В данном дипломном проекте сделан анализ работы центра обработки


Ақпаратты өңдеу орталықтары және олардың тағайындалуы



жүктеу 0,91 Mb.
Pdf просмотр
бет2/32
Дата14.05.2018
өлшемі0,91 Mb.
#13267
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

13 

1.1 Ақпаратты өңдеу орталықтары және олардың тағайындалуы 

Ақпаратты  өңдеу  орталығы  (АӨО)  бұл  –  есептеу  қуаттарынан,  IT-

инфрақұрылымының  элементерінен,  құрылыстық  және  ақпаратты  сақтау, 

өңдеу  және  тарату  қызметтерін  жүзеге  асыратын  инженерлік  жүйелерден 

құралатын күрделі кешен. Ақпаратты өңдеу орталығында үлкен емес көлемде 

қуатты есептеу ресурстары жиналған: ақпаратты сақтау және өңдеуді жүзеге 

асыратын  серверлер  және  ақпаратты  сақтау  жүйелері;  АӨО  ішінде  ақпарат 

алмасуға  және  сыртқы  тұтынушылармен  байланысқа  жауап  беретін    желілік 

құрылғылар;  АӨО  ішінде  орналасқан  есептеу  орталығының  тиімді  жұмысын 

және  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін  инженерлік  жүйелер,  қауіпсіздік 

жүйелері, диспетчеризация және мониторинг жүйелері болады. 

АӨО  тағайындалуы  –  кәсіпорынның  ақпараттық  жүйесінің  берілген 

қолжетімділік,  қауіпсіздік  және  басқару  деңгейіндегі  кепілді,  тоқтаусыз 

жұмысын 


қамтамасыз 

ету. 


АӨО 

құру 


технологиясын 

қолдану 


кәсіпорындардың  төтенше  жағдайларда  ақпараттық  жүйелердің  максималды 

атқарымдығын сақтайтын резервті штаб-пәтерлерін құруға мүмкіндік береді.   

Бүгінгі  күнде  заманауи,  бәсекеге  жарамды  кәсіпорынның  жұмысы  өте 

маңызды  үрдістерді  қолдайтын  ақпараттық  жүйелерді  қолданусыз  мүмкін 

емес  екендігі  сөзсіз.  Осындай  жүйелерде  болатын  ақаулар  немесе  олардың 

жеткіліксіз  өнімділігі  қаржылық  шығындарға,  корпоративтік  ақпараттың 

жоғалуына,  компанияның  атына  кір  келтіруі  немесе  клиенттердің  сенімінің 

жоғалуына  әкелуі  мүмкін.  Сонымен  қатар  ақпараттық  ортаның  үзіліссіз 

жұмыс жасауы өсіп, тез дамып жатқан компаниялар үшін өте маңызды мәселе 

болып  табылады.  Өйткені  өсу  жағдайларында  ақпарат  көлемінің  және 

маңыздылығының  өсуі  болады,  ал  ақпараттық  жүйелердің    жұмысының 

тоқтауы шығындардың өсуіне де әкеліп соқтырады. 

Ақпараттық  жүйелердің  сенімді  жұмыс  жасалуы  маңызды  болатын 

кәсіпорындар  үшін  дұрыс  жобаланған  және  кәсіби  жүйелік  интегратор 

күшімен салынған корпоративті ақпаратты өңдеу орталығы (АӨО) қажеттлік 

болып табылады. Бұл компанияның барлық ақпараттық жүйелерінің үзіліссіз 

жұмыс  істеуінің  кепілі  және  жаңа  IT-  зерттемелерді  енгізудің  берік  негізі 

болады. 


Ақпараттық  жүйелердің  жұмысы  бизнес  үшін  аса  маңызды 

кәсіпорындарда 

IT-технологиялар 

ерекше 


талап 

етіледі. 

Осындай 

компанияларға мемлекеттік құрылымдар, банктер және телекоммуникациялық 

компаниялар  жатады.    IT  технологиялардың  дамуы  жағынан  осы 

кәсіпорындарды  кемел  және  ақпараттық  технологиялардың  компаниялардың 

бизнес-үрдістеріндегі  орны  мен  маңызын  түсінетін,  қалыптасқан  мәдениеті 

бар  пайдаланушылар  деп  атауға  болады.  Осындай  компанияларға  салынып 

қойылған  ірі,  ең  заманауи  құралдармен  жабдықталған  ақпаратты  өңдеу 

орталықтары  тән.  Бұл  АӨО-лерде  әрқашанда  кеңейтілу,  сенімділіктің  өсілуі, 

энергошығындарды, 

қызмет 


көрсету 

және 


сервис 

шығындарын 

минимизациялау қажеттілігі болады. 



14 

Бүгінгі күнде біз басқа да салалар компаниялары автоматизацияға, яғни 

IT-технологияларды  бизнеске  енгізуге  үлкен  қызығушылық  танытатынын 

көре  аламыз.  Өндірістік  кәсіпорындар,  сақтандыру  компаниялары,  сауда 

желілері IT-ды енгізуде. Дәл осы жерде IT-ға, дәлірек айтқанда АӨО-лерге ең 

үлкен  қызығушылық  байқалуда.  Осындай  компанияларға  келесі  мәселелерді 

шешуге    тура  келеді:  АӨО-ны  қай  жерде  ұйымдастырған  дұрыс,  қандай 

бағдарламалық  құралдар  мәселелерді  толығырақ  шешуге  мүмкіндік  береді, 

қажетті  приложениялардың  жұмысы  үшін  қай  аппараттық  платформа 

оптималды болып келеді.  

Осылайша  ақпараттық  технологиялардың  бизнеске  қажеттілігін 

нарықтың  басым  салаларының  мүшелері  сезінеді,  IT  кәсіпорындардың 

экономикасына тереңірек еніп жатыр. Дәл осы жерде IT-ға, дәлірек айтқанда 

АӨО-лерге  ең  үлкен  қызығушылық  байқалуда.  IT-ға  көзқарас  ТОП-

менеджмент  жағынан  да  өзгеріп  жатыр:  көптеген  жетекшілер  ақпараттық 

технологияларда тек басым артықшылық қана емес, ал бизнестің өсуінің және 

дамуының негізін көреді.  

1.2 АӨО құрудың қажеттілігі мен артықшылықтары 

Ақпаратты  өңдеу  орталығы  бірінші  кезекте  қуатты  ақпараттық 

жүйелерді  (CRM  және  ERP  сияқты)  қолданатын  ірі  компанияларға  қажет. 

Осындай компанияларда ақпарат тікелей бизнес-үрдістерге әсер етеді. Оларға 

келесілерді жатқызуға болады:  

- сақтандыру компаниялары; 

- қаржы секторының компаниялары; 

- байланыс қызметтері операторлары; 

- мемлекеттік құрылымдар; 

- транспорттық компаниялар; 

- басқа ірі компаниялар. 

Ірі  мекемелерден  басқа,  ақпаратты  өңдеу  орталықтары  орта  бизнес 

өкілдерінің  көбіне  пайдалы  болады.  Өйткені  бүгінгі  күнде  нарық  сенімді 

ақпараттық жүйенің болуын талап етеді.  

АӨО құрудың артықшылықтары: 

- есептеу  ресурстарының  тиімділігінің  жоғарылауы  және  эксплуатация 

сенімділігінің өсуі; 

- тоқтауға  төзімді  инфрақұрылымдық  қызметтерді  жылына  365  күн, 

аптасына 7 күн, күніне 24 сағат тәртіптемесінде ұсыну; 

- қарапайым және мөлдір орталықтандырылған администрациялау; 

- инженерлік коммуникацияларды ұсынудан шығындардың азаюы; 

- ақпараттық жүйенің қауіпсіздігінің жоғары деңгейі; 

- орталықтандырылған басқару және АӨО ресурстарын бақылау; 

- АӨО-ге қатынауды басқару; 

- есептеулік ресурстардың қарапайым және ыңғайлы масштабталуы. 

1.3 АӨО-ге қойылатын негізгі талаптар 



жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау