19
Мектепке дейінгі тәрбиешілердің инновациялық қызметі
Панова З.Т., ГККП «Ясли-сад № 120 г. Павлодар»
Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбиешілердің инновациялық қызметінде
жаңашылдықты меңгеру тәрбиешінің интелектуалды, кәсіптік-адамгершілік, рухани-
азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізе
отырып, өзін-өзі жан-жақты дамытып, оқыту-тәрбиелеу үлгісін тиімді ұйымдастыруына
көмектесу.
Еліміздің келешегі, тірегі - жас ұрпақ. Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына,
дүниетанымының қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі білім негіздерін меңгеруіне
ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру - жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті
мәселе. Заманауи талаптарға сай мектепке дейінгі орындарда инновациялық
технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалуда. Жас ұрпаққа саналы тәрбие және
сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мектепке дейінгі тәрбие мамандарына, олардың
іс-тәжірибесінің қалыптасып, кәсіби шеберлігінің шыңдалуына байланысты болмақ.
Балабақшаларда педагогтардың және тәрбиешілердің негізгі міндеті: балалардың жас
ерекшеліктеріне байланысты әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық
технологияларды қолдана білу, жеке тұлғаның дамып қалыптасуына ыңғайлы жағдай
жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар
мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған. Балабақша мен
шағын орталық-баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Елбасымыз:
«Қазіргі заман талабына сай, жан- жақты жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық
психология қалыптасқан, имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім
беру бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның барша елдің, халықтың міндеті» деген.
Тәрбиешілердің инновациялық қызметінің талабы - балаға білім беруде мақсатқа
жету, іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттыра отырып,
баланың жан-жақты дамуына, жаңалықты тез қабылдауына және өмірге бейімделуіне
әсер ету, дербестікке тәрбиелеу,бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің
бірігуін, сонымен қатар ұлттық салт-дәстүрлерімізді, тіліміз бен музыкамызды,
әдебиетімізді, ұлттық рухымызды бойларына сіңіру. Қоғам талабы – заман талабы,
өйткені «Әр адам - өз заманының баласы».Сондықтан қазіргі балабақшадағы оқу-білім
беруге арналған инновациялық қызмет-мектепке дейінгі білім беру ұйымдары
педагогтарының кәсіби дамуы болып отыр. Кез келген оқыту технологиясы
тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді,
педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді
талап етеді. Ол үшін қазіргі педагог :
-педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
-педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
-жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
-балалармен ортақ тіл табыса алатын;
-білімді, іскер, шебер болуы керек;
Мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын
қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: белсенді тақта
арқылы сабақтар өткізу, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер,
инновациялық ақпараттық тапсырмалар қоры жатады. Қазіргі мектепке дейінгі білім
беру саласында инновациялық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан-жақты
маман болуы мүмкін емес. Жаңашылдықты меңгеру тәрбиешінің интелектуалды,
кәсіптік-адамгершілік, рухани-азаматтық және де басқа көптеген адами келбеті жас
ұрпақтың қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқыту-тәрбиелеу үлгісін
тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
20
Әр сабақты ұйымдастыру барысында мына факторлар ескерілуі керек:
-алынып отырған технология оқытудың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;
- тиімділігі, жүйелілігі.
Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдауытұрақсыз
келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап,көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес,
мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік,ойын технологиясын
кеңінен қолданған жөн. Инновациялық технологияны пайдалану: оқып үйрену,
меңгеру, өмірге енгізу, тәжірибеде қолдану дамыту, нәтижесін тексеру.
Білім беру тұжырымдамасының алгоритмі:
- білім беру жүйесінің түпкі мақсаттарын баяндау;
- аралық мақсаттардың болжамдық көрсеткіштерін баяндау;
- оқыту мазмұнына сүйену;
- көзделген мақсатқа жеткізу.
Әрбір инновациялық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік
және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын
қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуда қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті
әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды. Мектепке дейінгі тәрбиешілердің инновациялық
қызметі оқыту мен тәрбиелеуде көрініс табады. Соған байланысты балабақшамызда
тәрбиешілер мен педагогтар оқыту іс-әрекетінде және күннің екінші жартысында Триз
технологиясын , бала мен тәрбиеші портфолиясы, ойын, сын тұрғысынан ойлау, Зайцев
технологиясы, Воскобовичтің ойын технологиясы, дамыта оқыту технологияларын,
пропп карта, мнемокестелерін пайдалана отырып баланың тілін , шығармашылық
қиялын, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді.
Әр тәрбиеші денсаулық сақтау технологиясын,күн сайын таңертеңгі
жаттығулар,қимыл іс-әрекет ойындары, әр сабақ арасындағы сергіту сәттерін жаңашыл
бағытта өткізеді.
Балабақшаның жылдық жоспарына сәйкес лексикалық тақырыптар бойынша
ересек топтары арасында Ізденіс-шығармашылық технологиясы бойынша ізденіс
жұмыстар жобасы жүргізіледі,сонымен қатар бейнелеу өнерінен сурет,қолөнер,
музыкалық өнер сайыстары ұйымдастырылады. Жеңімпаздар қалалық, облыстық
сайыстарға қатысуға мүмкіндік алады.
Мектеп жасындағы балалардың танымдық қызығушылықтың болуы-олардың
оқу іс-әрекеттерге белсенді,білімінің сапалы болуына,басқа да іс-әрекеттерге жағымды
әсерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі байқалып өз нәтижесін көрсетті. Бүкіл
оқыту барысында оның әртүрлі жақтарын қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше
әдіс қолдану керектігіне тәрбиешілер мен педагогтар назар аударуы қажет. Оқытудың
әдіс-тәсілдерінің бір ерекшелігі – оның білімді меңгертуде, жеке тұлғаның танымдық
қабілеттерін: яғни, жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл ж.т.б) ойлауды,
ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы
танытуға, сондай-ақ жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас жасау,
ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға: белсенді
сөздік қорын ауызша және жазбаша тілде дамытуға бағытталуында.
Өзімнің баяндамамды қорытындылай келе жаңашылдықты ескі әдістермен
оқытуға болмайтыны аян. «Кез-келген адам басқалардың және оның білімін кемеліне
келтіруіне көмектеспесе, өзінің де білімін жетілдіре алмайды. Заман талабына сай
бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде оқушыларға қажетті білімді меңгертудің
тиімді жолдарын әдіс-тәсілдерін талмай іздеу – әр тәрбиешінің, ұстаздың міндеті. Әрбір
педагог өз жұмыс тәсілі мен формасын, өз инновациялық технологиясын қолдана
отырып, балалардың білімін жетілдіру бағытында жұмыстануы керек деп білемін.