29
орталығының желілік инфрақұрылымының таңдалған архитектурасына
байланысты. Олар жұмыс тобы деңгейінің ең қарапайым коммутаторы ретінде
немесе мекеме деңгейінің жабдығы ретінде қолданылуы мүмкін;
- бағдарламалық кешендер. Олар орталықтандырылған мониторинг және
желіні басқаруды жүргізеді, графикалық интерфейс және де атқарымдық
компоненттер күйі, коммутаторлар ресурстарының жүктелуі, қосылып тұрған
құрылғылардың
кейбір
параметрлері,
оның
ішінде
серверлардағы
FibreChannel интерфейстік карталардың микробағдарламалық қамсыздандыру
нұсқасы сияқты байқалатын параметрлердің кеңейтілген виртуализациясы
құрылғылары, есебінен ақпаратты өңдеу орталығының бүкіл желілік
инфрақұрылымын басқаратын бірыңғай нүктесін ұсынады.
Конвергенция ақпаратты өңдеу орталығының желілеріндегі тағы бір
маңызды тенденция болып табылады. Оның арқасында бір-бірінен бөлек LAN
және SAN желілерін біріктіруге болады, ал бірыңғайландырылған коммутация
көмегімен басқаруды оңайлатуға және жабдық, электрқамту және кабельдік
инфрақұрылымда үнемдеуге болады. Конвергенция бір-бірімен байланысқан
протоколдар арқылы жүзеге асады. Олардың ішінде FibreChanneloverEthernet
(немесе FCoE), DataCenterBridging (DCB) жетілдіруі бар Ethernet және
40/100GB Ethernet бар. Сонымен бірге FCoE FC және Ethernet трафигін
топтап, бір коммутаторға барлық серверлер және ақпараттарды сақтау
жүйелерінің трафигін өңдеуге мүмкіндік береді.
DCB арқылы Ethernet FibreChanneloverEthernet (FcoE) трафигі үшін
қолайлы, жоғалтуларсыз протоколға айналады. ақпаратты өңдеу орталығының
желілк карталары және коммутаторлары FibreChanneloverEthernet және
DataCenterBridging стандарттарын қолдауы қажет. Егер конвергентті
желілерде 40GB және 100GB Ethernet-ке ауысу орын алса, онда ақпараттарды
өңдеу орталығы өте ауқымды ақпараттар көлемін таратуға мүмкіндік береді.
Жақында серверларда 10GbE желілік карталары болады, ал желінің
ядросымен байланысты қамтамасыз ету үшін ToR коммутаторларында 40
GbE-ні қолдау қажет етілетін болады.
Үстіде келтірілген протоколдардың кейбіреулері әлі шығарылуда, бірақ
жақын келешекте олар заманауи ақпараттарды өңдеу орталықтары
желілерінің архитектурасын анықтайтын болады.
Ethernet-коммутациясы көбінесе күту уақытына үлкен талаптар
қоймайтын приложениялары үшін қолданылады. Ал GigabitEthernet арналары
көбінесе басқару, мониторинг, синхронизация және ақпараттарды сақтау
желілерімен әрекеттесу үшін қолданылады. Сирек жағдайларда олар төмен
өнімділікті жүйелерде, параллель есептеулерді қолдану кезінде есептеу
түйіндерімен әрекеттесуде қолданысқа ие болды.
SAN сақтау жүйелері әртүрлі дисктік жүйеастыларын біріктіру,
сенімділік деңгейін жоғарылату, және ақпараттарды сақтау қызметтерін
көрсетумен байланысты міндеттерді шешуге көмектеседі. Осындай желілерді
құру кезінде SAN және NAS концепциялары қолданылады. Олар
30
ақпараттарды сақтау инфрақұрылымын және есептеу қуаттарын біріктіруге
мүмкіндік береді.
SAN-сақтау орындары ақпаратқа сенімді және өнімді блоктык
қатынауды жеке сақтау желісіне біріктіру арқылы және арнайы интерфейстер
(FibreChannel) бойынша приложениялар серверімен қосылуды қамтамасыз
етеді. SAN концепциясы ақпараттарды сақтау жүйелерін және приложениялар
серверлерін бөліп тастайды, және де максималды иілгіш және
масштабталатын болып табылады. Нәтижесінде СХД-ны өсіру және қызмет
ету шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар SAN сақтау
желілері ақпараттарды қалпына келтіру, миграциясы және репликациясы
саласындағы барлық атқарымдарды қолдайды.
NAS сақтау жүйелері IP (internetprotocol) - желілік деңгейдің стандартты
протоколы бойынша серверлерге қосылады. NAS технологиясы ыңғайлы
файлдық қатынауды қамтамасыз етеді және әртүрлі, әртекті приложенияларға
ақпараттарды бірегей қолдануына мүмкіндік береді.
АӨО-нің ақпараттары сақталуының жоғры деңгейін кепілдеу үшін
әдетте аумақ бойынша таралған желілер қолданылады. Оларды жобалау
кезінде резервті ақпараттарды өңдеу орталығымен байланыс қамтамасыз
етілуі керек. Аумақ бойынша таралған ақпаратты өңдеу орталықтарын
байланыстыру үшін қалалық (MAN) немесе глобалды (WAN) желілер,
арасында арналарды оңтайландыруы бар жалпы қолжетімді немесе виртуалды
жеке желілер қолданылуы мүмкін.
Алдымен АӨО-нің желілік инфрақұрылымы өзінің қызметінде
ақпараттық технологияларды активті қолданатын және көрсететін қызметтер
сапасын көтергісі келетін компанияларға қажет. АӨО-нің желілік
инфрақұрылымы – бұл талдау және өңдеуді қажет ететін ақпарат көлемі
ұдайы өсіп отыратын, бизнес-приложениялар саны өсіп отыратын,
ақпараттарды аумақ бойынша таралған есептеу желілерімен өңдеуді қажет
ететін компаниялар үшін идеалды шешім болып табылады.
АӨО-нің желілік инфрақұрылымының негізгі артықшылықтары:
- АӨО-нің түйіндері арасындағы жоғары жылдамдықты транспорт
қолдану арқасындағы өнімділіктің жоғары деңгейі;
- бір тоқтап қалу нүктелері болмайтын аумақ бойынша таралған
кескіндемелерді қолдану нәтижесінде жүйенің тоқтап қалуға төзімділігі едәуір
өседі;
- АӨО-нің желілік инфрақұрылымының масштабталатын архитектура
қысқа уақытта өзгеретін бизнес талаптарына бейімделуге мүмкіндік береді;
- сақтау желілерін қолдану арқасында дисктік кеңістікті қолданудың
оңтайлығын жоғарылату;
- желілерде интеграцияланған ақпараттарды қорғау жүйелерін қолдану
арқылы ақпараттардың қауіпсіздігі деңгейі жоғарылайды;
- қолданушыларға қызмет етудің жоғары деңгейі;
- жабдықтардың тоқтап қалуларын қысқа уақытта жою;
- ақпараттарды сақтаудың сенімділігі және қауіпсіздігі.