«Дәстүрлі»
ән үйірмесінің бағдарламасы
Түсінік хат
Үйірме бағдарламасы қатысушы оқушының жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мен басты және пәндік құзіреттілікке (оқу пәні
аясында меңгерген өзіндік ерекше білім, дағды, шеберліктері) жетулеріне бағытталған
«Дәстүрлі» ән үйірмесінің мақсаты: ҚР мемлекеттік «Қазатың жүз әні», «Қазақтың жүз күйі» жобасын негізге ала отырып сабақ барысында қолдану. Оның көркемдік құралдары мен аспап арқылы іске асырылуы, Білім алушыларды музыка әлеміне ендіру, музыкалық білім беру,
эстетикалық тәрбие, рухани-адамгершіліктік дамуы үшін жағдай жасау, дарынды балаларды музыкалық өнер саласынддағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асырушы білім беру ұйымдарына түсуге дайындау.
Дидактикалық: Танымдық қызметі, ой-өрісінің кеңеюі, музыкалық білімді жүйелі жинақтау, орындаушылық дағды мен шеберлік.
Тәрбиелеушілік: музыкалық өнерді тану жолдары арқылы рухани, адами, көркемөнер, эстетикалық, патриоттық, интернационалдық тәрбиелеу, өзіндік жұмыс атқару, ерік-жігерді тәрбиелеу,
адамгершіліктік, эстетикалық, дүниеге көзқарас ұстанымын қалыптастыру. Музыкада ән мен күйдің егіз екенін ұғындыру
Дамытушылық: музыкалық есту, еске сақтау, ырғақ сезімін, әсершіл-қажетсіну ортасын, эмпатияны, музыкалық-шығармашылық, зейін, ойлау, елес, қиял, рефлексия қабілеттерін, салыстыру, жалпы орындау шеберліктерін дамыту. Аспапта ойнау шеберліктері мен ән айту шеберліктерін байланыстыру.
Негізгі міндеттері: педагогикалық әсер етудің жаңа түрлері, әдістері, тәсілдерін табу; жеке дара бағдарланған жүйе әдістемесін жетілдіру. Заманауи технологияларды қолдана отырып бейне (видео) сабақтар жүргізу. Аудиожазбалар, т.б. түрлерін пайдалану. Білім алушыларда музыкалық оқыту мен тәрбиелеу құралдары арқылы түйінді және пәндік құзіреттілікті қалыптастыру.
Білім алушылардың табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып жалпы музыкалық дамыту, орындаушылық өнер негіздеріне оқыту, тұлғаның рухани жалпы мәдениетінің бөлігі ретіндегі музыкалық-эстетикалық санасын қалыптастыру.
Музыкалық оқыту және тәрбиелеу барысында білім алушылардың негізгі және пәндік құзыреттерін қалыптастыру әр түрлі әдістерді қолдануды талап етеді. Музыкант-педагогтің жұмысында оқыту,
дамыту, тәрбиелеу, ынталандыру (уәждемелік) және бақылаушылық-түзетушілік қызметтерін атқаратын, барлық дерлік жалпыпедагогикалық әдістер қолданылуы мүмкін. Әрбір білім алушының жеке ерекшеліктері әрбір баланы, оның табиғи қабілеттеріне тәуелсіз, музыкаға жақындата алатын оқыту
әдістері мен құралдарын іздеп табуды талап етеді. Әрбір оқушыға жеке-дара сараланған тәсілдеме арқылы оқытудың мазмұны мен әдістерін жалпы психологиялық және музыкалық-психологиялық ерекшелігіне
қарай бейімдеуге мүмкіндік береді. Кешендік сабаққа білім алушылардың шығармашылық қызметінің
түрлері біріктіріледі – педагогикалық репертуарды зерделеу, қағаз бетінен оқу, ансамбль, естуі бойынша іріктеу, тасымалдау (транспонирование), аккомпанемент
Достарыңызбен бөлісу: |