Умкд 042-18 028/03-2013 Басылым №


Өзін -өзі бақылау сұрақтары



жүктеу 2,38 Mb.
бет2/9
Дата17.11.2017
өлшемі2,38 Mb.
#520
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өзін -өзі бақылау сұрақтары:

1.Меркантилистік теорияның негізгі идеялары

2.Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар териясның дамуы.

3.ДЖ Ст. Милльдің халықаралық баға теориясы.

4.Саудадан алынатын ұтыс: еңбек шығындарының үнемделуі және тұтынудың ұлғайтылуы.

5.Халықаралық сауда теориясындағы салыстырмалы артықшылықтар теориясының шектеулілігі.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Байгисиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2006

2.Доғалова Г. Халықаралық экономика. – Алматы., 2010

3. Мамыров Н.Қ. Халыкаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2009


Дәріс №3. Өндіріс факторлары арақатынасы теориясы

1.Халықаралық сауданы талдаудың неоклассикалық әдіснамасы

2.Хекшер- Олин моделі

3.Өндіріс факторларының арақатынасы теориясын эмперикалық тексеру және олардың шектеулілігі мәселесі



Тақырып бойынша басты түсініктер: неоклассикалық әдіснамасы, Хекшер- Олин моделі, эмперикалық тексеру.

1. Халықаралық сауданы талдаудың неоклассикалық әдіснамсы. XIX ғасырда еңбек теориясы әр түрлі өндіріс факторлар теорияларымен ығыстырыла бастағаннан бері, классикалық мектептің негізін қалаушылардың ізбасарлары - экономист-неоклассиктер халықаралық сауданы да өндіріс факторлар теориясы арқылы түсіндіре бастады. Бірақ халықаралық сауда теориясында шынайы жаңалықты тек ХХғ. 20-жылдары ортасында экономист-неоклассиктер - швед экономисі Эли Хекшер мен оның шәкірті Бертил Олин енгізді. Ол кейін Хекшер-Олин теориясы деп аталған, халықаралық сауданың тізбектелген теориясын құрды.

Өндіріс факторларының арақатынасы өндіріс факторларына, рынок, өндіріс және тауарлар сипатына қатысты көптеген жорамалдарға негізделген. Оның басым бөлігі абсолютті және салыстырмалы теориялардағы жорамалдарға ұқсас. Айырмашылығы мынада: өндіріс факторларының арақатынасы, бұрынғыдай, тек к,ана 2 елдің (1 ел және 2 ел) және тек қана 2 таңардың (бірі -еңбекті, екіншісі - капиталды көп қажет етеді), бір емес екі өндіріс факторының (еңбек - L капитал К) өмір сүруінен пайда болады. Одан кейін әрбір ел түрлі дәрежеде өндіріс факторларына ие болды. Еңбек теориясы бұл жерде жоққа шығарылмайды, қайта құнды қалыптастыруға еңбектен басқа да өндірістің факторлары қатысады деген оймен толықтырылады. Елдердің бір тауарға мамандануы мүмкін емес және елдердің технологиялары бірдей деп алынған. Сөйтіп, өндіріс факторларының арақатынасы теориясының маңызды шарттары болып жекелеген тауарлардың түрлі фактор интенсивтілігі ( бір тауар - еңбекті, екіншісі - капиталды көп қажет етеді) және фактор толықтылығы ( бір елде салыстырмалы түрде капитал көп, екіншісінде - аз) енді.



Факторинтенсивтілік дегеніміз - белгілі бір тауар өндіріс шығынындағы әр түрлі факторлардың салыстырмалы шығындары.

Егерде белгілі бір тауардың бір данасын өндіруге екінші тауарға қарағанда капитал көбірек жұмсалатын болса, бірінші тауар капитал сыйымды болып саналады.



Фактортолықтылыққа - елдің өндіріс факторларымен салыстырмалы қамтамасыз етілгендігін анықтайтын көрсеткіш жатады.

Фактортолықтылық екі әдіспен анықталады: әрбір фактордың салыстырмалы бағасы және өндіріс факторларының абсолютті көрсеткіші. 2-і ел капиталмен салыстырмалы түрде қамтамасыз етілген, өйткені онда капитал бағасы мен еңбек бағасының арақатынасы 1-і елге қарағанда төмен, яғни 2-і елде 1-і елге Қарағанда капитал арзанырақ болды.

Әдетте, капиталдың бағасы - пайыз қойылымы, ал еңбектің бағасы - жалақы болып саналады, Әңгіме, факторинтенсивтілігіндегідей, өндірістің абсолютті емес, салыстырмалы көрсеткіштері туралы болып отыр,

Егер фактортолықтылықты өндіріс факторларының абсолютті көлемі арқылы анықтасақ, онда 2-і елдегі капиталдың (Т) жалпы көлемінің жұмыс күшінің жалпы көлеміне қатынасы 1-і елдегіге қарағанда жоғары болатын жағдайда, 2-і ел капиталға бай болып есептеледі.



Фактортолықтылықтың бірінші анықтамасы рынок тепе-теңдігінің екі жағы - ұсыныс пен сұранысты есепке ала жасалған, өйткені, анықтама ұсыныс пен сұраныс тепе-теңдігі нәтижесі болатын өндіріс факторларының бағасы арқылы беріледі. Өндіріс факторларының бағасы оларды түрлі елде пайдалану мүмкіндігінің дәрежесін анықтап, оның технологиялық даму деңгейін көрсетеді. Екінші анықтама тек ұсынысты есептеп, сұранысқа көңіл бөлмейді. Ал сұраныс бұл жерде өте маңызды, өйткені дайын өнімге деген сұранысқа байланысты оларды өндіруге қажетті өндіріс факторларына сұранысты шығаруға болады.





Сурет 1. Өндіріс факторларымен әр түрлі деңгейде қамтылған

елдердің өндірістік мүмкіндіктерінің шекарасы


Сөйтіп, айтылып жатқан тәсілге сәйкес, 2-і елдің капиталы көп, ал 2-і тауар капиталды көп қажет ететін болғандықтан, 2-і ел 1-і елге қарағанда 2-і тауарды салыстырмалы түрде көп шығара алады. Ал 1-і елдің еңбек күші көп, ал 1-і тауар еңбекті көп қажет еткендіктен, 1-і ел 2-і елге қарағанда 1-і тауарды көбірек шығара алады. Сондықтан екі елдің 1-і және 2-і тауар бойынша өндірістік мүмкіндіктер шекарасы графигі 1 суретінде көрсетілген. Графиктен көріп отырғанымыздай, 1-і елдің еңбек күші көп, ал 1-і тауар еңбекті көп қажет еткендіктен өндірістік мүмкіндіктер шекарасы 1-і тауар көлденең осьқа жақын орналасады. Бұл жағдай осы 2-і ел мен 2-і тауар үшін де әділ болады. 2-і тауардың өндірістік мүмкіндіктер шекарасы тік осіне жақын орналасады.

2. Хекшер- Олин моделі. Халықаралық сауданың негізі ретінде өндірістік факторлармен түрлі қамтамасыз етілу теориясын бір-бірімен байланысқан екі теорема: Хекшер-Олин және өндіріс факторларына бағаның теңесу теориясы арқылы көрсетуге болады.

Хекшер-Олин теоремасы бойынша - әрбір ел салыстырмалы мол мөлшердегі өндірістік факторды қолданып өндірген тауарды экспортқа шығарып, өндіру үшін өндірістік факторлар жетіспеушілігі байкалған тауарларды импорттайды.

Жоғарыда көрсетілген арақатынастарға сүйеніп, 1-і ел салыстырмалы түрде еңбекті көп қажет ететін 1 -і тауарды өндіреді және экспорттайды, ал 2-і ел капитал молдығына байланысты көп капиталды қажет ететін 2-і тауарды өндіріп, экспорттайды.

Сөйтіп, Хекшер-Олин теориясы классикалық салыстырмалы артықшылықтар теориясынан бір қадам алға басты. Ол сауданың салыстырмалы артықшылықтарға негізделгенін мойындап қана коймай, оның себебі - елдердің өндірістік факторлармен әр түрлі деңгейде қамтамасыз етілгендігінен екенін анықтады. Тауарларға әр түрлі елдердегі салыстырмалы бағалар айырмашылығы және олардың арасындағы сауда әр елдің өндіріс факторларымен әр түрлі деңгейде қамтамасыз етілгендігімен түсіндіріледі.

Теореманы көрсету мен дәлелдеу үшін графиктерге зер салайық ( 2 сурет, а,б). Жасалған шарттарға сәйкес теорема екі елде де тұтынушылар талғамы бірдей немесе ұқсас деп алынды.


Сурет 2. Хекшер-Олин

Бірақ теорияда әрбір ел тұтынушылар талғамы қатты ерекшеленіп, талғаусыздық қисықтары ешқашан жанаспайтын жағдай болуы мүмкін. Ол кезде Хекшер-Олин теоремасы іске аспайды. Ол екі елдегі тұтынушылар талғамы абсолютті бірдей болып, бір талғаусыздық қисығына жатуын талап етпейді. Ол тек бұл талғамдардың қатты өзгешеленбей бір-бірінен толық оңашаланып, өзара саудаға ынтасы жойылып қалмауын болжамдайды. Сонда да тұтынушылар талғамы екі елде бірдей болып, тұтынушыға бірдей пайдалылық деңгейін қамтамасыз ететін екі тауардың талғаусыздық қисығын анықтайтын арақатынасы екі елге де бірдей болады деп болжам жасайық (2 сурет).

Ол 1-і елдің А нүктесінде, 2-і елдің А' нүктесінде өндірістік мүмкіндік қисығымен шектеседі. Сөйтіп I талғаусыздық қисығы және А, А' нүктелері әрбір елдің сауда жоқ кезіңдегі максималды мүмкін өндіріс пен тұтыну көлемдерін көрсетеді. Ал жанама тік сызықтар 1-і және 2-і елдегі 1-і, 2-і тауардың салыстырмалы бағаларын анықтайды, өйткені, графиктен көріп отырғанымыздай, Р Р' болып, 1-і ел 1-і тауарды өндіруде екінші ел 2-і тауарды өндіруде салыстырмалы артықшылыққа ие болады.

Сауданы дамыту барысында, еңбек күші мол 1-і ел еңбекті көп қажет ететін 1-і тауарға, ал капиталы мол 2-і ел - капиталды көп қажет ететін 2-і тауарға маманданады. (2.3 сурет). Бұл жерде өндіру мен тұтыну көлемдерін көрсететін нүктелер, 1-і елде А дан В-ға, 2-і елде А' дан В'-ға жылжиды. Елдердің мамандануы елдер салыстырмалы әлемдік баға Р-ның жалпы деңгейіне жеткенге дейін жүреді. Салыстырмалы әлемдік баға Р екі елдің сауда жүргенге дейінгі ішкі салыстрмалы бағалары арасында орналасады Р<Рw<Р'. График жүзінде ол екі елдің өндірістік мүмкіндіктер шекараларына және жаңа талғаусыздық қысығы П жанама болады да, ол талғаусыздық қисығы 1-ші жоғары тұрған тұтынудың жалпы өсуін көрсетеді. 1-і ел 1-і тауарды ВС көлемінде экспорттап, СЕ көлемінде 2-і елдің 2-і тауарын импорттайды да, ұсыныс пен сұраныстың теңдігі Б нүктесінде болады. 2-і ел В'С көлемінде 2-і тауарды экспорттап, С'Е' көлемінде 1-і елдің 1-і тауарын импорттап, Е нүктесінде ұсыныс пен сұраныстың тепе-теңдігіне келеді. Осыдан көріп отырғанымыздай, 1-і елдің 1-і тауардың экспорты 2-і ел импортымен теңеседі.

Е нүктесі А нүктесімен салыстырғанда "өзінің" 1-і тауарды азырақ, ал "бөтен" 2-і тауарды көбірек тұтынуды көрсеткенге қарамастан, сауда нәтижесінде оның жаңа талғаусыздық қисығы жоғары көтеріліп, тұтынудың ұлғайғанын көрсетеді. Сондай жағдай екінші елде де қалыптасады. Екі ел де саудадан пайда тапты. Өйткені талғамсыздық қисықтары (П) графикте жоғары кетеріледі.

Сөйтіп өндіріс факторларының салыстырмалы құндылығындағы айырмашылық, сауда жоқ жағдайдағы салыстырмалы бағаларындағы айырмашылықтын себебі болады. Ол өз кезегінде сыртқы сауданың алғышарты болады. Сыртқы сауда басталысымен мемлекет өндіру үшін салыстырмалы мол өндіріс факторлы факторинтенсивті тауарларды экспорттап, өндіріс факторлы салыстырмалы жетіспеушілігі бар тауарларды импорттайды. Еңбек күші мол 1-і елдің еңбекті көп қажет ететін 1-і тауарды экспорттауы мен капиталы мол 2-і елдің капиталды көп қажет ететін 2-і тауарды импорттауы нәтижесінде екі ел де екі тауардың тұтынуының жоғарылауын қамтамасыз етті.

Осы тұтынудың өсуі екі елде де мол өндіріс факторлар иелеріне бағытталып, саудадан пайда алуына әкелді. Ал жетіспейтін факторлар иелері өз елдерінде ұтылысқа ие болды.



3.Өндіріс факторларының арақатынасы теориясын эмперикалық тексеру және олардың шектеулілігі мәселесі. Сауда нәтижесінде саудаланатын тауарлардың салыстырмалы бағаларының жақындау тенденциясы байқалады. Бұл жерде мынандай сұрақ туындайды: егер де еңбекті көп қажет ететін тауардың бағасы өзгерсе, осы тауарды өндіретін еңбек күші мол елде еңбектің бағасы өзгере ме? Егер сауда нәтижесінде капиталы мол елдегі капиталды көп қажет ететін тауар бағасы өзгерсе, капитал бағасы қалай өзгереді?

Бұл сұраққа американ экономисі Пол Самуэльсон жауап берді. Хекшер-Олин теоремасының алғышарттарының дәлдігінен шыққан дәлелденген теоремасы өндіріс факторлар бағасының теңелу теоремасы немесе Хекшер-Олин-Самуэльсон теоремасы деп аталады.

Өндіріс факторларына бағалардың тенестірілу теоремасы (Хекшер-Олин-Самуэльсон теоремасы) - халықаралық сауда саудаласатын елдердегі өндірістің гомогенді факторларына абсолютті және салыстырмалы бағалардың теңестірілуіне алып келеді.

Қарапайым сөзбен айтқанда, сауда нәтижесінде тауарлардың салыстырмалы бағаларының теңестірілуі тауарды өндіруге қажетті өндіріс факторларының салыстырмалы бағаларының теңестірілуіне әкеледі. Капитал гомогендігі дегеніміз - капиталдың бірдей өнімділігімен, қатерлігімен, тәуекелдігімен сипатталып, ал еңбек гомогендігі - еңбектің бірдей дайындық, білім және өнімділік Деңгейімен сипатталады. Берілген теореманың әділдігі Хекшер-Олин берілген шарттарын толық ұстануды қажет етеді.

Сөйтіп, сауда нәтижесінде, жалақысы темен болған 1-і елде ол жоғарылайды, ал жалақысы жоғары болған 2-і елде ол төмендейді. Соған сәйкес салыстырмалы пайыздың қойылымы жоғары болған 1-і елде ол төмендейді, 2-і елде ол жоғарлайды. Сондыктан елдер арасында факторлар бағасының айырмашылығы қысқарады. Халықаралық тауарлар саудасы өзінің өндіріс фактор құнына кері әсерімен бағалардың теңелуінің орнын басады. Ол өндіріс факторлар ауысуы нәтижесінде жүзеге асырылуы мүмкін еді, бірақ жасалған шарттарға сәйкес өндіріс факторлары ауыса алмайды. Теория жүзінде халықаралық сауда өндіріс факторларының салыстырмалы бағаларындағы айырмашылық болғанға дейін дами береді. Егер де елдер арасында салыстырмалы бағалар үйлескен болса, өндіріс факторларының салыстырмалы бағалары да үйлестірілген болады.

Хекшер-Олин-Самуэльсон қорытындыларын қолдамаған атақты зерттеуді 1953 жылы американдық орыс Василий Леоньтев жариялады.



Леонтьев Хекшер-Олин теориясының шарттары іс жүзінде сақталмайтындығын көрсетті. Екінші дүнеижүзілік соғыстан кейін АҚШ ең бай және капиталы мол, басқа мемлекеттермен салыстырғанда еңбек жалақысы жоғары ел болып саналған, сондықтан теорияға сәйкес, ол капиталды көп қажет ететін тауарларды экспорттауы керек еді. Бұл гипотезаны тексеру үшін, Леонтьев құны 1 млн. доллар болатын экспорт тауары мен онымен бәсекелесетін жергілікті тауарларды өндіруге қажетті еңбек күші мен капитал мөлшерін есептеді. Әрбір өндірістің саласында бір өнім данасына еңбек пен капитал шығынын санады. Ол тек автомобиль сияқты дайын өніммен шектелмей, аралық өнімдерге (болат.әйнек, резина) де сәйкес есептеулерді жүргізді. Одан кейін АҚШ-ң 1947 жылғы экспорт құрылымың пайдаланып, 1 млн. долларға тең экспорт тауарларын өндіруге қажетті капитал мен еңбек шығындарының арақатынасын есептеді. АҚШ-та өндірілмейтін тауарларды өндіруге қажетті капитал мен еңбек шығындарының арақатынасын есептеді.

Іс жүзінде ол бір американдық импортты (К/L)im өндіруге қажетті еңбек пен капитал арақатынасын, бір американдық экспорт (К/L)х өндіруге қажетті еңбек пен капитал арақатынасымен салыстырды. Осы "Леонтьев статистикасы" деп аталған арақатынасқа сәйкес, егер (К/L)im/(К/L)х<1 мемлекет капиталы мол болып, орындалса саналады. Мемлекет (К/L)im/(К/L)х>1 орындалса еңбек күші мол болып саналады.



Леонтьев, Хекшер-Олин теориясына сәйкес американдық экспорттық тауарлар импорттың орнын басатын американдық тауарларға карағанда, бір жұмысшыға көп капиталды қажет ететіндігін көрсетеді деп күткен еді. Алынған нәтиже оған қарама-қарсы болды, американдық импорттың капитал сыйымдылығы экспорттан 30 % асып түсіп, ол АҚШ капиталы мол ел емесі екендігін білдіріп, керісінше еңбек күші мол ел екенін көрсетті. Бұл теориядағы түсініктерге толық қайшы келді.

Екінші дүниежүзілік соғыс статистикалық мәліметтерге көп бұрмалау енгізді деп есептеп, Леонтьев 1951 жылдың деректері бойынша есептеулерін қайта жүргізді. Нәтижесінде американдық импорт экспортпен салыстырғанда тағы да 6% капиталды көп қажет ететіндігі шықты. Леоньтевтің ізбасарлары бәрін 1962 жыл бойынша есептеп шықты. Олар күтпеген нәтижелерге жетті: американдық импорт экспортқа қарағанда 27%-ға капиталды көп қажет етті. Басқа елдер үшін де есептеулер жүргізілді. Жапония 50-жылдары айқын еңбек күші мол ел болғанымен, экспортқа капиталды көп қажет ететін тауарлар шығарды. Мол еңбек ресурстары бар. Үндістан негізінен еңбекті көп қажет ететін тауарларды экспорттаса да, АҚШ-қа жіберілген экспорт капиталды көп қажет ететін болып шықты .

Леонтьев парадоксы - Хекшер-Олиннің өндіріс факторлар арақатынасы теориясының іс-жүзінде расталмағаны: енбек күші мол елдер капиталды көп қажет өнімді, ал капиталы мол елдер - еңбекті көп қажет ететін өнімді экспорттады.

Парадокстың түсіндірілуі



  • Жұмысшы күшін маманданған және маманданбаған топтарға
    бөлу және экспорт тауарлар өндірісіндегі шығындар үлесін
    жекелеген топтарға бөліп есептеу қажет. Американдық ғалым
    Дональд Кисинг 1966 жылы жарияланған зерттеуінде еңбек күшін
    мамандық деңгейіне байланысты 8 топқа бөліп, АҚШ-та маманданған жұмысшы күшінің салыстырмалы молдығы мен маманданбаған жұмысшы күшінің жетіспеушілігін дәлелдеді. Сондықтан АҚШ маманданған еңбек өнімін экспортқа шығарады, ал оны дайындау мен оқытудың шығынын есептесе, капитал ретінде санауға болады.

  • АҚШ өндіруге көп капиталды қажет ететін шикізаттың көп
    мөлшерін импорттайды. Сондықтан, егер экспорттық тауарлар
    капиталды көп к.ажет ететін шикізаттың көп мөлшерін қажет етсе,
    бұл американдық экспортқа капиталды көп қажет еткізеді.
    Американдық Джеймс Хартигэн бастаған бір топ ғалымдар
    Леонтьев есептеулерін сол жылдар негізінде қайта жасады. Бірақ капиталды көп қажет ететін шикізатқа қатты тәуелді салаларды алып тастады. Парадокс жойылып, Хекшер-Олин теориясы расталды.

Леонтьевтің тесті американдық импорттық тарифті есепке
алмады. Ол болса американ өндірісінің еңбекті қажет ететін салаларын шет ел бәсекелестерінен қорғау үшін енгізілген еді. 1971 жылы американ экономисі Роберт Бэлдвин қайта жасаған есептеулері, тариф факторын алып тастау Леонтьев парадоксін 5%-ға азайтса да, толық жоя алмады.

Американдық тұтынушылар талғамы дәстүрлі түрде капиталды көп қажет ететін технология өнімдеріне бағытталған. Өзі капиталы мол ел болса да, өнімдерді шет елден сатып алатын еді. Бұл іс-жүзінде Хекшер-Олин теориясының алғышарттарының біреуін және халықаралық сауданы өндіріс факторлар арақатынасы емес, басқа себептермен түсіндірілуін жоққа шығарғанын көрсетеді.

• Өндіріс факторларының екі жақтылығы: бір тауар еңбек күші мол елде еңбекті көп қажет ететін, капиталы мол елде капиталды


көп қажет ететін тауар болуы мүмкін. Ол өндіріс факторларының
орнын басу мүмкіндігі жоғары жағдайларда болады. Мысалға, капиталы мол АҚШ-ғы өндірілген күріш, алдыңғы қатарлы технология көмегімен өндірілгендіктен капиталды көп қажет ететін тауар болады.

Ал еңбек күші мол Вьетнамда өндірілген сол күріш, тек ауыр енбек негізінде өндірілгендіктен, еңбекті көп қажет ететін тауар болып саналады.


жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау