75
Табиғи жарықтандыру коэффициенті жоғары көру дәлдігі (көру
нысанының көлемі 0,3-0,5 мм) жұмыстары кезінде 1,5%, ал орта көру дәлдігі
(көру нысанының көлемі 0.5-1 мм) жұмыстары кезінде 1% төмен болмауы
қажет. Жасанды жарықтандыру үшін әдетте ЛБ және ДРЛ түрлі
люминисцентті шамдар қолданылады. Олар жұмыс беттері үстінде біріккен
шам түрінде орналасады.
Компьютерлік техника қолданылатын бөлмелерде жарықтандыруға
қойылатын талаптар бар.
- Жоғары дәлдікті көру жұмыстарын жасау кезінде:
- жалпы жарықтандыру 300 Лк болуы керек;
- құрама жарықтандыру 750 Лк.
Орта дәлдікті көру жұмыстарын жасау кезінде:
- жалпы жарықтандыру 200 Лк болуы керек;
- құрама жарықтандыру 300 Лк.
Гигиеналық талаптардың негізі болып жарықтандыруды бүкіл көру
аясына дұрыс, біркелкі орналастыру болып табылады. Дәлірек айтқанда
жұмыс орнының жарықтандыру деңгейі және монитор экранының жарықтығы
бірдей болу керек. Өйткені шеттегі көру аймағындағы қатты жарық, көздердің
қажуын жоғарылатады, нәтижесінде көздер тез шаршай бастайды және
адамның назары нашарлайды.
4.2.3 Шу және діріл. Шу қалыпты еңбек жағдайларын нашарлатады
және адам ағзасына зақымды әсер етеді. Ұзақ уақытты шудың әсерінен
операторда шаршаудың белгілері, бас ауру, есте сақтау нашарлайды,
құлақтардың қатты ауруы және тәбеттің жоғалуы пайда болады. Осы
өзгерістер адам ағзасына және оның эмоционалды күйіне жаман әсер етеуі
мүмкін. Және де назардың концентрациясы азаяды, сөйлеуі нашарлайды және
жүйкелі-психикалық қажу себебінен шашау пайда болады. Нәтижесінде
адамның еңбек етуге қабілеттігі жамандайды және оның өнімділігі, сапасы
және еңбек қауіпсіздігі төмендеййді. 80 дБ(А) шуының ұзақ әсері кезінде
адамның есту қабілеті күрт нашарлайды және оның жоғалуына әкеп соқтыруы
мүмкін.
4.2
кестеде
еңбектің
ауырлығы
категориясына
байланысты,
денсаулықты және еңбекке қабілеттілікті сақтауға қауіпсіз болып табылатын
дыбыстың шекті деңгейлері көрсетілген. Оператордың жұмыс орнында
шудың деңгейі 50 дБ деңгейінен аспауы керек. Шудың деңгейін азайту үшін
сәйкес жұмыстар жүргізілуі керек.
4.2 кесте – жұмыс орындарындағы шекті дыбыс деңгейлері, дБ
Еңбек қарбаластығы
деңгейі
Еңбек ауырлығы деңгейі
Оңай
Орта
Қиын
Өте қиын
Аз қарбаласты
80
80
75
75
Орта қарбаласты
70
70
65
65
Қарбаласты
60
60
-
-
Өте қарбаласты
50
50
-
-
76
Мысалға қабырғалар мен едендер дыбыс жұтушы материалдармен
қапталуы мүмкін, ал діріл деңгейі жабдықтарды арнайы виброизоляторларға
орналастыру арқылы төмендетіледі.
4.2.4 Электрмагниттік және иондайтын сәулелену. Монитор
экранының сәулеленудің барлық түрлерінің қысқа уақытты және ұзақ
уақытты әсері адам ағзасына қауіпсіз болып саналады. Және де монитор
экранының сәулелерінің қауіптілігі туралы анықталған, айқын, толық
мағлұмат жоқ. Бірақ компьютердің мониторының электромагнитті
сәулелерінің минималды мәндері бар.
Осы сәулеленуден қорғану үшін аз деңгейлі сәулеленуі бар
мониторларды қолдану және қорғаныс экрандарын орнату ұсынылады және
регламентпен бекітілген жұмыс және демалыс тәртіптемелерін сақтау міндетті
болып табылады.
4.3 кесте – Иондаушы электромагнитті сәулеленулердің рұқсат етілген
мәндері
Параметрдің аты
Рұқсат етілген мәні
Видеомонитор бетінен 50 см
қашықтағы электромагниттік
өрістің электрлік бөлігінің
кернеулігі
10 В/м
Видеомонитор бетінен 50 см
қашықтағы электромагниттік
өрістің магниттік бөлігінің
кернеулігі
0,3 А/м
4.3 Жұмыс орнына қойылатын эргономикалық талаптар
Есептеу техникасы саласындағы эргономикалық жобалаудың негізгі
мәселесі болып жұмыс бөлмелерін видеоматериалдармен және керекті
техникамен қамту болып табылады.
Жұмыс
орнындағы
барлық
заттардың
өзара
орналасуы
антропометрикалық, физикалық және психологиялық талаптарға сәйкес болуы
керек. Оператордың жұмыс орнын құру кезінде қойылған шарттарды ұстану
қажет: жиһаздың және жұмыс аймағына кіретін жабдықтардың дұрыс
орналасуы, керекті қимылдарды іске асыруға жеткілікті бос кеңістіктің болуы
тиіс.
Отырып жұмыс істеу қалпы оператордың минималды шаршауын
туғызады. Жұмыс үстелінің дәл тәртібін және қолдану заттарының, еңбек
құралдарының және құжаттардың тұрақты орналасуын әрқашанда сақтау
керек. Жиі қолданысты қажет ететін заттар жұмыс кеңістігінің қолжетерлік
аймағында орналасуы керек.
Оператордың жұмыс орнын обалау кезіндегі эргономикалық парамтрлер
болып табылады: жұмыс бетінің биіктігі, аяққа арналған кеңістіктің
77
өлшемдері, жұмыс үстелінің бетіндегі құжаттардың орналасуына қойылатын
талаптар (тіреуіштер, папкалар, қысқыштардың болуы), жұмыс креслосының
және жұмыс орнының басқа элементтерінің реттелуі.
Оператордың негізгі жұмыс істеу қалыпы болып отыру қалыпы
саналады. Жұмыс аймағының негізгі элементтері болып үстел және ыңғайлы
кресло табылады.
Жұмыс істеу қалыпы дұрыс болып саналады, егер дененің айырлық
ортасы проекциясы демеу ауданы шегінде жатса. Дұрыс емес қалып кезінде
бұлшықеттерде статикалық тырыстыру пайда болады. Ол тез шаршауга және
келесі қызметтік ауруларға алып келеді: омыртқаның қисаюы, радикулит,
майтабан, аяқтағы веналардың кеңеюі және т.б. Еңбек пен демалудың
алмасудың рационалды тәртіптемесі шаршауды және жарақаттанушылықты
азайтады және еңбек өнімділігін жоғарылатады.
Қимылдардың жіңішке координациясын талап ететін және физикалық,
жүйкелік шиеленісті жұмыс кезінде қысқа (3-5мин), бірақ жиі үзілістер, ал
бұлшықет жұмысы кезінде үзілістер ұзақ (10 мин дейін), бірақ сирек болуы
болуы ұсынылады.
4.1 cурет – Жұмыс орнының эргономикасы
Отырып жұмыс істеу қалпы оператордың минималды шаршауын
туғызады. Жұмыс үстелінің дәл тәртібін және қолдану заттарының, еңбек
құралдарының және құжаттардың тұрақты орналасуын әрқашанда сақтау
керек. Жиі қолданысты қажет ететін заттар жұмыс кеңістігінің қолжетерлік
аймағында орналасуы керек.
Адамның қозғалыс қимылдары жүзеге асатын жұмыс орны кеңістігі
моторлы жазық деп аталады. Ал оптималды зона деп жұмыс орнының
Достарыңызбен бөлісу: |