биіктіктің ең бір негізгі талабы әдеби бейненің оқырман жүрегіне жақын болуына да
қаламгерлер осы жол арқылы жетті.Бүкіл қазақтың басын біріктіріп, қазақ мемлекеттігінің
тұтастығын, қүш-қуатын жаңа тарихи, саяси, қоғамдық-әлеуметтік биікке көтерген ұлы хан
Абылайдың төңірегінде топтасқан қазақтың үш бас батыры Қаракерей Қабанбай, Қанжығали
Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, үшеуі де қазақ әдебиетінде терең, әрі көп жырланған
тұлғалардың қатарынан орын алады. Басқа ақын-жазушыларымызды айтпағанда, бір ғана
Бұхар жыраудың, Ақтамбердінің, Үмбетейдің, Тәтіқара ақынның және тағы да басқа осы
кезеңде өмір сүрген ақын-жыраулардың шығармашылығының өзінде осы үш батыр бейнесіне
айрықша маңыз беріледі. Жалпы, Қабанбай, Бөгенбай, Баян, Наурызбай сынды атақ-даңқы
алысқа кеткен батырлардың тұлғасын биік, көтере, марапаттай жырлайтын,
олардың ата-тегін,
ата-жұртын, асыл елін өлең-жыр
арқауына негіз ететін,
жалпы батырлықтың, қаһармандықтың
қазақ тағдырындағы тарихи маңызын сипаттайтын өлең-жырлар аз болған жоқ.
Осылардың ішінен Шапырашты Наурызбай батыр туралы көркем әдебиет үлгілерінің өзі бір
төбе. Айталық, Наурызбай батырға, оның жаужүрек ерлігіне шығармалар арнаған жыраулар:
Бұхар жырау Қалқаманұлының, Үмбетей Тілеуұлының толғаулары, Шәді төре Жәңгірұлының
“Тарихат” дастаны, Шапырашты Қазыбек бектің “Түп-тұқианнан өзіме шейін” атты әдеби-
тарихи еңбегі т.б. туындылар, жиылып келгенде Абылай ханның арқа сүйеген, қиналғанда
қолтығынан демеген, қайраттанғанда дұшпанына жасын болып шүйілген, елін, жерін жаудан
сақтаған – хас батыр Шапырашты Наурызбайдың тарихи тұлғасын әр қырынан
танытқандығымен құнды болды.
Әдебиет:
1.Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.
2.Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,269 бет
3.Пушкарев Л. Н. Типологическая классификация русских письменных источников.
4. Источниковедение: теория, история, метод. Источники Российской истории: учебное
пособие. М., РГТУ. 1998.
5. Медушевская О.М. Современное зарубежное источниковедение. Москва, 1983
6. Источниковедение истории СССР. Под ред. Ковальченко И.Д. Москва, 1981
7. Абусейитова М.Х. К проблеме источниковедения средневекового Казахстана\\
Отечественная история. 1988, № 1.
Апта №13
1 кредит сағат
Дәріс №25
Тақырыбы: Қазақстан тарихының қазіргі заман тарихы бойынша деректер.
Дәріс мазмұны:
1.
Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы.
2.
Қазақстан тәуелсіздігі және тарихи деректер кешені.
ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ.басы Қазақстан тарихына түбегейлі қоғамдық өзгерістер кезеңі
ретінде енетіндігі айқын. Ал, заң актілері болса,түбегейлі қоғамдық өзгерістердің тарихының
негізгі дерек көздерінің бірін құрайды.Заң актілерін дерек көздері ретінде пайдалана білмей,
Қазақстандағы бұл өзгерістердің шынайы тарихын жазу мүмкін емес. Өйткені, Қазақстан
Республикасы тарихының басты ерекшелігі сонда, қоғамдық өзгерістер қажеттілігі алдымен
әр түрлі деңгейдегі форумдарда негізделді және заң актілерінде нақтыланып бекітілді, содан
кейін ғана іске асырылды.
Әрине, көрсетілген кезеңдегі ең басты түбегейлі қоғамдық өзгеріс, ол еліміздің өз
тәуелсіздігін алып, Қазақстан Республикасы атты мемлекеттің дүниеге келуі болды.
Қазақстан заң актілеріне деректанулық талдау жасау, осындай өзгерістердің еліміз
тарихында бұрын болмаған жаңа билік жүйесінің қалыптасуына заңдық негіз жасаған «Қазақ
ССР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі Заңына)