Түсінік хат Аннотация



жүктеу 117,5 Kb.
Дата15.11.2018
өлшемі117,5 Kb.
#20395

Түсінік хат

Аннотация

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысын,2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы мен оған енгізілген 25 маусымдағы № 296 бұйрығындағы өзгерістермен алынған оқу жоспарындағы вариативті бөлімнің оқушы компонентінен алынған 1 сағат жүктемемен берілген оқушылардың информатика пәнін тереңдету мақсатында алынып отыр. Бұл бағдарлама 9 сынып оқушыларының танымдылық,білімділік қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтау мақсатында пән мұғалімі А.Қанатованың мектептің 2015 жылдың 5.09. күнгі әдістемелік кеңесінің шешімімен 1 жылға сынақ мерзімінде оқытылуға ұсынылып отырған «Microsoft Office» бағдарламалары факультатив курсына арналған.Бұл факультативтік курс 9 сынып оқушылары үшін «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» тарауын тереңдете меңгерту мақсатында құрылып отыр. Аптасына 1 сағаттан жылына 34 сағатты құрайды.

Бұл курста "Microsoft Office" пакетінің оқулықта кездеспейтін қосымша бағдарламаларын меңгертіп,таныстыру үшін арналады және


  • Информатика пәнінен базалық білімді тереңдетуге;

  • Microsoft Windows операциялық жүйесінде "Microsoft Office 2007" бағдарламаларымен жұмыс істей білуге үйренуге;

  • "Microsoft Office 2007" бағдарламаларының мүмкіндіктерін қолдану шеберліктерін арттыруға септігі тиеді.

Microsoft Excel бағдарламаларымен тереңірек танысып,қалған бағдарламалары жөнінде және мүмкіндіктерін қолдана бермейді.Сондықтан да оқушылардың білімдері мен компьютерде жұмыс істеу қабілеттерін арттыру мақсатында бұл факультативтік курстың көмегі мол.

Фильмдер мен слайдтар құруда немесе ашықхаттар,күнтізбелерді немесе тағы басқа құжаттарды құру кезінде компьютермен қоса қосымша құрылғылармен жұмыс істей білуге дағдыланады.Мысалы:цифрлық фотоаппараттар,сканерлер,СД-дикскілер,флэш-тасымалдаушылар және т.б.

Бұл факультативтік курсты аяқтаған кезде оқушылар өз беттерімен слайдтар мен фильмдер құра білуді,визткалар,буклеттер,ашықхаттар,күнтізбелер дайындай білуді үйреніп шығады.Әрбір тарауды оқушылардың қалай меңгергендіктерін тексеру мақсатында арнайы 2 сағат бейімделу практикалық сағаттары мен жобалар қорғау сағаттары қойылды.

Оқу және практикалық сабақтарда қауіпсіздік ережелерінің және санитарлық талаптардың сақталуына көңіл бөлініп отырады.
Курс мақсаты: "Microsoft Office" пакетінің барлық бағдарламаларын таныстырып және оның мүмкіндіктерін қолдана білуге оқушыларды үйрету және бағдаралды оқыту мақсатында белгілі бір бағытта бейімділіктері мен мамандық таңдауға алғашқы қадам жасауға жол ашу
Курстың негізгі міндеттері:


  • Пәнді терең меңгертуге жүйелеу;

  • Алынған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету;

  • "Microsoft Office" пакетінің зор мүмкіндіктерін күнделікті қажеттілік-теріне жарата білуге үйрету;

  • Слайдтар мен фильмдер құру кезінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Ойлау қабілеттерін дамыта отырып,практикамен және басқа пәндермен байланыс орната білуге үйрету.

Информатика пәнінің алғашқы сатыларында оқушылар офистік бағдарламалардың ішінде Microsoft Word және

Курстың жүзеге асырылу мерзімі: Аптасына -1 сағат

Жылына-34 сағат

Оқыту формасы мен әдістері: Оқушыларды жеке және топтық оқыту,дәріс беру,практикалық тапсырмалар мен жобалар қорғау,оқушылардың шығармашылық жұмыстары .

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарының артуы,бағдаралды оқытуға бейімделуі, ма-мандық таңдауға алғашқы қадам жасау; алған білімдерін практикада қолдана білу.

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу,дизайн,кино өнері.

Факультативтік курс бағдарламасы:


  1. Кіріспе – 1 сағат

"Microsoft Office" пакетінің бағдарламаларына жалпылама шолу және сипаттама.
2. Power Point бағдарламасы арқылы презентациялар құру – 9 сағат.

Power Point бағдарламасының терезесі. Мәтінді пішімдеу элементтері. Слайдтардың пішімі мен дизайнын таңдау. Графикалық объектілер құру және оларды топтастыру. Объектілерді бұру және көшіру. Аннимациялар мен арнайы эффектілерді құру. Гиперсілтемелер құру. Практикалық сабақ. Жоба қорғау


3. MS Publisher бағдарламасы12 сағат.

Бағдарламаның мүмкіндіктерін қарастыру. Жариялымдардың түрлері мен үлгілері. Жеке мәліметтерді енгізу мен жариялау. Объектілерді форматтау. Суреттер кірістіру. Визиткалар,веб-беттер,буклеттер дайындау.


4. Movie Maker бағдарламасы арқылы фильмдер құру - 7 сағат.

Фильм жобасын құру үшін бағдарламаның мүмкіндіктерін қарастыру. Фильм құру үшін арнайы мәліметтерді іздеу және өңдеу. Мәтін,дыбыстық жетек және титрлар орнату. Бейнелерді,дыбыстарды және әуендерді әрлеу. Үзінділер жазу. Тақырып және айналмалы жолдар енгізу. Фильмді монтаждау. Практикалық сабақ. Жоба қорғау


5. Notebook бағдарламасы арқылы сабаққа дидактикалық материалдар дайындау2 сағат.

Бағдарламаның мүмкіндіктерін құрау. Құралдар тақтасы. Бет сұрыптаушы, Жинақ,. Слайд пішімін таңдау. Контекстік мәзір командалары. Объектілерді форматтау. Гиперсілтемелер. Бейнежазбалар мүмкіндіктері.


6. MS Access,MS Groove бағдарламасы-1 сағат

Бағдарламаның мүмкіндіктері және осы бағдарламалармен жұмыс істеу ерек-шеліктері.


7. MS InfoPath, MS Qotlook бағдарламасы-1 сағат
8. Жылдық қортынды-1 сағат
Негізгі қалыптасатын білік пен дағды:

Оқушылар білуі тиіс:





  • Компьютермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтай білуді;

  • Фильмдер,слайдтар,жариялымдар және басқа құжаттарды дайындауға қажетті құралдарды таңдай білуді;

  • Ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолданудың негізгі принциптерін;

  • MS Office пакеті бағдарламаларының жұмыс істеу принциптерін;

  • Форматтау және пішімдеу принциптерін;

  • Жоба құру алгоритмдері мен принциптерін;

  • Дизайн құрудың негізгі принциптерін;

  • Жеке жобаларына мәтін,бейне,музыка кірістіре білуде.



Оқушылар жұмыстана білуі тиіс:





  • Жеке жобаларына қажетті мәліметтерді интернеттен іздей білуге, сканерлей білуге,фотосуретке түсіре білуге және оларды қажетті форматта сақтай білуі тиіс;

  • Жобаға қажетті мәтінді және көрнекіліктерді таңдай білуге және жазуға;

  • Слайдтарға объектілер енгізуге,гиперсілтемелер енгізе білуге ;

  • Беттер мен слайдтар құру үшін макеттер таңдап қоя білуді;

  • Жобаларын жоспарлап ,құрып,таныстыра білуді;

  • Құрған жобасын практикада қолдана білуді.



Күнтізбелік тақырыптық-жоспар:


С.р.



Т.р.


Негізгі бөлімдері мен тақырыптары
Сағат саны
Мерзімі

Кіріспе-1 сағат

1

1

"Microsoft Office" пакетінің бағдарламаларына жалпылама шолу және сипаттама

1

3.09.

Power Point бағдарламасы арқылы презентациялар құру – 9 сағат

2

1

Power Point терезесімен танысу және оның мүмкіндіктері

1

10.09

3

2

Мәтінді форматтау. Дизайн.

1

17.09

4

3

Графикалық объектілер. Топтастыру, көшіру.

1

24.09

5

4

Анимациялар құру.

1

1.10

6

5

Гиперсілтемелер орнату.

1

8.10

7

6

Арнайы эффектілер.

1

15.10

8-9

7-8

Практикалық жұмыс

2

22,22.10

10

9

Power Point бағдарламасы бойынша жоба қорғау

1

29.10

MS Publisher бағдарламасы12 сағат

11

1

MS Publisher бағдарламасымен танысу және бағдарлама мүмкіндіктеріне шолу

1

12.11

12

2

Буклеттер дайындау

1

19.11

13

3

Визиттік карточкалар

1

26.11

14

4

Күнтізбелер дайындау және безендіру

1

3.12

15

5

Хабарландырулар мен жапсырмалар

1

10.12

16

6

Ашықхаттар дайындау

1

10.12

17

7

Пошталық карточкалар.Веб-беттер құру

1

24.12

18

8

Электрондық пошта ашу және хат алмасу

1

14.01

19-20

9-10

Практикалық жұмыс

2

21,28.01

21-22

11-12

Жоба қорғау

2

4,11.02

Movie Maker бағдарламасы арқылы фильмдер құру - 7 сағат

23

1

Movie Maker бағдарламасымен және оның мүмкіндіктерімен таныс-тыру.

1

18.02

24

2

Фильм құру үшін мәліметтер мен деректер жинақтау.

1

25.02

25

3

Фильм құрып үйрену.Аннимациялар мен дыбыстар қою

1

4.03

26

4

Арнайы эффектілермен жұмыс,әуен енгізу

1

11.03

27-28

5-6

Практикалық жұмыс

2

18.03,8.04

29

7

Жоба қорғау

1

15.04

Notebook бағдарламасы арқылы сабаққа дидактикалық материалдар дайындау– 2 сағат

30

1

Notebook бағдарламасымен және оның мүмкіндіктерімен таныстыру.

1

22.04

31

2

Практикалық жұмыс

1

29.04

"Microsoft Office" пакетінің қосымша бағдарламалары-2 сағат

32

1

MS Access,MS Groove бағдарламалары

1

6.05

33

2

MS InfoPath, MS Qotlook бағдарламалары

1

13.05

Қайталау-1 сағат

34

1

Жылдық білімді қортындылау сабағы

1

20.05







Барлығы

34




Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Интернет желісін пайдалану.

  2. 8-9 сынып оқулығы.

  3. Интернет сайттары : www.google.kz, www.mail.ru, www.yandex.ru,

  4. Кирсанов Д. Web-дизайн: Книга Дмитрия Кирсанова. СПб: Символ-Плюс, 1999.

  5. Мильбурн Н. Секреты специальных эффектов Photoshop 4. СПб.: Питер, 1998.

  6. Панкратова Т. Photoshop 6: Учебный курс. СПб.: Питер, 2002.

  7. Электрондық оқулық: PotoshopMaster

  8. MS Publisher 2000. Шаг за шагом. Практическое пособие. перевод с англ. М. Издательство Эком, 2002г. Коцюбинский А.О., Грошев С.В. “Современный самоучитель работы в сети Интернет. Быстрый старт.: Практическое пособие. – М.: Издательство ТРИУМФ, 1997.





жүктеу 117,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау