Өндірістік шығындарды топтастыру және жіктеу
Өнімнің өзіндік құнына төмендегі шығындар кіреді:
Технология мен өндірісті ұйымдастыруға, өндірістік үрдістер мен шығарылған өнімнің сапасын бақылауға кеткен тікелей шығындар;
Өнімнің жаңа түрлері мен технологияларын дайындап және оларды игеруге жүмсалған шығындар;
Табиғи шикізаттарды пайдалануға байланысты жұмсалған шығындар: жерге культивация жасауға, ағаштарды кесуге, ұйымның су шаруашылы,ы жүйесінен алып пайдаланған суларға қатысты шығындар;
Өндірістік үрдіс барысында өнімнің технологияасы мен қндірісті жетілдіруге, өнімнің сапасын, сенімділігін, ұзақ мерзімге жарамдылығын, және бьасқада қасиеттерін арттыруына байланысты іске асырылатын капиталдық емес шығындар;
Өндіріске байланысты өнертапқыштық және рационализаторлық ұсыныстар шығындары;
Өндірістік үрдістерді атқаруға қатысты шығындар: өндірісті шикізатпен, материалдармен, жанармаймен, энергиямен, аспаптармен және басқа да құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету шығындары;
Негізгі құралдарды жүмысқа жарамды етіп ,ұстауға және олардың санитарлық-гигиеникалық талаптарға сай болуын қамтамасыз етуге кететін шығындар;
Өндірістік цехтарды еңбек етудің қалыпты жағдайы мен техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шығындары;
Қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық тұрғыдан қауіпті қалдықтарды көмуге және де басқа да табиғатты қорғауға байланысты басқа да ағымдағы шығындар;
Вахталық тәсілмен жұмыс істеуге байланысты жұмыскерлерді тұратын жерлерінен жұмысқа жеткізіп, қайта әкелуге қатысты шығындар;
Еңбек туралы заңға байланысты жұмыссыз тұрған кезде ақы төлеу, кезекті және қосымша ақылы еңбек демалыстарының төлемақылары мен басқа да өтемақылар шығындары;
Өндірісте жұмыс істейтіндер мен цехтардағы персоналдардың еңбекақысынан әлеуметтік және басқа да қорларға аударылатын шығындар;
Жұмыскерлерді және ұйым мүлкін сақтандыруға жұмсалатын шығындар;
Жарамсыз өнімдерге кеткен шығындар;
Кепілдік мерзімі белгіленге өнімдерді жөндеп, және оларға кепілді түрде қызмет жасауға кеткен шығындар;
Ішкі өндірістік себептерден туындаған жұмыссыздыққа кеткен шығындар;
Өндірістік мақсаттарға орай жұмсалған іс-сапар және өзге де шығындар.
Шығындарды өзіне алатын нысандардың аналитикалық есебі бухгалтерлік есеп шоттарында өзіндік құнның баптары бойынша есептеледі және төмендегідей жіктеледі:
Өндіріс процесіндегі экономикалық рөл бойынша
|
Негізгі және қосымша
|
Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәртібі бойынша
|
Тікелей және жанама
|
Құрамы бойынша
|
Бірэлеметтік және кешендік
|
Өндіріс көлеміне байланысты
|
Өзгермелі және тұрақты
|
Пайда болу мерзімділігі бойынша
|
Ағымдағы және бір жолғы
|
Өндіріс процесіне қатысу бойынша
|
Өндірістік, әкімшілік және коммерциялық
|
Тиімділігі бойынша
|
Өндірістік және өндірістік емес
|
Бақыланатын мүмкіндігі бойынша
|
Реттелетін және реттелмейтін
|
Орташалау дәрежесі бойынша
|
Жалпы және орта
|
Пайданы генерациялау кезеңіне шығындарды жатқызу тәртібі бойынша
|
Өнімге және кезеңге
|
Достарыңызбен бөлісу: |