V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының Алматы қаласында әлеуметтік



жүктеу 200 Kb.
бет1/2
Дата20.11.2018
өлшемі200 Kb.
#22414
  1   2




V сайланған Алматы қаласы

мәслихатының XLI сессиясының

«Алматы қаласында әлеуметтік

көмек көрсетудің, оның

мөлшерлерін белгілеудің

және мұқтаж азаматтардың

жекелеген санаттарының

тізбесін айқындаудың

Қағидаларын бекіту туралы»

2015 жылғы 23 шілдедегі № 347

шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:



1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1194 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

аталған шешіммен бекітілген, Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Р.К. Бадаеваға жүктелсін.



5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

VI сайланған

Алматы қаласы мәслихатының

XXVII сессиясының төрағасы К. Матыжанов

VI сайланған

Алматы қаласы мәслихатының

хатшысы Қ. Қазанбаев

Алматы қаласы мәслихатының

2018 жылғы 17 сәуірдегі

№ 224 шешіміне


1 қосымша
Алматы қаласы мәслихатының

2015 жылғы 23 шілдедегі

№ 347 шешіміне қосымша

Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

 

1. Осы Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.



 

 

1. Жалпы ережелер


2. Алматы қаласында тұрақты тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға әлеуметтік көмек ақшалай немесе заттай нысанда көрсетіледі.

3. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

2) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

3) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау үшін Алматы қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

4) ең төмен күнкөріс деңгейі - Алматы қаласы статистикалық орган есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

5) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелер күндері;

6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

7) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

8) уәкілетті орган - «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9) аудандық бөлімдер - уәкілетті органның аудандық бөлімдері;

10) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Алматы қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

11) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Алматы қаласының әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 (бір) рет) көрсетіледі.

6. Әлеуметтік көмек өтінішті беру сәтінде өткен тоқсан үшін ұсынылған табыстар туралы мәліметтер негізінде өтініш берген айдан бастап тағайындалады.

Жиынтық табыс Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылдың 28 тамызында № 5757 болып тіркелген) бекітілген, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес есептелінеді.

7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Алматы қаласының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

8. Әлеуметтік көмек алушылары ұсынған мәліметтерінің растығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

9. Заттай нысандағы әлеуметтік көмек қызмет көрсету жолымен беріледі, ал оның өнім берушісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган арқылы анықталады.



2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

 

10. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызуға мыналар негіз болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру;

3) әлеуметтік мәні бар аурудың болуы;

4) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жан басына шаққандағы орташа табыстың Алматы қаласының мәслихаты белгілеген ең төмен күнкөріс деңгейінен аспауы.

Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде Алматы қаласы мәслихатымен бекітілген азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Алматы қаласы әкімінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.



3. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі
12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері - 250 мың теңге;

2) мәртебеcі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 6, 8 баптарымен белгіленген, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар - 50 мың теңге;

3) Ұлы Отан соғысында қайтыс болған (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің қайта некеге тіркелмеген жесірлері - 50 мың теңге;

4) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналары және қайта некеге тіркелмеген әйелдері (күйеулері) - 50 мың теңге.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні: Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар – 50 мың теңге.

4. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектің мөлшерлері

4.1 Азаматқа (отбасына) табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан мүлікке залал келуіне байланысты әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері және бір реттік әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері
13. Өрттің немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен азаматтарға ақшалай төлемдер түрінде әлеуметтік көмек келесі мөлшерлерде көрсетіледі:

баспанасынан айрылғанда, бүлінгенде, елеулі зиян келгенде баспана иесінің отбасына 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін;

төтенше жағдай және өрт салдарынан қазалы жағдай орын алғанда қайтыс болған отбасының әр мүшесіне - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш.

Әлеуметтік көмек төтенше жағдай туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей көрсетіледі.

 

4.2 Біржолғы әлеуметтік көмек көрсетудің шекті мөлшері
14. Жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын отбасыларға (азаматтарға) жылына бір рет әлеуметтік көмек 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

15. Ыстық және (немесе) суық сумен, газбен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын төменде көрсетілген азаматтарға бір құрал үшін 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын көлемде көрсетіледі:



1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);

2) бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;

3) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;

4) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге.

Әлеуметтік көмектің аталған түрі ыстық және (немесе) суық сумен және (немесе) газбен жабдықтау құралдарын орнатқан немесе тексеруден өткізген күннен бастап алты айдан кешіктірмей көрсетіледі.

16. Жеке тұрғын үй иесіне жалпы басынан үйге дейін газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын келесі санаттағы азаматтарға 1 нүкте үшін 100 % шығыны мөлшерінде:



1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);

2) бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;

3) құрамында бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері бар отбасыларына;

4) мүгедек балаларды тәрбилейтін отбасыларына;

5) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге көрсетіледі.

Аталған газ құбырын жалпы басынан үйге дейін орнату және жүргізу шығындарын өтеу біржолғы болып есептеледі және алған өтініш иесіне, отбасы мүшелеріне және онымен бірге тұрақты тұратын адамдарға қайта көрсетілмейді.

17. Әлеуметтік көмектің аталған түрлері тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетте осы мақсаттарға қарастырылған қаражат шегінде көрсетіледі.

 
4.3 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына мерзімді әлеуметтік көмек көрсетудің шекті мөлшерлері
18. Әлеуметтік көмек азаматтың (отбасы) табысы есепке алынбай ай сайын 6,5 (алты жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жыл сайын құжаттарын қайта тапсыру талап етілмей (өмірлік) келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне;

3) Aуғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына).



19. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 (үш) есе мөлшерінен аспайтын келесі санаттағы азаматтарға жыл сайын тағайындалып, жарты жылда бір рет 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге;

2) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;

3) бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын бірінші топтағы мүгедектерге;

4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған, аталған санат бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғаларға көрсетіледі.

20. Әлеуметтік көмек емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған азаматтарға табысы есепке алынбай, жыл сайын тағайындалып, ай сайын 12 (он екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.

Егер емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған балаларға тағайындау кезінде ата-анасы (заңды өкілдер) әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш беруге құқылы. Заңды өкілдер баланы асырап алғандығы және қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгендігі жөнінде тиісті органдар шешімдерінің көшірмелерін ұсынады.



4.4 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі
21. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына:

1) табиғи апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтар;

2) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын адамдар;

3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi;

4) мәртебеcі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 6, 8 баптарымен белгіленген, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;

5) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi;

6) Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналары, екiншi рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);

7) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар;

8) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлер;

9) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар;

10) бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын бірінші топтағы мүгедектер;

11) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған, аталған санат бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғалар;

12) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтар (отбасылар);

13) бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасылар;

14) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер;

15) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлер;

16) мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасылар;

17) құрамында бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері бар отбасылар;

18) емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған азаматтар;

19) емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған балалардың ата-аналары (заңды өкілі);

20) мүгедек балаларды алып жүруші тұлғалар кіреді.

5. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
22. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Алматы қаласы әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

23. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан тіркелген тұрғылықты жері бойынша аудандық бөлімге өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

1) жеке басын куәландыратын құжатты;

2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

3) осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

24. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Өтініш беруші әлеуметтік көмек тағайындау туралы жеке өтініш жасай алмаған жағдайда, белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішпен баруға басқа адамдарға өкілеттік беруге құқылы.

25. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде аудандық бөлім бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

26. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағиданың 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды аудандық бөлімге жібереді.

27. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда аудандық бөлім әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

28. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда аудандық бөлім тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

29. Аудандық бөлім учаскелік комиссиядан құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

30. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді. Әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеген және өзгерткен кезде тиындармен есептелген сомалар бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.

31. Аудандық бөлім өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Осы Қағиданың 27 және 28 тармақшаларында көрсетілген жағдайларда аудандық бөлім өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

32. Аудандық бөлім шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

33. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;

2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған жағдайда;

3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін Алматы қаласы мәслихаты белгілеген шектен артқан жағдайда;

4) толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда жүзеге асырылады.

34. Әлеуметтік көмек алушылары мән-жайлар басталғаннан кейін 10 күн ішінде алу құқығына әсер ететін мән-жайлар туралы тіркелген тұрақты жері бойынша аудандық бөлімге хабарлайды.

35. Егер алушы қайтыс болған жағдайда әлеуметтік көмек төлемі азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бөлімдерінен алынған қайтыс болғандығы жөніндегі мәліметтер негізінде тоқтатылады.

36. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы әр айдың 29-на дейін емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген туберкулезбен ауырған адамдардың тізімдерін, сондай-ақ «Каменское Плато» туберкулезге қарсы шипажайына стационарлық емдеуге жіберілген туберкулезбен ауырған адамдардың тізімдерін және емін 7 күннен аса үзген туберкулезбен науқас адамдардың тізімдерін Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынады.



37. Әлеуметтік көмекті көрсетуге шығыстарды қаржыландыру Алматы қаласының бюджетінде ағымдағы қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

38. Санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі - санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек) заттай нысанда (Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес анықталған санаторий-курорттық мекемелерге жолдама) немесе ақшалай түрде (Қазақстан Республикасының аумағында санаторий-курорттық емделу үшін кеткен шығынды тиісті қаржы жылына бюджеттік есепті жасау барысында бекітілген жолдаманың құны мөлшерінде өтеу) мұктаж азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, тегін;

2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға - жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;

3) Ұлы Отан соғысында қайтыс болған (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің қайта некеге тіркелмеген жесірлеріне - жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;

4) Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерi) - жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;

5) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына - жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;

6) қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен әрi «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарға - жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;

7) жасына байланысты зейнетке шыққан зейнеткерлерге - ең төмен күн көріс деңгейінің үш реттік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алына отырып, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерін төлей отырып;

8) мүгедек балаларды санаторий-курорттық ем ұсынатын мекемеде болған кезінде алып жүретін адамдарға, бірақ бір алып жүретін адамнан артық емес - жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, Қазақстан Республикасының ішінде санаторлық-курорттық емдеудің шығындарын өтеу түрінде емдеу рәсімдерін ескермей тұру және тамақтануын төлей отырып.

Мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделу Қазақстан республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес көрсетіледі.

39. Заттай нысандағы санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші аудандық бөлімге өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

3) санаторий-курорттық емделуге жолдама алу үшін анықтаманы (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген №070/у Форма), осы Қағиданың 40 тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда;

4) осы Қағиданың 38 тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдар, Ұлы Отан соғысы қатысушысының немесе мүгедегінің куәлігі;

5) осы Қағиданың 38 тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдар, зейнетақы мөлшері туралы құжат;

6) осы Қағиданың 38 тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдар, осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы және адамның (отбасы мүшелері) кірістері туралы мәліметтерді ұсынады;

7) осы Қағиданың 38 тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдар: ата-анасы - туу туралы куәлік, заңды өкілдері – қорғаншылықты белгілейтін құжат, үшінші бір адам - ата-анасынан (ата-аналарынан) немесе заңды өкілінен алып жүруіне нотариатта куәландырылған сенімхат және уәкілетті органмен берілген балаға мекемеге жолдама көшірмесі.

Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Өтінішті қабылдаған аудандық бөлім маманы құжаттар пакетінің толықтығын тексереді.

Құжаттар пакеті толық болған жағдайда аудандық бөлім құжаттарды қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды учаскелік комиссияға жібереді.

Учаскелік комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:

1) осы Қағиданың 38 тармағының 1), 2) 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін осы Қағиданың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша адамның санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оны аудандық бөлімге жібереді;



2) осы Қағиданың 38 тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін тексеру жүргізеді, оның қорытындысы бойынша материалдық жағдайы туралы акті жасап, осы Қағиданың 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша адамның (отбасының) санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оны аудандық бөлімге жібереді.

Аудандық бөлім санаторий-курорттық емделуді көрсетуге құжаттарды ресімдеу немесе ресімдеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және өтінішті қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде өтініш берушіге Учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде санаторий-курорттық емделуді көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы немесе бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып, еркін нысанда хабарландыру жібереді.

Аудандық бөлім санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш берген адамдардың тізімін жасайды және құжаттарды уәкілетті органға жібереді.

Уәкілетті орган аудандық бөлімдерден қабылданған құжаттар негізінде келіп кіру кестесіне сәйкес осы Қағиданың 4 қосымшасындағы нысан бойынша өтініш берушілерге жолдама беру журналына (бұдан әрі - Журнал) қол қойдырып, жолдама береді.

Санаторий-курорттық жолдаманы белгілі бір себептер (қайтыс болу, дертке шалдығу және уәкілетті орган орынды деп таныған басқа да себептер) бойынша пайдаланбаған жағдайда ол уәкілетті органға қайтарылуы және кезек тәртібіне сәйкес басқа адамға берілуі тиіс.

Қайтарылған санаторий-курорттық жолдамалар Журналда тіркеледі.

Санаторий-курорттық жолдаманы орынды себептер бойынша пайдаланбаған кезде берілген санаторий-курорттық жолдама мүмкіндігінше кіру кестесіне сәйкес басқа мерзімдегі санаторий-курорттық жолдамаға алмастырылады, бірақ алмастыруға жататын санаторий-курорттық жолдамада көрсетілген кіру уақытына дейін үш күннен кешіктірілмей.

40. Ақшалай түрде санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші 60 күнтізбелік күн ішінде, бірақ санаторий-курорттық емделу бойынша қызмет көрсететін мекемеге (бұдан әрі - мекеме) кіру күніне дейінгі 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей аудандық бөлімге өтінішке қоса осы Қағиданың 41 тармағында көрсетілген құжаттарды қоса береді.

Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Өтінішті қабылдаған аудандық бөлімнің маманы құжаттар пакетінің толық болуын тексереді.

Құжаттар пакеті толық болған жағдайда аудандық бөлім құжаттарды қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оларды учаскелік комиссияға жібереді.

Учаскелік комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:

1) осы Қағиданың 38 тармағының 1), 2) 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін осы Қағиданың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша адамның санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оны аудандық бөлімге жібереді;



2) осы Қағиданың 38 тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін тексеру жүргізеді, оның қорытындысы бойынша материалдық жағдайы туралы акті жасап, осы Қағиданың 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша адамның (отбасының) санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оны аудандық бөлімге жібереді.

Аудандық бөлім санаторий-курорттық емделуге кеткен шығындарды өтеуге арналған құжаттарды ресімдеу немесе ресімдеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және өтінішті қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде өтініш берушіге Учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде санаторий-курорттық емделуге кеткен шығындарды өтеуге арналған құжаттарды ресімдеу туралы немесе бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып, еркін нысанда хабарландыру жібереді.

Өтініш беруші мекемеде санаторий-курорттық емделу қызметін алғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде аудандық бөлімге шот-фактура, фискалды түбіртек, атқарылған жұмыстардың актісін және банк шотын ұсынады.

Аудандық бөлім өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде 30 күнтізбелік күн ішінде санаторий-курорттық емделу үшін ақшалай түрдегі әлеуметтік көмекті есептейді.

Егер өтініш беруші санаторий-курорттық емделуді пайдаланбаса немесе мекемеге кіру күні кейінгі мерзімге ауыстырылса, ол аудандық бөлімді жазбаша хабарлайды.

Аудандық бөлім санаторий-курорттық емделуді пайдаланбаған өтініш берушіні тіркеуден алып тастайды.

Өтініш берушінің мекемеге кіру күні кейінгі, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге ауыстырылған жағдайда санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек санаторий-курорттық емдеуді алу фактісі бойынша төленеді.

Санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек жергілікті бюджетте аталған мақсаттарға тиісті қаржы жылында қарастырылған қаржы шегінде беріледі.

Өтініш беруші санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек тағайындау туралы жеке өтініш жасай алмайтын жағдайда, белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішпен баруға басқа адамдарға өкілеттік беруге құқылы.

41. Санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;

2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған жағдайда;

3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органмен белгіленген шектен асқан жағдайларда жүзеге асырылады.

Аудандық бөлім өтініштерді келіп түсуіне қарай тіркейді.

Алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайда санаторий-курорттық емделуге төленген әлеуметтік көмек сомасы ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтарылуы тиіс.

Санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде он екі күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге бір реттен артық көрсетілмейді.

жүктеу 200 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау