74
Мектеп жасына дейінгі балалар кӛргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін
ойын
кезінде
қолданатын
байқауға
болады.
Ойын
айналадағы
болмысты
бейнелейді.барысында балалар дүниені тани бастайды, ӛзінің күш жігерін жұмсап, сезімін
білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Сондықтан да ойшыл ұлы
адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойын арқылы оқыту, бұл ой
кӛптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырды. Грузин педагогы Ш.А.Амонашвили
ойын арқылы балаларға ӛте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді. Ш.А.Амонашвили ӛз
оқушыларымен ойын ойнағанда ӛзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың кӛңіліне,
ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, ӛз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге
үйретті–баланың кӛздерінде білімге деген құштарлықты байқады. Ойын арқылы оқытудың
арқасында дидактикалық ойын пайда болды. Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттің
әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады.
Ойын іс-әрекеті үдерісінде ересектер мен баланың интерактивті ӛзара әрекет етуі және
баланың әлеуметтік тәжірибесі болып табылады. Іс-әрекеттің бұл түрі балалардың
ересектердің ӛміріне қатысуын ынталандыруын іске асыратын құрал қызметін атқарады,
сонымен қоса ӛзінің жеке ӛмірлік жоспарын құруға үйренеді; Ойын – баланың танымдық
және әлеуметтік, физикалық және психикалық дамуының, жалпы адами мәдениеттің
негіздерін қалыптастырудың әрекетті құралы болып табылады.
Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың
психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты ӛткенде, ӛтілген материалды
қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады.
Сондықтан, бұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және
заттардың түрін, түсін, кӛлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін ӛте қажет. Дидактикалық
ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын
арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған.Балаларға тапсырмалар ойын түрінде
беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі
бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның
танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. Балалардың ойлау қабілетін жетілдіріп,
математика пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында дидактикалық ойындар; қазақ
ақын–жазушыларының санға байланысты; сергіту сәттері, не үшін ойынды ұйымдастыру
керек және тәрбиешінің алға қойған мақсатына қалай жету деген сұрақтардың негізінде
құрастырылған. Ойындардың тиімділігікӛп жағдайда тәрбиешінің кӛңіл–күйіне де
байланысты болады. Әр ойынды ӛткізген кезде тәрбиешіге шығармашылық қажет.
Шығармашылықты жетілдіру үшін жаңа технологияларды игеруі – бала тұлғаның табысты
дамуының кепілі. Қазіргі таңда ойынның маңыздылығы заманауи баланың ақпаратпен
қанығуынан артады. Теледидар, бейнетаспа, радио, интернет алынатын ақпарат ағымын
ұлғайтты және түрлендірді.Сондықтан да дидактикалық ойындармен бірге, технологияларды
қолданудың пайдасы ӛте үлкен.Атап айтсақ;
Денсаулықты сақтау және ынталандыру технологиясы: стретчинг, ырғақ пластикасы,
динамикалық үзілістер, қозғалмалы және спорт ойындары, релаксация, эстетикалық
бағыттағы технологиялар, саусақ гимнастикасы, кӛз гимнастикасы, дем алу гимнастикасы,
сергіту гимнастикасы, түзету гимнастикасы, ортопедиялық гимнастика.
Шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы:
ТРИЗ – ӛнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы. Негізін салушы - Генрих
Альтшуллер. Оның технологиясының басты идеясы техникалық жүйелер белгілі бір
заңдармен туындап, дамиды: бұл заңдарды тануға болады және ӛнертапқыштық
тапсырмаларды шешу үшін қолдануға болады. Қазіргі таңда Г.С.Альтшуллердің ТРИЗ
технологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың сӛйлеуін, тапқырлығын, шығармашылық
елестетуін, диалектикалық ойлауын дамыту үшін бала бақшаларда табысты қолданылады.
ТРИЗ мақсаты – балалардың ой-ӛрісін дамытумен қатар, жүріп жатқан үдерісті түсіндіре
отырып, жүйелі ойлауынуға үйрету. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін «ТРИЗ»
технологиялары – бұл тәрбиешілер үшін толық әдістемелік ұсыныстары бар ұжымдық
75
ойындар мен сабақтар жүйесі. ТРИЗ негізгі бағдарламасын ауыстыруға емес, оның
тиімділігін барынша арттыруға арналған. Тәрбиеші жұмыс істейтін кез келген бағдарлама
негізінде практикада тексерілген ТРИЗ әдістері мен тәсілдерін қолдануға болады. Кӛптеген
авторлардың еңбектеріне сүйене отырып, әртүрлі жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді
қолданып, балалардың ой-ӛрістерін ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуда
ертеңгіліктердің ӛткізілуі кӛп ықпалын тигізді. Осы қасиеттерді бала бойында дер кезінде
байқап дұрыс жолға салу білу ол-әр бір тәрбиешінің міндеті.
Осы тұста Ұлы Абай атамыздың «Ойын ойнап ән салмай, ӛсер бала бола ма?»,-деген
даналық сӛзі ойға оралады.Балалардың кӛздерімен кӛріп,бақылауларынан кейін,білім
үрдісінде және ойын ойнауда балалардың қызығушылықтары арта түседі. Ертегі
кейіпкерлеріне, ойыншық кейіпкерге кӛмектесу баланың қызығушылығын оятып,
бәсекелестігін арттырады. Сондай-ақ, ойлау, тапқырлық қабілетін дамытып, адамгершілік,
мейірімділік қасиеттерін оятады. Ойын арқылы балаларды геометриялық пішіндердің ортақ
белгілері (дӛңгелектенген, бұрышты) бойынша біріктіру туралы алғашқы түсініктерін
қалыптастырамыз. Уақытты бағдарлауға үйрету үшін тәулік бӛліктері, апта күндері, жыл
мезгілдері және айлары туралы санамақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтарды кеңінен
пайдаланамыз. Бұл арқылы баланың ойлау, есте сақтау қабілеттері мен тілін дамытуды
кӛздейміз.
Әдебиеттер тізімі:
1. Артемова Л.В. Дидактикалық ойындар. ¬– М., 2008ж.
2. Богуславская З.М., Смирнова Е.О. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған
дамыту ойындары. – М., 2009ж.
3. Дүйсенбай Е. Санамақ. – А., «Ана тілі», 2011ж.
4. Р.Қ.Аралбаева Мектепке дейінгі педагогика - Алматы 2012ж.
Аннотация
Бұл мақалада мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің инновациялығы –
мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына себебін тигізетін жаңа технологияларды қолдану
әдістері кӛрсестілген
Аннотация
В статье рассмотрывается инновационнось педагогического процесса до школьной организаций
эффективное применение метода новой технологий для детей до школьного возроста.
Аnnatation
The article e[amines innovative pedagogical process to the school organizations, the effective
application of the method of the new technologies for children up to school age.
ӘОЖ: 371.57
К 60
АҚЫЛ - ЕСІ БҦЗЫЛЫСЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аликулова С.А., Қойшыбаева С.Қ.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазіргі кезде ақыл-есі бұзылысы бар адамдар күн санап ӛсуде. Ақыл-есі бұзылысы бар
балалар деп бас миының органикалық зақымдануы (ми қабығының), психикалық дамымауы,
әсіресе жоғары деңгейдегі танымдық процестердің (белсенді қабылдау, логикалық ойлау,
сӛйлеу,жады және т.б.) бұзылыстары бар балаларды айтады. Ақыл-есі бұзылысының пайда
болуына алып келетін факторлар әртүрлі болғандақтан, клиникалық кӛріністері де әртүрлі
болып келеді. Тұқымқуалаушылық фактордың әсерінен пайда болған олигофрениямен
аурулардың 90 % - зы зардап шегетіні белгілі болып отыр. Қазіргі кезде әртүрлі экзогенді
Достарыңызбен бөлісу: |