79
Балаға тілді алып жүруші ретінде тілін дамытуға арналған (онсыз толыққанды
интеллектуалды өсу мүмкін емес болғандықтан) тиісті материалдар қажет. Берілген
аймақта жазуға моторлық (қимылдық) дайындық, фонетикалық естудің дамуы, жазу
мен оқуға үйрету, т.б. қарастырылады. Бұлжерде бала өзінің сөздік қорын кеңейтуге,
әріптермен танысуға, саусағымен қиынырақ әріптерді салуға, манна жармасында сурет
салуға, сондай-ақ жылжымалы алфавит арқылы сөздерді қоюға үйренеді.
Космос аймағы
Бала жұмыс істегісі келетін аймақпен нақты Монтессори-материалды өзі
таңдайды. Ол жалғыз өзі немесе басқа балалармен жұмыс істегісі келеме, оны да өзі
таңдайды. Бала өзінің қарқынында жұмс істейді. Монтессори әдісінде жарысқа түсу
тіпті жоқ.
Монтессори- балабақшаларының тәжірибесі қоршаған ортаны музыкалық, өнер
мен би аймақтары, шет тілдер, өлкетану аймақтары, патриоттық тәрбиелеу аймағы, т.б.
секілді қосымша аймақтармен толықтыруға болады деп көрсетті.
Мынадай жайт қызықты – Монтессори оны былай атап көрсетеді: «(Баланың)
жұмысы оқытумен де, ересектердің тілегімен де байланысты емес. Жұмыс баланы
қоршаған ортамен ғана байланыстырады».Бала көбіне саналы түрде істемейді, оның
жұмысы табиғи даму қажеттілігінің көрінісі болып табылады, оның негізгі мақсаты –
алуан түрлі функцияларды дамыту мен жеке тұлғаны құрастыру. Бала үшін жұмыс
үдерісінің өзі маңызды, ол осыған деген ішкі қажеттілігін қанағаттандырғанша, іс-
әрекетін көп рет қайталайды. Бала бізге мағынасы жоқ болып көрінетін бір істерге
барынша максималды күш-қуат жұмсайды, одан шаршамайды және сол ісі оның ерік-
жігерін жоғарлатады. Мұндай кезде бала ол ісі үшін мақтауға да, жазалауға да, мұқтаж
емес, себебі ол кезде өзінің өсу қажеттілігін қанағаттандырып отырады.
Монтессори- материалдар педагогикалық «дайындалған» ортаның балалардың
«жұмысы» үшін қажетті құраушы бөлігі болып табылады. Материалдар мен олардың
функциялары Мария Монтессори қабылдаған балалардың көрген нәрсесімен оның
ішінде антропологиямен өзара байланыста қаралады. Ол күннен күнге өсіп келе жатқан
балада даму бойынша жұмыстарды орындайтынжәне оны жеке тұлға ретінде
құрастырушы орасан ішкі жасаушы күштерді көрді.Осындай кезде материалдар балаға
қоршаған ортаны игеруге, бір тәртіпке келтіруге керемет көмектеседі. Педагог
назарының негізінде жеке және әлеуметтік – эмоционалды қажеттіліктері бар бала
тұрады, ал материалдар қосымша дидактикалық рөл атқарады. Монтессори-
материалдар алдымен баланың жасына сай саусақ бұлшық еттері (қимыл әрекеті) мен
сенсорикасын (сезім мүшелерінің қабылдауы) дамыту арқылы баланың рухани
тұрғыдан адам болуына қызмет етеді. Бала өздігінен іс-әрекетке барады, оның ішкі
күштері босатылған, ол бірте-бірте қадам басқан сайын ересектерден тәуелсіз бола
бастайды.Жеке мен әлеуметтік дамуы қарама-қайшылықтың бірлігін құрайды. Осы
бірлік қана автономды және тәуелсіз тұлға болып, қоғамдағы күрделі жүріс-тұрысын
көрсетуге мүмкіндік береді.
Монтессори- материалдар бала үшін қоршаған ортаның кілті болып
табылады,соның арқасында ол әлем туралы өзінің хаостық өнделмеген ұғымдарын
тәртіпке келтіріп, санасына сіңіруге көмектеседі. Олардың көмегімен бала мәдениет
пен заманауи өркениетке қосылады. Өзінің тәжірибесінде табиғатты түсініп, онда
бағыт-бағдар алуға үйренеді. Монтессори бойынша жасалған «дайындалган ортада»
бала өзінің барлық физикалық және рухани функцияларын жаттықтырады, өзінің жан
дүнтесінің тұтастығын жасайды, жан-жақты дамиды.Дайындалған ортаны тәртіпке
келтіру арқылы ол өзінің бұрынғы тәжірибелерін бір жүйеге келтіруге үйренеді. Дұрыс
тәрбиелеу баланы оқшауланған білімдерді бірінен соң бірін қабылдауға мәжбүрлеу
үшін керек емес, алған тәжірибелерін бір тұтас нәрсеге байланыстыру үшін қажет.
80
Сананың шынайы мәні тәртіпке келтіру мен салыстыруда. Байланыстар түсінікті
болып, қарама-қайшылықтар айқындалып, қарсы пікір санаға кіріп, ал жасалған
қорытындылар мен жүріс-тұрыс бақылауда болады.
Әртүрлі сенсорлық және моторлық тәжірибе «негіз болатын білімге» айналады.
Баланың тұлғасының дамуының осы бығыты «сезімде бұрын болмаған нәрсе санада да
болмайды» деген тұжырымға әкеліп тіреледі.
Материалдар балалардың қимыл-қозғалысына деген ұмтылысына жауап береді.
Кішкентай бала өзінің денесін танып біледі,өз денесінің кескінін салады, көз, қол мен
аяқтың үйлесімді қимылдарын жетілдіреді, мұның барлығы одан әрі дәл және
гармониядағы қимылдардың пайда болуына әсер етеді.Әлем игеріле бастайды.
Әсерлер мен сезімдермен біріккен қимылдар рухани дамудың негізін қалайды.
Материалмен өздігінен айналысу арқылы бала әртүрлі дағдыларды үйренеді. Ол мақсат
қоя біледі және мақсатқа жету жолдарын таба білетін болады. Монтессори-
материалдар баланың қозғалысқа деген тоймайтын ұмтылысына жауап береді.
Дидактикалық мақсатқа бағытталған моторика жалпы, эмоционалды,сөйлеу,
педагогәлеуметтік дамуға әсер етеді.
Материалдардың ерекше тарту күшіне байланысты бала заттарға қызығушылық
танытады. Материалда не бар деген қызығушылық пен қуаныштан баланың ішкі
мотивациясы пайда болады,осы ішкі мотивация оған әлемді меңгеруге көмектеседі. Ол
бәрін де өзі танып білгісі келеді, тек педагогтың кішкене ғана көмегіне зәру болады, ал
педегог баланың дамуын сырттан қосымша басшылықта болады.
Монтессори-материалдар заттардың тереңінде, ішінде жүретін байланыстарды
анықтауға бағытталған «назардың поляризациясына» жәрдемдеседі. Ол жаттығуларды
қайталау үрдісінде пайда болады. Осылайша өз еркімен таңдалған істің мәніне
тереңдеуге қол жеткізуге болады.Баланың ересектерден тәуелсіз болуына жағдай
жасау үшін, Монтессори-материалдар оған жасаған қателіктеріне бақылау жасауға
мүмкіндік береді. Бала өзі жіберген қателіктерін өзі таба білуі керек және ең бастысы
оларды жөндеуі қажет. Егер қателік пайда болса, ол оны жояды, сөйтіп бұзылған тәртіп
қайтадан қалпына келеді. Бұл баланы дәлдік пен іскерлікке үйретеді.
Монтессори-материалдарды тек қана табиғи материалдардан жасалған оқу
құралдары мен дамыту ойындарының арасындағы ортасы деуге келеді. Монтессори-
материалдардың дизайны 100 жылдай өтсе де, алғашқы жасалған күнінен бастап
өзгерген жоқ. Ағаштан жасалған материалдарды дайындау үшін ағаштардың бағалы
түрлері пайдаланылады, барлық материалдар өте сапалы жасалады, оның үстіне
олардың кейбіреулері күрделі жасалған болады.
Материалдар сезімнің сипап сезу, дәм сезу, иіс сезу секілді ір алуан түрлерін
дамыту үшін арнайы әзірленген. Бұл материалдар арқылы бала тыныштық пен
дыбыстарды тындауға, заттардың салмағын,түр-түсін, пішінін ажыратуға үйренеді.
Мұндай сезімдерді саналы түрде қабылдау өнерін дифференциалды түрде
жетілдіру балаға олардың біріне назарын шоғырландыруға мүмкіндік береді. Осылайша
ол озінің эмоцияларын басқаруды үйреніп, әлемді оның әртүрлі көрінісінде меңгеруіне
үйренетін болады.
Дәл осылайша «қарапайымнан күрделіге» қағидасы жұмыс істейді. Сезімнің әр
түріне әр түрлі күрделілік деңгейі бар материалдар қолданылады. Әрбір жеке материал
белгілі бір күрделілік деңгейіне есептелген,бірақ бірге барлық материалдар өзара
байланыста болады да біртұтас нәрсені құрайды. Бала бір материалмен әбден құмары
қанғанша айналысады да, сосын барып қиындықтың келесі сатысына көтеріледі.
Баланың дамуына кез келген заттар бірдей пайдалы бола ма? Әрине, жоқ.Балаға
мануалды әрекеттері арқылы өзін қоршаған орта туралы хаостық әсерлерін бір тәртіпке
келтіретін,эксперименттеу мен зерттеуге деген қажеттілігін қанағаттандыратын,