3
рет атқарып отыруға тиіс. Қызмет басшысы сырттай бағалау нәтижелерін Қоғамның
директорлар Кеңесінің назарына жеткізіп тұруға міндетті.
13. Қоғам басшысы жұмыс сапасын қамтамасыз ету шараларының жалпылай
тиімділігін аудиторлық тапсырманың орындалу барысында үздіксіз қадағалап, аудиторлық
тапсырма мақсаттарының жоспарлы да сапалы атқарылуын қамтамасыз етуге тиісті.
14. Ішкі аудиторлар жұмысының сапасын қадағалау Жүйесі стандартты рәсімдер
мен саясаттарға, сондай-ақ Қызметтің және аудиторлық тапсырма жүктелген әрі аудиттің
нақты нысанасына қатысты аудиторлық тапсырманы орындаушы қызметкерлер құрамына
басшылық ету тапсырылған аудиторлық тапсырма басшысының кәсіби пікіріне негізделеді.
Ішкі аудиторлар жұмысының сапасына мыналар кіреді:
1) ішкі аудиторлардың тәуелсіздік, адалдық, объективтілік, құпиялылық және кәсіби
этика стандарттарын сақтауы;
2) ішкі аудит рәсімдеры мен әдістемелерінің оның негізінде дайындалған жұмыс
құжаттамаларының Қоғамда қабылданған ішкі аудитті ұйымдастыру саясатына парапар
келуі;
3) ішкі аудиттің аудиттің тұжырымдамасына ықпал ететіндей негізгі нәтижелерін
аудиттік тапсырманың және Қызмет басшыларының назарына жеткізу;
4) ішкі аудиторлар ӛздеріне жүктелген міндеттерді орындамаған немесе нашар
орындаған жағдайларда оларға тиісті шаралар қолдануы.
Ішкі аудиторлар жұмысының сапасын бақылау жүйесі Қызмет басшысы ішкі
аудиторлардың кәсіби оқыту ісін одан әрі жетілдіріп, жұмыс сапасын арттыру жолында
және аудиторлық тапсырмаларды жоспарлау және жүзеге асыру кезінде ішкі
аудиторлардың кәсіби шеберліктерін тиімдірек пайдалану мақсатында қажетті
ақпараттарды алуына жағдай жасайды.
15. Қызмет басшысы ішкі аудиторлар жұмысының сапасын бақылау үлгісіне сәйкес
қажетті рәсімдердің дайындалуын қамтамасыз етеді. (1 қосымшаның формасы бойынша).
3. Этикалық стандарттар
16. Ішкі аудиторлардың тәлімдік этикасы мынадай қағидаттарға негізделуі тиіс:
адалдық, объективтілік, құпиялылық, кәсіби біліктілік.
17. Адалдық қағидаты - ішкі аудиторлар ӛз жұмыстарын адал ниетпен және тиісті
жауапкершілікпен атқаруға тиіс, және, ішкі аудиттің кәсіби стандарттары қажет еткен
жағдайда, тиісті ақпаратты жариялауға міндетті екенін білдіреді.
18. Объективтілік қағидаты ішкі аудиторлар аудит нысанасы жайындағы
ақпараттарды жинау, бағалау және ұсыну кезінде кәсіби әділеттіліктің ең жоғарғы деңгейін
қамтамасыз етуге және ӛз пікірін қалыптастыру барысында жеке басының немесе басқа
біреулердің мүдделеріне тәуелді болмауға тиіс екенін білдіреді.
19. Құпиялылық қағидаты - ішкі аудиторлар ӛз ӛкілеттілігіне орай алынған
ақпараттарды жаймауға (егер ондай ақпаратты жария ету оны алудың алғышарты болмаса
немесе заң бойынша талап етілмесе) тиіс екенін білдіреді;
20. Кәсіби біліктілік қағидаты - ішкі аудиторлар ішкі аудит қызметтерін атқару
үшін керекті білімін, машығын және тәжірибесін толық мӛлшерде пайдалануға тиіс, және
кәсіби шеберлігін һәм жұмыс сапасын ұдайы ұштап отыруға тиіс екендігін білдіреді.
4.
Қызмет стандарттары
5.
4.1. Жылдық аудитті жоспарлау
21. Қызмет басшысы ішкі аудиттің Қоғам үшін барынша пайдалы болуын
қамтамасыз ету үшін Қызметтің іс-әрекетін тиімді басқаруға міндетті;
22. Қызметке ішкі аудиттің тиімділігін арттыру мақсатында мамандандырылған
аудиторлық бағдарламалық негіздерді пайдалануға кеңес беріледі. Сондай-ақ, Қызметтің
4
жұмысы үшін жалпы корпоративтік кӛлемдегі бағдарламалық негіздер және тәуекелді
жәйттерді басқару саласындағы біртұтас бағдарламалық негіздермен біріге пайдаланылғаны
оңтайлы.
23. Жыл сайын, 1 қыркүйекке дейін, Қызмет келесі жылға арналған жылдық
аудиторлық жоспарларды қалыптастыруға міндетті; онда ішкі аудитке салынуға тиіс
үдерістер, рәсімдер немесе қызмет түрлері, немесе қызметтер (Қоғамның бӛлімшелері)
белгіленеді.
24. Жылдық аудиторлық жоспарды дайындаудың алдында орындалатын рәсім
аудит салаларының Картасын құру/жаңарту болып табылады, ол Қоғамның бүкіл бизнес
үдерістерін ескере анықталады; соның ішінде еншілес кәсіпорындар және, қажет болса,
Қоғамның тәуелді және бірлесе бақыланатын ұйымдары жүзеге асырып жатқан жобаларды
қостау барысы ескеріледі. Сондай-ақ картаны құру/жаңарту барысында Қоғам активтерінің
құрылымы, мұның ішіне Қоғамның еншілес, тәуелді және бірлесе бақыланатын
ұйымдарының қатысу үлесін иемденуі немесе оқшаулауы ескеріледі;
25. Аудит аумақтарының картасын, қабылданған тәртіп бойынша, Қоғамның
директорлар Кеңесінің аудит жӛніндегі Комитеті мақұлдауға тиіс.
26. Жыл сайынғы негізде немесе қажет болған жағдайларда, Аудит аумақтарының
картасы жаңартылып және қабылданған тәртіппен мақұлдау рәсімінен ӛтіп тұруға тиісті.
27. Қоғамның
директорлар кеңесінің тапсыруы бойынша Қызмет аудит
аумақтарының картасында қарастырылмаған бизнес үдерістерді, ондай бизнес үдерістерді
іштей бақылау жүйесінің алдын-ала бағалауы негізінде, аудиттік тексеріске салуы мүмкін.
28. Ішкі аудитке салынатын салалар анықталғаннан кейін, ішкі аудиторлар әр
саланың маңызын Қызметтің алдына қойылған мақсаттар тұрғысынан сараптап, жылдық
аудит жоспары бойынша қамтылуға тиіс бағыттарды белгілейді. Бұл арада, тәуекелділіктер
Картасына сәйкес барынша дүдамал бағыттарға және/немесе ішкі бақылау жүйелері ең осал
бизнес үдерістерге басты назар аударылуға тиіс.
Демек, жылдық аудит жоспарын құруға тәуекелділіктер Картасы (оның құрылуын
тәуекелді жәйттерді басқарудың тиімділігіне және ішкі бақылауға жауап беретін Қызмет
басшылығы қамтамасыз етеді) және ішкі аудиторлар құрған Аудит ауқымының Картасы
негіз болуға тиіс. Ӛз кезегінде, Қызмет жаңа тәуекелді жәйттерді анықтау және/немесе
ағымдағы тәуекелділіктерді дұрыс бағалауды қамтамасыз ету мақсатында, тәуекелділіктерді
тәуелсіз бағалау жұмысын жүзеге асыруға міндетті. Қызмет Қоғам ұшырап отырған басты
тәуекелді жәйттердің дұрыс бағалануын тексеруге, сондай-ақ, атқарылған аудиттік
тапсырмалар мен алынған ақпараттардың негізінде дайындалған ұсыныстар арқылы кӛмек
кӛрсетуге тиіс.
29. Қызмет басшысы жоспарды орындауға қажет қорларды, соның ішінде ішкі
аудиттерді ӛткізуге қажетті уақыт пен шығындарды есептей келе
(2 қосымшаның
формасы бойынша) және ішкі аудиторлардың біліктілігін арттыруға қажет уақытты әрі
олардың жыл сайынғы еңбек демалысын ескере отырып (3 қосымшаның формасы
бойынша) жылдық аудит жоспарының құрылуын қамтамасыз етуге тиіс. Сондай-ақ, ішкі
аудиторлардың Қоғамға сыртқы аудиторлар жасайтын аудитке қатысуға жұмсайтын уақыт
та ескерілуге тиіс.
30. Жылдық аудиторлық жоспардың қамту ауқымын анықтау үшін, Қызмет
тӛмендегі жәйттерді ескеруге тиіс:
31. 1) негізгі күштер Қоғамның ең тәуекелді деген бизнес үрдістері мен қызмет
бағыттарына жұмылдырылуы қажет;
2) аудиторлық жоспарға Қоғам басшылары тәуекелді жәйттерді бағалау барысында
негізгі («жоғары») тәуекелділіктер деп таныған тәуекелділіктер енгізілуі тиіс;
3) аудиторлық жоспарға аудиттің жан-жақтылығын қамтамасыз ету үшін және
тәуекелді топтар мен критерийлер рейтингісін анықтау дұрыстығын растау мақсатында
тәуекелдігі орташа және тӛмен бағыттар да енгізілуге тиісті;