165
зоналарында кездеседі. Шабындық пен мал жайылымынан әлемде тӛртінші орында болса,
кӛршілес елдердің ішінде мал жайылымынан бірінші орында, оған жердің 50 пайызынан
астамы келеді.
Су ресурстары
. Қазақстан су ресурстарына онша бай емес және олар әркелкі таралған.
Республика су қорының қалыптасуы оның географиялық жағдайымен тығыз байланысты.
Қазақстан аумағы су қорының 62 пайызы Оңтүстік Қазақстанға, 30 пайызы Шығыс
Қазақстанға, 3,2 пайызы Солтүстік Қазақстанға, 4,8 пайызы Орталық Қазақстанға келеді.
Жалпы Қазақстанның климаттық ерекшеліктеріне байланысты су ресурстарының қоры
ӛзгеріп отырады. Құрғақ климат жағдайына егістікті суландыру үшін ӛзен суының маңызы
зор.
Республиканың ең сулы, жол қатынасына пайдаланылатын ӛзені – Ертіс. Оның
ұзындығы – 1700 шақырым. Одан Орталық және Солтүстік Қазақстанды сумен қамтамасыз
ету мақсатында ұзындығы – 500 шақырым Ертіс – Қарағанды каналы тартылған. Мұнан
кейінгі ірі ӛзендер Сырдария (1400 шақырым) және Іле (815 шақырым).
Қазақстанның таулы аудандарында ӛзендер кӛп, олар мұзбен, қар суымен қоректенеді.
Ӛзендердің егістікті суаруда, энергия ӛндіруде маңызы зор. Орал мен Іленің тӛменгі ағысы
балыққа бай. Жер асты
суы елді мекендері, ӛнеркәсіп орталықтарын сумен қамтамасыз етуге,
жайылымды суландыруға және егіншілікті суаруға пайдаланады.
Биологиялық ресурстар
. Республика аумағы орманға ӛте тапшы, бар болғаны 3 пайыз.
Ал, ӛсімдіктер дүниесіне ӛте бай. Елімізде ӛсімдіктердің 5700-ге тарта түрі кездеседі, оның
14 пайызы тек Қазақстанға тән ӛсімдіктер, яғни осы аумақтың эндемиктері. Осы
ӛсімдіктердің 279 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Қазақстанда жануарлар
дүниесінің (сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қос мекенділер және
балықтар) 855 түрі кездеседі. Ал омыртқасыздардың 100000-нан аса түрі тіршілік етеді.
Рекреациялық ресурстар
. Адамның демалуы мен денсаулығын сақтауда табиғи тынығу
ресурстарының маңызы зор. Тынығу – демалу арқылы адамның күш - қуатын қалпына
келтіруі. Біздің еліміздегі маңызды тынығу аудандары Кӛкшетау, Павлодар маңы, Іле
Алатауы,
Жоңғар Алатауы, Алтайда шоғырланған.
Әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев.Н.А. Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку.М.,2002
2. Назарбаев. Н.А. Казахстан 2030.Алматы, 2007г.
3. Ахметов Е.А., Асубаев Б., Кәрібаева Ж. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік
географиясы. Оқулық. Алматы, 2001.-98 б.
4. Ярмұхамедов М.Ш. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы.
Оқулық, Алматы, 2003.-10 б.
5. Райханұлы Н. Ӛткен жылдың қорытындысы не кӛрсетті? Ақиқат.-2003-№3-41-43б.
6. Райханұлы Н. Экономиканың жарты жылдық қарқыны. Ақиқат.-2004-№9-11-12б.
7. Райханұлы Н. Экономикалық дағдарыстан қайтсек шығамыз? Ақиқат.-1994-№4-14-
17б.
8. Есентүгелов А. Қазақстандағы макроэкономикалық жағдай. Ақиқат.-2006-№11-14-
17б.
9. Елшібекова Қ. Инвестициясыз экономика ӛрге баспайды. Саясат.-2008-№2-15-18б.
10. Шыңғыс М. Экономикадағы дүбәралық. Жас Алаш.-2006-№12-1-2б.
Аннотация
В статье рассматриваются географическое положение и
природные ресурсы Казахстана
Аnnotation
The article deals with the geographical position and natural resources of Kazakhstan.
Аннотация
Қазақстан Республикасының географиялық орны және табиғат жағдайы.
166
ӘОЖ 456.89
ДҤНИЕЖҤЗІЛІК ШӚЛДЕНУ ПРОЦЕСІ
Амандосова С.С., Сейділдаев Е.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Шӛлдену-экожүйедегі тепе-теңдіктің бұзылуына және белгілі бір территориядағы
органикалық тіршіліктің барлық формаларының деградацияға ұшырауына алып келетін
табиғи және антропогендік процестердің жиынтығы, яғни, адамның қатысуынсыз табиғи
экожүйенің орнына қайта келмейтіндей ӛсімдіктер жамылғысын жоғалтуы шӛлейттену деп
аталады. Шӛлдену негізінен ылғалы тапшы аудандарда табиғи және кӛбіне антропогендік
факторлардың әсерінен (орман ағаштарын Қырқу, жайылымдарды үздіксіз пайдалану, суғару
жұмыстары кезінде су ресурстарын үнемсіз пайдалану және т.б. пайда болады. Шӛлдену
әлемнің барлық табиғи аймақтарында жүруде.
Қазіргі таңда әлемнің әртүрлі елдеріндегі шӛлейттенудің басты себебі - табиғи
ресурстарды шаруашылықта пайдалану құрылымының сол ландшафтың табиғи
мүмкіншілігіне сәйкес болмауы, халық санының ӛсуі, антропогенді қысымның артуы, кейбір
елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының тӛмендігі. БҰҰ-ның 1985 жылғы
мәліметтері бойынша, сол кездің ӛзінде антропогенді шӛлейттенудің кӛлемі 9 млн км2-ге
жеткен және жыл сайын 7 млн гектар жер пайдаланудан шығып қалуда. Шӛлейттену процесі
жалпы жер кӛлемінің Азияда - 19%, Африкада - 23%, Австралияда - 45%, Оңтүстік
Америкада - 10%- ын құрайды. Сахара шӛлі оңтүстікке қарай жылына орташа 6 км
жылдамдықпен жылжуда. Шӛлдену шӛлге тектес жатқан жерлердің құнарсызлануы
барысында шӛлді аумақтардың ұлғаюы. Шӛлденуге табиғи және анторпогендік факторлар
басты әсер етеді. Табиғи факторлар дегеніміз – климаттың циклдік ӛзгеруі нәтижесінде
ағын сулардың ӛзгеруі салдарынан кезеңдік қуаңщылықтардың қайталанып отыруы, ал
анторпогенді факторлар дегеніміз – ауыл шаруашылығы мен ӛнеркәсіптің жамуы, т.б.
Шӛлдену процесі - адамның шаруашылық әрекетінің ықпалы мен ӛсімдік
жамылғысы сирек шӛлге ұқсас ландшафтардың пайда болуы. Шӛлдену процесі кезінде
ӛсімдік жамылғылары аумағының азаюы (әсіресе ағаштар мен бұталардың азаюы),
топырақтың, судың және желдің эрозиялары, топырақтың тұздануы, кӛп жылдық
ӛсімдіктердің жойылуы нәтижесінде құмдардың құнарлы жерлерді басуы байқалады.
Ал дамзаттың шаруашылық іс - әрекеті нәтижесінде бұл процестер жеделдей түседі де
шӛлдену аумығы тез ӛседі. Шӛлдену кезінде биологиялық ӛнім мен түрлер молдығы
азайып, топырақтардың құнарлығы кемиді. Шӛлдену процесіне барлық континеттер
шалдыққан, әсіресе Африка елдерінде қауірт жүруде. Судан – Сахель зонасында 1995 –
1998 жж. Болған құррғақшылық мыңдаған адам ӛмірін алып кетті, миллиондаған
жабайы және үй жануарлары құрыды. 1993 – 1998 жж. Болып кӛрмеген
құрғақшылыққа 150 млн халқы бар 34 Африка елдері шалдықты. Шӛлдің ӛнімді
жерлерді басуы жылына 60 мың шаршы км қарқынмен жүреді. Шӛлдену себебі тек
құрғақшылық емес, ол ормандардың жойылуы, ағаш ӛсімдіктердің деградациясына
әкеледі, жайылымдарды артық пайдаланудан шӛпті жамылғыларда жойылады. Қазіргі
кезде жер бетінің ӛнімді жерлерінің 7 пайызы құнарсызданды.
Адамзат ӛз тарихында кезінде ӛнім беріп келген шамамен 1 млрд га– дай жерді
шӛлге айналдырған. Қазіргі кезде Жер бетінің 3,6 млрд. га жерін шӛл және шӛлденуге
бейімді жерлер алып жатыр. Олар әсіресе Еуропа аумағынан 3 есе, немесе жер
бетінің 1/5 бӛлігін, яғни 25 % - ға жуығын қамтыған. Шӛлдену процесі Антрактидадан
басқа барлық құрлықтарда кездеседі және ол 110 мемлекетт аумағында қамтиды.
Шӛлдену процесі ХХ – ғасырдың 70 – жылдарынан бастап адамзатқа үлкен
қиыншылықтар туғызуда. Мысалы, 1999 – 2003 жылдар аралығында Сахараның
оңтүстік белдемінде (Сахелияда) қуаңшылықтың салдарынан 2500 мың дамдар кӛз
жұмып, малдардың 40 % – ы қырылған. Ал 80 – жылдардың ортасында осы белдемдегі