсыз әсерлері

тұрғын жерлердегі температураның төмендеуі

Энергияның шығыны,жылуды жоғалту.

Косметика мен парфюмерия:иіс су, кремдер, сабын су және т.б.

Аллергиялық реакциялар. Ескі залаптағы висмут қосылыстарының және майлардың уытты әсері. Мырыш қосылыстарының уытты әсері.Дерматиттер, өкпе аурулары. Кілегейлі қабықшаның тітіркенуі.

Жуғыш құралдар: кір жуу ұнтақтары.

Аллергиялар, катаральды өзгеруі, кілегейлі қабықшаның тітіркенуі.

Тазалау құралдары: терезені тазалау, құбырларды тазалау аппараттары, аяқ киім кремі.

Нашақорлық эффект, изопропанолдың уытты әсері,тері мен кілегей қабықшаның сілтімен зақымдануы.

Ағартушы және дезинфекциялаушы құралдары.

Тері мен кілегей қабықшаның тітіркенуі, сол сияқты формалиннің канцорогенді әсері.

Пестицидтер

Уытты заттар

Құрылыс материалдары: желім, майлы бояулар, майлы лактар, линолеум, ДСП.

Тері мен кілегей қабықшаның тітіркенуі. «Момент», «Феникс» нерв жүйесін зақымдайды.Ауыр металдардың және органикалық еріткіштер, канцорогенді заттардың уытты әсері.Химиялық талшықтар электрленуі, ылғалды нашар сіңіреді, уытты қосылыстар бар.

Қораптар: металдық, полиэтиленді, көп қабатты және т.б.

ҚО ластануы, қымбат материалдарды жоғалту. Қайта өңдеуге жарамсыз.



Қорытындылар мен нәтижелерді өңдеу


Ас тізбегі бойынша, адам организміне ПХДД және ПХДФ (полихлоринді диоксин, дибензофурандар) түсу жобасын сызып алыңыз:

● Құрамында уытты заттар бар, ағын сулар;

● Су (өзен, көл, теңіз);

● Балықтар;

● Құрамында хлорорганикалық заттары бар, өнімді өндірумен байланысты және шлак қалдықтарды жандырумен байланысты көздерден газды қоспалары;

● Өсімдіктер (шөп, астық тұқымдастар және т.б.)

● Топырақ;

● Көкөністер мен жемістер;

● Үй жануарлары, малдар;

● Сүт, май, ет, жұмыртқа және т.б.


Аурулар деңгейі ең жоғарғы екі- үш аудан немесе қалалық ортаның абиотикалық, биотикалық және антропогенді факторларын сипаттап, сәйкесінше қорытынды жасаңыз.
Әдебиеттер:

  1. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология.- М.:1998.

  2. Арский Ю.М., Данилов-Данилъян В.И., Залиханов М.Ч., Кондратьев К.Я.,Котляков В.М., Лосев К.С. Экологические проблемы:Что происходит, кто виноват и что делать?- М:1997

  3. Ильин В.Б. Тяжелые металлы в системе почва – растение.- Новосибирск: 1985

  4. Кадмий: экологические аспекты/ ВОЗ.- М.: Медицина,1994

  5. Таланов Г.А., Хмелевский Б.Н. Санитария кормов: Справочник.- М.:1991

  6. Федоров Л.А. Диоксины как экологическая опасность: ретроспектива и перспективы.- М.:1993

1 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Уытты заттармен ластанған аймақтарда түсетін жауын-шашынның қышқылдығын және уыттылығын анықтау
Ортаның әр түрлі жағдайларында жауын-шашынның қышқылдығы мен улылығы әр түрлі болады. Металлургиялық зауыттар әсер ететін аймақтарда олар қышқыл болып келеді. Жауын-шашын – атмосфераға сілті бөліп шығаратын мекемелер аймақтарында, сол сияқты топырақтар тұздыланған сілтілі территорияларда сілтілі де болады екен.

Құралдар, реактивтер, материалдар


  1. Метеоалаңдағы қалдық өлшегіш немесе жинау және сақтауға арналған ыдыс;

  2. буландырғыш чашкалар;

  3. су моншасы;

  4. Петри чашкасы;

  5. Сүзгіш қағаз;

  6. Пинцет;

  7. Индикаторлық қағаз;

  8. әр түрлі ұсақ тұқымдар.

Жұмыс барысы


Жауын-шашынды өлшегішпен жинайды (егер де ондай құрылғы бар болса). Оларды сол сияқты жауын кезінде, әр түрлі жерлерде, кең ыдысқа, мысалы, кристаллизаторларға жинап алуға болады. Жаңа жауған қарды да қолдануға болады. 600 мл жауын суы (3 рет қайталап) сұйықтың жаңа порцияларын біртіндеп қоса отырып, сулы моншада, буландырғыш чашка ішінде буландырады. Буландырғыш чашкалардың орнына кішірек ыдыстарды, ал сулы моешаның орнына түбіне су құйып, терең консервтік банкіні қолдануға болады. Жаңбыр суын буландырғаннан кейін чашкаға тамшалап дистилденген суды қосады да, шыны таяқшамен араластырады және оның барлығын пробиркаға құяды. Судың жаңа тамшыларымен (3 рет) чашканы толығымен тазартады. Пробиркадағы сұйықтық көлемі 6 мл құрау керек (концентрация 100 есе ұлғаяды немесе өседі).

А. Жауын-шашынның рН мәнін анықтау


Бұл үшін пробиркадағы сұйықтықтың 1 мл пайдаланады. РН-ты анықтау үшін сұйықтыққа индикаторлық қағазды малып, өзгерген түсті индикаторлық қағаз қорабының шкаласымен салыстырады. Қалдықтардың келесі градациялары қолданылады, рН: өте қышқыл (3-4), қышқыл (4-5), баяу қышқыл (5-6), нейтралды (6-7), аз сілтілі (7-8), сілтілі (8-9), аса сілтілі (9-10).

Б. Жауын-шашынның уыттылығын анықтау


Жауын-шашынның концентрлген сұйықтығы (5 мл жуық) олардың уылылығын анықтау үшін қолданылады. Петри чашкасын стерилдейді (1500-2000С температура кезінде кептіргіш шкафта), олардың түбіне сүзгіш қағаздарды салады, оның үстіне 5 мл сұйықтық құяды. Фильтрлерге: салаттың, мактың, редистің және т.б. барлығы 50 ұсақ тұқымдар шашады.

Петри чашкасын қақпақпен жауып, температурасы +250С +260С термостатқа сыйғызады. Бақылау- чашкалар, фильтрлі 5 мл дистилденген сумен ылғалданған тұқыммен. Бақылаудағы тұқымдар 50% өскенде, оларды санайды. Өсуіне байланысты бақылауды 100% -деп алып есептейді. Келесідей градация қолданылады:



  1. 100% уылығы жоқ,

  2. 80-90% уылығы өте әлсіз,

  3. 60-80%әлсіз,

  4. 40-60 орташа,

  5. 20-40% уылығы жоғары,

  6. 0-20% уылығы өте жоғары.

Биотест ретінде асбұршақтың, фасольдың өскіндерін іріктеп алып қолдануға болады. Көлемі 200-250 мл химиялық стаканның түбіндегіфильтрлік қағазды 5мл тәжірибелі ерітіндісімен сулайды, түбіне дайындалған 5 дайындалған бұршақ салып, бетін Петри чашкасымен жабады 3 рет қайталау керек. Бұршақтар 5-7 см биіктікке өскеннен кейін, олардың өлшеуін жүргізеді. Бақылау- дистильденген суда жүргізіледі (есеп жүргізіледі).
Зертханалық жұмыстытапсыру үшін:

1. Жұмыстың қорытындысын (ауызша және жазбаша) тапсыру.



2. Өз тұрып жатқан жеріңіздегі экологиялық жағдайға толық сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология.- М.:1998.

  2. Арский Ю.М., Данилов-Данилъян В.И., Залиханов М.Ч., Кондратьев К.Я.,Котляков В.М., Лосев К.С. Экологические проблемы:Что происходит, кто виноват и что делать?- М:1997

  3. Ильин В.Б. Тяжелые металлы в системе почва – растение.- Новосибирск: 1985

  4. Федоров Л.А. Диоксины как экологическая опасность: ретроспектива и перспективы.- М.:1993

жүктеу 146,24 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау