Қуандыкова Н. Т. ҚАржылық есеп модульдік бағдарлама бойынша



жүктеу 449,84 Kb.
бет29/131
Дата12.12.2022
өлшемі449,84 Kb.
#40573
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   131
?óàíäûêîâà Í. Ò. ?Àðæûëû? åñåï ìîäóëüä³ê áà?äàðëàìà áîéûíøà

Қосымша еңбек ақы еңбек туралы заңнамалармен қарастырылған жұмысшылар мен қызметкерлердің өтелмеген жұмыс уақытына төленетін төлем болып табылады. Қосымша еңбек ақыға еңбек демалысы уақытына, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерін орындаған уақытқа, оқу демалысы уақытына төленетін төлемдер, демалыс жәрдемақысын төлеу, жас сәбилі аналарға жұмыстағы үзіліс уақыттарына төленетін төлем, жасөспірімдерге жеңілдік сағаттарын төлеу, жұмыс өтілі үшін төленетін сыйақылар жатады. Негізгі және қосымша еңбек ақы еңбек ақы қорын құрайды. Сонымен бірге, еңбеккерлерге еңбек ақы қорына кірмейтін, бірақ олардың кірісін ұлғайтатын әр түрлі сыйақылар мен өзге де төлемдер төленеді. Мысалы: бір уақыттық ақшалай сыйақылар, жаңалық енгізгені үшін және тиімді ұсыныстары үшін төлемдер және де кәсіпорындардың оқушыларына төлейтін стипендиялары, зейнет ақылар, уақытша еңбекке жарамсыздық төлемдері жатады.
Еңбек ақыны дұрыс есептеу үшін ұйымдарда қалыпты жұмыс шартынан ауытқулар есепке алынуы тиіс. Олар қосыша еңбек шығынын тудырады және кесімді жұмысқа белгіленген баға үстіне қосымша төленеді. Қосымша төлем деп жұмыс кестесі және еңбек шартымен байланысты, өтем ақы түріндегі төлемдерді айтады. Қалыпты жұмыс шартынан ауытқитын жұмыс атқарылғанда, атап айтқанда: әр түрлі мамандық жұмыстарын атқарғанда, басқа кәсіпті өз кәсібімен білестіріп орындағанда, жұмыс уақытынан тыс уақытта, түнгі уақытта және мейрам және дмалыс күндері жұмыс орындағанда кәсіпорындар тиісті қосымша төлемдер жасауы тиіс. Қосымша төлем мөлшері мен оларды төлеу шарттарын кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелер өз бетінше бекітеді және олар ұжымдық келісім-шартта көрсетілуі керек. Бұл ретте өосымша төлемдер мөлшері заңмен белгіленген мөлшерден төмен болмауы керек.
Жеке құрамды есепке алу үшін, еңбек ақыны есептеу және оны беру үшін алғашқы құжаттардың бірегейленген нысандары қолданылады.
Еңбек ақыны есептеуге негіз болатын көрсеткіш-қызметкердің орташа еңбек ақысы.
Заң жүзінде орташа еңбекақы:

  • ұйымдар жойылған жағдайда жеке еңбек шарты бұзылғанда, сондай-ақ еңбеккерлердің штаты немесе саны қысқарған кезде, босанғандарға компенсация есептеу үшін;

  • пайдаланбаған демалыс үшін өтем ақы немесе демалыс ақысын есептеу үшін;

  • қызмет бабымен ic-сапарға барған уақытына төлем жасау үшін;

  • уақытша жұмыстың тоқтап қалу уақытына (яғни, еңбеккерлердің кінәсі емес) төлем жасау кезінде;

  • басқа да әлеуметтік төлем жасау үшін есептелінеді.

Орташа жалақы - бұл белгілі уақыт кезеңіне еңбеккерлердің еңбекақысынан алынған орташа еңбекақының деңгейі (сағатқа, күнге, айға, жылға) . Оны есептеу үшін он екі күнтізбелік айлар және сол айлардағы тиесілі төлемдер алынады. Бұл кезеңді есептік кезеңнің ұзақтығы деп те атайды. Сонымен бірге, орташа енбекақы белгілі бip құбылыстар мен байланысты жағдайларды есептеу үшін қажет, мысалға: ұйымдар жойылғанда, босанғандарға жәрдем ақы есептеу үшін, екіқабат және бала табуына байланысты жәрдемақыны есептеу үшін және тағы басқалар.
Қызметкерлердің еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу есебі 3350 “Қызметкерлердің еңбек ақысы бойынша есеп айырысу ” шотында жүргізіледі. Бұл пассивтік шот.
Еңбек ақыны есептегенде 3350 шоты кредиттеледі де, мына шоттар дебеттеледі:
2930-шоты “Аяқталмаған құрылыс” күрделі құрылыспен шұғылданатын және сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек төлемінің сомасына;
7110-шоты “Тауарларды сату жөніндегі шығындар” өнім өткізумен, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жүзеге асырумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына;
7210-шоты “Жалпы және әкімшілік шығындар” жалпы шаруашылық және әкімшілік-басқармаршылық, қызметкерлеріне есептелген еңбек төлемінің, сомасы;
8110-шоты “Өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақысы” негізгі өндірістегі жұмысшыларға есептелген еңбек төлемнің сомасы;
8310-шоты “Қызметкерлердің еңбекақысы” қосалқы өндірістердің есептелген еңбек төлемнің сомасы;
Еңбекақыны тарату 3350 шотының кредитімен мына шоттардың дебетіне жазылады: 2930, 7110, 8110, 8310, 8410.
Кәсіпорын бухгалтериясы еңбек ақыны есептеп қана қоймай, сонымен бірге еңбек ақыдан әр түрлі шегерімдер мен заңмен белгіленген ұсталымдар жасайды. Заңнамаларға сәйкес, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысынан келесі ұсталымдар жасалады:

  • жеке табыс салығы – бұл салық салу объектісі еңбек ақы болып табылатын мемлекеттік салық түрі;

  • жинақтық зейнетақы қорына аударымдар;

  • бұрын берілген аванстарды өтеу сомасы, сонымен бірге дұрыс есептемеу салдарынан жұмысшыға артық төленген сомасын қайтару;

  • қызметкердің субъектіге келтірген материалдық зиянды өтеуі;

  • кейбір айыппұлдарды ұстап қалу;

  • атқарушылық құжаттар бойынша кәмелетке толмаған балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарын асырауға алименттерді өндіріп алу төлеу;

  • несиеге сатылған тауарлар үшін;

  • өнімде айқындалған ақаулар үшін.

Аталған ұсталым сомалары тиісті бухгалтерлік есеп шоттарында кредиттелсе, еңбек ақы шоты дебеттеледі.



жүктеу 449,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   131




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау