1.Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық жағдайын, ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны қажет етушілерге жеткізіп отыратын жүйе болып табылады.
Бухгалтерлік есептің мақсаты ─
есепті қолдануға байланысты ортақ мақсаттағы ақпаратты анықтау:
акционерлерді кәсіпорын қызметінің қаржылық, шаруашылық ақпараттармен толық қамтамасыздандыру;
ҚР заңына байланысты кәсіпорын қызметінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалайтын арнайы мемлекеттік органдарын ақпаратпен қамту;
Бухгалтерлік есептің міндеттері:
Есеп беруді құрастыру және күнделікті басқару үшін қажетті қаржылық, шаруашылық процесстермен кәсіпорын қызметінің нәтижесі туралы толық мәлімет жинау.
Ақшалай, қаржылай материалдық және материалдық емес құндылықтар, қаржы ресурстармен олардың пайда болу көздерінің қозғалысы мен нақты қолда барын бақылау.
Бухгалтерлік есепті мемлекеттік нормативтік реттеу жүйесі
Нарықтық экономика шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берушіліктің Халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіліп, ұйымдастырылуы үшін бухгалтерлік есепті мемлекеттік нормативтік ретеу жүйесі қалыптасқан.Қазіргі уақытга елімізде бухгалтерлік есепті нормативті реттеудің төрт деңгейлі жүйесі қызмет етеді.
Бірінші деңгей - Қазақстан Республикасының заңдары мен ҚР Президентінің жарлықтары,
Екінші деңгей - Ұлттық бухгалтерлік стандарттар жүйесі - бухгалтерлік есеп бойынша ережелер.
Үшінші деңгей- салалық ерекшеліктерді ескеретін әдісгемелік нұсқаулар.
Төртінші деңгей- кәсіпорынның ішкі жұмыс құжаттары.
Бухгалтерлік есеп туралы түсінікті келесі сызба түрінде көрсетуге болады:
1-Сызба. «Бухгалтерлік есеп туралы түсініктің» мазмұны
2. Бухгалтерлік есептің түрлері
Қаржылық есептілікті пайдаланушыларға қазіргі және тұрақты инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, қызметкерлер мен жұмысшылар, сонымен бірге, өкімет мекемелері, министрліктер, ведомствлар мен қоғамдық ұйымдар және де әр түрлі ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыратын басқа да қызығушылығы бар пайдаланушылар жатады. Қаржылық есептілікті пайдаланушылардың барлығын ішкі және сыртқы деп екі топқа бөлуге болады. Қаржылық есептілікті пайдаланушылардың әр түрлі топтарының болуы бухгалтерлік есептің бірыңғай жүйе ретінде екі түрге бөлінуіне себеп болды:
Қаржылық есеп
Басқару есебі
Қаржылық есеп сыртқы және ішкі де пайдаланушыларға ұсынылатын бухгалтерлік есеп беруді құру және пайдаланумен айналысады. Басқару есебі негізінен ішкі пайдаланушыларға арналып құрылады. Оларға бухгалтерлік есеп ақпараты экономикалық операцияларды басқару мен өнім өндіруді бақылау, бюджеттің орындалуы мен пайда алуына мониторинг жүргізу, сонымен біргекомпанияның болашақ жетістігін қамтамасыз ететін шешім қабылдау үшін қажет деп саналады.
Басқару есебі ─ бұл кәсіпорынның жарғылық қызметін жедел басқаруға, бақылауға, болашақты болжауға арналған қаржылық хабарларды жинақтау, бағалау, талдау, дайындау және рәсімдеу.Бұл ақпараттар менеджерлермен шешімдер қабылдап, компанияның басқару қызметін бақылау және реттеу үшін қолданылады.
2. Қаржылық есебі ─ бұл заңды және жеке тұлғаларға арналып берілетін кәсіпорын туралы нақты және толық хабар. Бұл хабарды тек басшылар ғана емес, оның құрылтайшылары, клиенттері, инвесторлары және т.б. тұлғалар пайдалана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |