Қуандыкова Н. Т. ҚАржылық есеп модульдік бағдарлама бойынша


Дайын өнімнің өзіндік құны есептеу тәртібі



жүктеу 449,84 Kb.
бет85/131
Дата12.12.2022
өлшемі449,84 Kb.
#40573
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   131
?óàíäûêîâà Í. Ò. ?Àðæûëû? åñåï ìîäóëüä³ê áà?äàðëàìà áîéûíøà

3.Дайын өнімнің өзіндік құны есептеу тәртібі
а) Сатып алушыларға жөнелтілген дайын өнімнің өзіндік құнын
б) Өндірістен шығарылған дайын өнімнің өзіндік құнын
Сатып алушыларға жөнелтілген дайын өнімнің өзіндік құны нақты өзіндік құны б/ша қалған және түскен дайын өнімнің есепке алу құны б/ша қалған және түскен дайын өнімге пайыздық қатынасы арқылы анықталады.Алынған пайыздық қатынасты сатып алушыға жөнелтілген өнімнің есепке алу құнына көбейтеді.Мұндай есептер ж/о№11ге тіркелетін «Аналитикалық мәліметтер» жүргізіледі.


Дайын өнімнің өзіндік құнын есептеу жолын мысалмен қарастырайық:

Көрсеткіштер

Есеке алу құны

Нақты құны

Ауытқу
(+,-)

Дайын өнім қалдығы ай басына

550000

580000

+30000

Өндірістен қабылданды

1960000

2020000

+60000

Барлығы

2510000

2600000

+90000

Қалған және түскен дайын өнімнің нақты құнының есепке алу құнына пайыздық қатынасы

2600000/2510000*100%=103,6%

Сыртқа сатылған

2000000

2072000

+72000

Ай соңына қалдық

510000

528000

+18000

2000000*103,6/100=2072000




б) Өндірістен шығарылған дайын өнімнің өзіндік құнын есептеу үшін аяқталмаған өндірістің ай басындағы қалдығына бір айдағы өндіріс шығындарын қосып аяқталмаған өндірістің ай соңындағы қалдығын шегереді.
Аяқталмаған өндірістің қалдығын түгендеу жүргізу арқылы анықтайды. Аяқталмаған өндіріс қалдықтарын бағалау :

  • Нақты жұмсалған шығындары б/ша

  • Нормативті өндірістік өзіндік құны б/ша

  • Тікелей өндірістік шығын сомасы б/ша жүргізіледі.



Тауар алмасу (бартерлік) кезіндегі дайын өнімді сату есебі

Бартер бойынша алыс-беріс – бұл тауарлар үшін ақша төлемей, меншік құқығын берумен тауар айырбастау операциясы.Қазақстан Республикасының ішкі нарғының бартерлік айырбастаулар, нарықтық қатынастар қалыптасу кезеңінде жүргізілді. Бартерлік айырбастаулардан кірістер, бухгалтерлік есепке алу стандартты №5 «Кірістер» әдістемелік ұсыныстарға сәйкес танылады. Қазақстан Республикасының ішіндегі бартерлік операцияларда сәйкес келетін және сәйкес келмейтін тауарларға, алынған тауарларды сату құны бойынша айырбастап кірістер танылады және бағаланады.Егер бартерлік айырбастауға жіберілген тауарлар құны 200000 теңге, тауарларды айырбастау бойынша орнына тауарлар алынды оларды сату мүмкіндігі 250000 теңгеге бағаланады, бұл жерде кірістер болып 25000 теңге танылады.


Дайын өнімдерді және консигнация шартымен алынған тауарларды сату бойынша операцияларды есепке алуда дұрыс көрсету, бухгалтерлік есептің сенімді түрде дұрыс жүргізілуіне, бюджетке салықтық төлемдерді толық және өз уақытында төленуіне көмегін тигізеді.
Барлық тауарлардың бір мезгілде, бір сатып алушыға сатылуы сирек кездесетін жағдай. Тауарды белгіленген партиямен сатқан кезде, тауарды еркін айналымға шығару бойынша кедендік процедуралар нақты сатып алушыға сатылуға тиісті тауардың бөлігіне ғана рәсімделеді. Егер әр түрлі себептермен, мысалы, тауарға сұраныс жоқ, бағалары қымбаттаған, сапасы сәйке келмесе, консигнатор келісім-шартта көрсетілген мерзімде тауарды сата алмайды, онда тауар кедендік қоймадан консигнатқа қайтарылады
Енді бартерлік айырбастаулар бойынша жүргізілген операцияларды бухгалтерлік шоттардың көмегімен есепке алуды көрсетейік:



Р/н

Операцияның мазмұны

Байланысатын шоттар

Сома

Дебет

Кредит

1

Бартерлік айырбастау бойынша қоймадан дайын өнімдер жіберілді, нақты өзіндік құны бойынша

7010

1310

400000

Сатып алу құны бойынша тауарлар алынды

7010

1330

100000

Қызмет көрсетілді бартерлік айырбастау есебінен, нақты өзіндік құны бойынша

7010

8310

100000

2.

Бартерлік айырбастау ретінде тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге шот ұсынылды










А)дайын өнімдер үшін

1210

6010

500000

Б)алынған тауарлар үшін

1210

6010

160000

В)жұмыстар мен қызметтер үшін

1210

6010

150000

4.

Бартерлік айырбастау бойынша қатысушы кәсіпорынның шоты акцептелді, алынған шикізат пен материалдар ұшін

1310

3310

800000

5.

Бартерлік айырбастау юойынша дебиторлық қарызға аударылды.

3310

1210

800000

6.

Тауарлардың құнындағы айырманы Iiші жақтағы кәсіпорын төледі

1030

1210

120000

7.

Бартерлік айырбастау шарттарында тауарларды сату бойынша шығындарды есепке алынды

7110

1314

38000

Қазақстан Республикасының өндірілмейтін немесе жеткіліксіз мөлшерде өндірілетін тауарларды біздің елімізге жеткізетін кәсіпорындармен консигнациялық негізде саудаласу жүргізудің маңызы зор. Дайын өнімдерді және тауарларды консигнация шарттары негізінде сатқан кезде, консигнант пен консигнатор арасында, консигнацияға келісім-шарт жасалады. Бұл операцияларды есепке алудың, валюталық операциялармен, курстық айырмалармен, кедендік рәсімдеумен, консигнатормен есеп айырысу ретімен, бюджетке қосылған құн салығының төлемдері мен комсигнацияға алынған тауарларды сақтау, рәсімдеу шарттарымен байланысты ерекшеліктері бар. Тауарларды импорттаған кезде Қазақстан Республикасының кедендік органдармен кіргізілетін тауардың мерзімі белгіленеді:



  • еркін айналым үшін тауар.

  • Кедендік қойма мерзімі ( консигнацияға кіргізілетін тауарлар үшін)

Кедендік қойма туралы Ережеге сәйкес, Кедендік қойма мерзімі, кіргізілген тауарларды кедендік алымдардан салықтардан босататын және сақтау кезеңіне экономикалық саясат шараларын қолданып кедендік бақылауда сақтауі үшін арналған. Импорттаушы кәсіпорыннан консигнацияға алынған тауарлар, кедендік қойма мерзіміне кіреді және кедендік қоймада оларды сута күніне дейін сақталады.
Республика териториясында консигнацияланған тауарды сату мерзімі, ол тауарларды кедендік рәсімдеу мерзімімен сәйкес келеді. Сақтау мерзімі біткен соң, консигнацияланған тауарларды қайтарған жағдайда кедендік төлемдер алынбайды, егер тауарлар сатылмаса.
Консигнанттан алынған тауарлар, оларды сатқанша консигнаторда баланстан тыс 004 «Консигнацияға алынған тауарлар» шотында есептеледі.Бұл тауарлар талдау есебі тауарлардың түрлері және консигнаттар бойынша контрактілерде көрсетілген бағалар бойынша жүргізіледі.
Консигнатор белгілеген тәртіппен рәсімделген кедендік қоймалары бар және консигнация келісім - шартының шарттарына сәйкес тауарларды сатуды жүзеге асыра алады. Келісім-шартта қарастырылған:

  • Консигнатқа барлық контрактілік құнды қайтару

  • Тауарды 45% аспайтын қосымша бағамен сату, қосылған құн салығын есепке ала отырып.

Егер екі жақтың өзара келісімі бойынша, консигнацияланған тауар құны төмендетілсе, онда тауардың төмендетілген құны сомасы 004 «Консигнацияға қабылданған тауарлар» шотының кредиті жазылады. Екі жақтың келісімі бойынша тауарды сату мерзімі ұзартылуы мүмкін.

жүктеу 449,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   131




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау