Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет41/99
Дата20.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#15231
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   99

82 
 
тӛмен  болуынан.  Жеткіншек  кезеңде  бала  қалып  пен  ауытқудың  ортасында  болғандықтан 
бұл мәселеге тек педагог емес, сонымен қатар дәрігерлерде кӛңіл аудару керек. 
Жеткіншектің  физикалық  тез  дамуы  немесе  кеш  дамуы  арқылы  ол  ӛзінің  әлеуметтік 
бағасын анықтайды. Қоршаған ортаның оның сырт кӛрінісіне, физикалық дамуына айтылған 
сын,  жеткіншекті  аффект  жағдайына  апаруы  әбден  мүмкін.  Жеткіншектің  тұлға  болып 
қалыптасу  мәселесі  ―  жеткіншектер  психологиясында‖  ең  күрделі  проблемалардың  бірі 
болып  табылады.  Бақылаудың  нәтижесінде  қарасақ  балалық  шақтан  ересектік  кезеңге  ӛту 
қиындаған  сайын,  оның  маңыздылығы  арта  түседі.  Жеткіншек  шақ  эмоциялық 
тұрақсыздықпен,  кӛңіл-күйдің  тез  ауыспалдығымен,  қырсықтық,  ӛзбеттілік,  ӛз  кӛзқарасын 
үлкендерге қарсы шыгу арқылы дәлелдеу тағы басқа іс әрекетпен кӛрініс береді. 
Жеткіншектердің  денесінің  күрт  ӛзгеруі,  жыныстық  мүшенің  дамуы,  қаңқаның  тез 
ӛзгеруі,  жеткіншектің  санасының  ӛзгеруіне  алып  келеді.  Жеткіншек  физикалық  еңбекке 
шаршаңқы келуі мүмкін, немесе ӛз кемшіліктерін басқа саламен толықтыруы мүмкін. Жүйке 
жүйесінің,  бұлшық  еттердің  қалыптасуы  кешуілдегенде  қозғалу  координациясы  бұзылады. 
Бұл қопалдықпен кӛрінеді. Жеткіншектің сырт кӛрінісі немесе қопалдығы туралы қоршаған 
ортаның айтылган сыны жеткіншекті ашу-ыза, тіпті аффект жағдайына апарады. 
Акселерацияны ұшыраған балалар ӛздерінің ересек, күшті болғанына нық сенімді. Олар 
қоғамның  құрметіне,  мойындауына  күреспесе  де  болады.  Олардың  ӛзіне  ӛзі  сенімділігі, 
қоршаған  орта  оларды  ӛз  кӛзқарасы  бар  тұлға  ретінде  қабылдауына  әкеледі.  Менің 
ойымша,бұл  кезде  жеткіншек  ӛзінің  сырт  пішіні  маңызды  рӛл  атқарады.Акселерацияға 
ұшыраған  бала  ӛзінің  ересектерге  еліктегені  тез  іске  асуда  деп  ойлайды.Оның  бұлшық 
еті,бойы,даусы ӛзгеріп,оны ӛзі және құрдастары нағыз ересек, ойы да жетілгентұлға ретінде 
қабылдайды.  Осыған  байланысты  бұл  жеткіншектер  ӛздерін  еркін  ұстап,  ӛздеріне  аз  кӛңіл 
бӛлуді  талап  етеді.  Ал  шын  мәнінде  ол  сырт  пішіні  ересектерше  ӛзгергенімен,ішкі  дүниесі 
әлі  сырт  пішініне  сай  емес.  Ол  әлі  толық  қалыптаспаған  жасӛспірім.  Ал  дамуы  кешуілдеп 
ӛсіп  жатқан  жеткіншектер  керісінше  кӛп  қажет  етіп,  ӛз  ―мінезін‖кӛрсетіп  тұрады.  Ӛз 
―кемшілігін ‖білдіртпеу мақсатында, бұл жеткіншектер үнемі тапқырлық,‖қайсарлық‖, үнемі 
кӛпшіліктің  ортасында  болу  және  ӛзінің  ―жетістігімен‖  топқа керектігін,  тіпті  орын толмас 
екенділігін  дәлелдеп  отырады.  Мұндай  активтілік  ортамен  қарым-қатынас  жасауда 
қиыншылықтарға  эмоционалды  қысымға  келеді.  Расынада,  жеткіншек  үнемі  эмоционалды 
қысымда жүреді,ал мұның ӛзі ауытқу. Яғни, девиантты мінез-құлыққа. 
Жыныстық  мүшенің  даму  да  мінез-құлық  ӛзгеруіне  ерекше  әсер  етеді.  Тез  жетілген 
жағдайда  жеткіншектің  кӛңіл  -  күйі  тұрақсыздықпен  кӛрінсе,  кеш  дамып  жатқан 
жеткіншектерде мінезінің  ӛзгеруі, яғни ашушаң болу, үнемі қарсы шығу тағы басқа кӛрініс 
береді.  Кешуілдеп  дамыған  жеткіншектер  жай  қимылдап,  қопал  болып,  ӛзіне  сенімсіз 
болады. 
Кӛңіл  күйдің  тұрақсыздығы  ер  балаларды  11-13  жас,  қыздарда13-15  жаста  ерекше 
кӛрініс береді. 
Сонымен қатар, бұл жаста қырсықтық, ӛзбеттілік кӛрсетеді. Жеткіншек ӛмірде ӛз орнын 
тапқысы келіп, ӛмірді ӛзгерткісі келіп, кӛбіне дүниеге деген кӛзқарасы ӛзгереді. Жыныстық 
бағыттылығы  анықталады.  Жеткіншектердің  жыныстық  мүшесі,  әлеуметтік  ересектіктен 
бұрын  дамып  бітеді.  Әлеуметтік  ересектілік  біркелкі  ӛтпейді.  Ол  оқуды  бітірумен, 
материалдық  тәуелсіздіктен  немесе  кәмілет  жасқа  толумен  байланысты.  Жеткіншек  кейбір 
ӛмірлік  салады  ӛз  қабілетсіздігін  қиын  бастан  кешеді.  Мысалы:  Спортсмендер  тобында 
жеткіншектің  абыройы  жоғары  болғанымен,  ол  қыздар  арасындағы  қарым  -  қатынасы 
ересектерше болмауы мүмкін. 
Жеткіншек  ӛмір  ағымына  байланысты  ӛз  дүниетанымымен,  әлеуметтік  ролін:  Оқушы, 
мұғалім, спорттың топ команданасының мүшесі тағы басқа иемденеді. Бірақта олардың сол 
ролді  игеруі  қиынға  соғады.  Кейде  күрделі  эмоционалды  қысымға,  мінез  -  құлықтың 
бұзылуына әкеліп соғады. 
 Девиантты (ауытқулы) мінез – құлық - деп, қазіргі қоғамда белгіленген ережеге сәйкес 
келмейтін,  әлеуметтік  мінез  -  құлықты  айтады  (И.А.Невский).Танымал  социолог  И.С.Кон 


83 
 
анықтамасында,  -  ―  Девиантты  мінез  -  құлық  ол  психикалық  саулық,  құқық,мәдениет  және 
адамгершіліктің  әрекет  жүйесі  ретінде,  жалпы  бекітілген  ережеден  ауытқуы  ‖  -  деп 
қарастырды.  Бейімделген  мінез  -  құлық  тұжырымдамасына  сәйкес  ауытқу  процесі  кез  - 
келген бейімделуді бұзады ( психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік     
-  психологиялық  орта  )  Әлеуметтік  ауытқуды  С.А.Беличева  ―девиантты  мінез-құлық  ‖ 
деп тӛмендегідей топтастырды: 
  -  пайдақор  бағытта:құқық  бұзу,  материалды,  ақшалай,  мүліктен  пайда  табу  (  ұрлық, 
алдау, жымқыру, сату, т.б. ) 
  - агрессивті бағытта: жеке бас дамуына кері бағытталған қимыл (бұзықтық, соққы, тіл 
тигізу, ӛлтіру, зорлау ) 
  -  әлеуметтік  -  енжар  түрі:  әлеуметтік  және  жеке  мәселелерді  шешуде  (жұмыс,  оқу, 
нашақорлық, ішімдік және суицид,белсенді ӛмір сүруден қашу, азаматтық жауапкершіліктен 
жалтару ) 
Бейсаналық  мінездің  сыртқы  жағдайда  кӛрінуі,  ол  ішкі  ресурстың  реттелуімен: 
әлеуметтік, адамгершілік бағыт және түсініктің ӛзгеруі негізінде қарастырылады. Сондықтан 
баланың  бір  жағынан  мінез-құлқында  белгі,  дабыл,  нышан  пайда  болуы  және  дамуы  деп 
қарастырсақ,  екіншіден  жеке  бас  дамуына  мақсатты  әсердің  құралы  тәрбиелік  әсердің  сала 
кӛрсеткіші. 
И.А.Невский,  Л.С.Колесова  тәжірибеде  мектеп  қызметкерлеріне  экспертті  сұрақнама 
ӛткізген.  Педагогтар  пікірінше  сыртқы  факторлар  негізінде  қаланатын  мінез-құлықты 
түзетуге жататындар: 
1.  Қоғамда  болып  жатқан  процестер:  қоғамдық  құндылықтың  иерархиялы  ӛзгермеуі, 
мемлекеттік идеологияның болмауы: қылмысты жазалауды заңның дұрыстығы, құқық қорғау 
қызметкерлерінің  ӛз  жұмысына  жауапкершілік  алуы.  Жұмыссыздық  (ашық  және  жабық) 
отбасына  әлеуметтік  қолдау  мен  жәрдем  ақының  жұрыс  қарастырылмауы  ақпарат  кӛздері 
арқылы қаталдық және зорлық туралы кӛп насихат жасалуы, баланың дене және психикалық 
жағынан түзетуге және кӛмек кӛрсетуге қажетті мекемелердің аздығы, балаға ақысыз сапалы 
ү й і р м е л е р д і ң ,   қ о с ы м ш а   б і л і м   а л у  к ӛ з д е р і н і ң   қ а р а с т ы р ы л м а уы ,   к е р і с і н ш е  
і ш к і л і к   п е н   темекіні жарнамалау және оны сатып алу оңайлығын сӛз етуге болады. 
2.  Отбасы  жағдайы  және  оның  ахуалы  бүтін  емес  отбасы:  отбасының  материалды 
жағдайы  (кедейлік  және  байлық),  ата  -  ананың  тӛменгі  әлеуметтік  -  мәдени  деңгейі: 
отбасында  тәрбие  стилінің  болмауы  (ата  -  ана  қаталдығы,  балаға  жүйелі  талаптың 
қойылмауы,  жазалаудың  әділ  болмауы):  балада  ӛзіндік  құндылықтың  болмауы:  баланың 
мүмкіндік  қажеттілігін  ӛтеуде  асыра  сілтеушілік  немесе  жеткізбей  бағалау:  ата  -  ананың 
ішімдік  және  нашақор  пайдалануы;  ата  -  ананың  шектен  тыс  мейірімінен  балаға 
психобелсенділік туғызатын заттарды пайдалануға шек қойылмау.  
Осы аталған жағдайлардың бәрін ескере отырып тәрбиеленуі қиындардың әрқайсысына 
әр түрлі  қатынас жасау, оларды жеке-жеке бақыланып,әрқайсысына арнап жасалған жүйелі 
тәрбие жұмысын жүргізу қажет. Тәрбиесі ―қиын‖ жасӛспірімдерді тәрбиелеу – ділгірлігі мол 
факторлы  құбылыс,  оны  іс  жүзінде  асыруға  ата-анаға  кӛмектесу,  психологиялық  жағынан 
бақылау  педагогтер  мен  психологтерге,  заң  қызметкерлеріне  жүктеледі.  Ӛйткені,  біздің 
ойымызша, ―қиын ‖ бала тәрбиені ұйымдастыруға икемі жоқ отбасылардан шығады. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Қ.Р.Ата заңы.Алматы,1995.Толық тарауларымен 21.05.2007 ж. 
2. Қ.Р. Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына жолдауы;  
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030.Алматы.Білім.1998ж. 
4. Қ.Р Білім беру заңы 2007ж. 
5. Қ.Р Білім туралы заңы ( толықтыру,ӛзгерту енгізілген) 15.08.2007 ж. 
6.  Гурко  Т.А.  Особенности  развития  личности  подростков  в  различных  типах  семей  // 
Социол.исслед. – М.№ 3. 1996. С. 81 – 90. 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау