Пәнді оқыту нәтижелері:
Пән егіншілік заңдарын, топырақ құнарлылығын арттыру жолдарын, егіншілік режимдерін оңтайландыруды, ауыспалы егістіктің ғылыми негіздерін, жіктелуі, аймақтық ерекшеліктерін, ауыспалы егісті енгізуді және игеруді, топырақты өңдеудің ғылыми негіздерін, топырақты өңдеудің аймақтық ерекшеліктерін, топырақты өңдеу сапасын агротехникалық бағалауды үйретеді.
№
|
Қалыптастырылатын оқыту нәтижелері (кодтар)
|
Дескрипторлардың сипаттамасы
|
ON12
|
Жоғары өнімді алудың теориялық негіздерін және дақылдардың өнімділігін арттыру жолдары туралы білімді көрсету, топырақ-климаттық жағдайларын және шаруашылықтардың материалдық-техникалық жабдықталуын ескере отырып танаптық дақылдарды өсірудің қазіргі заманғы технологияларын әзірлеу және іске асыру қабілетінің болуы; өнімділікті басқаруды жүзеге асыру, танаптық дақылдарды өндіру технологиясын бақылау және бағалауды қамтамасыз ету; далалық эксперименттер жүргізу.
|
бiлу, түсiну және академиялық адалдық қағидалар мен мәдениетінің маңызын ұстану: танаптық дақылдардың ботаникалық, биологиялық ерекшеліктерін білу негізінде олардан жоғары, әрі сапалы өнім алу мақсатында өсірудің ғылыми негізделген, қуат үнемдегіш технологияларын қолдана білуі керек, әрі карантинді объектілерге жол бермеу шараларын меңгеруге тиіс. Әралуан танаптық дақылдарды аймақтық топырақ-климат және экономикалық жағдайын ескеріп, зерделеу. Студенттерді осы заманғы өсіру технологияларын дақылдардың морфологиясына, биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес өсіруді, шаруашылықтардың нақты топырақ-климат жағдайына байланысты негізгі танаптық дақылдардың операциялық өсіру технологияларын ғылыми негізде жасау болып табылады.
алған бiлiмді қолдана білу: тәжірибеде білімді және түсінікті пайдалану нақты топырақ-климат жағдайында реттелетін және реттелмейтін сыртқы орта факторларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін астық, көкөніс жэне жеміс өнімдерін тиімді сақтау жэне қайта өндеу технологиясын қолдануын, кептіргіш және түқым тазалағыш техниканы, өнімдерді өндеу физикалық, химиялық және басқа тәсілдерін қолдануды білу.
өздігінен пiкiр шығаруды игеру: ойын айтуға, идеяны бағалауға жэне қорытынды шығаруға қабілеті -әдебиеттерден қажетті материалды ала білу жэне тәжірибе нэтижелерін қорытындылауды білу, жұмымыстың нәтижесін бағалау.
коммуникативтік дағдыларын игеру. ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін меңгеру, оларды зерттеу саласында қолдана білу: Қатынас саласындағы икемділігі өзі жүрген ортаны сыйлау және өз жүмысына жауапкершілікпен қарау.
тәжірибелік дағдыларын игеру: білім саласындағы икемділігі агрономия саласындағы термин сөздерді жетік меңгеру.
|
Курс пререквизиттері: «Өсімдік шаруашылығы» пәнін оқу үшін «Агрометерология», «Агрохимия», «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғау» «Егіншілік», «Топырақтану», «Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы», «Егіншіліктің аймақтық жүйесі» «Жеміс-көкөніс шаруашылығы», «Танаптық дақылдардың тұқымтану негіздері», «Өсімдәк шаруашылығындағы бейім технологиялар» т.б. пәндерді білу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |