12
ХҚЕСТК (IFRIC)
©
IFRS Foundation
A1
12
ХҚЕСТК Түсіндірмесі (Халықаралық Қаржылық Есептілік
Стандарттары Бойынша Түсіндірме Кеңесі) (IFRIC)
Қызмет жөніндегі концессиялық келісімдер
Сілтемелер
•
Қаржылық есептерін дайындау жəне ұсынудың жалпы ережелері
1
•
1
ХҚЕС (IFRS) Халықаралық Қаржылық Есептілігінің Стандарттарын Бастапқы Қолдану
•
7
ХҚЕС (IFRS) Қаржы Құралдары: Ақпаратты Айқындап Көрсету
•
9
ХҚЕС (IFRS) Қаржы Құралдары (2010 жылғы қазан айындағы редакция)
•
15 (IFRS)
Клиенттермен Бекітілген Келісімшарттан түсетін Кіріс
•
16 (IFRS)
ХҚЕС Жалдау
•
8
ХҚЕС (IAS) Есеп Саясаты, Бухгалтерлік Есеп Бағалауларындағы Болатын Ө згерістер мен
Қателер
•
16
ХҚЕС (IAS) Жылжымайтын Мүлік, Ғимараттар мен Жабдықтар
•
20
ХҚЕС (IAS) Мемлекеттік Субсидияларды Есепке Алу жəне Мемлекеттік Көмек Туралы
Ақпаратты Айқындап Көрсету
•
23
ХҚЕС (IAS) Қарыздар Бойынша Шығындар
•
32
ХҚЕС (IAS) Қаржы Құралдары: А қпаратты Ұсыну
•
36
ХҚЕС (IAS) Активтердің Құнсыздануы
•
37
ХҚЕС (IAS) Міндеттемелер, Шартты Міндеттемелер жəне Шартты Активтер
•
38
ХҚЕС (IAS) Материалдық Емес Активтер
•
29
ТТК (SIC) Қызмет көрсету бойынша концессиялық келісімдер: ақпаратты айқындап көрсету
2
Бастапқы ақпарат
1
Көптеген елдерде, коммуналдық қызметтерге арналған – жолдар, көпірлер, туннелдер, түрмелер,
ауруханалар,
əуежайлар,
су
тарату
құрылыстары,
энергиямен
жабдықтау
жəне
телекоммуникациялық желілері сияқты – инфрақұрылымдар дəстүрлі түрде мемлекеттік сектор
күшімен құрылады, қызмет көрсетеді жəне күтім жасалады жəне мемелекеттік бюджеттен ақша
бөлу арқылы қаржыландырылады.
2
Кейбір елдерде, үкіметтер осындай инфрақұрылымдарды дамытуға, қаржыландыруға, қызмет көрсетуге,
күтім жасауға қатысуға жеке секторды тарту үшін, қызмет жөніндегі келісімшарттық келісімдер енгізген.
Инфрақұрылым бар болуы мүмкін немесе қызмет жөніндегі келісім мерзімі ішінде құрылуы мүмкін. Осы
Түсіндірме шегінде, келісім əдетте коммуналдық қызметтерді қамтамасыз етуге қолданылатын
инфрақұрылымды құрушы немесе жетілдіруші (мысалы, оның қуаттылығын жоғарылату арқылы) жəне
қызмет көрсетуші жəне сол инфрақұрылымға белгіленген уақыт мерзімі ішінде күтім жасаушы жеке
сектор ұйымын (компания - оператор) қамтиды. Ұйым-оператор келісімнің мерзімі ішіндегі өз
қызметтері үшін ақы алады. Келісім жұмыс сапасы стандарттарын, бағаны реттеу механизмдерін
баяндайтын келісімшарт жəне даулы мəселелерді арбитраждық тəртіппен шешу келісімдері арқылы
реттеледі. Осындай келісім жиі «құру-қызмет көрсету-өткізу», «оңалту-қызмет көрсету-өткізу» немесе
«мемлекеттіктен-жекеге өтетін» қызмет жөніндегі концессиялық келісім деп сипатталады.
3
Осы қызмет жөніндегі келісімдердің бір белгісі ұйым-оператордың алған міндеттерінің сипаты,
коммуналдық қызмет тəрізді болуы мүмкін. Мемелекеттік саясат ретінде қызмет көрсететін тараптың
қандай да тұлға болуына қарамастан халыққа көрсетілетін инфрақұрылымға қатысты қызметтер
бойынша белгіленген. Қызмет жөніндегі келісім келісімшарт бойынша жеке сектор ұйымы мүддесі
үшін, ұйым-операторға халыққа қызметтерді қамтамасыз етуге міндеттейді. Басқа жалпы
ерекшеліктер мыналар:
1
2010
жылы қыркүйекте ХҚЕСК-да Негізгі ережелер деген сөз Қаржы Есебін даярлау мен ұсынудың Концептуалды Негізі деген сөзбен
ауыстырылды.
2
29-
дың бұрынғы Ақпаратты айқындап көрсету–Қызмет жөніндегі концессиялық келісімдер тақырыбы12 ХҚЕСТК (IFRIC) арқылы
түзетілген.
12
ХҚЕСТК (IFRIC)
A2
©
IFRS Foundation
(a)
қызмет жөніндегі келісімді беретін тарап (цедент), мемлекеттік органмен қоса, мемлекеттік
сектор кəсіпорны, немесе қызмет көрсету жауапкершілігі тапсырылған жеке сектор ұйымы
болып табылады.
(b)
ұйым-оператор инфрақұрылымды жəне осыған қатысты қызметтерді басқару мəселерінің,
ең кемінде, кейбіріне жауапты жəне тек цедент мүддесінің өкілі ретінде ғана жұмыс
жасайды.
(c)
келісімшарт ұйым-оператор алатын бастапқы бағаларды тағайындайды жəне қызмет
жөніндегі келісім мерзімі ішінде бағаны қайта қарауды реттейді.
(d)
ұйым-оператор инфрақұрылымды цедентке белгіленген күйде, бастапқыда қай тарап
қаржыландырғанына қарамастан, аз мөлшердегі қосымша сыйақы үшін немесе онсыз,
келісім мерзімінің соңында беруге міндетті.
Қолдану саласы
4
Осы Түсіндірме ұйым-оператордың «мемлекеттіктен- жекеге өтетін» қызмет жөніндегі концессиялық
келісімдерді есепке алу бойынша нұсқау береді.
5
Осы Түсіндірме ‘мемлекеттіктен-жекеге өтетін’ қызмет жөніндегі концессиялық келісімдерге
қолданылады, егер:
(a)
цедент ұйым-оператордың инфрақұрылыммен қандай да қызметтерді қамтамасыз
ететіндігін, ол кімге жəне қандай бағамен қызметтерді көрсетуге тиістігін қадағаласа немесе
реттесе; жəне
(b)
цедент–меншік құқығы, бенефициар-меншік иесі құқығы арқылы немесе басқаша–келісім
мерзімінің соңында инфрақұрылымдағы кез келген едəуір қалдық пайызы арқылы
қадағаласа.
6
Егер 5(а) тарауындағы шартттар орындалатын болса, «мемлекеттіктен-жекеге өтетін» қызмет
жөніндегі концессиялық келісімде бүкіл қызмет ету мерзімі ішінде (толық өмірлік активтер)
қолданылатын инфрақұрылым, осы Түсіндірмемен қамтылады. AG1-AG8 тараулары
‘
мемлекеттіктен-жекеге өтетін’ қызмет жөніндегі концессиялық келісімдер, осы Түсіндірмемен
қамтылады ма жəне қандай дəрежеде қамтылатындығын анықтау бойынша нұсқауларды қамтамасыз
етеді.
7
Осы Түсіндірмеде қолданылады:
(a)
қызмет жөніндегі келісім тұрғысынан компания -оператор құратын немесе үшінші тараптан
алатын инфрақұрылымға; жəне
(b)
бар инфрақұрылымға қызмет жөніндегі келісім тұрғысынан цедент, компания-операторға
кіру құқығын береді.
8
Осы Түсіндірме қызмет жөніндегі келісім жасағанға дейін компания-оператор иеленген жəне негізгі
өндірістік капитал деп таныған инфрақұрылым жөнінде есеп беруді нақты көрсетпейді. ХҚЕС-
тардың (IFRS) тануды тоқтату талаптары (16 ХҚЕС-та (IAS) баяндалған) осындай
инфрақұрылымдарға қолданылады.
9
Осы Түсіндірме цеденттердің есеп беруін нақты көрсетпейді.
Мәселелер
10
Осы Түсіндірме қызмет жөніндегі концессиялық келісімдердегі міндеттерді жəне осыған қатысты
құқықтарды тану жəне бағалау негізгі ережелерін баяндайды. Қызмет жөніндегі концессиялық
келісімдер жөніндегі ақпаратты айқындап көрсету талаптары 29 ТТК-да (Түсіндірмелер бойынша
тұрақты кеңес) (SIC) көрсетілген. Осы Түсіндірмеде қарастырылатын мəселелер:
(a)
ұйым-оператордың инфрақұрылымдарға құқықтарын
өңдеу;
(b)
келісім сыйақысын тану жəне өлшеу;
(c)
құрылыс немесе жетілдіру қызметтері;
(d)
қызмет көрсету қызметтері;
(e)
қарыздар бойынша шығындар;
(f)
қаржылық активтер мен материалдық емес активтерді кезектегі бухгалтерлік өңдеу; жəне
12
ХҚЕСТК (IFRIC)
©
IFRS Foundation
A3
(g)
цеденттен ұйым-операторға берілген материалды- техникалық жабдықтау бұйымдары.
Консенсус
Ұйым-оператордың инфрақұрылымдарға құқықтарын өңдеу
11
Осы Түсіндірме шегіндегі инфрақұрылым ұйым-оператордың негізгі өндірістік капиталы ретінде
танылмауы тиіс, өйткені қызмет жөніндегі келісімшарттық келісім ұйым-операторға коммуналдық
қызмет инфрақұрылымын қолдануды қадағалауға құқықты бермейді. Ұйым-оператордың
келісімшартта белгіленген шарттарға сəйкес цедент атынан коммуналдық қызметті қамтамасыз ету
үшін инфрақұрылыммен жұмыс жасауға рұқсаты бар.
Келісім сыйақысын тану және бағалау
12
Осы Түсіндірме шегіндегі келісімшарттық келісімдердің шарттары бойынша ұйым-оператор қызмет
жабдықтаушысы ретінде əрекет етеді. Ұйым-оператор белгіленген уақыт мерзімі ішінде
коммуналдық қызмет көрсетуге қолданылған инфрақұрылымды құрады немесе жетілдіреді (құрылыс
немесе жаңарту қызметтері) жəне қызмет көрсетеді жəне сол инфрақұрылымға күтім жасайды
(қызмет көрсету қызметтері).
13
Ұйым-оператор өзі көрсететін қызмет үшін түсімді 15 ХҚЕС- тарға(IFRS) сəйкес тануы жəне
бағалауы тиіс. Сыйақының кезекті бухгалтерлік өңделуін оның сипаты анықтайды. Қаржылық актив
ретінде жəне материалдық емес актив ретінде қабылданған сыйақы жөніндегі кезекті есепке алу
жайында төмендегі 23-26-тарауларда толық талданған.
Құрылыс немесе жетілдіру қызметтері
14
Ұйым-оператор құрылыс немесе жетілдіру қызметтеріне қатысты түсім жəне шығындарды 15 ХҚЕС-
қа (IFRS) сəйкес есепке алуы тиіс.
Цеденттен ұйым-операторға берілген сыйақы
15
Егер ұйым-оператор құрылыс немесе жетілдіру қызметтерін қамтамасыз ететін болса ұйым-оператор
қабылдаған немесе қабылдайтын сыйақы 15 ХҚЕС-қа (IFRS) сəйкес танылуы тиіс. Сыйақы
төмендегілерге құқықтар бола алады:
(a)
қаржылық активке, немесе
(b)
материалдық емес активке.
16
Ұйым-оператор қаржылық активті оның ақша қаражатын немесе басқа қаржылық активті цеденттен
немесе оның жарлығымен құрылыс қызметтері үшін қабылдауға сөзсіз келісімшарттық құқығы
болуына қарай танылуы тиіс; əдетте келісім заңмен міндетті болғандықтан, цеденттің төлемдерді
жасамауға өкілеттігі, болғанның өзінде, аз. Егер цедент ұйым-операторға (а) белгіленген немесе
анықталатын соманы немесе (b) болған жағдайда, коммуналдық қызметті тұтынушыдан қабылданған
сома мен белгіленген немесе анықталатын соманың арасындағы жетіспейтін қаражатты төлеуге
келісімшарт арқылы кепілдік берсе, тіпті төлем ұйым-оператордың инфрақұрылымның белгіленген
сапа немесе нəтижелілік талаптарына сай болуын қамтамасыз етуіне байланысты болса да, ұйым-
оператордың ақша қаражаттарын қабылдауға сөзсіз құқығы бар.
17
Ұйым-оператор материалдық емес активті ол коммуналдық қызмет, тұтынушыларынан ақы алу
құқығын (лицензияны) қабылдауына қарай, тануы тиіс. Коммуналдық қызмет, тұтынушыларынан
ақы алу құқығы ақша қаражатын қабылдауға сөзсіз құқық емес, өйткені сомалар халықтың қызметті
қолдану көлеміне байланысты.
18
Егер ұйым-оператор, құрылыс қызметтері үшін жартылай қаржылық активпен жəне жартылай
материалдық емес активпен ақы алса, ұйым-оператордың сыйақысының əрбір компонентін бөлек
есепке алуы қажет. Компоненттердің екеуіне де қабылданған немесе қабылданатын сыйақы бастапқы
сатыда қабылданған немесе қабылданатын сыйақының əділ құнымен танылуы тиіс.
19
Цеденттің ұйым-операторға берген сыйақысының сипаты келісімшарт шарттары жəне, болған
жағдайда, осыған қатысты келісімдік заң тұрғысынан анықталуы тиіс. Сыйақының сипаты 23-26
12
ХҚЕСТК (IFRIC)
A4
©
IFRS Foundation
тарауларында көрсетілген кезекті есепке алудың ережесін анықтайды. Дегенмен, сыйақының екі түрі
15 ХҚЕС (IFRS) сəйкес құрылыс немесе жаңарту кезіндегіактив келісімшарты ретінде жіктеледі
Қызмет көрсету қызметтері
20
Ұйым-оператор қызмет көрсету қызметтеріне қатысты түсім жəне шығындарды 15 ХҚЕС-қа (IFRS)
сəйкес есепке алуы тиіс.
Инфрақұрылымды пайдалануға жарамдылықтың белгіленген дәрежесіне
дейін қалпына келтіруге келесімшарттық міндеттер
21
Ұйым-оператордың инфрақұрылымды цедентке қызмет жөніндегі келісімнің соңында тапсырғанға
дейін оның лицензиясының шарты ретінде орындауға міндетті келісімшарттық (а) инфрақұрылымға
пайдалануға жарамдылықтың белгіленген дəрежесіне дейін күтім жасауға немесе (b)
инфрақұрылымды белгіленген күйге қалпына келтіруге міндеттері болуы мүмкін. Осы
инфрақұрылымға күтім жасауға немесе оны қалпына келтіруге келісімшарттық міндеттер, жетілдіру
элементін қоспағанда (14 тарауды қараңыз) 37 (IAS) ХҚЕС-қа сəйкес, яғни есеп беру мерзімінің
соңында қалған міндеттерді орындауға қажет болатын ең тиімді шығындар сметасымен танылуы
жəне бағалануы тиіс.
Ұйым-оператор жұмсаған қарыздар бойынша шығындар
22
23
ХҚЕС-қа (IAS) сəйкес келісімге ілеспелі болатын қарыздар бойынша шығындар, егер ұйым-
оператордың материалдық емес активтерді қабылдауға құқығы (коммуналдық қызмет
тұтынушыларынан ақы алу құқығы) болмаса, шығын деп, оларды жұмсаған мерзім ішінде танылуы
тиіс. Бұл жағдайда, келісімге ілеспелі болатын қарыздар бойынша шығындар, сол Стандартқа сəйкес,
келісімнің құрылыс сатысының мерзімі ішінде капиталға айналдырылуы тиіс.
Қаржы активтері
23
16 жəне 18 тарауларына сай танылған қаржылық активтерге 32 ХҚЕС (IAS) жəне 7-9 ХҚЕС (IFRS)
қолданылады.
24
Цеденттен тиесілі немесе оның жарлығымен алынатын соманы 9 ХҚЕС-қа (IAS) сəйкес төмендегілер
ретінде есепке алынады:
(a)
амортизацияланған бағамен;
(b)
өзге жиынтық табыс арқылы əділ құнмен; немесе
(b)
пайда немесе залал арқылы əділ құны бойынша бағаланатын;
25
Егер цедент беруге тиіс сома амортизацияланған бағамен есетелетін болса, 9 ХҚЕС (IAS) бойынша
тиімді пайыз тəсілін қолданып, есептеп шығарылған пайызды пайда немесе залал бойынша тану
талап етіледі.
Материалдық емес активтер
26
17 жəне 18 тарауларға сай танылған материалдық емес активтерге 38 ХҚЕС (IAS) қолданылады. 38
ХҚЕС-тың (IAS) 45-47-тараулары заттық активтің немесе активтердің немесе біріккен ақшалық
активтер мен заттық активтердің орнына айырбастап алынған материалдық емес активтерді бағалау
бойынша нұсқау береді.
Цеденттен ұйым-операторға берілген материалды-техникалық
жабдықтау бұйымдары.
27
11
тарауға сəйкес цедент ұйым-операторға рұқсат берген инфрақұрылымның материалды-техникалық
жабдықтау бұйымдары ұйым-оператордың негізгі өндірістік капиталы деп танылмайды. Цедент
ұйым-операторды басқа бұйымдармен қамтамасыз ете алады, оларды ұйым-оператор өз еркімен
сақтауға немесе иелік етуіне болады. Егер осындай активтер цеденттің ұйым-операторға қызметтері
үшін төлейтін сыйақының бөлігін құраса, олар 20 ХҚЕС-та (IAS) анықталғандай мемлекеттік
12
ХҚЕСТК (IFRIC)
©
IFRS Foundation
A5
субсидиялар қатарына жатпайды. Оның орнына 15 ХҚЕС-та (IFRS) анықталғандай келісімнің
бағасының бөлігі ретінде есептеледі.
Күшіне ену күні
28
Осы түсіндірмені ұйым 2008 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық
кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым осы түсіндірмені
2008 жылдың 1 қаңтарына дейін басталатын мерзім ішінде қолданса, бұл деректі айқындап көрсетуі
тиіс.
28A-
28С
[Жойылған]
28D
2014
жылдың Мамыр айында шыққан 15 ХҚЕС(IFRS) Клиенттермен Бекітілген Келісімшарттан
түсетін Кіріс ‘Сілтемелер’ бөліміне жəне 13–15, 18–20 жəне 27 тарауларына түзетулер енгізілді.
Ұйым бұл өзгерістерді 15 ХҚЕС(IFRS) қолданған уақытта басшылыққа алуы тиіс.
28E
2014 жылдың қарашасында түзету енгізілген 9 ХҚЕС (IFRS) 23 жəне 25 тарауларына түзету енгізіп,
28А-28С тарауларын жойды. Ұйым 9 ХҚЕС-ты (IFRS) қолданған кезде, осы түзетулерді қолдануы
тиіс.
28F
2016 жылдың қаңтар айында шыққан 16 ХҚЕС(IFRS) AG8 тарауына жəне Bқосымшасына
түзету
енгізді. Ұйым 16 ХҚЕС-ты (IFRS) қолданған кезде, осы түзетулерді қолдануы тиіс.
Көшулер
29
30
тарауда көрсетілген, есеп беру саясатындағы өзгерістер жөнінде 8 ХҚЕС-қа (IAS) сəйкес, яғни
ретроспективті түрде есеп берілуі тиіс.
30
Егер, қандай да бір айрықша қызмет келісімі үшін, бұл ұйым-операторға осы Түсіндірмені
ретроспективті түрде ұсынылған, ең ерте мерзімнің басында қолдану жарамсыз болса, ол:
(a)
ұсынылған ең ерте мерзімнің басында болған қаржылық ативтерді жəне материалдық емес
активтерді тануы тиіс;
(b)
алдыңғы сол қаржылық жəне материалдық емес активтердің қаржылық жағдай туралы
есептік көрсеткіштерін (бұрын қандай санатқа жатқызылса да) олардың сол күнгі қаржылық
жағдай туралы есептік көрсеткіштері ретінде қолдануы тиіс; жəне
(c)
сол күні құнсыздануға танылған қаржылық жəне материалдық емес активтерді егер бұл
жарамсыз болмаса, тексеруі тиіс, жарамсыз болса көрсеткіштер құнсыздануға өтіп жатқан
кезеңнің басындағыдай тексерілуі тиіс.
12
ХҚЕСТК (IFRIC)
A6
©
IFRS Foundation
A
Қосымшасы
Қолдануға нұсқаулар
Осы қосымша Түсіндірменің ажырамас бөлігі.
Қолданылу саласы (5 -тарау)
AG1
Осы Түсіндірменің 5-тарауында көрсетілгендей төмендегі шарттар іске асырылса, инфрақұрылым
осы Түсіндірменің қолдану саласында екенін көрсетеді:
(a)
цедент ұйым-оператордың инфрақұрылыммен қандай қызметтерді қамтамасыз ететіндігін,
ол кімге жəне қандай бағамен қызметтерді көрсетуге тиістігін қадағаласа немесе реттесе;
жəне
(b)
цедент – меншік құқығы, бенефициар - меншік иесі құқығы арқылы немесе басқаша –
келісім мерзімінің соңында инфрақұрылымдағы кез келген едəуір қалдық пайызын
қадағаласа.
AG2
(а) шартында аталған қадағалау немесе реттеу келісімшарт арқылы немесе басқаша (реттеуші арқылы
сияқты) жасалуы мүмкін, жəне бұған цедент өнімдердің барлығын сатып алатын жағдайлар, сонымен
бірге өнімдердің кейбірін немесе барлығын басқа тұтынушылар сатып алатын жағдайлар кіреді. Осы
шартты қолданғанда, цедент жəне кез-келген басқа тараптар бірге қарастырылуы тиіс. Егер цедент
мемелекеттік сектор ұйымы болса, осы Түсіндірменің мақсаты үшін, бүкіл мемлекеттік сектор, кез-
келген мемлекеттік мүддеге жұмыс жасайтын реттеушімен бірге цедентке қатысты деп қаралады.
AG3
(а) шартының мақсаты үшін цедент бағаны қадағалауды аяқтауды қажет етпейді: бұл бағаның
цедентпен, келісімшартпен немесе реттеушімен, мысалы кэппинг механизмі арқылы реттелуі
жеткілікті. Алайда, осы шарт келісімнің негізгі мəніне қолданылуы тиіс. Кэп сияқты өте сирек
қолданылатын негізгі емес ережелер ескерілмеуі тиіс. Бұған керісінше егер, келісімшарт бойынша
ұйым-операторға бағаны тағайындау еркі берілсе, бірақ əрбір үстеме пайда инцидентке оралатын
болса, ұйым-оператор табысы шектеледі жəне басқаруды тексерудің баға элементі орындалады.
AG4
(b) шартының мақсаты үшін, цеденттің едəуір қалдық пайызын қадағалауы ұйым-оператордың
инфрақұрылымды сатуға немесе кепілге беруге тəжірибелік мүмкіндігін шектеуі жəне цедентке
келісім мерзімі ішінде қолдануға үздіксіз құқық беруі тиіс. Инфрақұрылымдағы қалдық пайыз,
инфрақұрылым қолдану мерзіміне жеткен жəне келісім мерзімінің соңында күтілетін күйде болғандай,
инфрақұрылымның бағаланған ағымдық құны.
AG5
Қадалауды басқарудан ажырата білу керек. Егер цедент 5-тарауда сипатталған қадағалауды жəне
инфрақұрылымдағы кез-келген едəуір қалдық пайызын сақтап қалатын болса, ұйым-оператор – тіпті
оның, көп жағдайларда, зор басқару өкілеттігі болса да цеденттің атынан инфрақұрылымды тек қана
басқарып отырады.
AG6
(а) жəне (b) шарттары бірге инфрақұрылым, кез-келген қажетті жаңалауларды қоса (21 - тарауды
қараңыз) бүкіл өз пайдалану мерзімі ішінде цедентпен қадағаланғанда анықталады. Мысалы, егер
ұйым -оператор инфрақұрылымның материалды-техникалық жабдықтау бұйымының бір бөлігін
(мысалы жолдың беткі қабатын немесе ғимараттың шатырын) келісім мерзімі ішінде жаңалауға
мəжбүр болса, инфрақұрылымның материалды-техникалық жабдықтау бұйымы толығымен қаралады.
Сонымен, егер цедент сол бөлікті соңғы жаңартқанда, кез-келген едəуір қалдық пайызын қадағаласа
(b) шарты, жаңартылған бөлікті қоса, бүкіл инфрақұрылым үшін орындалады.
AG7
Кейде, инфрақұрылымды қолдану 5(а)-тарауында сипатталған қалыпты жартылай реттеледі жəне
жартылай реттелмейді. Алайда, бұл келісімдер əртүрлі сипатта болады:
(a)
физикалық тұрғыдан бөлектеуге болатын жəне тəуелсіз түрде жұмыс жасатуға мүмкіндігі
бар жəне 36 ХҚЕС-та (IAS) анықталғандай ақша қаражатын тудыратын бірлік анықтамасына
сай болатын кез-келген инфрақұрылым, егер реттелмейтін мақсаттар үшін түгелімен
қолданылса, бөлектеп талдануы тиіс. Мысалы, бұл ереже аурухананың бір бөлігін цедент
мемлекет есебінен емделетін науқастарды емдеуге қолданатын аурухана ғимаратының жеке
меншік бөлігіне қолданылуы мүмкін.
(b)
тек қосымша қызметтер (ауруханадағы дүкен сияқты) реттелмейтін болғанда, басқаруды
тексеру сол қызметтер жоқ болған тəрізді қолданылады, өйткені, цедент қызметтерді 5-
тарауда сипатталғандай қадағалайтын жағдайларда, қосымша қызметтердің болуы
инфрақұрылымды цеденттің қадағалауын азайтпайды.
AG8
Ұйым-оператордың AG7(а) тарауында сипатталғандай бөлектенетін инфрақұрылымды немесе AG7(b)
тарауында сипатталғандай реттелмейтін қосымша қызметтерді қамтамасыз ету үшін қолданылатын
12
ХҚЕСТК (IFRIC)
©
IFRS Foundation
A7
ғимараттарды қолдануға құқығы болуы мүмкін. Екі жағдайда да шын мəнінде цеденттен ұйым-
операторға жалдау болуы мүмкін; егер солай болса, оны 16 ХҚЕС–қа (IFRS) сəйкес есепке алынуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |