Әскери саясаттың тиiмдi шараларын жасаумен жүзеге асыру аймақтағы қауiпсiздiктi
нығайтудың және елiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң маңызды факторларының
бiрi болып табылады.
Әдебиеттер:
1.Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.
2.Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,269 бет
3.Пушкарев Л. Н. Типологическая классификация русских письменных источников.
4. Источниковедение: теория, история, метод. Источники Российской истории: учебное
пособие. М., РГТУ. 1998.
5. Медушевская О.М. Современное зарубежное источниковедение. Москва, 1983
6. Источниковедение истории СССР. Под ред. Ковальченко И.Д. Москва, 1981
7. Абусейитова М.Х. К проблеме источниковедения средневекового Казахстана\\
Отечественная история. 1988, № 1.
2 кредит сағат
Дәріс №30
Тақырыбы: Мерзімді басылымдар және олардағы болған өзгерістер
Дәріс мазмұны:
1.
Тәуелсіздік жылдарындағы мерзімді басылымдардың дамуы.
2.
Ресми басылымдар.
3.
Тәуелсіз басылымдар.
Қазақстан тарихының жазба деректерінің үлкен бір тобын мерзімді басылымдар
құрайды.Патша жарлығы мен оның жергілікті әкімшілік органдарының шешімдерін халыққа
жеткізіп отыру мақсатында, 1870 жылдың сәуірінен бастап, қазақ тілінде шыға бастаған
алғашқы «Түркістан уалаяты газетінен» бастау алатын қазақ баспасөзі, XX ғасырда негізгі
ақпарат құралына айналды.
Қоғамда болып жатқан әр алуан, ірілі ұсақты уақиғалар туралы дер кезінде оқырмандарына
мәлімет жеткізу міндетін атқаратын мерзімді басылым, уаөытөте келе баға жетпес құнды
деректер көзіне айналды. Халыққа болған оқиға туралы өз бойына қажетті мағұлматтар да
жинайды, сөйтіп уақыт өте келе өзі де тарихи дерек көзі ретінде ғылымға қызмет етіп,
уақиғалардың кейбңр қырларын ашуға көмектеседі.
Дегенмен, мерзңмдң басылымдар жазба деректердің басқа түрлерінен тек өзіне ғана тән
сипаттармен ерекшеленеді. Сондықтан оларда сақталынған мәліметтерден объективті
мағлұмат алу мақсатында зерттеушілер баспасөзді тарихи дерек көзі ретінде арнайы
қарастыруға тиіс болады.
Мерзімді басылымдар мәліметтерін тарих дерегі ретіндегі зерттеумен, оларды белгілі бір
дәрежеде талдаумен немесе сыннан өткізумен тарихшы – зерттеушілердің бәрі де
айналысады. Дегенмен оларды нақты тарихи проблемаларды зерттеуші- тарихшылар және
мерзімді басылымдарды тарих дерегінің көзі ретінде зерттеушілер-деректанушылар деп
бөлуге болады. Алғашқылары әдетте нақты басылымдағы өздерін қызықтыратын
жылдардағы белгілі бір материалдарға талдау жасаса, соңғыларының міндеті нақты
басылымның өзін жан жақты зерттеу. Нақты мерзімді басылымның ерекшеліктерін жан
жақты көрсету арқылы деректанушы, нақты проблемаларды зерттеуші – тарихшыларға өз
уақыттарын дұрыс пайдаланып, басылымнан қажетті мағлұмат ала білуге көмектеседі. Бұл
жерде деректанушы тарихшы – зерттеушілерге жол көрсетуші міндетін атқарады. Бір
деректанушының еңбегі ондаған тарихшылардың өз уақыттарын тиімді пайдалануына
мүмкіндік жасайды.
Әсіресе, соңғы жылдары еліміздің тәуелсіздік алып, өз тарихын объективті жазуына
мүмкіндік тууына байланысты ұлттық деректерге, оның ішінде қазақ тіліндегі басылымдарға
деген жаппай қызығушылық, оларды ел тарихының дерегі ретінде ғылыми айналымға