Күштің нүктеге қатысты моментінің қасиеттері.
Күштің түсу нүктесінен оның әсер ету сызығы бойымен жылжытудан күш моменті өзгермейді.
Күштің О нүктесіне қатысты моменті күштің өзі нөлге тең болғанда, немесе оның әсер ету сызығы осы О нүктесі арқылы өтетін болса ғана нөлге айналады.
2. Күштің нүктеге қатысты моментінің векторлық анықтамасы. күштің О нүктесіне қатысты моменті деп радиус-вектор мен күшінің векторлық көбейтіндісіне тең векторды айтады (1.19-сурет). Күштің айналдырушы әсері оның моментімен анықталады дедік. олай болса, моменттің анықтамасы күштің айналдырушы әсерін сипаттайтын жағдайларды түгел қамтуы керек. Ол үшін моментті жалпы жағдайда векторлық шама деп алуға тиістіміз. Күш моментін анықтайтын вектор мынадай шарттарды қанағаттандыруы керек:
1). Оның модулі көбейтіндісіне тең болуы; 2). Оның жазықтығына перпендикуляр бағытта орналасуы; 3). Бағыты оң бұрама ережесіне сәйкес таңдалуы қажет. Осыған орай көбейтіндісін қарастырып көрейік (1.19-сурет). Біріншіден, бұл векторлық көбейтіндінің модулі күш моментінің модуліне тең екенін байқаймыз:
Достарыңызбен бөлісу: |