В данном дипломном проекте сделан анализ работы центра обработки



жүктеу 0,91 Mb.
Pdf просмотр
бет14/32
Дата14.05.2018
өлшемі0,91 Mb.
#13267
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32

42 

көрсету  қабілеттігін  сипаттайтын  ЖҚЖ-ның  өнімділік  көрсеткіштері  бар 

математикалық модельдерді құру.  

ЖҚЖ  тиімділігінің  көрсеткіштері  ретінде  қолданылады:  уақыт 

бірлігінде  қызмет  көрсетілетін  сұранымдардың  орташа  саны;  кезектегі 

сұранымдардың орташа саны; қызмет көрсетуді күтудің орташа саны; қызмет 

көрсетуге  күтусіз  бас  тартудың  ықтималдығы;  кезекте  сұранымдар  санының 

белгілі шамадан асып кету ықтималдығы және т.б. 

ЖҚЖ  екі  негізгі  топқа  жіктеледі:  бас  тартулары  бар  ЖҚЖ  және  кезегі 

бар  ЖҚЖ.  Бас  тартулары  бар  ЖҚЖ-да  сұранымның  келіп  түсу  мезетінде 

барлық арналар бос емес болған жағдайда бас тарту алып, ЖҚЖ-дан шығады 

және  қызмет  көрсету  үрдісіне  қатыспайды  (мысалы,  телефондық  сөйлесуге 

сұраным  барлық  арналар  бос  емес  болған  жағдайда  бас  тарту  алады  және 

ЖҚЖ-дан  қызмет  көрсетілмей  шығады).  Кезегі  бар  ЖҚЖ-да  сұранымның 

келіп  түсу  мезетінде  барлық  арналар  бос  емес  болған  жағдайда  ЖҚЖ-дан 

шықпайды және қызмет көрсетілуге кезекке тұрады. 

Кезегі  бар  ЖҚЖ  әртүрлі  түрлерге  кезектің  құрылуына  байланысты 

жіктеледі:  кезектің  ұзындығы  шектелген  немесе  шектелмеген,  күту  уақыты 

шектелген және т.б. 

ЖҚЖ-ны  жіктеу  үшін  қызмет  көрсету  тәртібі  өте  маңызды  болып 

табылады. Ол келіп түскен сұранымдардан таңдау тәртібін және бос арналар 

арасында  бөлу  тәртібін  анықтайды.  Осы  сипат  бойынша  сұранымға  қызмет 

көрсету  келесі  қағидалар  бойынша  құрылуы  мүмкін:  бірінші  келді  –  бірінші 

қызмет  көрсетілді,  соңғы  келді  –  бірінші  қызмет  көрсетілді  немесе 

басымдылығы бар қызмет көрсету (бірінші болып маңыздырақ сұранымдарға 

қызмет көрсетіледі). 

Басымдылық  абсолютті  бола  алады,  осы  жағдайда  маңызды  сұраным 

қарапайым  сұранымды  қызмет  көрсетуден  шығарып  тастайды,  немесе 

салыстырмалы  бола  алады,  осы  жағдайда  маңызды  сұраным  тек  кезекте 

жақсырақ орын алады.  

Кәсіби  басқарушы  халыққа  жаппай  қызмет  көрсету  жүйесін 

жақсартудың  жаңа  жолдарын  іздей  отырып,  кезекте  тұрған  тұтынушыларға 

қызмет көрсетуде реттеу жүйесіне кетіп отырған шығындардағы өзгерістерді 

дұрыс  бағалап  отыруы  қажет.  Тұтынушыларға  тез  арада  қызмет  көрсететін 

қызметшілерді  көптеп  жалдауға  болады.  Осылайша,  улкен  дукеннің  әкімдігі 

сатушылар  мен  кассирлердің  санын  ескере  отырып  кассаның  алдында 

тутынушылар  көөөп  уақыттағы  кезекті  болдырмауына  болады.  Банктердегі 

немесе  әуежайлардағы  кассаладың  жұмысы  үшін  тұтынушы  көөөп  уақытта 

қосымша  жұмысшыларды  шақыртуға  болады.  Бірақ,  кезек  күту  уақытын 

азайтуға көбінесе жұмыс орнын ашу мен оларды орналастыратын орын және 

қосымша  жұмыс  күшіне  төленетін  жалақы  мәселесі  кедергі  болады.  бұл 

мәселе айтарлықтай маңызды болуы мүмкін. 

Қызмет  көрсету  құралдары  жұмысының  ерекшелігі  уақыт  аралығында 

сұраныс  ағынының  (белгілі  бір  уақыт  аралығында  қызмет  көрсету  жүйесіне 

келіп  түскен  сұраныстар  жиынтығы)  уақыт  аралығында  өзгеріп  тұруы  және 



43 

еңбек  сиымдылығы  мен  ақауды  жөндеу  мерзімінің  айнымалылығы.  Қызмет 

көрсетуге  берілетін  сұраныстар  мен  қызмет  көрсету  мерзімдері  айнымалы 

және  кездейсоқ  болатын  жүйелер  жаппай  қызмет  көрсету  жүйелері  (ЖҚЖ) 

деп аталады.

 

Жүйе дегеніміз өзара байланысты бөліктерден құралып, бір бүтін болып 



әрекет ету мақсатына қол жеткізуге арналған ретке келтіру үрдісі.

 

Жалпы  айтқанда,  жүйе  дегеніміз  бірнеше  өзара  тәуелді  элементтерден 



тұратын  физикалық  объект.  Техникалық  эксплуатацияда  бұған  жұмыс 

постылары,  ТБ  желілері,  жөндеу  шеберханаларының  учаскілері,  қосалқы 

бөлшек  қоймалары,  отын  және  май  құю  станциялары  және  тағы  басқалары 

жатады. 


Құрылымдық  және  атқарымдық  құрылымы  бойынша  ажыратылатын 

ЖҚЖ-ның  кең  алуан  түрлілігі  бар.  Сол  мезетте  ЖҚЖ-ның  жұмыс  жасау 

сипаттамаларын  есептеудің  аналитикалық  әдістерін  жасау  көп  жағдайларда 

зерттелетін  ЖҚЖ-лардың  жиынын  шектейтін  бірнеше  шамалаулардың 

болуын жорамалдайды.  

Төменде  ЖҚЖ-ны  қарау  кезінде,  егер  басқасы  айтылмаса  келесі 

жорамалдауларды қолданамыз: 

- жүйеге  түскен  сұраным,  егер  құрылғы  бос  болса,  сол  мезетте  қызмет 

көрсетуге түседі; 

- қызмет  көрсетуде  құрылғыда  уақыттың  әрбір  мезетінде  тек  бір  ғана 

сұраным болуы мүмкін; 

- кез-келген  сұранымға  қызмет  көрсету  аяқталғаннан  кейін  құрылғыда 

кезекті  сұраным  кезектен  лезде  таңдалады,  яғни  басқа  сөзбен  айтқанда 

құрылғы тоқтамайды, егер кезекте тым болмаса да бір сұраным болса; 

- ЖҚЖ-ға  сұранымның  түсуі  және  оларға  қызмет  көрсету  ұзақтығы 

жүйеде қанша сұранымлар бар болуына немесе басқа да факторлардан тәуелді 

емес; 

- сұранымдарға  қызмет  көрсету  ұзақтығы  сұранымдардың  жүйеге  түсу 



жылдамдығынан (интенсивтілігінен) тәуелді емес. 

Жаппай қызмет көрсету жүйесі мынадай негізгі элементтерден тұрады: 

қызмет  көрсету  қажетсінетін  объектілердің  кіру  ағыны,  бұны  сұраныс  деп 

атаймыз;  кезекке  тұру;  қызмет  көрсететін  апараттар  және  сұраныстардың 

шығу ағыны. 

Сұранымдар ЖҚЖ-ға ұдайы емес, кездейсоқ түрде келіп түспейді және 

кездейсоқ  сұранымдар  ағынын  құрайды.  Сұранымдарға  қызмет  көрсету  де 

кездейсоқ уақыт ұзақтығына тең болады. Сұранымдар ағынының және қызмет 

көрсету  уақытының  кездейсоқ  сипаты  нәтижесінде  ЖҚЖ  біркелкі  емес 

жүктеледі, яғни уақыттың кейбір аралықтарында сұранымдардың үлкен саны 

жиналады  (олар  кезекке  тұралы  немесе  ЖҚЖ-дан  қызмет  көрсетілмей 

шығады),  ал  басқа  уақыт  аралықтарында  ЖҚЖ  жеткіліксіз  жүктемемен 

жұмыс жасайды немесе мүлдем жұмыс жасамайды.  



жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау