80
умственно отсталых детей и дидактические игры применяемые в логопедической работе по развию
речи.
Аnnotation
This article describes the characteristics of development of children with mental otstalost, their
development of speech,the interests of the world, on game. And also, the recommended research methods for
the study of the speech of children in this category.To consider the significance of language development in
mentally retarded children and educational games in logopedic work to develop speech.
ӘОЖ 897.35
ЖЕТКІНШЕК КЕЗЕҢІНДЕГІ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҦЛЫҚТЫҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Асанова Х.Қ.
Тараз қалалық ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультациясы коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Тараз қ.
Қоғамдық жаңарту кезеңінде, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-саяси,
экономикалық қатынастардың сипатының ӛзгеруі ӛз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие
институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Бұл
дегеніміз қоғамдағы мектеп, отбасы орны, оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған
кӛзқарасты ӛзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты.
Қазақстан Республикасы ӛз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік саясатта келер
ұрпақтың денсаулығы, ұлт тәрбиесі басты назарда болып келеді. Қазақстан Республикасы
Ата заңының 27 бап, 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау жане оларды тәрбиелеу
ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінсе [1.1]. «Қазақстан – 2030» бағдарламасында
«Әкелер мен аналар, аталар мен әжелердің ӛз балалары мен немерелері алдындағы
жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы» туралы ескертілген [2.1]. Бұдан әрбір ата-ана ӛз
перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті жане кішіпейіл азаматы
болып жетілуіне қоғам алдында ӛз жауаптылығын түсінуі керек. Яғни, басты мақсаты
психологиялық, физиологиялық денсаулығын қалыптастыру болу керек. Ӛйткені
Қазақстанның болашағы келер ұрпақта болғандықтан жастардың психологиялық,
физиологиялық денсаулығы халықтың ӛсімі мен сапасын анықтайды. Осы тұста келер ұрпақ
тәрбиесінің салауаттылығын қамтамасыз ету ең алдымен отбасы, мектеп тәрбиесі жайында
қолға алынуы тиіс.
Ӛкінішке орай, қазіргі таңда болып жатқан қылмыс, бұзақылық, ұрлық, зорлық-
зомбылық, жеткіншектер арасындағы суицидтың кӛбейуі, үйден кету, қыздардың жеңіл
жүрістері, мектеп оқушыларынан ақша алу тағы басқа болып жатқан қылмыс
айыптыларының басым кӛпшілігі 11-18 жас аралығындағы жеткіншектер екенін кӛрсетіп
отыр. Дәлірек тоқталсақ, 14 жастағылар - 11%, 15 жастағылар - 7%, 16-17 жас
аралығындағылар - 42%, кӛбіне кӛп 14 жасар балалар қылмыстық істерді топтасып жасайды.
Ал қыз балалар тарапынан жасалған жалпы қылмыстың 5% құрайды. Бұл дегеніміз, қазіргі
нарықтық қоғамдағы адамдар арасында қарым-қатынас пен психологиялық қысым, әсіресе,
жас буын психологиялық денсаулығының бұзылуына алып келуде. Қазақстан
Республиканың ӛзінде, тіпті әлемдік деңгейде халқымыздың психологиялық, физиологиялық
денсаулығын сақтау адамзат алдында тұрған үлкен мәселе болып отыр. Дүниежүзілік
Денсаулық Сақтау ұйымының аймақты бюросының мәліметтері бойынша дүние жүзінде 14-
24 жас аралығындағы адамдарда ӛзін-ӛзі ӛлтіру соңғы 15 жылда екі есе ӛскен. ҚР
Агенттігінің статистикалық есебі бойынша ӛзін-ӛзі ӛлтіру жағдайы кӛп тіркелген, оның
ішінде 10-18 жас аралығындағы жастардың 154-і ер балалар, 57-сі қыз балалар. Ал ӛзін-ӛзі
ӛлтіруден дүние жүзі бойынша Қазақстан бірінші орында тұрады екен. Ол әсіресе, 15-18 жас
81
аралығындағы қыз балалар арасында кӛп орын алатынын статистикалық мәліметтер
дәлелдейді [3.1].
Сонымен қатар, әлеуметтік ортаның ықпалын былай қойғанда, тәрбиелі мақсатты түрде
ұйымдастыратын әлеуметтік институттардың бірі мектептің ӛзінде жеткіншектердің мінез-
құлқы мен іс-әрекетін қадағалау қиынға соғып отыр. Оған дәлел, ең кӛп стресс алатындар
мектеп жасындағы балалар екендігі анықталған. Мысалы, мектепке келген 1-сынып
оқушылар арасында 25 - 30% әртүрлі аурулар келсе, 11-сыныпты бітіретін оқушылардың
80%-ы денсаулығын бұзып, әртүрлі диагноздармен мектеп қабырғасынан шығады екен [4.1].
Бұдан шығатын қорытынды, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, балалар мен ата-аналар
арасындағы қарым-қатынас және оқу еңбегінің мӛлшерден тыс кӛптігі бала денсаулығының
бұзылуына әкелетін кӛрсетеді.
Болашақ Қазақстан Республиканың азаматы дені сау, тәрбиесі түзу азамат болып ер
жетуі, ең алдымен, ата - анасына, білім беретін мектеп қабырғасына және қоршаған ортаға
байланысты. Қазіргі таңда денсаулығы мықты, рухы білім, тәрбиелі, мәдениетті жеке
тұлғаны қалыптастыру мәселелері үкіметтің қаулыларында, тұжырымдамаларында негізгі
орын алады. Атап айтар болсақ, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық
даму бағдарламасында салауатты ӛмір салтын ынталандыру әрекеті, дене тәрбиесі мен
айналысуға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен
санитария шараларын сақтауға бағытталған ‖ – делінген [5.1].
Қазақстан Республикасының Конституциасында, ―Адам мен адамзат‖ заңында, «Білім
туралы заңында», «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында» да салауатты ӛмір сүруге ерекше
басымдық берілген.
Қазіргі кезде жеткіншек тәрбиесін қадағалау педагогикалық мәселе болып отыр.
Отбасында ӛз баласын қандай етіп тәрбиелеуді ӛздері алдын-ала белгілейді. Отбасында ӛз
баласын қандай етіп тәрбиелеуді ӛздері алдын-ала белгілейді. Отбасы тәрбиесінде
қолданатын әдістер де ӛзгеше екені белгілі. Онда жеткіншектің аз да болса ӛзіндік ӛмірлік
тәжірбиесі, әдет, дағдылары, құмарлығы мен қызығулары қалыптасады және ескертіледі.
Ақпарат алмасудың әлемдік ауқымда дамуы, қоғамдық мәдениеттің жаңа деңгейге кӛтерілуі,
ӛмір салтының ӛзгеруі тағы басқа отбасы тәрбиесіне оның құрылымы, қарым-қатынасының
сипатына әсерін тигізіп отыр. Сондықтан мектептің оқу процесінде жеткіншек кезеңіндегі
девиантты мінез-құлықтың психологиялық ерекшіліктерін анықтау деңгейіне қойылатын
қазіргі талаптар мен оны жүзеге асырудың ғылыми-негізделген психологиялық шарттары
мен әдістемесінің жасалынбауы арасында қайшылық туындап отыр.
Жеткіншек шақ – балалық шақтағы ең қиын және ең күрделі кезең. Бұл кезеңді ӛтпелі
кезең деп те атайды. Себебі, бұл кезде жеткіншектер балалық шақтан ересек шаққа ӛтеді. Бұл
кезде бала бойында кӛптеген ӛзгерістер болады. Ол анатомиялық, физиологиялық,
интелектуалдық, адамгершілік дамуында және оның әрекет түрлерінде ӛзгерістер болады.
Ӛтпелі кезеңде балалар сабағы ӛзгереді, жақсы оқып жүрген балалар сабағы
нашарлайды. Балаларда ӛзімдік ―мен‖сезімі пайда болады. Олар еркін жасауға құмар
келеді.Тым еліктегіш болады.Жасӛспірімдік шақта оларда ӛзін - ӛзі тануға күшті болады.
Олардың ӛз кӛзқарастары мен пікірлері әрекеттері барысында айқын байқалады. Сонымен
қатар бұл кезеңде балалар отбасымен, мектептен оқшауланып, ӛз құрбыларының ықпалында
болады.Олар әсіресе ӛздерін еркін сезінетін ортаға орналасуға бейім болып келеді.Олар
спорт секциялары, техникалық үйірмелер болуы мүмкін, тіпті,темекі шегетін,арақ ішетін
орын ретінде үйлердің подвалдары болуы мүмкін. Бұл кезеңде балаларды ересектермен,
әсіресе ата-аналармен кӛбірек ерегіске барып, ортақ тіл табыса алмайды. Балалар ата-
аналарының тең құрдастай қарым - қатынас жасауын қалайды. Бұл кезде балалар кӛбірек ӛз
бетінше ӛмір сүруге тырысады. Олар ӛзіне кумир (пір) сайлап алады да, соған еліктейді.
Басқа балалардан ерекшеленуге тырысады.
Қоғамда қалыптасқан мінез - құлықтан ауытқыған балаларды ―қиын‖ немесе ― тәрбиесі
қиын ‖ бала деп санау қабылданған тәрбиесі ―қиын‖ балалардың әрекеті девиация деп
аталады. Девиантты мінез-құлықтың пайда болуына кӛбінесе тұрмыс жағдайының қиын әрі
Достарыңызбен бөлісу: |