Умкд ќТ дерек



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет36/56
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15388
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56

 
2 кредит сағат  
Дәріс №24    
Тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті – ХVІІІ-ХХ ғғ. басындағы Қазақстан  
                       
тарихының дерегі ретінде. 
Дәріс мазмұны: 
1. 
Бұқар, Тәтіқара, Үмбетей, Шал, Көтеш жыраулардың жырлары. 
2. 
Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек, т.б. 
Ел  тағдырын  өз  тағдырынан  биік  қойған,  ұлтының  тұтастығын,  жерінің  бүтіндігін 
мұрат  еткен  қазақ  батырлары  қазақ  тарихының  әр  белесінде  тұлғалық  деңгейге  көтеріліп 
отырған.  Яғни  олар  ұлттық  тұлға  болған.Осы  ұлттық  тұлға  биігіне  кімдер  көтеріле  алған? 
Осы биік азаматтық мәртебеге, халықтық бағаға кімдер лайықты болған? Және қандай істері 
арқылы осындай дәрежеге жеткен? Ең алдымен ұлттық тұлға деген ұғым – тарихи өлшем. 
Яғни  тарихи  тұрғыдан  ұлт  үшін,  халық  үшін  орасан  маңызы  зор,  тарихи  мәні  терең  іс-
әрекетке  барған,  немесе  аса  жауапты  тарихи  сәттерде  халық  тағдырында  айрықша  орны 
болған  адамға  халықтың  өзі  осындай  ұлттық,  тұлғалық  деңгейге  көтеретін  бағаны  беріп 
отырған.  Міне  қазақ  тарихының  әрбір  белесінде  осындай  орасан  зор  халықтық  мәні  бар 
тарихи  оқиғаларға  араласқан,  немесе  осы  тарихи  оқиғаларды  басқарған,  ұйымдастырушы 
болған,  немесе  асқан  ерлік  көрсеткен  азаматтар  –  халық  батырлары  атанған.  Ұлттың 
тұлғалары атанған. Қазақ ұлтының бағына, тағдырына орай Тарих-ана әр ғасырда жаужүрек, 
батыр ұлдары мен қыздарын мол жаратқан. Ұлт содан аман қалған. Қазақ жерінің бір сүйемі 
де осылардың арқасында жаудың қолында кетпеді. Осылайша, ол шеті мен бұл шетіне құс 
қанаты талатын казіргі кең байтақ өлкемізді, құтты қоныс, ата мекенімізді ұлы жорықтарда 
батыр  бабаларымыз  білегінің  күшімен,  найзасының  ұшымен  қорғай  жүріп  бізге  аманаттап 
қалдырды. Осы еңбегі үшін халық биікке көтерген, ардақтап, аттарын аңызға айналдырған 
батырлардың  ішінде,  әсіресе,  Абылай  ханның  бас  қолбасшылары  саналған  Қаракерей 
Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай бір төбе болса, тағы да осылардың 
қатарында  бір  шоғыр  қазақ  батырларының:  Қарасай  мен  Ағынтай,  Саңырық  пен  Тайлақ, 
Өтеген мен Сұраншы, Сеңкібай мен Шойбек, Малайсары мен Райымбек, Бөлек пен Сатай, 
Жәнібек пен Тілеуке, Қылышбек пен Естенбек, Есенқұл мен Сыпатай сынды ақберендердің 
есімдері  де  айрықша  жарқырап  көрінеді.  Сондықтан  осы  аттары  аталған  айтулы 
батырлардың ел тағдырындағы тарихи орны мен олар жасаған ерлік жорықтарының мәні мен 
маңызы да бірнеше ғасырлар бойында ел жадынан бір сәтке де ұмыт қалған емес. Жалпы осы 
аттары аталған батырлардың болсын, немесе әр ғасырда өмір сүріп, әртүрлі тағдыр кешкен 
басқа  да  сандаған  ұлттық  деңгейдегі  тұлғалардың  қай-қайсысын  алсаңыз  да  олардың 
тұлғасын алдымен халық ішінен шыққан өнер иелері көркем сомдауға, әдебиет тілінде жырға 
қосуға ұмтылған. Оның ішінде әсіресе халық ауыз әдебиетінің, яғни фольклордың үлесі дара 
көрінеді.  Қазақ  батырларының  бейнесі  сонымен  бірге  жазба  әдебиетімізде  де,  әсіресе 
прозалық  туындыларымызда  көбірек  сомдалды.  ХХ  ғасыр  әдебиетінің  бастапқы  кезеңінің 
өзінде-ақ  қазақ  қаламгерлері  халық  жүрегінен  берік  орын  алған  осынау  айтулы  қазақ 
батырларының тұлғасын қоғамдық-әлеуметтік, тарихи оқиғалармен астастыра отырып қазақ 
әдебиетіне алып келді. 20–30 жылдардағы және кейінгі онжылдықтар кезеңінде қабырғалы 
қаламгерлеріміз  бен  ақын-жыршыларымыз  І.Жансүгіров,  С.Мұқанов,  М.Жұмабаев, 
М.Әуезов,  Жамбыл,  Иса,  Нүрпейіс,  Кенен,  Қалижан  Бекхожин  т.б.  өз  шығармаларының 
негізгі  кейіпкерлері  етіп  батырлар  тұлғасына  қол  артуы  осыны  аңғартады.  Қара  қыпшақ 
Қобыланды,  Қара  қасқа  атты  Қамбар  батыр,  Ер  Тарғын,  Абылай,  Қаракерей  Қабанбай, 
Қанжығалы  Бөгенбай,  Шапырашты  Наурызбай,  Батыр  Баян,  Қарасай,  Өтеген,  Сұраншы, 
Саурық, Сыпатай, Райымбек, Махамбет, Исатай, Сырым, Кенесары, Наурызбай, Амангелді, 
Бекболат, т.б. есімі елге белгілі, қол бастаған немесе ұлт-азаттық күрестің ұйтқысы, басшысы 
болған  батырларымыз  бен  хандарымыздың  көркем  әдебиеттегі  соқталы  бейнесі  сап  түзеп, 
осы арқылы қазақтың рухани әлемі жаңа белеске көтерілді, байтақ кеңістікке шықты. Қазақ 
тарихының  әрбір  кезеңі,  яғни  ел  басынан  өткен,  халық  тағдырында  терең  із  қалдырған 


тарихи,  саяси  оқиғалар  енді  нақты  тарихи  тұлғалардың  -  қазақ  батырларының  бейнесі 
арқылы,  солар  өмір  кешкен,  азаттық  жолында  арпалысып  өткен  заман,  уақыт  кеңістігі 
арқылы  көркем  шежіреленді.  Әдеби  кейіпкер  ретінде  бой  көтерген  осынау  тарихи 
тұлғалардың  көркем,  жинақталған  бейнесін  сомдау  енді  өз  кезегінде  қаламгерлер  үшін  де 
жаңа  суреткерлік,  шеберлік  мүмкіндіктерге  жол  ашты.  Осы  орайда,  әрбір  әдеби  жанрдың 
көтеретін  жүгі  салмақ  басып,  әдеби  әдіс-тәсілдердің  көкжиегі  де  кеңи  түсті.  Осы  арқылы 
дәстүрлі  қазақ  поэзиясының  кең  тынысы  жаңа  құнарлы  көркемдік  ізденістерге  қол  артуға 
қаламгерлерді итермеледі. Ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан әдебиет тарихындағы ұзын 
салқар рухани көшіміздің ең бір асылы мен аяулысы да, яғни рухани құндылықтарымыздың 
баға  жетпес  байлығы  да  қарап  отырсақ  осы  арнадан  енші  тауыпты.  Ел  тағдырындағы 
батырлардың  тарихи  орнын  бейнелеген,  сомдаған  өнер  туындыларын  сөз  еткенде  біз  ауыз 
әдебиетін,  яғни  халық  мұрасын  алдымен  атаймыз.  Бұл  мұралардың  аса  маңыздылығын,  ел 
тағдырындағы тарихи мәнін біздің аға буын, әдебиеттанушы ғалым- зерттеушілеріміз астын 
сыза айтып кеткен. Мысалы, қазақ эпостану ғылымында батырлық жырлардың мазмұнына, 
көркемдік сипатына қатысты алғашқы, құнды ғылыми ой-толғамдарға арна салған маңызды 
зерттеулер,  жинақтар  жарық  көре  бастады.  Осынау  көркемдік  құндылығы  аса  жоғары 
халықтық мұраларымыздың ел арасынан, әртүрлі дерек көздерінен жиналып, тұтастырылып, 
өңделіп,  ғылыми  тұрғыдан  зерттелуі  Ш.Уәлиханов,  В.Радлов,  Ы.Алтынсарин,  Ә.Диваев, 
Г.Потанин,  И.Березин,  И.Мелиоранский,  Н.Ильминский,  Ә.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов, 
Х.Досмұхамедов,  М.Әуезов,  С.Мұқанов,  С.Сейфуллин,  І.Жансүгіров  еңбектерінен  бастау 
алып, кейінгі кезеңдерде де осы үрдіс әдебиеттану ғылымының басқа да белгілі өкілдерінің 
еңбектерінде  жалғасын  тапты.  Бұл  еңбектерде  енді  халық  ауыз  әдебиетінің,  оның  ішінде 
батырлық  жырларымыздың  тарихи  негіздеріне,  осы  жырлар  өмірге  келген  кезеңнің 
әлеуметтік-қоғамдық сипатына да тереңірек талдау жасала бастады. М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, 
Е.Ысмайылов,  Б.Кенжебаев,  М.Сильченко,  Н.Смирнова,  Ә.Марғұлан,  Ә.Қоңыратбаев, 
М.Ғабдуллин,  Р.Бердібаев,  С.Садырбаев,  С.Қасқабасов  т.б.  көрнекті  қазақ  әдебиеттанушы-
ғалымдардың 60-70-жылдардағы ғылыми-зерттеу еңбектері, оқулықтары мен оқу құралдары 
да аса бай халық мұрасының әр алуан көркемдік қырларын талдауға арналды. Осы орайда 
әсіресе  эпостық  жырларымыздың  танымдық-тағылымдық  маңызы,  ондағы  көркемдік 
тұрғыдан  жинақталған  бас  кейіпкерлердің  образдық  тұтастығы,  тарихи  оқиғалар  мен 
жырларда  суреттелетін  сюжеттік  арналардың  арасындағы  сабақтастық,  поэтикалық 
құндылықтар,  барлығы  тарихи-салыстырмалы  негізде  сөз  болады.  Осы  орайда  қазақ 
батырларының, яғни эпостың бас кейіпкерлерінің ел тағдырындағы, ұлт тарихындағы орны 
мен  миссиясы  да  ғылыми  негізде,  жаңаша  ұлттық  таным,  эстетикалық  талғам  тұрғысынан 
шынайы бағасын ала бастады. Осы іргелі ізденістер қатарында, халық жүрегінде берік орын 
тепкен, ең бір кең тараған жырларымыз: “Қобыланды”, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Ер Көкше”, 
“Ер  Қосай”,  “Ер  Сайын”,  “Ер  Тарғынның”  мәтіндік  табиғатына,  лексикалық  сипатына 
байланысты  ғылыми  ізденістер  арқылы  қазақ  эпосының  тілдік  қоры  мен  көркемдік 
құрылысына, ішкі логикалық тұтастығы мен жанрлық құрылымына да ерекше көңіл бөліне 
бастады.  Яғни батырлық  эпостың  ішкі  құрылымдық  негіздері  мен  ішкі  көркемдік болмыс-
бітімін тереңдей талдайтын зерттеулердің жарық көре бастауы қазақ әдебиеттану ғылымын, 
оның  ішінде  эпостану  ғылымын  жаңа  белеске  көтерді.  Қ.Жұмалиевтің  “Қазақ  эпосы  мен 
әдебиет  тарихының  мәселелері”,  М.Ғабдуллиннің  “Қазақ  халқының  ауыз  әдебиеті”, 
Ә.Марғұланның “Ежелгі жыр, аңыздар”, Ә.Қоңыратбаевтың “Эпос және оның айтушылары”, 
“Қазақ  эпосы  және  түркология”,  М.Әуезов  атындағы  әдебиет  және  өнер  институтының 
ғалымдары  дайындаған  “Қазақ  әдебиетінің  тарихы”,  “Фольклор  шындығы”,  “Қазақ 
фольклорының  тарихилығы”  т.б.  іргелі  ғылыми-зерттеу  еңбектер  әдебиеттану  ғылымының 
эпостану мәселелерін кең ауқымда қарастыруға жол ашты. Кейінгі жылдары жарық көрген 
Р.Бердібайдың  “Эпос  –  ел  қазынасы”,  “Қазақ  эпосы”,  “Кәусар  бұлақ”,  С.Садырбаевтың 
“Фольклор  және  эстетика”,  “Халық  әдебиетінің  тарихи  негіздері”,  О.Нұрмағанбетованың 
“Казахский  героический  эпос  “Кобланды  батыр”,  Қ.Сыдиқовтың  “Ақын  жыраулар”, 
Е.Тұрсыновтың “Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері”, С.Қасқабасовтың 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау