Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет73/99
Дата20.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#15231
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   99

146 
 
Арнайы  балабақша  және  балалар  үйіне,  қосымша-мектепинтернаттарға  4  тен  8  жасқа 
дейінгі  балалар  қабылданады.  Білім  беру  жүйеде  арнайы  яслилер,  психоневрологиялық 
санаторийлер  бар.  Бӛбектер  тобына  екі  жастан  қабылданады.  Ақыл-есі  кем  балалардың 
дамуы  ӛмірдің  бірінші  күнінен  бастап  дені  сау  балалардан  әжептеуір  бӛлектеніп  тұрады. 
Оларда бастарын дұрыс ұстау, отыру, тұру, жүру сияқты қимылдар кем басталады. Мектеп 
жасына жеткенше дейін оларда кӛрнекі-бейнелік міндеттерді шешу қабілеті қалыптаспайды. 
Тіпті ойын процесінің ӛзі оларда заттың әрекет барысында белгілі бір деңгейде пайда болуы 
мүмкін. Арнайы оқытусыз ақыл-есі кем балаларда негізгі әрекет ойын-емес, зат қана болып 
табылады. Ал, еңбек іс-әрекетінің элементтері (ӛзіне-ӛзі қ. ету) мұндай балаларда қоршаған 
орта талабының ықпалымен қалыптасады. (отбасында осыған кӛңіл аудару қажет). Тіл дамуы 
да ерекше артта қалады, алғашқы сӛздер оларда 3 жастан кейін, фразалар – мектеп алдында 
ғана  пайда  болады.  Ақыл-есі  кем  балаларда  жеке  бас  дамуының  шарттары  да 
қалыптаспайды, әдеттен балалар 3 жастан бастап ӛзіндік «Мен» деген ойға ие болса, ақыл-есі 
кем балаларда тек 6-7 жас кезінде ӛзін-ӛзі сезінудің алғашқы белгілері пайда бола бастайды, 
олардың  мінез-құлқы  ырықсыз  сипатта  болады.  Бұл  б-дың  ересектермен,  жолдастарымен 
қарым-қатынасы  да  басқаша  қалыптасады,  (отверженные  –  аластатылу,  шеттетілу).  Қорыта 
айтқанда    жаңаша  білім  берудің  негізгі  тәжірибелік  міндеттерін  шешуде  мектептегі 
жаңалықтармен 
дамуды, 
қолданылған 
әрекеттер 
мен 
құралдардың 
тиімділігін 
диагностикалау  негізінде  анықтауға  болады.  Осыған  байланысты  педагогтар  ӛз  қызметінің 
обьектісіне әлеуметтік психологиялық және педагогикалық мінездеме беріп , танып, білумен 
зерттеу әдістерін меңгерулері керек . Әр балаға арналған жеке даму бағдарламасы олардың 
ӛзіндік дарындылығын ашып , ӛмірдегі ӛз орнын, ӛз мамандығын табуға кӛп кӛмек болар еді. 
Осындай  орталықтар  жұмысын  жүйелеп  отыратын,  мүмкіндіктері  шектеулі  балалармен 
жұмыс істейтін медициналық - педагогикалық орталықтарды кӛптеп ашса, кемтар балаларды 
зор қуанышқа бӛлер еді. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. ҚР - ның 2011- 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасы, Астана, 2010ж.  
2.  Козлова  В.М.  Психол.коррекция  умственного  развития  школьников.  Академия, 
2009ж. 
3. ҚР - ның 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасы, Астана, 2006ж.  
4. Әлеуметтік педагог №3. 2011ж. 
 
Аннотация 
Бұл    мақалада  ақыл  ойы-кем  балалардың  сапалық  ерекшеліктері  -  жаңаша  білім  берудің 
әдісітері мен негізгі тәжірибелік міндеттерін шешу жолдары туралы жазылған.
 
Аннотация
 
В  статье  написано  специально  обучить  слабоумных детей ,воспитовать, приспосабливать в 
среду, и собеспечивать  развитие  ннтеллекта  и  человечность     
Аnnatation 
The  article  is  written  specifically  to  teach  mentally  retarded  children,  to    educate,  to  adapt    to  the 
environment and to ensure the development of intelligence. 
 
 
 
 


147 
 
ӘОЖ 159.992.7   
      Х 12 
                                                                                                                            
МҤМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Хаби А. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Қазіргі  таңда,  еліміздегі  мүмкіншілігі  шектеулі  балалар  санының  кӛбеюі  деңсаулық 
сақтау,  білім  және  әлеуметтік  қорғау  салаларының  осы  мәселеге  кӛңіл  бӛлуін  талап  етіп 
отыр.  Жылдан  жылға  мүмкіншілігі  шектеулі  балаларға  деген  қоғамның  кӛзқарасы  ӛзгеріп, 
оларды  қоғамның  бір  мүшесі  ретінде  қарауға  бет  бұрып  келеді.  Үкіметіміздің  мүмкіндігі 
шектеулі  балаларға  арналған  кӛптеген  кӛмектерінің  ішінде  үйде  әлеуметтік  кӛмек  беру 
ерекше  орын  алады.  Үйде  әлеуметтік  кӛмек  беру  барлық  мүгедек  балаларға  емес,  олардың 
ішінде ӛз-ӛзіне қызмет етуі тӛмен, қозғалысы нашар, үйде оқитын, үйде тәрбиеленетін және 
ешқандай  бағдарламамен  оқуға  жарамсыз  балалар  мен  жасӛпірімдерге  кӛрсетіледі.  Осы 
орайда педагог-психологтың міндеті мүмкіндігі шектеулі  балалардың жан айқайын қоғамға 
жеткізу,  яғни  бала  ағзасындағы  ауытқулар  мен  бӛгеттердің  себеп-салдарын  анықтап, 
олардың отбасындағы қарым-қатынастарын дамытып, дені сау баламен араласауына жағдай 
туғызу болып табылады [1]. 
Тәрбиелеу барысында, жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды шешім қабылдай 
алуға, ӛзін-ӛзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай 
деңгейге бейімдеу қажет. Статистикалық  мәліметтерге сүйенсек, қазіргі кезде арнайы білім 
беру  ұйымдарында  мүмкіндігі  шектеулі  16664  бала,  жалпы  мектептердегі  арнайы 
сыныптардың  саны  762  болса,  сол  сыныптарда  —  7582  бала  оқып  жатыр,  ал  жалпы 
мектептерде  ешқандай  әлеуметтік−  психологиялық  қолдаусыз  оқып  жатқан  мүмкіндігі 
шектеулі балалардың саны 65 мыннан асты. Бұл ҚР білім беру саласындағы ауыр мәселенің 
бірі болып отырғаны ақиқат. Арнайы білім беру жүйесінің қазіргі даму кезеңінде балалалық 
мүгедектің  алдын  алу,  ӛзекті  мәселесі  ретінде  қарастырылады.  Бүкіл  әлемдік  деңсаулық 
сақтау,  білім  беру  және  әлеуметтік  қорғау  ұйымдардың  қызметінде  кемтар  балалар  мен 
отбасына ерте жастан қолдау кӛрсету жетекші беталыс болып саналады. 
Отандық  Ерсарина  А.Қ,  Жалмұхамедова  А.Қ,  Сүлейменова  Р.А  т.б.  ғалымдардың 
ғылыми  зерттеулері  бойынша  ерте  жастан  кемістікті  анықтау  және  дәл  сол  кезден  кешенді 
түзету жұмысын бастау, кейіннен бала дамуында басқа ауытқушылықтарды алдын алуға жол 
ашады.  Қазіргі  уақытта  біріктірудің  жетекші  мезгілі  ретінде  жалпы  сыныбында  пән 
мұғаліммен қатар екінші арнайы педагогты қосу ерекше оқу орнын ұйымдастыру кең тараған 
дәстүр.  Мүмкіндіктері  шектеулі  балалармен  жұмыс  жеке  білім  беру  және  түзету−дамыту 
бағдарламамен  жүргізіледі.  Әр  жалпы  мектептерде  білімді,  тәжірбиелі  арнайы  педагог 
балаларға  арнайы  кӛмек  кӛрсету  мен  мұғалімдерге  кеңес  беру  қызметін  атқарады.  Осы 
атқарылып жатқан игі істердің барлығы мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамда ӛз орынын 
табуға, дені сау балалар тәрізді білім алуына мүмкіндік жасайды.     
Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  ерте  жастық  шақ  кезеңнің  маңыздылығы  адамның 
жеке  басының  моралдық  қалыптасуының  жалпы  бағыты  белгіленеді.  Мүмкіндігі  шектеулі 
балалардың  ерте  жастық  шақ  кезіндегі  шақта  олардың  қалыптасуы  жалғасады  [2].  Ерте 
жастық  шақ кезең қиын, әрі  сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау біріншіден, осы 
уақытта болатын кӛптеген сапалық  ӛзгерістерге байланысты. Бұл ӛзгерістер кейде баланың 
бұрынғы  ерекшеліктерін  мүдделері  мен  қарым-қатынастарын  түбірімен  ӛзгертетін  сипатта 
болады: мұның ӛзі біршама қысқы мерзімде болуы мүмкін, кӛбінесе күтпеген жерден болады 
да,  даму  процесі  секірмелі  қауырт  сипат  алады.  Екіншіден,  болып жатқан  ӛзгерістер  екінің 
бірінде,  бір  жағынан,  ерте  жастық  шақ  кезіндегі  ӛзінде  әртүрлі  елеулі  субъективтік 
қиыншылықтардың  болуымен  қабаттасады,  ал  екінші  жағынан,  оны  тәрбиелеудегі 
қиыншылықтармен ұштасады.  


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау