09.07.2018 ж.
ЖАЛПЫ КОНКУРС туралы хабарландыру
«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» ММ, 070100,
Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, 14 үй, анықтама телефоны/факс: 8 (72252) 9-17-36,
электрондық пошта мекен-жайы U.Ermukasheva@akimvko.gov.kz
төмендегі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
ЖАЛПЫ КОНКУРС жариялайды:
1.Абай ауданының білім бөлімінің бас маманы, E-R-4 санаты, лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 73266 теңгеден 99103 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымының функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Білім, гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару). Жоғары білімі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Функционалдық міндеттері:
Білім мекемелерінің оқу-әдістемелік қызметін үйлестіру. Кадрлармен жұмыс. «Е-қызмет» жүйесінде кадрлық іс-жүргізуді on-line режимінде жүргізу. Білім беру ұйымдары басшыларының, білім бөліміндегі мемлекеттік, азаматтық қызметшілердің жеке істерін есепке алу. Мемлекеттік қызметшілер мен білім беру ұйымдары басшыларының еңбек кітапшаларына жазбалар енгізу. Мекеменің мемлекеттік тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру. Білім беру ұйымдары басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу, олардың орындалуын қадағалау. Білім беру ұйымдарының басшыларын аттестациялау жұмыстары. Білім беру ұйымдарында тексерулер ұйымдастыру (қажет болған жағдайда). РИК-83, аудан мектептеріндегі педагог кадрлардың сапалық құрамы, педагог кадрларға қажеттілік жөнінде жылдық есептер әзірлеу. Мемлекеттік қызметшілер мен білім беру ұйымдары басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурстар ұйымдастыру. Педагог кадрларды біліктілік талаптарына сәйкес жұмысқа қабылдануын қадағалау. Жас мамандармен жұмыс, жас мамандарға әлеуметтік жәрдемақы мен бюджеттік несие алуға қолдау көрсету. Жоғары мемлекеттік органдардан келіп түскен және бақылауда тұрған құжаттармен жұмыс жасау. Қоғамдық бағыттағы пәндердің (тарих, қоғамтану, экономика, дінтану курстары) берілуін қадағалау, талдаулар жасау. Білім бөлімі қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсетуін қадағалу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, моральдық-психологиялық нормаларды орындау.
2.Абай ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, E-R-4 санаты, лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 73266 теңгеден 99103 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару). Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Функционалдық міндеттері:
Бөлімнің смета бойынша шығыстарын бухгалтерлік есепке алу; барлық құжаттардың толтыру дұрыстығының талапқа сай болуын үнемі назарда ұстау; жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы және салықтарын уақтылы есептеп аудару; ақша айналымының дұрыстығын қатаң назарда ұстау; тиісті орындарға бухгалтерлік есептерді уақтылы беру; бухгалтерлік құжаттардың сақталуын және есепке алынуын, олардың белгілі тәртіппен уақтылы мұрағаттарға өткізілуін қамтамасыз ету; смета бойынша кіріс–шығыстардың есебін жүргізу; бюджеттік өтінім жасау; мемлекеттік сатып алуды заңдылыққа сәйкес жүргізіп, уақтылы есебін жүргізу; веб-порталға мемлекеттік сатып алу жөнінде ақпарат беру; мемлекеттік сатып алу жөнінде уәкілетті орындарға есеп беру.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi: жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (нысан қоса берілген);
3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 62-тармағы екінші бөлігінде көзделген жағдайларда жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 29-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны:
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қарауыл ауылы Құнанбай көшесі №14 үйде «Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Шағым жасау туралы ақпарат:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады. Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Конкурс комиссиясы қабылданған шешiм туралы, ол қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішiнде, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурс қатысушысына немесе кандидатқа хабарлайды.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
|
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
|
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
|
1.
|
Туған күні және жері/
Дата и место рождения
|
|
2.
|
Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
|
|
3.
|
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
|
|
4.
|
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
|
|
5.
|
Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
|
|
6.
|
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
|
|
7.
|
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
|
|
8.
|
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
|
|
9.
|
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
|
Күні/Дата
|
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
|
қабылданған/
приема
|
босатылған/
увольнения
|
|
|
|
|
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
|
_______________
күні/дата
|
Достарыңызбен бөлісу: |