Банкте есеп айырысу шотын ашуға негіз болатын құжаттар тізімі:
Шот ашуға өтініш.
Клиенттің салықтық есепте тұрғанын растайтын салық төлеушінің тіркеу номері.
Мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын куәлік көшірмесі.
Нотариалды расталған жарғы (Устав) көшірмесі.
Статистикалық есепте тұрғаны туралы куәлік көшірмесі.
Нотариалды рсаталған қол үлгісі бар карточка (3данада)
2.Банк арқылы нақты ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі ҚРның «Төлемдер ж/е ақша аударымдары» заңына және Ұлттық банктің нұсқауларымен реттеледі.Нақты ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін есеп айырысу операцияларының келесі нысандары қолданылады:
Төлем тапсырмасы
Төлем-талап тапсырмасы
Чектер
Вексельдер
Аккредитивтер
Барлық нақты ақшасыз есеп айырысулар тауарлы және тауарлы емес болып бөлінеді.Тауарлы төлемдер –бұл сатып алынған тауарлы-материалдық запастар,көрсетілген қызметтер ,алдын ала төленген төлемдер:тауарлы емес-бюджетке төлемдер,зейнет ақы қорына,әлеуметтік сақтандыру мекемелеріне және т.б төлемдер б/ша есеп айырысулар.
Төлем тапсырмасы ақша жөнелтушінің қызмет көрсетуші банкке, тапсырмада көрсетілген соманы бенефициар есебіне аудару туралы берген тапсырмасы. Аударымды жүзеге асыру үшін жөнелтуші өзіне қызмет көрсетуші банкке бекітілген үлгідегі төлем тапсырмасын ұсынады.
Төлем құжатында міндетті түрде келесі деректемелер (реквизиттер) көрсетілуі тиіс:
құжаттың аты;
оны жазу күні, айы,жылы, құжат нөмірі. Күн – санмен, ай – сөзбен, жыл – санмен көрсетіледі;
ақша жөнелтуші заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқылық нысанын қоса, толық атауы, дербес сәйкестендірілген коды;
ақша жөнелтуші банктің ұйымдастыру-құқылық нысанын қоса, толық атауы, дербес сәйкестендірілген коды;
төлем мәні, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген кодтық белгіленілуі;
санмен және сөзбен көрсетілген төлем сомасы;
салық төлеуші бенефициар мен ақща жөнелтушінің тіркеу нөмірі; «Төлем мәні» бөлігінде ақша жөнелтуші аударым жүзеге асырылатын құжат атын, нөмірін және күнін, сондай-ақ «Код – төлем мәні» бөлігінде – төлемнің кодтық белгіленуін көрсетуге міндетті.
Төлем тапсырмасы жазылған күннен 10күн мерзім ішінде ғана жарамды болып табылады және төлемге клиенттің шотында ақша қаражаты жеткілікті болған кезінде ғана қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |