Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет39/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   262

81 

 

сондай-ақ,  өздігінен  білім  мен  тәжірибелік  дағдылар  алуға  көмектесетін  ерекшк 



материалдар  берілуі  тиіс.  «Материал-тек  қана  бастамасы:  олармен  мануалды  (қол 

арқылы)  жұмыс  баланың  білімін  бір  тәртіпке  келтіреді,  біліміне  айқындылық  беріп, 

өздігіне  ой  жұмысымен  айналысуға  жағдай  жасайды».  Материал  балаға  қоршаған 

ортаны өз еркімен ашуы үшін кілт болып қызмет етеді. 

Бұл  функцияны  орындау  үшін  материал  автодидактикалық  сипат  алуы  керек, 

өздігінен  қателіктерді  бақылап  және  оларды жөндеу  мүмкіндігін  беруі  керек.  Педагог 

материалмен рационалды жұмыс істеу үлгісін көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге өзін 

бақылау мен қателіктерге коррекция,яғни түзету енгізу әдісін де көрсете алуы керек. 

Монтессоридің  педагогикалық  жүйесінің  негізінде  биологиялық  түбір  жатыр  – 

кез келген өмір белсенділіктің көрінісі болып табылады. 

Қорыта  айтқанда,  әзірленуі  мен  қолданылуы  еш  қиындық  туғызбайтын,  бала 

ересектер  көмегінсіз  орындай  алатын  Монтессори  материалдарын  кез-келген  педагог 

топтағы бала қолы жететін ең аласа сөреге жинақтап қойғаны жөн. Баланың өз бетінше 

дамуын  жүзеге  асырушы  материалдарды  педагог  немесе  психолог  іс-әрекетін 

ұйымдастыру  барысында  да  қолдануына  болатындығын  айтқым  келеді.Монтессори 

дамыту  ортасын  құра  отырып  баланың  өзіне  сенім  арта  отырып  керемет    жетістікке 

жете  білген  педагог,  сондықтан  баланы  дамытудың  негізі  -  дамыту  ортасындағы 

қызметте балаға  сенім  білдіріп өзінің  бойындағы  күш жігері мен ақыл-ойын дамытуға 

көмек беру біздердің міндетіміз. 

Әдебиеттер: 

 

1. Жаңашыл педагогтар іс-тәжірибелері. – Алматы,1991. 

2. Педагогикалық ізденіс. – Алматы, 1990. – 8-58; 58-100, 147,215-беттер. 

3. Ұстазға рухани қуат керек. Р.Нұртазина туралы//Қазақстан мектебі, 1999. №1- 

2. 8-11-бет. 

4. Монтессори М. "Помоги мне это сделать самому"// Составители М. В. 

Богуславский, Г.Б. Корнетов (сборник фрагментов из переведенных книг М. 

Монтессори и статей российских авторов о педагогике М. Монтессори). ИД «Карапуз». 

М. 2000. 

5. Монтессори М. Дети – другие. // C о вступительной статьей и комментариями 

К.Е. Сумнительного. ИД «Карапуз». М. 2004. 

http://www.karapuz.com/shop/default.asp?/shop/detail.asp?bookID=159 

6. Монтессори М. Самовоспитание и самообучение в начальной школе. - М.: 

Московский Центр Монтессори, 1993. - 203c. 

 

«Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа заманауи технологиялар арқылы 

балалардың құзыреттілігін қалыптастыру» 

 

Жумагожина Ж.Н., әдіскер 

 

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас 



ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың 

тағдыры ұстаздардың қолында» 

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің 

жас  мемлекетіміз  өсіп,  жетіліп,  кемелденеді,  біздің  балаларымыз  бен  немерелеріміз 

онымен  бірге  ер  жетеді.  Олар  бабалардың  игі  дәстүрін  сақтай  отырып,қазіргі  заманғы 

нарықтық экономика жағдайларында  жұмыс  істеуге  даяр.  Олар қазақ, орыс, ағылшын 



82 

 

тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, айбат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге 



әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады » -деген еді. 

Қазіргі кезеңде, қоғамымызда әлеуметтік-экономикалық, білім беру саласындағы 

болып жатқан құбылыстар мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай 

өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. 

Сондықтан,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеуде  де 

педагогикалық  технологиялар,  инновациалық  технологиялар  ұғымы  кеңінен 

қолданылатын маңызды ұғымдардың біріне айналды. Сонымен қатар бүгінгі мектепке 

дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  -  баланың  тұлғалық  дамуына  бағытталған,  жаңа  оқыту 

технологияларын  шығаруға  жол  алған,  ой-өрісі  жаңашыл,  шығармашылық  деңгейде 

қызмет  атқара  алатын,  дүниетанымы  жоғары,  жан-жақты  қалыптасқан  жеке  тұлға 

тәрбиелеу болып табылады. 

Біздің  ұжым  үшін  заманауи  мектепке  дейінгі  ұйым  -  бұл  дамуға  бағыт  алған, 

жаңа  педагогикалық  тәсілдерді  іздеген,  жанұя  мен  қоғамның  сұраныстарын 

қанағаттандыруда заманауи талаптарға бағдар алған білім ошағы. 

Мектепке  дейінгі  кезеңде  ойын  жетекші  іс-әрекет  болып  табылады.  Ойын 

балалардың  ой-өрісін,  танымдық  іс-әрекетін  кеңейтіп,  практикалық  іс-әрекетте  қажет 

белгілі  бір  қабілеттер  мен  дағдыларды  қалыптастырады.  Назарларын,  есте  сақтауды, 

сөйлеуді,  ойлауды,  көз  алдына  елестетуді,  қиялды,  шығармашылық  идеяны, 

заңдылықтарды  орнату,  оңтайлы  шешімді  табу  қабілетін  дамытады.  Балалар  мінез- 

құлықтарын,  эстетикалық  және  дүниетанымдық  позицияларын  қалыптастырып, 

ынтымақтастықты, бірлестікті, тіл табысушылыққа тәрбиеленеді.Қоғам нормалары мен 

құндылықтарына үйреніп ортаның жағдайларына бейімделеді 

Білім  мазмұнын  қалыптастырудың  жаңа  жолдарын  іздестіру  нәтижесінде 

балаларды  мектепке  даярлауды  оңтайландыруға  әкелетін  оқыту  мазмұны  мен 

әдістерінің  үйлесімділігін  қарастырып,  оқытудың  тиімділігін  күшейтүге  мақсат  пен 

бағдар  ала,  педагогикалық  ұжым  жаңа  бағдарламаның  «Драма»  пәнінде  өткізілетін 

ойын-технологияларын өз тәжірибесінен ұсынады. 

Бүрме  театры.  Бұл  әдіс  білім  беру  жүйесінің  ортасына  бала  тұлғасын 

қояды.Демек бала бірде әртіс, бірде режисер, бірде автор. 

Бұл  әдіс  баланың  даму  жағдайына  жайлы,  және  де  бүлдіршіннің  табиғи 

шығармашыл  қасиетін  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін,  баланың  жан-жақты,  еркін 

және шығармашылықпен дамуын мақсат  еттетін әдіс. Бір ертегіні мазмұндауда балаға 

бірнеше  рөлде  болуға  мүмкіншілік  береді.  Және  ертегі  кейіпкерлері  мен  заттардың 

дыбыстарын, әуендерін, шуларын және олардың сөздерін дыбыстайды. 

Және бүрмені бірнеше ертегі, әңгімелерге қолдануға болады. 

Ал, егерде бір көз артық қалған кезде ертегісіне тағыда кейіпкерлерді еңгізіліп, 

ертегіні  өзгертіп  балалардың  қиял  мен  шығармашылығын  дамытуға  мүмкіншілік 

береді.  Және  бір  тор  көзі  бірде  басында,  бірде  бұрменің  соңында,  бірде  ортасында 

қалуға мүмкін. Сонда, бала өз шығармашылығын салып тұпнұсқаны өзгерте алады. 

Театрдің бір түрі «Мәсі театры» Бұл әдістің ерекшелігі тілдік-коммуникативтік 

құзыреттіліктерін  дамытуға  және  оларды  үш  тілге  –  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдеріне 

үйретуге  мүмкіндіктер  жасайды.  Бала  кейіпкерлердің  әрекетін  аяқ  қимылымен 

көрсетсе,  құбылыстарын  қолымен  суреттер  арқылы  көрсетеді,  қарым-қатынас  жасауға 

үйренеді және балалардың шығармашылық пен интеллектуалдық дамуына әсер етеді. 

Осы  екі  әдісті  біріктіру  арқылы  жаңа  ертегі  шығарып,  мысалы,  «Төлдер 



айтысы», «Мақта қыз бен мысық» ертегілерін ұштастыруға болады. 

«Домбыра  театры»  балалар  ертегіні,  әнгімені  мазмұндау  барысында 

кейіпкердің  көңіл-күйін  домбыраның  үнімен  білдіреді.  Талдау  барысында  жағымды 

жағымсыз кейіпкерлерді, әрекеттерді домбыраның ұны білдіргенін балалар  анықтайды. 



жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау