құрамына кірген түркі тайпаларының өмірі туралы мәлімет бізге Орхон-Енисей жазба
ескерткіштері арқылы жетті. XI-XIII ғасырларда тасқа жазылған орхон ескерткіштерінің
дүниежүзілік өрениет тарихында алатын орны үлкен. Орхон жазуларында Түрік қағанаты
дәуіріндегі елдің білім, дүниетанымы, ғаламның жаралуы, түркі халықтарының тарихы мен
тағдыры, ұлысаралық қарым-қатынасы, жеңістері мен өкініштері, отаншылдық, ерлік, бірлік,
намыс туралы түсінігі, наным-сенімі, тәуелсіздік аңсары, осы жолда халқына фидайы қызмет
еткен Күлтегін, Білге қаған,. Тоныкөк тәрізді ұлы қаһармандардың бастан кешкендерінің
баяны берілген.Сонымен қатар, бұл жазулар түрік халықтарының бұдан бір жарым мың жыл
бұрынғы биік мәдениетінің, көркемдік дәстүрінің жарқын куәлігі.
Аталған ескерткіштердің табылу тарихы, тілі, оқиғалық мазмұны, жанры жөнінде XIX
ғасырдың ақырынан бүгінгі күнге дейін жүргізілген зерттеулерде көптеген қызғылықты
ойлар қорытылған; мұраның генезисі, тарихи –танымдық, жанрлық сипаты, көркемдік
қасиеті т.б. туралы жүйелі түсініктер қалыптасқан. Біз ол деректердегі түркілердің
дүниетанымына тоқталып өтсек.
Түркілердің өмірінде ең маңызды болып әскери іс есептелінді.Сонымен қатар
түркіттердің жалпы тарих сахынасына ала шыққан мамандығы темір өндіру болатын.
Олардың аңызға айналған арғы атасы Ашин теріскейге қашып келіп, «жужандарға темір
өндіреді». 546 ж. жужан қағаны Анахуан түркіттер көсемін: «Менің темір қорытатын
тұтқыным» деп түріктердің басты кәсібін айрықша атайды.
Терхин құлпытасы да (756 ж.) Елетміш – қағанға арналған және көп жағынан
мазмұны Шине Усу жазбасынан асып түседі, кейде оған жолма-жол сәйкес келеді.
Ескерткіште Алтай – Тарбағатай қарлұқтарының Жетісуға қоныстану уақытына қатысты
мезгілі көрсетілген маңызды тарихи оқиға айтылады. Ежелгі түріктердің руникалық
ескеткіштерінде кейіннен Қарлұқ және Қарахан мемлекеттерінде елеулі рөл атқарған ягма
тайпасының уақыты жағынан бірінші рет аталуы да құнды мәліметтердің бірі болып
табылады.
УІІ – Х ғасырлар деп белгіленген Енисей аңғарының жазбалары мен Суджа
құлпытастарының тұратын Қырғыз мемлекетінің ескерткіштері белгілі бір ынта – ықылас
туғызады. Енисейдің екі тексінен Қазақстанның алдыңғы ортағасырлық тарихына қатысты
материалдар табылды. Бір эпитафияда қырғыздар жерінде өлген түргеш бегі туралы
айтылады. Басқа бір жазбада түргештердің Қара ханына еелші болып кетіп, қайтып
оралмаған атақты қырғызды жоқтау тексінің үзінділері бар. Бұл оқиғалар 744 және 756
жылдарға жатады.
Батыс түрік қағанатының Жетісудан (Талас өңірінен) табылған ескерткіштері елеулі
мәдени-тарихи қазына болып табылады, оған қабірлерге қойылған құлпытастарға,
теңгелерге, тұрмыстық заттар мен ағаш таяқшаларға жазылған 12 жазба жатады. Бұл
ескерткіштердің жоғарғы мерзімі едәуір айқын – УІІ ғасыр, ал төменгі хронологиялық шегі,
тегінде, УІ-УІІ ғасырлар шебі болуы ықтимал. Талас эпитафиялары «қара будан» шыққан
түргеш қағандарымен – Сұлық Шабыт – шора мен оның ұлы билік еткен кезге (716-740 жж.)
жатады.
Әдебиет:
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін).Бес томдық. 1-том. А., 1996.
2. Қазақстан тарихы туралы түрік деректемелері. ІІ том. Көне түрік бітіктастары
мен ескерткіштері (Орхон, Енисей, Талас).– А.: Дайк-Пресс, 2005.- 252 б.
3. Кляшторный С.Г. История Центральной Азии и памятники рунического
письма. – СПб.: Филологический факультет СПб ГУ, 2003. – 560 с.
4. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2002.
5. Зәкенұлы Т. Күлтегін ескерткішіндегі қытайша мәтіннің зерттелуі // Қазақ
тарихы, 2006, №1, -12-14 б.
Апта №5
1 кредит сағат
Дәріс №9
Тақырыбы: Түркі тайпалары мен Оңтүстік-Шығыс халықтары туралы
ортағасырлық авторлар.
Дәріс мазмұны:
1.
Рим авторлары.
2.
Византия тарихшылары.
3.
Араб авторлары.
XIV–
XVII ғасырларда дипломаттардың, саудагерлердің, миссионерлерлердің
(Гонзалес де клавихо, Сигизмунд Гербештейн, Илсофат Барборо, Амброджо Контарини,
Антоний Дженкинсон, Филип Авриль, Адам Олеарий) және арасында соғыс тұтқындары
(Ганс Шильтебергер) да болған басқа да адамдардың Азия елдері мен Московияға
саяхаттары мен сапарлары қазіргі кезеңдегі әскери-саяси оқиғалар мен оның Тоқтамыспен
және Едігемен қарым-қатынастары, ноғайлар мен қазақтардың одақтастық қатынастары
туралы тарихи-этнографиялық мәліметтер бар жаңа нарративтік деректемелердің
жасалуына негіз болды.
Венеция дипломаты И.Барбароның «Тан мен Персияға саяхат» деген кітабында
«татарлар» деген жалпы атаумен дала тұрғындары елеулі орын алады. Діни нанымдарды,
сот ісін жүргізуді, әскер ісін, сауданы, қолөнер мен егіншілікті суреттеумен қоса, ол Едіге
және оның ұлы Мұртаза, Ұылқ-Мехмет, ханзада Кішік-Мехмет, жәнібек (1343-1357) хандар
билік еткен кезеңнің кейбір тарихи ойларын да жазады. Темірдің 1395-1396 жылдары
Оңтүстік Дешті Қыпшақтың қалаларына жасаған жойқын жорықтарын айтып өтеді, ол
тұрғындар зердесінде әлі де сақталып қалған еді, өйткені бұл жерге Барбаро ХУ ғасырдың
50-
жылдарында келген-ді. Персияда 1474-1477 жылдары болған А.Контарини
«татарлардың» түрлі таптарын, соның ішінде «Еділдің арғы жағында тұратын, солтүстік-
шығыс және шығыс жағына көшіп жүретіндерді» бөліп көрсетеді.
Дипломат А.Герберштейннің мағлұматтары да «әр түрлі татар ордаларына» қатысты,
ол солардың арасында қазақтарды (Cassaki) деп көрсетеді. Ал 1562 жылы А.Дженкинсон
жасаған «Ресей, Московия, Татария»картасында Еділ мен Жайық арасы – ноғайлар
мекендейтін жер олардан шығысырақта «Қазақия» (Cassakiа) жері деп көрсетілген.
Ағылшын көпесі А.Дженкинсон саяхатының күнделігі – Қазақ хандығының қалыптасу
кезеңінің оқиғалары, соның ішінде Хақназар ханның Сыр өңірі қалалары үшін соғыстары
көрсетілген ең алғашқы европалық еңбек.
Әдебиет:
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996.
2. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. Т.1-3. Астана, 2005.
3. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2002.
2 кредит сағат
Дәріс №10
Тақырыбы: Түркі тайпалары мен Оңтүстік-Шығыс халықтары туралы
ортағасырлық авторлар.
Дәріс мазмұны:
1.
Армян авторлары.
2.
Орыс жылнамаларынан мәліметтер.
Соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерттеуде XІV-ХVІІ ғасырлардағы орыс
құжаттары мен мұрағат материалдарының зор маңызы бар. Орыс жерлері Алтын Ордаға
бағынған кезең жылнамаларында орыс князъдерінің Орданың билік орындарымен қарым-
қатынастарының көптеген жақтары көрсетілген.оларда Орданың ішкі, қоғамдық саяси
жағдайлары туралы, атап айтқандағ ХІУ ғ. 60-70 жылдарындағы Орда шонжарларынң түрлі
топтарынң өзара қырқысқан күресі туралы айтылды («И бысть в Орде замятня велика»).
Мамай, Тоқтамыс, Едіге, Әмір Темір заманына қатысты және бұл билеушілердің ыдырап
бара жатқан Алтын Орданың тағдырына ықпал етуге және сол арқылы Москва Русіне,