Тулепбергенова ардак усенгазиевна


ІІ М.Әлімбаевтың этнопедагогикалық ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану



жүктеу 1,39 Mb.
бет4/6
Дата07.12.2017
өлшемі1,39 Mb.
#3499
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6

ІІ М.Әлімбаевтың этнопедагогикалық ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану

2.1 М.Әлімбаевтың ұлттық тәрбие туралы ойларын педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану жолдары
Сапалы білім саналы тәрбиемен шынайы сабақтасқанда ғана ұлт тілегі, халық мүддесі орындалмақ. Ұлттың тағдыры – ұрпақ ұрпақ тәрбиесінде екені белгілі. Сондықтан өткеннің өнегесін пайдаланып, салт-дәстүрлердің тиімдісін дамытып, құрметтеп, еліміздің өткені мен болашағы туралы мағлұматтардан, көп қырлы талант иесі М.Әлімбаевтың мол қазынасын болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында жиі пайдаланып отыру қажет деп ойлаймыз. Кезінде М.Әуезов: «Әлемде сөзден күшті не бар екен?» [34.121] - депті. Ия, орнымен қолданған сөз атасы атанған – мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні зор. «Саналы сөз – салмақты ой». Сондықтан да қазақ халқы оларды қадірлеп, өмірде жүйелі пайдаланып отырған. Оның саф алтындай асылдығы, даналығы, өнегелілігі, тапқырлығы халқымызды ойландырып, небір тәрбиелі істерге бастайтынын, мақал-мәтелдерде философияға тән терең ой, ғибратты өнегені көреміз (Кесте 3).
Кесте 3 - Педагогикалық пәндерді оқытуда Мұзафар Әлімбаевтың этнопедагогикалық пікірлерін пайдаланудың үлгісі


р\с

Педагогикалық пәндердің аттары

Пән бойынша тақырыптар

М.Әлімбаевтың

ой-пікірлері



М.Әлімбаев

тың идеяларын пайдалану жолдары



1.

Педагогикалық мамандыққа кіріспе

1.Педагогика

лық мамандық

тың пайда болуы. 2.Педагогика

лық іс-әрекетке кәсіби дайын

дық.

3.Педагог тұлғасы және оның кәсіби қасиеттері.



«Оқытқаныңды айтпа, тоқытқаныңды айт», «Ұстаз еңбегі – ізгіліктің інжуінен де қымбат еңбек», «Өзін-өзі міней алмаған, басқаны түзете алмайды», «Балаңа өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле», «Ұстаз шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды».

1.«Ұстаз жолын ұстанған қор болмас» (әңгіме).

2. Эссе жазу: «Ұстазым - менің ұстазым».

3. «Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болар» (пікірталас).


2.

Педагогиканың жалпы негіздері.

1.«Нәсілдік және қоршаған орта».

2.«Тұлға қалыптастыру

дың фактор

лары».


3.Тұлға қалып

тастыруда тәрбиенің шешуші ролі.



«Адамды тәрбиелеу жолында тәлімгердің ролі ерекше». «Үлгісі көптің өрнегі көп». «Тегінде бардың тегі озар». «Тектіден текті өрбиді». «Бір адам бір адамнан үлгі алады». «Жақсылық жақсы атаның баласынан тарайды».

1.Шығарма жазу: «Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді».

2. Тезистерді аяқтау: «Тектілердің бәрі шетінен ақылды…»,

«Жақсыны мен танимын…».


3.

Тәрбие теориясы.

1. «Тәрбие мақсаты».

2. «Тәрбие қағидалары, әдістері»

3. «Тәрбие түрлері».


«Шеңгел де өз жерінде дүркірейді, әркімнің өз жерінде басы құнды». «Жақсының иман тұрар кеудесінде». «Жанынан жақсылардың аялдамай, па-шіркін, қайда барып тұрақтайсың!». «Қадір тұт, бір-біріңе құрмет көрсет, тірлікте сыйластыққа бар ма жетер?». «Алдында үйренері бардың, артында үйретері бар».

1.Мақал-мәтелдерді жаттау.

2.Мақал-мәтелдерді аяқтау: «Жақсылық…», «Еңбек етсең ерінбей…», «Батамен ер көгерер…», «Кәрі, кәрінің сөзі - …», «Қызым саған айтам…», «Әке бәйтерек…».

3. Шығарма жазу: «Қазақ жігітінің келбеті».


4.

Дидактика.

1.«Оқыту әдістері».

2.«Оқыту ережелері».

3.«Оқушы

лардың танымдық іс-әрекеттерін белсендіру»

4.«Дамыта оқыту».

5.«Білім, біліктілік, дағды».



«Білік бесіктен басталады». «Тәтті жеміс бұтақта, құттың кілті кітапта». «Талант таланбайды, білім бүлінбейді». «Ынталыға оқу жолы әрдайым ашық». «Оқу шала естіні бүтін, бүтін естіні данышпан қылады». «Тоқытпасаң оқытпа».

1.Пікірталас: «Тоқытпасаң оқытпа».

2.Әңгіме өткізу: «Ынталыға оқу жолы әрдайым ашық».



5.

Педагогика тарихы.

1.«Абайдың аңсағаны қандай азамат?» (М.Әлімбаев).

2.«Этнопедагогика ғылымының қалыптасуы» (Әл-Фараби, Ш.Құдайбер

диев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабев

тың педагогика

лық мұралары т.б.).


«Арлы, иманды, білімдар, еңбекқор, ақиқатшыл, әділ, көпшіл, жақсылықты – жанқиярлықпен жақтаушы, жамандық атаулыға жұлдызы қас, халық қамын ойлап, қайратын жалындатқан, ақыл-парасатын көрегендікке бағыттаған азамат. Заманды өзі алға сүйреп, жетелейтін жетелілер, зиялылар қазағымның қалың ортасында да дүниеге келсе екен».

1.Дөңгелек стол өткізу: «Абайдың аңсағаны қандай

азамат?».

2. Эссе жазу: «М.Әлімбаев – халық педагогикасы

ның жаршысы».



6.

Мектептану (педагогикалық менеджмент).

1. «Мектепті басқарудың қағидалары».

2.«Педаго

гикалық менеджмент».


«Көптің мүддесіне қарсы шықпау абзал». «Қыңыр адамдарды көптің тезгісіне салу – ізгі қадам болмақ». «Қисық адамды ел түзейді». «Әділдік, шыншылдық керек». «Көптің тәлімгерлік құдіреті күшті». «Халық қамын ойлап, қабырғасы қайысып, әділдік үшін сайысатын азамат қажет. Халық та қайраткерінің қадірін бағаласын. Қоғамшыл, көпшіл болу. «Ердің сыншысы - елі», «Ерді ел мүддесі өсіреді», «Көп талқысы темір талқы», «Сайтанға ілескен санатқа қосылмайды».

1.Пікірталас: «Қарағай арасында қисық қайың да түзу».

2.Эссе жазу: «Қисық адамды ел түзейді».

3.Дөңгелек стол ұйымдастыру:

«Педагогика

лық әдеп» тақырыбына.

Мұзафар Әлімбаев шығармаларындағы жиі кездесетін тақырып – ол достық, кешірімділік, жұмсақ мінез, ұстаз келбеті. Ақынның ойынша, екі кісінің арасын жарастыру үшін өтірік айтқан кісі өтірікші емес, досқа достық көңілмен қарау шарт. Дос және достық арасында от тастаушы екі жүзді өсекшілерге Алладан рахмет, Пайғамбардан шапағат тимек емес. Адам мен адамның шын достығы тыныштық пен татулықтың, ізгілік пен рақымдылықтың шынайы белгісі болмақ. Достық жолы ауыр да берік жол.

Ақын өзінің халқымыздың қара өлеңдерінде достық, жолдастық туралы айта келе, «шын досың көзге емес, сырттан мақтар, досыңның сыртын қостап, ішін ақтар, сыртыңнан әдісіңе қамқор болып, күндерде қиын-қыстау сенімді ақтар». Жастарды жалған достықтан аулақ болуға шақырады. «Сыртынан аққу, ішінен құзғын кейіптілерден сақтан. Досыңның ділі мен діні, кіршіксіз пәк болсын, рухани жан дүниесі бай болсын, ондай дос көзіңше көлгірсімейді, сенің қадір-қасиетің мен бойыңдағы жақсылығыңды сен жоқ орында сыртыңнан айтады, алты қырдың астында айдалада жүріп-ақ, сенің қамыңды ойлайды, сыбағаңды сақтатып қойғызады, басыңа күн түскенде арашашы болатын да – сол, қол ұшын қорғанбай созатын да – сол...» [35.7].

М.Әлімбаев жастарға: «Досың тұрып, дұшпанның тілін алма деп» кеңес береді. Адал дос, мінін айтқанға ренжімейді, ақылмен тыңдап, өз мінезінің қисығын жөндейді. «Жолдас болсаң жаманмен жарға жығар, жазатайым аяғың шалыс басса» [36.285]. Бұл да сақтандыру – тегінде, жолдасты да, досты да сынай білген абзал, адам дос арқылы демі үзілгенше айнымайды. Тек өзің адалдыққа адалдықпен жауап беруің керек. Ақын халқымыздың достық туралы небір құнарлы сөздерін өз еңбектерінде орынды пайдаланып, олардың тәрбиелік мәнін шеберлікпен түсіндіреді.

М.Әлімбаев достық туралы мынадай мақал-мәтелдерді келтіріп оларға түсініктеме береді: «Дос болсаң өмірлікке жақсымен бол, жаманмен бір күн жолдас болмай-ақ қой», «Жақсымен жайды білер жолдас болсаң, есікке қалған басың жетер төрге», «Білмеген дос қадірін не біледі, көңілің шын доспен семіреді. Тар үйде тарыққанда досың келсе, дүние, жан жадырап, кеңейеді», «Достықтың төлеуі - достық», «Байлықтан айырсаң да, ешқашанда тағдырым айырма дос-жолдасымнан» [37.78].

Педагогика курсындағы «Адамгершілік, имандылық», «Қарым-қатынас мәдениеті» тақырыптарын лекциялық, практикалық сабақтарда пайдалану болашақ педагогтардың кәсіби қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізетінін тәжірибеде көзіміз жетті. Мысалға, имандылыққа тәрбиелеуде әдіс-тәсілдерді айтқанда М.Әлімбаевтың нақыл сөздерін келтіру сабақтың ұлттық реңін келтіріп, студенттердің қызығушылығын тудырды. Мысалы:

Лекция сабағында бағдарлама бойынша «иман» ұғымына түсінік беріледі. «Иман» араб тілінен алынған сөз өз тілімізде «сенім» деген мағынаны білдіреді. Имандылық – Алланың хақ екеніне, ал Мұхаммед пайғамбардың Алланың елшісі екендігіне сеніп, Алла жолын, пайғамбар ұсынған парыздарды мүлтіксіз орындау, яғни адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқару, адамдықты асқақ кісілік арқылы ақтаудың көрінісі екені айтылады. Адамгершілігі аса жоғары кісіні халық иманды деп құрметтейді, ал адамгершілік қалыпты бұзған адамнан ел біткен түңіледі. Имансыз қылық жасағанда, яғни адамгершілік міндетіне жеңіл-желпі қарап, оны бұзғанда күнәлі көріп ерте ме, кеш пе әйтеуір жазасын тартатын болады. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі де иман жүзді жарқын, биязы болады, ал өзі парасатты келеді. Ондай адамды халық: «иман жүзді кісі» деп құрмет тұтады. Жас адамды имандылыққа баулу үшін олардың ар-ұятын ерте оятып, намысын қайрап, мейірімділік, қайырымдылық, ілтипаттылық, кішіпейілділік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді олардың бойына сіңіру керек. Қазақ ұғымына астарлас келетін моральдық бірегейі - кісілік ұғым.

Кісілік – жеке адамның өмір барысында біртіндеп қалыптасқан адамгершілік іс-әрекеті мен мінез-құлқының азаматтық ар-ожданы. Халқымыз «Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар» - деп тәрбиелі адамдардың үлгі-өнегесін жоғары бағалап, жастарға «Жарлы болсаң да, арлы бол» деп талап қойған еді» [38.152].

Лекция барысында М.Әлімбаевтың еңбектерінен мысалдар келтіріп, тақырыптарды ашуда оларды оқытудың құралдары ретінде пайдаландық: «Өзі жақсыға бір кісілік орын бар», яғни халықтың меңзеп отырғаны рухани орын, қоғамдық ортадағы азаматтық орын. Ұжым ортасында сыпайы бол, еңбегіңмен жұғымды, мінезіңмен абыройлы бол. Сонда сен де елеулі азамат санатына қосылдым деп ішіңнен ырзалық сезімге бөленуіңе әбден болады.

Поэзия абызы Мұзафар Әлімбаев жастардың білімді, ойшыл болуы туралы небір парасатты ой-пікірлер айтқан.

Мұзафар Әлімбаевтың «Нақылнама» жинағындағы афоризмдер (Бұл нақыл сөздерді педагогикалық пәндердің ішіндегі «Дидактика» яғни оқыту теориясы бөлімі бойынша лекциялық, практикалық сабақтарда пайдалануды ұсынамыз):


  1. Ақыл Алланың бергені,

Білім – Адамның тергені.

  1. Білік бесіктен басталады.

  2. Білімді, білімділік ісі танымды.

  3. Білім теру – кемелдену бақыты.

  4. Ғалымға да халықтан үйрену артық емес.

  5. Ғылым шырағын көтергеннің қолы күймес.

  6. Ақылына білімі сай, жігерлі – от.

  7. Кітапты уақыт өткізер,

Ермек үшін оқыма.

Санатқа сені жеткізер,

Еңбек үшін оқы.


  1. Кітап кірген үйге құт кіреді.

  2. Оқыған ғылымы көп

Тоқыған білімі жоқ.

  1. Өнегелі ұстаз:

«Өзім бол» - демейді.

«Өзің бол» - дейді.



  1. Өткенді білгеннің өркені өсер.

  2. Ұстаз үйреткен сайын – ұстарады.

  3. Ұлағатты ұстаз ұрсып, жекірмейді,

Ұялтпай үйретеді.

  1. Ұлттық мектеп – Ана тілінің мешіті.

  2. Ұстаздар берер білімнен, өмір ұқтырар білім молырақ.

  3. Ұстаз көрмей ұста болмас,

Ұстаның қолы қысқа болмас.

  1. Үйрене алмаған ұстазынан көреді.

  2. Шала оқыған ғалымнан,

Шалқар ойлы шалым артық.

  1. Шала оқыған шамданғыш.

  2. Білімді ұстаз бергенмен,

Білікті тәңірі береді.

Біліксіз желі көргенмен,

Қалады төлсіз көгені.


  1. Ғылымды жер көктен ізде,

Бақытты еңбектен ізде.

  1. Ғылымға жұмсағанды шығын деме,

Шалағай оқығанды мығым деме.

  1. Талантты өсіретін – талап.

  2. Мұғалім – мықты шәкірт.

Халық бір-біріне жақсы сөз айтып көңілін тасытпаса, қатты сөйлеп жасытпауға тырысқан. Мүмкіндігі келгенше маржан сөзді, сөз мәйегі – мақал-мәтелдерді орнын тауып қолданып отырған. Мәселен, «Елге ел қосылса – құт, желге жел қосылса - жұт», «Сұлтан сүйегін қорламас», «Қатарынан озатын жігіт биік жүреді», «Шын жолдас – сөзге берік», «Жігіттің жайын жолдасына қарап жоры», «Ақыл азбайды, білім тозбайды», «Үлкеннен өнеге, кішіден ізет», «Жігіттің күшін сұрама, тындырған ісін сұра».

М.Әлімбаев: «Әз ақыл, озық кеңес айта алмасақ та өткеннің әзір тұрған ғибратнамасын қадірлей білейік» [39.4] – деп жастарды ұлттық қазыналарымызды ардақтап, өмірлерінде пайдалануға шақырады.

«Қазақ халқы – сөз қадірін, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан халық. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан мәтелдер мен мақалдарды үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне пайдалану дәстүрге айналған. Сондықтан да әсіресе, қариялар мақалдап, маңызды сөйлеуді борышым деп санайды. Мақалсыз, мағынасыз сөйлеген қарт адамның сөзінің қадірі болмайды» [40.156] - дейді Қазақстанның көрнекті ғалым-педагогы Серғазы Қалиев.

Жастардың өмір тәжірибесі аз, сондықтан оған айтатын ақыл-насихат, өнеге-өсиет әрі әсерлі, әрі ойда қалатындай мәнді болу керек. Сондықтан ұстаздар, ата-аналар мақал мен мәтелдерді орынды пайдаланған, ой қозғап, ақылға қонымды сөздер айту арқылы жастарды тәрбиелейді және санасына әсер етеді.

Мұзафар Әлімбаев еңбектеріндегі ұстаз жөнінде небір жүрек жарды сөздер бар және де мақал-мәтелдер арнаған. Оның себебі біріншіден, ақынның өзі де ұстаздық қызмет атқарған, екіншіден, өзінің ұстаздарын ардақтап, өлең жолдарында, мақалаларында үлкен баға берген.

«Өнеге күші өлшеусіз», - деп әр шәкіртке сапалы білім мен тәрбие беру жолы шексіз екенін айтады. Ақынның ойынша, ынталы, құштарлы, табанды балаға оқу жолы әрдайым ашық. «Үйрету – үлкеннен, үйрену - кішіден» демекші, өткеннің өнегесін жастардың бойына сіңіруден ұстаз да, ата-ана да жалықпауы керек. Бұл ойды қазақ халқының ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин былай деп келтіргенін әрбір адам есінен шығармауы керек:

Бір Аллаға сыйынып, кел балалар оқылық,

Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық [41.223].

«Ұлылардың бәрі де ұстаздарынан озып шыққандар» - деп түйіндейді ақын. Ұлағаты көп – ұлы сөзді әрбір қазақ баласы жаттап өсуі қажет деп ойлаймыз.

Қазақстанның қоғам қайраткері Д.Қонаев М.Әлімбаевтың асыл сөздерге толы кітаптарын, өлеңдері мен жинақтарын оқи келе: «Сөз маржанын ой түбінен тере білген ақын» [42.512] - деп жоғары бағалаған. Бұл тегін емес еді. Мақал-мәтел жинақтарымен «Халық – қапысыз тәрбиеші», «Өрнекті сөз – ортақ қазына», «Халық – ғажап тәлімгер» атты кітаптары адамды тәрбиелейтін нағыз тәлімгер дерсің. Мақал-мәтелдердің сыртқы ажары мен оған сай ішкі мағынасын дәл беру ерекше қасиет. Ол кез-келген ақынның қолынан келе бермейді.

Мұзафар Әлімбаевтың шын мәніндегі халық ақыны және халық педагогикасының жаршысы деуге әбден болады. Бұл жөнінде ақын Ж.Нұрқанов мынадай өлең жазған:

Айнымайтын нақылдан,

Әр өлеңі ақылман.

Ән-өлеңі әуелеп,

Жадырауға шақырған.

Қалам тұтқан жауынгер,

Бұл арадай әбігер.

Күнделігі жан сыры,

Қабыл алды қалың ел.

Сөз мәйегін сақтаған,

Тәржімаға мәрт ағам.

Ширек ғасыр әлдилеп,

«Балдырғанды» баптаған.

Мәлім болды мәтелмен,

Жер жүзінен әкелген.

Жақсы жырға жанашыр,

Кем көрмеймін.

Тәуелсіз Қазақстанның ең бірінші тірегі де, ең бірінші мәселесі де, болашағы да – қазақ тілі. Ақын Ахмет Байтұрсынов «Мәдениет – тілде» деп берік байлам жасаса, көрнекті қаламгер Ғабит Мүсірепов «Тілді қадірлеу – дұрыс сөйлеуден басталады. Адам мәдениетінің алғы шарты – дұрыс сөйлей білу» деп алдыңғы аға толқын сөзін терең сабақтай түскен еді. Қазақ халқының қай ғасырына үңілсек те, халықтың «қалып айтып, қапыда қалған» сөзі жоқ. Сондықтан, әр ана тілін танығысы келген, рухани жәдігерлер құндылығының құнын асырғысы келген халықтың асыл сөзінен бастау алады. «Рухани қазына алмасу процесі күн асқан сайын әрі кеңейіп, әрі тереңдеп келе жатқан процесс» - дейді қазақ нақылдары мен халықтар нақылдарын жинақтап, аударып, маржандай тізіп, жаңа өрнек салушы ақын Мұзафар Әлімбаев [43.19].

Мұзафар ақын әдебиеттің кірпішін қаласа жүріп, «Жүрегімізді ізгілікке, жақсылыққа көркем сөздей үйретер не бар?» - деп, көркем құралмен зерделенген халық нақылдарының шеңберін өзінің шығармашылық зертханасында жазылған нақылдары арқылы өмірдің әр құбылысын байыппен, бай суретпен толықтыра түсуде.

Нақыл сөз құралдары, қанатты сөздердің түп төркіні тілдің дамуымен тікелей байланысты. Қазақ әдебиетінің классик ақыны Абай «Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез» деп талап арқылы талай сөздердің тұнығын тануды көрсетеді.

«Абайдың өзі де Абайдан басталған жоқ». Мұзафар Әлімбай осы айтылған сыни пікірді әділ де дәл деп бағалап, өз ойын сабақтай түседі: «Халықтан үйренудің қай данышпанға болсын айыпшамы жоқтығы дау тудырмас болар. Ендеше Абай да халықтың мақал-мәтелдеріне көбірек үңілді, яғни үйренді дегеннің ерсілігі неде? Ұшқырлығы қайсы?.. Халықтан үйренгендігінен де Абай өткір-өткір өрнекті мақал-мәтелдер, нәрлі нақылдар тудырған ғой».

Ағаштың тамырынан су алып, көгеретініндей өнер де өнерпаздан бастау алады. Бұл дәстүр қазақ зиялысының зейінінен тыс қалмай, әр заманында тереңдей түсті. Абай данаға халық ұстазы болғанда, Мұзафар ақынға Абай ұстаз болды. «Анам ең алдымен Абай атамыздың әнге жазған өлеңдерін, дүние тағдырын толғаған философиялық шығармаларын маған жаттататын» деген тебіреністі «Көңіл күнделігінен» сүйсіне оқисыз.

Мұзафар ақын ел аузынан маржандарын тани біліп, өзінің рух сандығына сақтай берген. Бұған профессор М.Серғалиев сөзі нақты дәйек: «М.Әлімбаев зерттеушілігінің де әр алуан болып келетіндігін айтуға тура келеді. Өзіне дейінгі, өзі қатарлы және өзінен кейінгі қаламгерлердің шығармашылық шеберлігіне тереңдеп үңілу, ол туралы ойларын ортаға салу, халық ауыз әдебиетіндегі, классиктер туындыларындағы сөз шеберлігі мен шешендік өнерді, нақыл сөздерді, мақал мен мәтелді жан-жақты талдау, өзгелерге өнеге ету, туысқан немесе шет жұрттағы халықтардың нәрлі сөз оралымдарын қазақша сөйлету - осының бәрі Мұзағаңның ұзақ жылдардағы тынымсыз тер төге білгенінің куәсі» [44.7].

Әр түйінді нақылдың шығу тегі, кейде тарихы болып жататынына ақын еңбектері арқылы көз жеткізуге болады. Ақын естелігінен дәйек болсын: «Үлкен ағам Мұса мектепте өткен ата-аналар жиналысына ертіп барып, маған тақпақ оқытқан. Екі шумақтың алғашқы жолын тақылдап айтып беріп, екіншісі ауызға жеткенде құдай төбемнен ұрғандай тұрып қалып, сахнадан қаша жөнелдім. Сол отызыншы жылдары сүрінгенім есіме түсіп, толқитыным бар. . . Жеті жасымда жаттанды сөзден «таяқ» жеп едім, енді өз жырымнан ұятқа қалмасам екен деп қыпылдаймын. . .» [44.4].

Соңғы ой үзігі – нақыл сөз. Бұрынғының сөзі деп байыбына барып, байлам жасай алмағанға «ескіргенді есіркеу жаңанын жағасынан алғанмен бірдей» дейді. Ал, бұрынғыны «олжа» қылмақ болғанға «әдебиетте үйрену дегеніміз бұрынғыны көшіру емес, бүгінгіні өсіру» деп пайымдайды.

Ақынның көркем сөзі өзіне де, өзгелерге де үлгі болып тұр. Халықтың «Шие шиеге қарап рең алады» деген нақылын Мұзафар Әлімбаев еңбегінен оқып білдік. Осыған дейін «алдынғы толқын – ағалар, кейінгі толқын – інілер» немесе «әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «айдың ізін ай басар, аттың ізін тай басар» деген халық нақылдарын көп естіп, айтып жаттық. «Халық сыншы» деген нақылдың синонимдес ұғымы «көптін алды – темір талқы» екенін енді аңғарудамыз. Көненің көмбесінен қазына тапқандай күй кешудеміз. Осыдан барып ақын Мұзафардың кезінде қалай рухтанғанын сезінуге болады. Ақын сол көмбесінен алған қазынаны еселеп толтырып қайтаруда. Балаларға «Балдырған» журналы арқылы жол тапқан ақын ойы бүгінде «басым бар» дегеннің бәрін де ойландыратын философия. (Грек – сүйемін, даналық: әлемнің, дүниенің, қоғамның және ойлау жүйесінің ортақ зандылықтары туралы ғылым. Ол ежелгі Грекияда қалыптасты). Философия жайында М.Әуезовтың жазған еңбегіндегі түсіндірмені негізге алайық: «Аристотель «Философия басы - таңдану» дейді. Таңданудан барып адам бір нәрсені тексере ойлайды. Тексерген соң шыннан бұлдырды айырады... Мұндай тереңдеп ойлаған ой бірден адамның көкірегін оятып, ақыл көзін дүниеге жайнатып ашқызады. Екінші, адамды ұсақтықтан құтқарады... Дүние мәңгілікке орнап қаларлық адамшылық жеке ғана мінезге сүйеніп тұра алмайды. Бұған ең бір күшті діңгек бар адамның көкірегіне сіңген толғаулы терең ой».

Нақыл ойлар мәнін ұғындыратын Нәзір Төреқұлов жазба әдебиетіндегі қанатты сөздердің негізгі қайнар бұлағы қазақта Абайдан басталып М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Ж.Жабаев, Қ.Аманжолов, М.Әлімбаев, Ә.Нұршайықов, Қ.Мырзалиев есімдерімен ұласатынын атаған және «ұтқыр нақылдардың өзінен дербес әңгіме, очерк, өлең, жыр, баллада, дастан, драма, комедия туып жатады немесе сол шығармалардың мазмұнына сай арқау болып алынады» делінген.

Мұндай өзгеруді Қытай философиясындағы Фаомен теңестіріп айтуға болады (себебі философия сөздігінде Фао - әрбір қайталанбас сәттің нәрі, барлық заттар ұлы айналымда болады деген).



Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне қарағанда, нақыл сөздердің өзіне тән ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар. Ол адам өмірінде, тұрмыс-тіршілікте кездесетін құбылыстарға берілген даналық баға, тұжырымды түйін. Осы жерде халық ңақылдары мен М.Әлімбаевтың нақылдарының сабақтастығын көрсетуді жөн көрдік (Кесте 4).

Кесте 4 - Халықтың нақылдары мен Мұзафар Әлімбаев нақылдарының сабақтастығы


Халық нақылы

М.Әлімбаев нақылы

«Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле».

«Екі сөз түйіссе – шақпақ, бірде от шығады, бірде өрт шығады». «Артық сөйлеу – айып, келте қайыру - кемістік».

«Момынның есебін қу табады, қудың есебін құдай табады».

«Таудың иінін тәңірі ғана түзетеді».

«Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам».

«Өтіріктің арбасы шындықтың көпірінен өте алмайды».

«Жақсы жерге жатсаң, жақсы-жақсы түс көресің».

«Кемеңгердің көлеңкесі де ыстық».

«Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші».

«Жақсылық жауратпайды, жадыратады».

«Көкек өз атын өзі шақырады».

«Ұлыған бөрі өз атын өзі шақырады».

«Іздеген жетер мұратқа».

«Інжу терген сүңгуді үйренеді».

«Алмас қылыш қап түбінде жатпас».

«Асыл – атанбас масыл».

«Жеті рет өлшеп, бір рет кес».

«Қазың піспей, қазаннан түсірме».

«Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Кісі елінде күркірегенше, өз еліңде дүркіре».

«Күрескелі отырғанда күшігің де болысады».

«Ат ұстаған азабынан құтылар», «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер».

«Пірі қорғағанды, жын қорлай алмайды».

«Берген жомарт емес, алған жомарт».

«Жомарт жүрек жұтамас».

«Тіл өнері – дертпен тең».

«Тілдің зілін тіл де көтере алмас».

«Қарамықтың дәні болғанша, бидайдың сабаны бол».

«Әуесқой әнші атансаң да, әбесқой атанба».

«Жақсы – алуа мен шекер, жаман – абыройыңа түкірер».

«Жәдігөй жәдігердің қадірін қайдан білер».

«Жасықтың көбінен, асылдың азы артық».

«Тұйықталсаң да, сұйықталма».

«Әлін білмеген әлек».

«Қара суда жүзе алмайтын бейшара, қара теңізге кетіп өлсе, не шара?!».

«Қорыққанға қос көрінер».

«Қорқаққа қараңғыда да құбыжық қараңдайды».

«Жақсы көрші – тынысың».

«Сыйлас болса көршің, көршіңде бар еншің»

«Көршіңнің көңілі көжеңе де көншиді».



«Тауып айтсаң – мереке, таппай айтсаң – келеке».

«Тәтті сөзден сәтті сөз қымбат».

«Текті бала тегіне тартар».

«Отауда туған ұл Отанның ұлы атанар».

«Атаның ұлы болма – Адамның ұлы бол».

«Пұлдың құлы болмай, жырдың ұлы атанғаным қандай бақыт».

«Жақсы сөз - жарым ырыс».

«Жүрек теңізінің інжуі - асыл сөз».

«Қызға қырық үйден тыйым».

«Қызы бар үйдің күзеті мықты».

Халқымыздың рухани қазынасының М.Әлімбаев шығармашылығындағы нақыл сөздерімен сабақтастығын қарастыру – бүгінгі өмірдегі, тілдік қолданыстағы ана тілдің құдіретін тану болды.

Халық мұрасынан неге нақылдар тобы таңдалынды деген сауалға XXI ғасыр адамдарының сана-сезіміне, өмір сүру заңдылығына ақылмен өрілген нақылдар ізгі өлшем бола алады деген жауап болмақ.

Мұзафар Әлімбаев нақылдары – халықтың ақыл кенінің қоғамдық сахнаға шығуына алтын көпір екені жоғарғы сараптаулар мен салыстырулар, толғаныстар мен зерделеулер арқылы танылды деп есептейміз.

Сонымен, мәдениеттің негізгі саласы болып халық педагогикасынан орын алған нақыл сөздердің М.Әлімбаев шығармашылығымен жалғастықты табуы жастарға ұлттық тәлім-тәрбие беру процесінде үлкен рөлін атқарады. Әр ұрпақ ата-бабалары қалдырған мұраларға сүйенгенде, оның өмірге қажеттісін ғана қабылдайды. Демек, жалғастық дегеніміз – ескіні механикалық түрде қабылдау емес, керісінше, сын көзбен талдап, шығармашылық жолмен пайдалану. Мұраны сақтау тіпті де сол мұрамен ғана қанағаттану деген сөз емес. . .


жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау