Утверждено



жүктеу 239,65 Kb.
Pdf просмотр
бет4/7
Дата17.11.2017
өлшемі239,65 Kb.
#1131
1   2   3   4   5   6   7

 

51.  Аудиторлық  тапсырманың  мақсаттары  аудит  нысанасына  (Қоғамға)  қатысты 



тәуекелділіктерді  және  Қоғамның  жалпы  корпоративтік  басқару  үрдістерін  бағалау 

нәтижелеріне үйлесуі тиіс.   

     

Аудиторлық тапсырманы алдын-ала жоспарлау.  

 

52.  Аудиторлық  тапсырманы  жоспарлау  сатысында  ішкі  аудиторлар  тӛмендегідей 



жұмыстарды атқарады:  

53.  1)  аудит  нысанасына  қатысты  ақпараттар  мен  құжаттарды  жинастырып, 

сараптама жасайды;  

2)  аудит  нысанасы  қызметінің  мақсаттарын  анықтау,  сондай-ақ  оларға  қол  жеткізу 

үшін пайдаланылатын құралдарды бақылау;   

3) аудит нысанасының ұйымдық құрылымын зерттеу, сондай-ақ, аудит нысанасының 

бизнес  үрдістерін,  алдыңғы  жүргізілген  (егер  ондай  болған  болса),    аудиттен  кейінгі 

уақытта,  оның  функциясы  мен  құрылымындағы  ӛзгерістерді  анықтай  отырып,  сараптама 

жасау және аудит нысанасының басқару мен  ішкі бақылауының ӛзекті жүйелерін зерттеу; 

олардың ұрымтал һәм оңтайлы тұстарын анықтау мақсатында алдын-ала баға беру; 

4) аудит нысанасының шығындар сметасын (бюджетін) пайдалануы және атқарылған 

жұмыстары туралы есептерімен танысу ;  

5)  аудиторлық  тапсырманы  жоспарлау  кезеңінде  белгілі  болған  түйткілді 

мәселелерді анықтау;  

6) бұрынғы жүргізілген аудиторлық тапсырманың нәтижесі бойынша,  реттеуші және 

бақылаушы  органдардың  тексерістері  бойынша  (егер  ондай  болған  болса),  жүзеге 

асырылған іс-шаралармен танысу және оларға тиісті баға беру;   

7) аудит нысанасына қатысты тәуекелді жәйттерді бағалау нәтижелерін зерттеу және 

тәуекелді салалар мен ішкі бақылау жүйесіне ӛзіндік баға беру;  

8)  аудит  нысанасының  бақылау  жүйесі  мен  тәуекелді  жәйттерге  басшылық  ету 

жүйесін елеулі түрде жетілдіру мүмкіндігін анықтау;  

9)  аудит нысанасының қызметіне тиімді басшылық жасау үрдісін қамтамасыз ету. 

54.  Қызмет басшысының және аудиторлық тапсырма басшысының  басшылығымен 

ішкі  аудиторлар аудиторлық бағдарламаны құрастырып, оны құжат түрінде рәсімдеуге  (



қосымшаның  формасы  бойынша)    міндетті;  бағдарлама  аудиторлық  тапсырманың  

мақсатына  қол  жеткізу  үшін  керекті  және  тәуекелді  жәйттерді  бағамдау  негізінде 

жоспарланған  аудиторлық  рәсімдердің  сипатын,  мерзімдік  шеңберін  және  ауқымын 

анықтауға  тиіс.  Аудиторлық  бағдарлама  ішкі  аудитті  жүзеге  асырушы  ішкі  аудиторларға 

арналған  нұсқаулықтар  жиынтығы  және  жұмыстың  орындалуын  сапалы  түрде  бақылау 

және тексеру құралы болып, сол арқылы ішкі аудиттің тиімділігін қамтамасыз етуге тиіс.  

55.  Аудиторлық  бағдарлама  аудиттік  тапсырманы  орындауға  қажет  ресурстарды 

шамалап  бағалау  негізінде  есептелетін  және  ішкі  аудитті  ӛткізуге  кететін  уақытқа  сай 

болуға тиіс.  Аталған ресурстар негізінен  ішкі  аудиторлардың аудиторлық  үрдістің барлық 

сатыларын  дайындауға  жұмсайтын,  яғни  жоспарлау,  аудиторлық  тапсырманы  орындау, 

берілетін  есепті дайындау, кеңес беру  және тәмамдауыш рәсімдерге жұмсайтын    уақытын 

кӛрсетеді. 

56.  Аудиторлық  тапсырманың  басшысы  аудиторлық  бағдарламаны  құру  кезінде  

мына рәсімдерді орындау және/немесе орындалуын қамтамасыз етуге тиіс:  

1)  аудит  қорытындысы  негізіндегі  тұжырымдар  алу  үшін  керекті  аудиторлық 

дәлелдемелердің сипатын анықтап беруі;  

2)  аудиторлық ақпараттарды жинау үшін керекті рәсімдерді анықтап беру;  

3)  аудит  барысында  атқарылатын  ең  керекті  және  басым  әрекеттер  мен  рәсімдерді 

белгілеп, олардың ең маңыздыларының бірінші кезекте жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. 



 

57.  Аудиторлық  бағдарлама  аудиторлық  тапсырманы  орындау  барысында,  қажет 



болған  жағдайларда,  қайта  қаралып,  нақтылануы  және  жаңа  аудиторлық  рәсімдердің 

қолданылуын  қажет  етуі  мүмкін,    ӛйткені  ішкі  аудитордың  ӛз  жұмысын  жоспарлауы 

аудиторлық  тапсырманың  бүкіл  орындалу  мерзімі  бойында  ӛзгермелі  жағдаяттарға    және 

аудиторлық тапсырманы орындау барысында пайда болуы мүмкін оқыс нәтижелерге сәйкес 

үздіксіз іске асырылып отырады. Аудиторлық бағдарламаға енгізілген елеулі ӛзгерістердің 

себебі құжат бойынша кӛрсетілуі тиіс.  

58.  Ішкі  аудитор  жасаған  аудиторлық  бағдарлама  аудиторлық  тапсырманың 

басшысымен келісілуі және қызмет басшысы тарапынан бекітілуге тиіс.  

 

      Аудиторлық тапсырманы орындауға қажет қорларды анықтау 



 

59.  Аудиторлық  тапсырманың  басшысы  аудиторлық  тапсырманың  мақсаттарына 

қол  жеткізуге  керекті  қорларды  анықтауға  міндетті.  Аудиторлық  топтың  құрамы 

аудиторлық тапсырманың сипатына және күрделілік деңгейіне, мерзім бойынша шектелуіне 

және нақты ресурстардың болуына сәйкес анықталады.  

 

Аудиторлық тапсырманы жоспарлау туралы меморандум құру 

 

60.  Аудиторлық  тапсырманың  басшысы,  аудиторлық  тапсырманы  алдын-ала 



жоспарлау негізінде, аудиторлық тапсырманы жоспарлау туралы меморандум дайындайды. 

(6  қосымшаның  формасы  бойынша).  Меморандумға  тәуекелді  жәйттердің  жалпылай 

және  қысқаша  сипаттамасы,  сынақтан  ӛткізу  рәсімдері  мен  олардың  нәтижелері,  басы 

ашылған елеулі қателіктер, бұрмалаулар, рәсімдерді сақтамау фактілері және тәуекелдердің 

басқа да факторлары; ішкі аудиттен ӛтуге тиіс операциялар/рәсімдер түрлері, таңдалымдар 

кӛлемі,  реттеуші  және  бақылаушы  органдар  тарапынан  жүргізілген  бұрынғы  аудиторлық 

тексерістердің  есептері  мен  нәтижелері  (берілген  ұсыныстардың  орындалу  жағдайы 

кӛрсетіле отырып) енгізілуге тиіс. 

Сондай-ақ,  аудиторлық  тапсырманы жоспарлау  туралы  меморандумда  ішкі  аудитті 

ӛткізуге  керекті  және  аудиторлық  бағдарламалар  негізінде  есептеп  шығарылған  уақыт 

шығынын есептеу нәтижелері  (адам-сағаттың жалпы саны), яки аудиторлық тапсырманың 

орындалу уақыты кӛрсетілуге тиіс.  

Аудиторлық  тапсырманы  жоспарлау  туралы  меморандум  Қызмет  басшысы 

тарапынан келісілуге тапсырылады.  

Аудиторлық тапсырманы жоспарлау туралы меморандумда, сондай-ақ тӛмендегідей 

ақпараттар болуға тиіс:  

1) аудит нысанасының атауы және оның қысқаша қызмет сипаттамасы;  

2) аудиторлық тапсырманың мақсаттары және ауқымы; 

 3) аудит мерзімі; 

4)  аудиторлық  топтың  құрамы  (ішкі  аудитке  салынуға  тиіс  операциялар/рәсімдер 

(мәселелер), соның ішінде аудиторлық тапсырма басшысы да бар, бӛлек кӛрсетіледі). 

 

Аудиторлық тапсырманы құру 

 

61.  Аудиторлық 



тапсырманы  аудиторлық  тапсырманы  жоспарлау  туралы 

меморандум  негізінде    аудиторлық  тапсырма  басшысы  жасақтайды  (7  қосымшаның 



формасы бойынша) және ол Қызмет басшысы тарапынан бекітіледі. 

62.  Аудиторлық тапсырмада тӛмендегідей ақпараттар болуға тиіс:  

1) аудит нысанасының атауы; 

2) аудиторлық тапсырманың мақсаттары; 

3) аудита мерзімі; 



жүктеу 239,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау