Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет10/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   262

21 

 

Әдебиеттер: 



 

1. 


Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды 

қолдану маңыздылығы. К.Ж.Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. Оқулық. 

Тараз. ТарМУ.2003. 

2. 


Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру 

бағдарламалары мен технологияларын енгізу: әдістемелік нұсқаулық. Астана, 2013 ж. 

3. 

мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарламасы, 



Астана2016ж. 

4. 


«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Республикалық педагогикалық журнал, 

Алматы 2017 

 

 

№1 Секция «Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиешілердің 



инновациялық қызметі» 

Секция №1 «Инновационная деятельность воспитателей в 

дошкольных образовательных учреждениях» 

 

Балабақшадағы жаңа инновациялық технологиялар, 

Абдрахманова Қ. Р., тәрбиеші Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім 

беру болімінің «Павлодар қаласының № 38 сәбилер бақшасы» 

 

Адамның екі ең маңызды өнертаңбасы бар: 



тәрбиелеу өнері және басқару өнері. 

И.Кан 


Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен 

тығыз  байланысты  мемлекеттік  саясаттың  ажырамас  бөлігі болып  табылады.  Бала – 

біздің  болашағымыз.  Олай  болса,  балабақшадағы  тәрбиелеу  мен  оқыту  баланың  ғана 

емес,  еліміздің  де  жарқын  болашағының  кепілі.  Ол-үздіксіз  білім  берудіңалғашқы 

деңгейі.  Сондықтан,  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқытудың  негізгі  мақсаты- 

баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болуы тиіс. 

Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  алғашқы 

деңгейі  ретінде  қазіргі  тұрақты  өзгеріп  тұрған  әлемде  табысты  бейімделуге  қабілетті 

бала  тұлғасының  қалыптасуы  мен  дамуы  үшін  жағдайлар  жасайды.  Қазіргі  таңда 

адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты 

маңызды  болса,  мектеп  жасына  дейінгі  баланы  тәрбиелеу  мен  оқыту  саласын  заман 

талабына  сай  дамыту  соншалықты  уақыт  сұранысын  қанағаттандыратын  жаңа 

бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ету болып отыр. 

Жетекші  ғалымдар  мен  практиктер  жүргізген  көптеген  психологиялық- 

педагогикалық  зерттеулер  нақты  мектепке  дейінгі  жасты  зияткерлік,  тұлғалық, 

әлеуметтік, эмоционалдық дамуын стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және 

мемлекеттік  саясаттың  ажырамас  бөлігі  болып  табылатындығын  ескере  отырып, 

Қазақстан  Республикасының  мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесін  жаңғырту,  дамыту 

ісіне ерекше көңіл бөлді. 

Ата-ана баласын балабақшаға әкелгенде үлкен ортаға үйренеді, бейімделеді, көзі 

ашылады деп үміттенеді. Ол -педагогтың басты мақсатының бірі. Баланың ойлау және 

шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оқу, жазу, сызуға 




22 

 

ойын  арқылы  үйрету  басты  назарында  болатыны  анық.  Осыған  байланысты  еліміздің 



сеніп тапсыратын мәртебелі азаматты қалыптастыратын отбасы және мектепке дейінгі 

тәрбие  мекемесінің  қызметкерлері.  Заман  талабына  сай  білімді,  мамандығының  қыр- 

сырын  игерген  педагог-тәрбиешілерді  даярлауда  оқу-тәрбие  ісін  тәжірибемен 

үйлестіру,  кәсіптік  білім  беруді  жетілдіру,  жаңа  оқу  жоспары,  жаңа  бағдарламаға  сай 

курстар мен түрлі семинарлар өткізудің маңызы зор. Мұның өзі педагогтың жұмысына 

деген  қызығушылығын,  шығармашылық  қабілетіншыңдауына,  бала  тәрбиесіне  деген 

түсінігінің кеңеюіне бірден-бір себеп болып табылады. 

Білім  –  теңіз,  оның  тереңіне  құпиясын  ашатындар  ғана  бойлай  алмақ.  Ондай 

адамдарды дайындайтын, білім, тәрбие беретін бала жанының бағбаны – тәрбиеші. Ал 

ұстаз  білімді  бала  санасына  сабақ  арқылы  жеткізеді.  Ол  –  ұстаздың  бір-біріне 

ұқсамайтын жан-жақты  өткізген  сабақтары.  «Білім  беру  –  табиғат  пен  қоғам  жайында 

ғылымды  жинақталған  білім  жүйесін  жеке  адамның меңгеруі  және  оны  өмірде  тиімді 

етіп қолдана білу» деп көрсетеді Ж. Қоянбаев. Тәрбиешінің бағыттауымен бала білімді 

меңгеріп қана қоймай, оны өмірде, іс-тәжірибесінде тиімді қолдана білуі шарт. 

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие беруде мұғалімдердің инновациялық 

іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі. 

Жас  ұрпақты  рухани  -  адамгершілікке  тәрбиелеу,  олардың  біртұтас 

дүниетанымының  қалыптасуына,  әлемдік  сапа  деңгейіндегі  білім,  білік  негіздерін 

меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұның құру – жалпы білім беру жүйесіндегі 

өзекті мәселенің бірі. 

Қазіргі  кезеңде  Республиканың  білім  беру  жүйесінің  ең  басты  міндеті  қазақ 

мектебі  түлегінің  білім  сапасының  деңгейін  халықаралық  дәрежеге  жуықтату.  Бала  - 

болашағымыз  десек,  сол  балаға  жүйелі  білім  беріп,  ынта  –  ықыласын  дұрыс 

бақыттауды,  қабілет  -  қасиеттерін  дамытуды  балабақшадан  бастауымыз  керек. 

Мектепке  дейінгі  білім  беру  стандарты  мектепке  дейінгі  тәрбиемен  мектепалды 

даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл  әдіс - тәсілдерді 

пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Балабақшада  жаңа  педагогикалық  технологияларды 

пайдаланудың  басты  мақсаты:  оқыту  мен  тәрбиелеуде  инноватциялық  ойын 

технологиясының  элементтерін  пайдалана  отырып,  жан  -  жақты,  білімді,  құзыретті 

тұлға тәрбиелеу. 

Балабақшада қолдануға тиымды технологиялар: 

1. ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы. 

2. Тәй - тәй технологиясы 

3. Монтессори технологиясы 

4. Зайцев технологиясы 

5. Дамыта оқыту технологиясы 

1) ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г. С. Альтшулер 

ойлап тапқан. 

Мектепке  дейінгі  балаларға  бейімделген  ТРИЗ  (ӨТШТ)  технологиясы 

баланы  шығармашылық  тапсырмаларды  орындауға  үйретеді  және  оның  бойында 

шығармашылық  қажеттіліктерді  дамыта  отырып,  оның  қызығушылығына  сүйене 

отырып шығармашылыққа баулиды. 

2) Тәй - тәй технологиясы. Негізін қалаған: Джорж Сорос 

Мақсаты: Балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін 

дамыту. 

1) Монтессори технологиясы. Негізін қалаған: М. Монтессори. 

Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны 

зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеп табу. 

2) Зайцев технологиясы. Негізін қалаған: Н. А. Зайцев 



жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау