Калкуляциялау кезінде төмендегі шығындардың баптары қарастырылған:
Материалдар;
Өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекақысы;
Еңбекақы аударымдары;
Үстеме шығындары.
Шығындардың алдыңғы үш түрін негізгі шығындар деп атайды.
«Материалдар» бабына жауапты тұлғалардың материалдық есебіне сәйкес анықталып, негізгі және көмекші өндіріске жұмсалған шикізат пен материалдар жатқызылады. Материалдық есеп нақты орындалған жқмыс көлемі, шығындар нормасына сай түрлі материалдардың нормативке сәйкес жұмсалуын ескере отырып жасалады. Материалдық есепке материалдардың бастапқы кіріс және шығыс құжаттары қоса тіркеледі.
Кейбір өндіріс орындарында өнім өндіру барысында бастапқы тұтынушылық қасиеттерін толық немес жартылай жоғалтуына байланысты өндірісте тікелей қолданылмайтын шикізат пен материалдардың қалдықтар кездеседі. Жинап, пайдалану мүмкіндіктеріне қарай қйымның өз қажетіне пайдаланып немесе сыртқа сатуына қатысты оларды қайтарымды және қайтарымсыз деп екіге бөледі. Пайдалануға немесе сатуға жарайтын қайтарымды қалдықтар ғана бағасына байланысты есепке алынады.Көлемі қалдықтардың қоймаға өткізілген жүкқұжаттары бойынша анықталады. Оларды құны шығарылған өнімге жұмсалған материалдық шығындар көлемін азайтады және шығарылған өнім түрлеріне тікелей бөлінеді немесе нормаға сай шығарылған қалдықтарға пропорционалды түрде бөлінеді.
«Еңбекақы» бабына жүмысқа қатысты заңмен рұқсат етілген, жұмыс беруші өндірістік шығындар есебінен жабатын жалақы түрлерінің барлығы жатқызылады. Еңбекақыға қосымша есептелетін үстем ақылардығы есебі арнаулы шоттар бойынша жүргізіледі. Үстемақылар шығынына өндірісті басқару мен ұйымдастыру шығындары жатады. Олардың ішіне цехтар мен учаскелердің әкімшілік ақпараттарының еңбекақылары, өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы, ғимараттарды жөндеп, ұстауға кеткен шығындар, тәжірибе жасап, сынақ өткізуге қатысты жүргізілген рационализаторлық жұмыстардың шығыны, өндірісті басқарып, жүргізуге қатысты еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету шығыны, ішкі өндірістік жұмыссыз тұру шығыны, жарамсыз өнім өндіру шығыны, цехтарда сатылатын материалдарды бөліну шығыны және басқа да өндірістік емес шығындар кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |