5. Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары
Бухгалтерлік есеп концепциясы мынаны айқындайды:
Бухгалтерлік есепте қалыптасатын ақпарат тұтынушыларға пайдалы болуы керек.
Бухгалтерлік есепте қалыптасатын ақпарат мүдделі тұтынушыларға пайдалы болуы үшін, ол сенімді де салыстырмалы болуы керек. Бухгалтерлік есепте қалыптасатын ақпараттың пайдалылығын анықтайтын талаптарды ұйымның басшылығы бекітеді,Есеп саясатын құрастыру және қолдану барысында есептің келесі қағидалары қолданылады:
Үздіксіздік.. Кез-келген кәсіпорын ұзақ уақыт ағымында үздіксіз қызмет етеді. Бұл егер кәсіпорын жабылып жатса, оның активтерін ағымдағы нарықтық құнымен қайта бағалау мүмкін болады дегеннен туындаған. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорын концепцияларына сәйкес, мұның қажеттігі шамалы. Бұл қағида егер кәсіпорын тұтасымен сатылса, алғашқыда, ликвидациялық та баланстар жасалмайды дегенді мегзейді. Меншік иесі ауысқанмен кәсіпорын басқа болып кетпейді, ол өзінің есеп жүйесін толығымен сақтайды.
Есептеу. Бухгалтерлік есепте қаржылық есеп берушілікте ақша қаржылары түскенде немесе төленгенде емес, табыстар пайда болғанда, шығындар қажет болғанда танылып, бейнеленеді.
Түсініктілік. Шаруашылық сүбъектісінің қаржылық есеп берушілігінде көрсетілетін ақпарат барлық тұтынушыларға түсінікті болуы керек.
Мағыналылық. Қаржылық ақпарат шаруашылық қызметті бағалау кезінде дұрыс шешімдер қабылдау үшін тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мағыналы болуы қажет.
Мәнділік. Бұл қағида ақпарат мәнді және мәнсіз болатынын көрсетеді. Мәнді ақпараттың болмауы экономикалық шешімдер қабылдауға әсер етеді.
Нақтылық. Егер ақпаратта қателер жоқ болса ғана, ол нақты бола алады да, тұтынушылар сенімін туғызады.
Байыптылық. Шаруашылық қызмет ағымындағы шешімдер байыппен қабылданғаны дұрыс. Активтер мен табыстар артық бағаланып, ал міндеттемелер мен шығындар кем бағаланбауы қажет.
Салыстырмалылық. Қаржылық ақпарат қажетті де мазмұнды болуы үшін, бір есепті кезеңді екінші есептік кезеңмен салыстырып, сәйкестілік, бір ізділік негізінде қарау керек.
Тұтастылық. Қаржылық есептегі ақпарат тұтас, толық болуы керек.
Бірізділік. Есептің таңдалған әдістері мен қабылданған әдістемесі оны өзгертуге нақты себептер туындамайынша өзгермеуі керек.Дұрыс, шын түсінік қалыптастыру. Қаржылық есеп берушіліктер тұтынушыларға субъектінің қаржылық жағдайы, қаржылық-шаруашылық қызмет қорытындылары және ақша қаржыларының қозғалысы туралы шындықты, айқын түсінікті қалыптастыруы қажет.
Уақыттылық. Ақпарат өз уақытында қалыптасып, ұсынылуы қажет.
6.Есеп саясаты ұғымына ол таңдаған бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің жиынтығы кіреді :кәсіпорынның жарғылық қызметін топтастырудың әдісі және бағалау, активтердің құндылығын өтеу , құжат айналымын ұйымдастыру тәсілдері бухгалтерлік есепте тіркелімінің жүйесі, ақпараттарды өңдеу және басқа да сейкес келетін әдістер, амалдар, тәсілдер.
Есеп саясатын қалыптастыру үшін компания бухгалтерлік есепті нақты бағытта жүргізу және ұйымдастыруда заңды және нормативті актілер шегіндегі,мемлекеттегі бухгалтерлік есепті реттеу нормативке жататын бірнеше әдістің біреуін таңдайды.
Есеп саясаты ҚРның бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру заңының талаптарына және бухгалтерлік есеп стандарттары мен типтік шоттар жоспарына сәйкес әзірленеді.Кәсіпорынның есеп саясаты ұзақ мерзімге жасалынады. Есеп саясатын құрастыру және қолдану барысында есептің қағидалары сақталуы тиіс.
Кәсіпорынның есеп саясаты екі бөлімнен тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: |