Умкд по дисциплине растениеводство для специальности 050801 -агрономия



жүктеу 1,77 Mb.
бет55/72
Дата08.05.2023
өлшемі1,77 Mb.
#42482
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72
umkd «ast k dak ldar n n osiru tehnologiyas » 2021-22gg

Өздігінен тексеру сұрақтары:

  1. Қарақұмықтың морфологиялық ерекшеліктері.

  2. Қарақұмықтың түрлері мен түр тармақтарының айырмашылық белгілері.

  3. Қарақұмық гүлдеріндегі жыныстық диморфизм және гүлдену ерекшеліктері.

  4. Дақылдың қоршаған орта факторларына қоятын талаптары. Сорттары.

  5. Солтүстік қазақстанның аймағында қарақұмық өсіру технологиясының ерекшеліктері.

Әдебиет:
1.Растениеводство// Под ред. академика ВАСХНИЛ П.П.Вавилова – М., Агропромиздат, 1986.
2. Аринов К.К., Шестакова Н.А. «. Растениеводство Северного Казахстана». Астана, 2009г.
3. Саницкий К.А. Гречиха. М., Колос, 1970.
4.Якименко А.Ф. Гречиха. М., Колос, 1982.
5.Елагин Агротехника гречихи. М., Колос, 1984.


ДӘРІС. КҮРІШ


Дәрістің мақсаты: Күріштің халық шаруашылығындағы маңызын бағалау. Морфологиялық, биологиялық ерекшлеіктерін оқып-үйрену және соларлдың негізінде өсіру технологиясын жасауды үйрену.
Дәрістің негізгі сұрақтары:

  1. Күріштің халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі.

  2. Күріштің морфологиялық ерекшеліктері, сорттары.

  3. Биологиялық ерекшеліктері мен өсіру технологиясы.

Күрішті бағалы жармалық дақыл ретінде өндірудің жылдан жылға ұлғайуының бірнеше себептері бар. Біріншіден күріштің жармасы жоғары калориялы диетикалық азық, оның 1 килограмы 3590 калорияға тең. Жарманың абсолютті құрғақ зат құрамында 88% крахмал, 6-8% ақуыз, 0,5% май, 0,5% қант бар. Адам ағзасына сіңімділігі (96%) мен қорытылымдылығы (98%) бойынша әсіресе диетикалық және балалар тағамы ретінде азық-түліктік дақылдардың ішінде өте жоғары бағаланады.


Екіншіден күріш, жер шары халықтарының (Қытай, Үндістан, Корея, Вьетнам және басқа елдердің халықтары) жартысынан астамының сүйіп жейтін тағамы.
Күріштің сабаны - жоғары сортты қағаз, құрылыс, жеңіл аяқ киім, еденге төселетін шағын кілемдер, әшекей бұйымдар, балалардың ойыншықтары арқан, қап сыяқты тұрмыстық қажет материалдар өндіруде қолданылады.
Күріштің 1 кг сабанында 0,25 мал азықтық өлшем болғанымен, ол нашар қорытылады, сондықтан оған құрама жем қосып мал азығы ретінде пайдаланады.
Күріш Азияның оңтүстік-шығысынан тараған, сондықтан бұл дақыл егісінің көпшілігі - 83,4 млн гектары - Азияда орналасқан. Күріш Америкада 5,6 млн, Африкада - 9,3 млн, Европада - 0,6 млн гектардан астам жерге өсіріледі.
Қазақстанда күріш Қызылорда, Алматы (Балқаш және Қаратал аудандары) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіріледі. Соңғы жылдары республикада күріш егісінің ауданы азайып кетті, егер 1991 жылы күріш 135 мың гектарға егілсе, 2007 жылы 75,7, ал 2009 жылы 85,3 мың гектарға себілді.
Күтіп-баптау технологиясына байланысты күріштен мол өнім алуға болатынын өндірістік тәжірибе дәлелдеп отыр.. Өндірістік жағдайда гектарынан 35,0-45,0 ц, Краснодар өлкесінде 50,0 ц/га, Кубань тәжірибе шаруашылығында 78,1 ц/га өнім алынған. Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев кезінде күріштің әр гектарынан 171 центнерден өнім алған.

жүктеу 1,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау