Реттелетін шығындар және реттелмейтін шығындар.
Реттелетін шығындардың жауапкершілік аясы осы шығындармен реттеледі.
Өнімдердің өзіндік құнын құрайтын шығындарды жоспарлау, есепке алу және талдау кезінде шығындарды топтастырудың келесідей түрлері қолданылады:
шығындардың пайда болған орны бойынша (өндірісте, цехтарда, учаскелерде, бригадаларда);
өнімдер түрлері бойынша ;
шығыстар түрлері бойынша.
Күнтізбелік кезеңдер бойынша өндіріс шығындары бөлінеді:
әрбір өндірістік кезеңде болатын немесе ағымдық шығындар деп атала отырып, жартылай мерзімділікке ие тұрақты шығындар;
өндірісті дайындаумен байланысты біржолғы шығындар немесе белгілі бір уақыт ішінде өндіріс процесін қамтамасыз ететін белгілі бір жағдайлармен байланысты мерзімді шығындар, жоспардағыдан артып кететін немесе есепті кезеңдегі шығыстар алдағы кезеңдер шығыстары деп аталады. Бір жолғы бір реттік шығыстар шығыстар сметасын бекіту кезінде белгіленген тәртіпте және мерзімдерде бөліктер бойынша өнімдердің өзіндік құнына қосылады. Тағайындалуы бойынша шығындар негізгі және жанама болады. Өнімдердің өзіндік құнына қосылу тәсілі бойынша шығындар тікелей және жанама болады.
Экономикалық элементтері және шығындар баптары бойынша топтастыру, шығындардың негізгі топтастырулары болып саналады. Бұл, осы топтастырулар негізінде: өндіріс шығындарының сметалары және өнімдердің жекелеген түрлері бойынша өзіндік құнын есептеп шығару сияқты маңызды құжаттар әзірленетіндігімен түсіндіріледі.
№2 „Қорлар“ ХҚЕС және №2 ҰҚЕС 12 бөлімі бойынша, олардың экономикалық мазмұнына сәйкес, келесідей экономикалық элементтер бойынша топтастырылады:
өнімдердің құрамына тікелей кіретін, сатып алынатын шикізат және материалдардың құнын көрсететін шығындар; қалыпты технологиялық процесс пен өнімдерді буып-түюді қамтамасыз ету үшін, өнімдер өндіру процесінде пайдаланылатын сатып алынған материалдар; сатып алынатын құрамдық өнімдер мен жартылай фабрикаттар; технологиялық мақсатқа жұмсалатын барлық отын түрлері; бүкіл қуат көздері (отындық, қысылған ауа, электрлік). Материалдық шығындардан қайтарылатын қалдықтар құны, яғни өнімдер өндіру процесінде құралатын және өзінің бастапқы ресурстық тұтыну қасиетін жартылай немесе толық жоғалтқан шикізаттардың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың және материалдық ресурстардың өзге де қалдықтар түрлерінің құны шегеріледі;
еңбек ақы шығындары келісімді бағаларды, тарифтік ставкаларды, лауазымдық кесімді ақыларды ескере отырып, нақты атқарылған жұмыс үшін кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек ақысына кәсіпорынның жұмсаған шығыстары көрсетіледі. Мұнда, сондай-ақ олардың жұмыс нәтижелері үшін жұмыскерлер мен қызметкерлерге берілген сыйақылар, өтемақылар сипатындағы төлемдер ескеріледі;
сақтандыруға жасалған аударымдар заңмен белгіленген нормалар мен бағыттар бойынша міндетті аударым жасауды білдіреді;
құралдардың тозуы кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын толық қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық сомасын көрсетеді;
өзге шығындар өзіне салықтар мен салымдарды, ластаушы заттардың шекті – рұқсат етілетін тастамалары үшін, мүлікті міндетті сақтандыру төлемдерін, несие төлемдерін, байланыс қызметі ақыларын, жал ақыны және т.б. енгізеді.
Шығындардың экономикалық элементтері бойынша есептеліп шығарылған өнімдердің өзіндік құны, олар нақты өнімдердің қандай түрлеріне пайдаланғанына қатыссыз түрде, өндірістік бағдарламаларды орындау үшін тұтынылған ресурстардың жалпы көлемін құндық өлшемдермен көрсетуге мүмкіндік береді. Экономикалық элементтер бойынша шығындардың жіктеуі, сондай-ақ шығындарды құраудағы және өнімдердің өзіндік құнын төмендетуде негізгі бағыттарды анықтаудағы әрбір элементтің маңызын айқындауға мүмкіндік береді.
Өнімдерді жекелеген түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін кәсіпорынның шығындары топтастырылып, өзіндік құнын есептеп шығару баптар бойынша ескеріледі. Шығындар баптарының тізімі, олардың құрамы, өнімдердің түрлері бойынша бөлу әдістері өндіріс сипаты мен өндіріс құрылымына қатысты болады және шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатында бекітіледі.
Шығындар баптарының номенклатурасы мен құрамын таңдау кезінде, олардың өзіндік құнына тіке және тікелей қосылуы мүмкін жекелеген өнімдер түрін өндірумен байланысты, шығыстардың неғұрлым көбірек бөлінуін қамтамасыз етудің қажеттігін басшылыққа алу көзделеді. Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы шығындар өзіндік құнын есептеп шығарудың келесі баптары бойынша топтастырылады:
шикізат және материалдар;
қайтарылатын қалдықтар ;
сыртқары кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік сипаттағы жартылай фабрикаттары мен қызметтері, сатып алынатын өнімдер;
сыртқары кәсіпорындар мен ұйымдардың сипаттары;
технологиялық мақсаттарға арналған отын және энергия;
өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақысы;
еңбек ақыдан жасалған аударымдар;
өндірісті дайындау мен игеру шығыстары;
қосымша шығыстар;
өзге өндірістік шығыстар
Шығындарды есепке алу үшін «Шығындар» 7 бөлімінің активті шоттарында есепке алынады,олар 8 бөлімшеден тұрады:
7000-Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны
7100-Өнімді сату ж/е қызметтер көрсету бойынша шығыстар
7200-Әкімшілік шығыстар
7300- Қаржыландыруға арналған шығыстар
7400- Басқа да шығыстар
7500-Тоқтатылатын қызметпен байланысты шығыстар
7600-Үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалындағы үлес
7700-Корпарациялық табыс салығы бойынша шығыстар
Достарыңызбен бөлісу: |