73
Ойын «Жарқыра күн,жарқыра,не білесің соны айт».
Мақсаты:қисынды ойын,сөз байланысын дамытуға,заттарға жалпы атау
беруге үйрету.
Слайд 9.«Луллия шеңбері»
Слайд 10. Ойын «Ненің үйі қайда?».
Мақсаты: Кейбір жануарларды тіршілік ортасымен таныстыру, белсенді сөздік
қорын дамыту.
«Айналарға саяхат»
Мақсаты: Лексикалық тақырып бойынша зат есімдерді көпше түрде қолдана
алуға үйрету.
Ойын «Ұшады,жүзеді,жорғалайды»
Мақсаты: затты етістікке қатысты белсендіру.
Ойын «Сайқымазақ тілі» дыбыстарды артикуляциясын дұрыс айтуға үйрету.
«Театралды» ойындар. Диалог,монолог түріндегі театралды ойындар
балалардың тілін дамытуда үлкен мәнге ие. Ойын барысында балалардың
шығармашылығы дамиды.
«Сөзшең күн» ойыны.
Мақсаты: сөздің лексикалық-грамматикалық құрылысын дамыту.
Міндеттері: сөздік қорын молайту, зат есімді, есім сөздермен алмастыра алу
жаттықтыру.
Ойын «Қыс-жаз», «Көктем-күз»
Мақсаты: берілген тақырып бойынша сөз қорын байыту.
«Не істейді?» ойыны
Мақсаты: Етістік сөздерді қолдана алуға үйрету.
«Қандай?». Күн ортасына «қандай?» сөзі жазылған.
Мақсаты: заттың бірнеше белгілерін айта білу, білімдерін бекіту.
Мысалы:домалақ,үлкен,секіргіш,резеңке.
Ойынның 2 нұсқасы: Тақырып бойынша берілген суреттер қамтиды, күн
шапақтарын төңкеріп қояды (күн ұйқыда). Жургізуші өз шапақтарын аударған
қатысушыларды кезекпен таңдайды (күн оянады). Қатысушы затты сипаттап
әңгімелейді.
Ойынның 3 нұсқасы:Күн сәулесі ортасында бірнеше суреттер жиынтығы
қойылады. Қалтадағы осы суреттерден жүргізуші ойыншыларға жұмбақ жасыралы (осы
суреттерді сипаттап дұрыс айтқан ойыншы) жалпылаушы сөзді айтады.
Екі тілді меңгеру, ойлау қабілетін дамытып, түсіне білуге, талдауға және
әңгімелеуге, ойлау қабілетінің жылдамдық реакциясына, математикалық дағдасына
және логикасына жақсы әсер береді. Екі тілді меңгерген балалар жақсы оқиды және
абстракты ғылымды, әдебиетті және шет тілін жақсы меңгереді. Бала неғұрлым кіші
болса, оның екі тілді меңгеру қабілеті өте үлкен, яғни оны кең көлемде игеріп, сөзді
айту мәнері табиғи болады[3].
Мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қорын белсендіру және толықтыру
жұмысының жүйесі және мектеп алды топтың сандық және сапалық қатынасы
педагогиялық жағдайда қажетті қатынас тудырады, тіл қызметін иеленуде
қалыптастыру және тіл шеберілгін жетілдіру ол мемелекеттік тілдің маңызы.
Өз ана тілін қадірлей отырып, қазақ тілін үйрену, қазақ тілінде коммуникация
жасау, баланың қазақ тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру – балабақшада берілетін
білімнің негізгі мақсаты.
Мұғалімнің міндеті балаға тапсырманы әліне шағындап беріп, бала біраз
үйренседе қуанышпен, ықласпен үйренгені жөн.
Бала бойында тілді үйренуге деген талпыныс болады.
74
Сол талпынысты өшіріп алмай, елдің мәдениетіне, өміріне, қызықты істеріне
деген қызығушылығын тудыру, тілдің әдемілігін көрсете отырып, сол тілдегі
сөздерді айтуға ұмтылдыру қажет.
Сабақты түрлендіру арқылы, баланың білімге деген талпынысы күшейе түседі.
Слайд 11. Қазақ тiлiн үйрету iстерiнде осындай арнаулы сөйлеу ортасында,
балаларлардың қызметі барлық кезеңдерде технологиялық суреттеме арқылы жүйелiк
дамиды. Тіл белсенділігінің жаттықтырушы құрылғысын қолданғанда балалар өз
әрекеттерін қызығушылықпен, белсенділікпен атқарады, сонымен қатар жаңа сөздерді
меңгертуде және фразалық тілді қолдануда сапалы нәтиже береді.
Әдебиеттер:
1 А.Ж.Хазимова, Б.У.Салыхова, М.Ж.Бейсебекова. Қазақ тілі. Әдістемелік
құрал. Алматыкітап – 2013 [1]
2 Б.С.Омар, А.Т.Садық. Қазақ тілі. Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбие мен
оқытуы орыс тілінде жургізілетін екінші кіші, ортаңғы және ересектер топтары
оқытушыларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық
карталары мен әдістемелік нұсқаулық – 2015 [2, с.101]
3 Ә.Жүнісбек. Айтылым жаттығулар. Произносиетльные упражнения. Атамұра –
1998 [3].
«Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі»
Жайна А., «Павлодар қаласының №33 сәбилер бақшасы» МҚКК – ның
тәрбиешісі
«Ел болам десең бесігіңді түзе», «Тәрбие – тал бесіктен» деп дана халқымыз
айтқандай парасатты, зерек, кішіпейіл, адал, адамгершілігі мол ұрпақ ұлтымыздың
басты құндылығы. Саналы да білімді жас ұрпақ болашағымыздың кепілі. Бала
тәрбиесінде ең маңызды рөл атқаратын әрине ол отбасы екені мәлім. Сәби күнінен
ананың әлдиімен ақ бесікте тербетіліп, асыл әженің ертегісін тыңдап тәтті ұйқыға
батып өскен әрбір қазақ топырағының перзенті жаман болмайтыны анық. Сәби дүние
келгеннен бастап салт-дәстүріміз бойынша жоралғыларын жасап, ұлттық
құндылықтарымызды санасына сіңірсек ұлтымыздың ұлы азаматы болары сөзсіз. Тәлім
– тәрбие беруде салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды пайдалану ең бір оңтайлы тәсіл.
Себебі, баланың қырқынан шығару, ақ бесікке жатқызу тазалыққа, бесік жыры
мейірімділікке, тұсау кесер адалдық пен адамгершілікке, сүндетке отырғызу
мұсылмандығын тануына өз септігін тигізеді. Сондықтан әр ата – ана балаға тәрбие
берумен қатар сол берілген тәрбиенің ұрпақ болашағы үшін маңызды екенін ескерген
жөн. Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері
апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы.
Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге
бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Бала өмірінің басым бөлігі
отбасында өтеді. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-
ана. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан бала
мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы.
Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі
сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті
қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда
қалыптасқан он, моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсінік,