Тақырыптық оқу жоспары
Ән
Пән екі топтан тұрады. Орта топ 11-15 жас аптасына екі сағаттан жылына 68 сағатты құрайды. Кіші топ аптасына 1 сағаттан жылына 34 сағатты құрайды
ПӘННІҢ МАҚСАТТАРЫ
Пәннің мақсаты – оқушы дауыстарына деген көбірек қамқорлық көрсету және олардың дауыс ережелерін катаң сақтауына үнемі көңіл бөліп отыру.
«Қазақтың жүз әні» жобасын сабақ барысында пайдалану
Музыкалық-педагогикалық талдау, әдістемелік әдебиеттер ән айтуды музыкалық шығармашылықтың жүргізушісі ретінде қарастырады. Жалпы мақсатқа ие бола тұрып, ол музыка сабақтарында әртүрліше жүргізіледі.
Вокал сабағынын негізгі басты шарты – оқушылардық музыкалық қабілеттерін дамыту, музыкалық денгейін кеңейту, музыкаға, ән айтуға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ән айту тәсілдерін үйрету болып табылады. Ән айту музыкалық қабілетін дамытуда, рухани жан дүниесін тәрбиелеуге, мінез-құлқын қалыптастыруда өз әсерін тигізеді. Ән айту балалардың музыкалық, әрі эстетикалық талғамын арттырып, ой - өрісін ұштап, таным - түсінігін жетілдіре түседі.
Дұрыс ән айтуға үйрету арқылы оқушылардың дауыс аппараты жақсы дамиды. Әнді өз нышанына келтіріп айту үшін көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни әннің мазмұнын тыңдаушыға жеткізу, дауыстардың бір-бірімен үйлесіп, интонациясының таза, дикциясының анық шығуын, әнді жинақы жабық дауыспен академиялық үлгіде айтып жаттықтыру керек.
Ән айту балалардың орындаушылық үрдісіне белсенді қатысуына, музыкалық қабілетінін дамуына, музыкалық есту қабілетін тәрбиелеуге жағдай жасайды.
Ән айту – педегогикалық деңгейде дұрыс ұйымдастырылса, музыкалық эстетикалық тәрбиелеудің ең тиімді жолы болып есептелінді. Жоғары деңгей туралы айта отырып, педагогикалық үрдіс тек техникалық нәтижелер дәрежесіне жеткендегі қауіпті аңғару керек, сонда ән айту тәрбиесі «таза» ән айтуға айналады. Балалар әнді қалай орындап тұрғанына яғни ән айту үрдісінің техникалық жағына жауапкершілікпен қарау өте қажет.
Дыбысталу сапасын қалыптастыруда, дауыс аппаратының жұмысын ән айтатын жағдайға келтіруде, жалпы және музыка мәдениетін, әсіресе вокальды есту мәдениетін білуіне мұғалімнің арнайы білімі мен шеберлігіне байланысты іске асырылады.
Ән сабағында және оқушылардың өздік жүргізілетін жұмыстары арқылы дауысын дұрыс дамыту жолдары мен оны жүзеге асыруға септігін тигізетін педагогикалық қолайлы жағдайларды анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |