24
Барлық негізгі құрылғылар және ақпараттарды жинау нүктелерін
басқару өте маңызды. Оларға АӨО-нің IT инфрақұрылымы деңгейінің
құрылғылары және қоршаған жабдықтар жатады.
Администрлеуді қажет ететін құрылғылар:
- ең аз дегенде 2 температураны бақылау нүктелері;
- электрқамту тізбектерін ауыстыру жабдығы;
- электрқамтудың тарату тұстамасы;
- тоқтаусыз қорек жүйелері;
- салқындату жүйелері.
Әртүрлі жүйелердің күйін бақылау кең таралған, сонымен бірге
тіреудегі температураны бақылау және тарамды тізбектер күйін бақылау NCPI
басқару жүйелері үшін салыстырмалы түрде жаңа болып табылады. Тарамды
тізбектер күйін бақылау жабдықтың жетімділігін қолдауға мүмкіндік береді.
Себебі администратор тізбектің қайта қосылуының басталуына дейін сәйкес
мәлімдеме алады.
Ресурстарды тиімді қолдану
Орталықтандырылған басқарудың артықшылығы болып жағдайды
талдау үшін қолма-қол мәлімет алу. Қызметкерлерді үйретуге кететін
шығынды азайту үшін ақпаратты ұсыну түрі айқын, ұғынықты болуы қажет.
Критикалық оқиғалар туралы ескерту
Желілік IT шешімдер және құрылғылардың қол жетімділігіне әсер ете
алатын оқиғалар жабдықтардың қызуы және электрэнергиясының өшуі мысал
бола алады. Қолма-қол мәліметтерді алу IT бөлім қызметкерлеріне қажетті
шараларды жабдықтардың істен шығуына немесе зақымдануына дейін
қолдануға мүмкіндік береді. Мәліметтерді қолма-қол алу механизмдері АӨО-
нің IT инфрақұрылымын басқару жүйесінің дұрыс жұмыс жасауы үшін
ерекше маңызы бар.
Өнімділікті талдау және тоқтап қалуларды болжау
Ақпараттар және оқиғалар журналын жүргізу міндетті талап болып
табылады. Осы журналдардағы ақпарат IT бөліммен өнімділікті қолмен
талдау үшін қолданылуы мүмкін.
Мекеменің міндеттерін орындау үшін баптаудың оңайлығы
Жабдықтарды жаңарту және алмастыру стратегиялары қымбатқа
соғатын жабдықтардың жоспарланбаған тоқтап қалуын болдырмау үшін
жоспарлануы қажет. Кескіндемелердің өзгеруін қолдайтын икемді жүйелерді
қолдану тоқтап қалу уақытын минимумға дейін азайтуы мүмкін.
АӨО-нің IT инфрақұрылымын басқару шешімдері
Соңғы кездегі IT жүйелерінің және IT шешімдерінің дамуы
мекемелердің бірнеше нысандарды басқару сұрақтары бойынша талаптарын
қанағаттандыруға мүмкіндік берді. Әртүрлі құрылғылар категорияларына
арналған “компоненттерді басқару құралдарын” қолдану есебінен IT директор
және қоласты IT бөлімдер жабдықтарды басқарады. 1.4 суретте
көрсетілгендей “сақтау жүйелерін басқару құралдарын” қолдану түрлі тұрмыс
болып табылады. Берілген инфрақұрылымдық шешімдерді қолданудың
25
артықшылығы болып олардың қолдану және орнату оңайлығы болып
табылады. Бұл, олардың алдымен бір түрлі (көбінесе бір өндірушінің)
құрылғылар
және
инфрақұрылымдық
шешімдерін
басқаруға
бағыттандырылғанымен байланысты. Оларды қолданудың шектеуі болып
әртүрлі басқару құрылғыларының координациясының жоқтығы болып
табылады.
Желінің құрылғыларын басқаруын жақсарту үшін HP OPENView немесе
Yivoli сияқты арнайы EMS ресурстары қолданылады. Олар IT инфрақұрылым
элементтерінің интеграциясын жүргізуге мүмкіндік береді және желіде болып
жатқан оқиғалар туралы мәліметтерді администраторға береді. Сонымен қатар
EMS ресурстары да, инженерлік IT инфрақұрылымды басқаруға арналған IT
шешімдері де желінің жұмысы үшін өте маңызды болатын инфрақұрылымның
физикалық деңгейін басқаруға мүмкіндік бермейді.
Ақпараттарды жинау нүктелері және ғимаратты басқару жүйелері
Ғимаратты басқару жүйелері АӨО-нің IT инфрақұрылымының кейбір
ақпараттарды жинау нүктелеріне қызмет көрсету үшін жиі қолданылады.
Сонымен бірге қажетті ақпарат көлемі және өзінің архитектурасының
қасиеттері бойынша олар тек АӨО-нің IT инфрақұрылымын оңтайлы
басқаруына мүмкіндік береді, және де олар желінің жұмысы үшін өте
маңызды болатын инфрақұрылымның физикалық деңгейін басқаруына
жарамсыз болып табылады. EMS және BMS жүйелері бар IT инфрақұрылым
элементтерінің интеграциясы қалай жүзеге асады? Жеке құрылғылардың
интеграциялау жолы 1.4 суретте көрсетілген.
Ақпараттық жүйелердің жұмысы бизнес үшін аса маңызды
кәсіпорындарда
IT-технологиялар
ерекше
талап
етіледі.
Осындай
компанияларға мемлекеттік құрылымдар, банктер және телекоммуникациялық
компаниялар жатады. IT технологиялардың дамуы жағынан осы
кәсіпорындарды кемел және ақпараттық технологиялардың компаниялардың
бизнес-үрдістеріндегі орны мен маңызын түсінетін, қалыптасқан мәдениеті
бар пайдаланушылар деп атауға болады. Осындай компанияларға салынып
қойылған ірі, ең заманауи құралдармен жабдықталған ақпаратты өңдеу
орталықтары тән. Бұл АӨО-лерде әрқашанда кеңейтілу, сенімділіктің өсілуі,
энергошығындарды,
қызмет
көрсету
және
сервис
шығындарын
минимизациялау қажеттілігі болады.
АӨО жобалау шешілетін бизнес есептер, қауіпсіздікке қойылатын
талаптар, тұтынушының қалаулары, бар құрал-жабдықтарды қолдану
ескеруімен орындалады және проекттің архитектура-техникалық шешімінде
іске асырылады. Осындай амал қорғалған, әртүрлі өндірушілердің
жабдықтарын және бағдарламалық қамтамасыздандыруларынан, соның
ішінде тапсырыс берушінің жүйелерінен тұратын гетерогенді ақпаратты өңдеу
орталықтарын жасауға мүмкіндік береді.